ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ (1889 - 1931). Сегіз қырлы, бір сырлы дарын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ

(1889-1931)

Сегіз қырлы, бір сырлы дарын. Жан-жақты өнер иесі, сегіз кырлы, бір
қырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы; зерттеуші Жүсіпбек
Аймауытов 1889 жылы 7(кей деректе 1890 жылы) казіргі Павлодар облысы,
Баянауыл-ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аимауыт кедеи болғанымен,
арғы аталары Дәндебай мен Қуантекті, дәулетті, атақ-абырой біткен, ел
арасындағы білікті кісілер. Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары
Ахмет, Жакыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір
ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі үмтылып, үй
ішінін рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты
мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүрш, оқуын 1914
жылы бітіреді, де Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы
аяқтайды. Қазакстан Кеңестеріңің құрылтаиына делегат Оқу комиссариатының
коллегия мүшесі болу, Қазақ тілі газетін өндеу, Ақ жол газетінде істеу,
Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы — міне мұның бәрі Жүсшбек
Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін
көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек
Аймауытов 1931 жылы атылған. Астан-кестен ауыр, бірақ ерекше қуатты да
қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүруге Ж.
Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса баи, бағалы) әдеби, ғылыми
мұра қалдырып үлгірді.
Ол, В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А.С. Пушкин, Н. в. Гоголь, Л. Н.
Толстой шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика,
психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика,
сын саласына араласты; сан қилы проблемалық макалалар жазды. Сол сияқты
Күнікейдің жазығы, Ақбілек романдары, сан алуан пьесалары — күрделі
таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.
Қазақ әдебиетіндегі ең алғашкы реалистік көркем проза. проза
талаптарьша, жанрдын еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды, көркем,
күрделі шығармалардың бірі — автор ұзақ әңгіме, орысша аннотациясында роман
деп көрсеткен Қартқожа 1926 жылы Қызылорда да басылып шықты. Бұл —
қазіргі өлшеммен алғанда, аса ұзақ шығарма емес, 7-8 баспа табақ
көлеміндегі шымыр, ықшам жазылған дүние. Бақытсыз Жамал, Қамар сұлу,
Қалың мал, Қыз көрелік қатарлас туындылардағыдай бірде аяең сөз аралас
жүретін қойырытпақ стильмен емес, бастан-аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды
проза үлгісінде жазылған. Оқып көрейік: Сол кезде қожадан талай бала
окиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта, астында бір жапырақ тай тері,
мұрнын қос-қос тартып, қожасының ақсабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір
жапырақ қағазына үңіліп, құнысып бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы
болар ма еқен, қалай, екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ көзінің
былшығы да жөнді тазармайды. Сол балаңың қақ-соқпан ісі жоқ, момакан,
аңкау, көзі бақырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында
балпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай ондап
аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа.
Автор қоршаған ортаны, тіршілік тынысын, барлық іс-әрекетті осы басты
кейіпкердің ой-түйсігі, сана-саңылауы, талғау байламы арқылы бейнелейді.
Кедей-кепшік, жалқы-жарым ортадан шыққан бала ее білгеннен мазақ, қорлық,
тепкі көріп өседі. Табиғатынан жуас, момын Қартқожаны жокшылық тауқыметі
шыр жұқтырмай, инеліктей қатырып тастағанмен, ол жарыққа тырбанады, хат
танысам, оқысам, білсем деп ұмтылады. Қайта-қайта талабы кесіліп қанаты
қырқылады: Әсіресе, малдан шұрай кетіп, мәйек алмай, түйеге қом, атқа үйек,
қойға шайыр, сиырға әуке бітпей жұт қаптаған кезде, ең алдымен сорлайтын
кедей байғұс қой, сол шоқпар Қартқожа шаңырағына тиеді. Шырылдаған аш
балапандай ауыз ашқан бала-шаға үшін уыс дән табу қамымен азапқа түсіп
жүріп, қалың қар, сақылдаған аязда малтығып жүргенде әкесі Жұманға суық
тиіп, ақыры қайтыс болады,
Өңкей өз қолы өз аузына жетпеген сарыүрпек балапандар зарлап калады.
Жазушы аштық суретін психологиялық тұрғыдан да бейнелейді, бір ретте Кнут
Гамсуннің әйгілі Аштық романы ойға оралады. Ел басына келген нәубет,
зобалаң, селебе тұсында да жуан жіңішкені, бай кедейді, кожа, молда момынды
қарға аунатып, домалатып жем қылып жатыр.
Бір ескертетін нәрсе, бұл романда жазушының әлеуметтік көзқарасы
айқын, қазақ ауылындағы тап күресі дәл ажыратылып, айқын дараланып, нақты
адам тағдырлары жанды тірі тұлғалар арқылы бейнеленеді. Болыс, билер,
молдалар портретін, мінезін, сөйлеу ерекшеліктерін жазушы реалистік
дәлдікпен, сенімді бояулармен түсіреді. Көбінесе басқа персонаждар Қартқожа
сезімі, ойы, талғамы арқылы сүзгіден өтіп отырады. Әкеден айырылып жетім
қалған, үй-ішінің ауыртпалығын ағасы Тұңғышбай екеуі кетере бастаған тұста
Қартқожа қазақ даласына келген зор кесепат— он алтыншы жыл зобалаңына
ұшырайды.
Ру арасында ит жығыс күресі болмаса, кейінгі алпыс-жетпіс жылда аса
үлкен қырғынға үшырап, соғыс-сүргін көрмеген, мал бағып, жай жатып, кеш
түрып, кен сахарада толыксып көщіп жүрген жалпак жүрт үшін он тоғыз бен
отыз бір арасындағы ер-азаматын солдатка беру кол-аяқты байлап, зынданға
тас-танғандай, айтып келген ажал, акырзаман көрінгені рас. Осы түстағы
әділетсіздік, опасыздык, мал, дүние, пара беріп, кісі са-лып жіберу, тізім
төңірегіндегі таластар, болыс кітапшасын өртеумен бәрін тындырдым санаған
көрбалалық, халық нара-зылығы ушыға келіп, асқынып барып, байларға,
отаршылдыққа қарсы көтеріліске үласу, жасак күру, карулы патша әскерімен
шайқаста кан-жоса болып қырылу, содан кейін еріксіз түсалып, көгенге
тізілгендей ісүйге түсіп, майданға жөнелтілу — осы-лардың барлығын жазушы
үйірім-үйірім окиғалар, бір-бірімен са-бақтас әрекеттер аркылы керсетеді.
Көпшілік көріністерінДе диалог, монолог, полилог үлгілерімен коса, түрмыс-
салт сурет-тері, күрес, ән салу көріністері шебер бейнеледеді. Әсіресе
батыр, әрі әнші Дәрмен тағдыры, Дәрмен — Бэтіш махаббат хикаясы үлкен
жазушылық шабытпен жазылған. Дәрмен тағдырынан атакты Мэди өмірінің кейбір
сарындарын аңғаруға болады.
Аласапыран, ак кар, көк мүзда Қартқожа үлкен әрекет, зор қимылмен
көріне алмайды, ол косак арасында жүрсе де, он мен солын танып, көзі
ашылып, маркая бастайды. Бүл эволюция, әсіресе1&солдатқа алынып, Рига
түбінде тыл жүмыстарына жегілген кездерістей түседі. Андрей атты орыс дос
табады. Әділін айтканда, соғыс көріністері келте, шолак қайырылған, майдан
өмірін көрсе-тетін бір-екі елее бар. Акпан революциясы, жігіттерді Мәскеу,
Омбы аркылы елге кайту тарихи шолу түрінде, атүстілеу бейнеленеді. Романның
бірінші, екінші бөлімдерінде тиянақтылық, тәпіштёй су-реттеу, дәлдік,
оқиғалардың дөңгеленіп аякталып отыруы разы етсе, үшінші белімде әліптеме
(очерк) сарындары, әр нәрсенің басын шалу, асығыстық қылаң беріп калады.
Қарткожа басынан көп оқиғалар етеді. Зорлап женге-сіне үйлендіру бір қайғы
болса, Ба-янауыл, Семей, Омбы барып, окуға түсу әрекеттері көп қиындық,
азап шектіреді. Алаш козғалысы түсындағы сан алуан окиғалардың ішінде де
Қартқожа бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кете алмайды. Қазан төңкерісінен
кейінгі дәуірдегі Қартқожа әрекеттерінде лоқ етіп түсіп кету, көз жүмбай,
нар тәуекел мінездер жоқ. Жазушының табиғатынан бүйығы, үстамды, сабырлы,
жоқ-жітік, кедей-кепшіктен шыккан адамның бірте-бірте оянып, жарыкка
ұмтылып, зор қиындықпен білім алып, әлеумет күресіне тартылып, акырын-
ақырын өзгере жүріп жаңа заман күрескерінің қатарына қосылуын психо-
логиялық түрғыдан сенімді бейнелеуін Қартқожа романының ең басты, кемелді
олжасы деп білеміз. Мүның үстіне суреткерлік тұрғыда кейіпкерлерді
мінездеу, даралау, айқындау үстінде сан алуан көркемдік тәсілдер сәтімен'
камтылған.
Таза көркем проза тәсілдерінің үстіне кейде жазушы окырманға тікелей
тіл катады, сырласа'ды, кейде көсемсөз күралдарын дэ пайдаланады. Шығармада
тарихи белгілі адамдардың, оның ішінде Сүлтанмахмүт Торайғыровтың да
көрінетін түстары бар. Романның өмірлік материалы накты, дәлді ортаны
камтиды; негізгі әрекеттер Баянауыл төңірегінде, Семей, Омбы қалаларында
өтеді.
Бас кейіпкер — Қарткожа өмірде болған адам, мүғалім болып, үстаздык
еткен екен. 1937 жылы қан кырғында мерт болған Қартқожадан калган үрпак —
Төлеш Қарткожаүлы Тоғанбаев техника ғылымының кандидаты, Қазак ауыл
шаруашылық институтында доцент.
Қазак әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген
каламгерлердін. бірі — Жүсіпбек. Ол стиль, композиция тәрізді көркемдік
күралдарға ерекше көңіл бөлді, әсіресе, халык тілінің сан алуан байлығын
еркін колдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейңе жасау, мінездерді
даралау, сезім бүрқағын, ой толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін
пайдаланды. Жазушының талант мүмкіндіктері, кабілет ерекшеліктері әсіресе
оның Акбілек романында айқын көрінеді.
Қаламгер әлеуметтік тартыстар, тарихи оқиғалар, тап күресі
ерекше^шиеленісіп тоғысқан, ел мойыныңа салмак түсіп, жеке адам-дар
тағдырының ширыккан буынын дәл басады, бүрын айтылған, сарыжүртка айналған
такырып^емес, соны, мүлде тын, тіцті сирек окиғаларды ромңнға арқау еткен.
і
Окырман бірден шытырман әрекеттер үстінен түседі.І^лыстағы Алтай
таулары, актар кашып, қызылдар қуып, аласапьірян күрес жүріп жаткан азамат
соғысының сүрапылы казак ауылдарына да жеткен, өрт шалмаған шаңырак жок.
Маркакөл жағасында, Терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылын
банды шауып, әйелін өлтіріп, ббйжетіп, оң жакта отырған кызы Акбілекті
солдаттар алып кашып кетеді. Сүмдык осыдан кейін басталады, Бір ауыз орысша
тіл білмейтін соры кайнаған жас қыздың азап-корлыққа толы, өлім мен өмір,
өн мен түс арасындай аянышты, жиіркенішті күндері басталады. Бүрын етегін
жел көтермеген, еркек бетіне тіктеп карамаған ак періште, енді табиғаттан
алған асыл казынасын рәсуа етіп, еріксізден еріксіз, үяттан күйіп, ар-иманы
өртеніп, кайдағы бір кашқын, банды, тіпті атын да білмейтін ақ әскерінің
офицері карамүртка ермек боладыі
Қысталаң, шекаралық жағдайДЯғы, өлім мен бмірдін тайталаскан бір
сәтінде адам психологиясына жазущы терең бойлап, жан-жақты күй шертеді. Он
екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен кыздың шеккен қорлығы, тапталған сезімі,
жер болған намысы, былғанған ары — осы-ның бәрі реалистік дәлдікпен,
бейнелі, суретті, сенімді көрсетіледі. Оқырман бауыры езіліп, жүрегі
тілініп, Акбілекпен бірге жылайды. Түткынға түскен сорлы кыздын не тілін,
не дінін білмейтін, өмірінде бүрын көрмеген, жүріс-түрысы, киім киісі,
тамак ішісі бөлек, әдет-ғүрпы, салт-санасы баска — карамүрт орыс офицеріне
еріксіз әйел болу хикаясы айкын психологиялык саралаумен берілген.
■Л
55Өмір тепкісіне қарсы түрар күш жоқ, көп иттін мазағына айналмай,
карамүрт кармауында калғанының өзінен жынданып кете жаздап, корлык
күйігінен өліп ^лардай күйге жеткен Акбілектің енді кіре бастаған есі бірте-
бірте маңайында не болып^не койып жатканын анғарып, әр нәрсені сезіп, ой
түйе бастайды.
Осындай екі үдай,£естен танғаңдай күйдегі Ақбілектің санасы алдымен
карамүрт офицердің өзіне жасаған корлығын ғана емес, мүсіркеуін, еркелетуін
сезінеді; мүның үстіне тау-таста ақпен бірге кашып-пысып, елден-жүрттан
безіп, түн катып, бел шешпей үйыктап, ылғи ат үстінде күн кешіп келе жатқан
түсі суық, сыры белгісіз, максаты тұманды топтың да аужайын антарады._]
Екінші жағынаң, жазушы карамүрт офицердің өз аузымен өмір-тарихын
айтқызады, мүндай халге калай түег, ата-бабасы, шыккан тегі кім, Кеңес
өкіметіне неге карсы күреседі, қырдың енді қылтиып шыккан кызғалдағын жүлып
алып, табанға басканына киналмай ма, ары-үяты кайда — мүндай сауалдардың
баршасына психологиялық түрғыдан нанымды жауаптар берілген. Екі халык
өкілі, бірі — жазыксыз, оң жақта солқылдап отырған бойжеткен, екіншісі —
Кеңес өкіметіне карсы кару көтеріп, атысып-шабысып, акыры баска айла
калмаған соң Қытай асып бара жаткан офицер. Бүларды бір көрпенің астында
тоғыстырған қатад уакыт бүйрығы, зорлык қиянат шокпары. Қарамүрт әрекеті
әлі келгенше тіршіліктің жылы-жұмсақ, дәмді-тэттісінен бір карпып калу, ал
сорлы кыз касірет тарткан қүлындай заа еңіреп ол.отыр.
Арттан қуып жеткен кызыл әскерлер дүмпуімен безе кашқан актар өз
бастарын кайда тығарын білмей, жан-жакқа бытырай зытып жөнелген кезде,
Акбілек бандылардың ескі жүртында керексіз бір заттай болып калып қояды.
Бүдан кейін сорлы жаннын тау-таспен, өзен-көлмен, ағаш-жапыракпен, аспан-
көкпен, кара жермен мүндасуы^^ зар-еңіреп сыңсып, балалық, асыл
қасиеттерінен ,айырылғанын жоктап, терең қайғы шыңырауына батуы зор ше-
берлікпен бейнеленген.
Қаскырға жем болыпЫала жаздап, арып-ашып, ажал тырнағынан әрең дегенде
күтылып піығып, өліп-талып, туған ауылына жеткен Акбілекті бүрмнғыдан да
соракы азал, мазак, корлык күтіп түрған. Банды колындағы зүлымдық зүлымдық
па, нағыз тозак енді баста-лады, өрттей каулаған өсек-аяң тірі адам бетіне
каратпай, жан-дырып-күйдіріп барады. Бүрын ғашық болған, сөз салып жүрген
Бекболаттың өзі де тоят алған сон, сүмдық окиғанын мәнісіне көзі жеткеннен
кейін, түк көрмегендей болып, ^теріс- айналып кете барады.
Мамырбайдын төсек жанғыртуы, Өрік токалдың катігез мінезі, Ұркия
жеңгенін адамгершілігі, карамүрт офицерден біткен жазыксыз сәби Ескендірдің
өмірге келуі — мүнын бәрі сала-сала реалистік окиғалар болып берілген.
,
Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан корлык, мазак, табалау
атаулынын тозақ отына өртенген Акбілек бәрібір тірі калады. Заман ағысы,
өмір толкыны бірте-бірте ескі жараны емдеп, тіршіліктің жаңа жапырактары
қылтиып, көгеріп өсе бастайды. Ағасы Төле-геннің соңынан іздеп барып, оқуға
түседі. Семей, Омбы калаларын
56
кёреді, кырык шыракты әйел емес пе, келер күндерден үміт күтіп, әрекет
жасайды.
команда кейіпкер, оқиға көп емес, ыкшамдылык, жинақылық, әсіресе,
драматизм цринциптері ерекше ескерілген. Бір қарекетке катысып, үзіліп
калатын кейіпкерлёрдін өзін жазушы даралап, есте калатындай етіп, сомдап
соғып береді. Кескін, сөз макамы, кймыл-козғалыс — бәрі образ жасауға аса
қажет көркемдік күралдар, персонаждардьщ өзін-өзі сипаттауы — Жүсіпбек
Аймауытов жиі колданатын әдеби тәсілдердің бірі. Мен танкы мүрын, бадырак
көз, шүнак күлактау, жаркабактау, кірпі шаш, қарыс мандай, қара сүр
жігітпін. Жасым отыс бесте. Әкем Тойбағар, өзім Мүкаш болғалы аузым аска,
ауым атқа жарыған емес. Кедейден шықкан осы Мүкаш тап тартысының мәнін,
табиғатын анык түсініп болған кісі емес, колынан келсін-келмесін, мансапка
үмтылады, біреуге өшіксе, аян-бай жауласады, сорлы қыз Акбілекті
каскырлардың аузына тастап жіберген себебі — Мамырбаймен ескі араздығы.
Екінші бір ку мүйіз, пәлеқор — Жылтыр дбген көксоккан, естімейтік
өсегі, білмейтін пәлесі жок. Кейін, ашаршылық, репрессия түстарында осындай
кара жүректер мындаған жазыксыз боз-дактарды канкаксатып, қынадай кыратын
болады. Жазушы- соракы әлеуметтік қүбылысты күн ілгері танып, накты
образдар арқылы таңбала берген.
Негізгі сюжет желісі Акбілек тағдырын қуалап отырғанмен, автор ретті
түстарда уакыт сарынын таныту үшін әр түрлі ортаның өкілдерін көрсетіп
кетеді. Ақбала, Балтаиі, Доға, Жорғабек, Төле-ген, тағы баскалардын мінез-
күлык ерекшеліктері, Кенес өкіметінің алғашкы жылдарындағы әлеуметтік ой
ағымы, зиялылар ортасындағы сан алуан дағды- салт — бүлардың баршасын
жеріне жеткізбей, шолу түрінде ат үсті бейнелегенмен, ықшам, дәлді
суреттер, мағынасы терең монолог, диалогтар, көп көмбені ашатын кең
толғаулар талай сырдан хабардар етеді.
Романның алғашкы үщ бөлімі тиянакты, шебер көмкерілген, үзіліп
калатың, аяғына жетпеген ситуация сирек, негізінен, Акбілек басындағы
психологиялық күйлер реалистік қуатпен сенімді, дәлді беріледі де,
төртінші, соңғы бөлімде толғаулық, бчерктік сицат бел алған. Ақбілек —
Кәмила арасындағы үзак сыр, окудағы жәйттер, зиялылар хикаясы, Балташ-
Акбілек арнасы — бәрі де жалпылама көрсетіледі. Стильдегі көтерінкі леп,
оқырманға тікелей тіл кату романның көркемдік куатына салқынын тигізгені
Акбілектін Балташ сынды азамат, өмірлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана тілі сабағында өтілетін тақырыптарға сай қазақтың ұлы тұлғалары туралы мәліметтерді сызба түрінде көрсету әдісі
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі
Жүсіпбек Аймауытовтың психология ғылымына қосқан үлесі
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
Жүсіпбек Аймауытов өмірі
Жүсіпбек Аймауытов пен Мағжан Жұмабаев шығармашылығы
Жүсіпбек Аймауытов туралы
Пәндер