Шәкәрім - Абайдың бауыры


Кіріспе
Шәкәрім Құдайбердиев - кезінде ұлы Абай негізін қалаған қазақ әдебиетінің реалистік дәстүрін жалғастырушы.
Шәкәрім - Абайдың бауыры. Он тоғызншы ғасырдың ортасында дүниеге келіп, жиырмасыншы ғасырдың буырқанған әрі дауылды отызыншы жылдарына дейін өмір сүрген Шәкәрім, қазақ қоғамын дамытыуға үлкен үлес қосты. Әлеуметтік үрдістерге белсене араласып, қазақ халқынын дамуына елеулі істер атқарды, әдеби, философияның және тарихи шығармалар жасады.
Жиырмасыншы ғасырдың басында ол, "Түрік, қазақ ћәм қырғыз хандарының шыққан тегі", "Мұсылман ережелері" (Орынбор, 1911 ж. ) сияқты қомақты еңбектері мен "Қалқаман - Мамыр", "Енілік - Кебек" (Семей 1912 ж. ) поэмаларын, өлеңдер жинақтарын жариялады .
Шәкәрім, "Айқап" жорналы мен "Қазақ" газетінің белсенді авторларының бірі ретінде ауқымды тақырыптарға мақалалар жазды. Оның "Білетіндерден мен бес сөздін мағынасын түсіндіруді сұраймын", " Бізге не қажет" деген мақалалары "Айқап" жорналының 1912 ж 3- 4 сандарында жарық көрсе, "Хат тану мәселелері", "Қазақтың барлық сауаттыларына" атты мақалалары 1913, 1914, 1915 жж. "Қазақ" газетінде жарияланды.
Қазақтардың қоғамдық өмірі үшін осы мақалалардың өткірлігі мен маңыздылығы атап көрсетілген интеллигенция өкілдері мен еөпшіліктің пікірі бүгінге дейін сақтаулы.
Қазан ревалюциясы дала халқының өміріне көптеген өзгеріс әкелді. Шәкәрім олардың бәрін бірдей қабылдаған жоқ. Оның демократиясын, гуманистік және ағартушылық көзқарасы өзгеріссіз қала берді.
Кеңес өкіметі тұсында ақын әрі ойшыл Шәкәрімнін бірнеше маңызды еңбектері жарық көрді. "Шолпан" жорналының 1922 -1923 жж. 28 сандарында кейінірек С. Сейфулиннің алғысөзімен және кітап болып шыққан. Хафизден аудармалар, парсы ақыны Физулидің "Ләйлә мен Мәжнүн" поэмасының еркін аудармасы жарияланды.
1959 ж. "Қазақ әдебиеті" газетінде ақынның бірнеше өлеңі басылды, ол 1978 ж. Ленинградта "Ақын кітапханасы" сериясы бойынша Шәкәрімнін шығармалары тұнғыш рет орыс тіліне аударылып, "Поэты Казахстана" атты кітап шықты.
Шәкәрім ешқайда оқымай, өздігінен білім алған адам. Ол араб, түрік, парсы, орыс тілдерін білген. Осының арқасында қазақ оқырманы оның аудармаларымен таныса алады.
Басқа халықтардың рухани мұраларынан Шәкәрім қазақтардың рухына, азаматтың көзқарасына жақын шығармаларды іздеген. Жазушылығынан ақындығы басым болғандықтан ол орыс классиктері А. С. Пушкиннін "Дубровскиі" мен "Боранын", Л. Н. Толстойдың әңгімелерін өлең түрінде аударған. Көршілес орыс халқының тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы түсінігін ол "Дубровскийдің" аудармасына алғысөзінде баяндайды. Шәкәрім өз заманында орыстың көптеген зиялыларымен таныс болып, араласқан. Шәкәрім Император Географиялық қоғамы Батыс - Сібір бөлімшесінің мүшесі.
1905 - 1906 жж. Шәкәрім мұсылмандардың қасиетті жерлері Мекке мен Мәдинаға қажылыққа барды. Қайтар жолда Стамбұлдың бай кітапханасында бірнеше апта бөгеліп, ежелгі шығыс ойшылдарының тарихи және философиялық еңбектерімен танысу арқылы өз білімін терендете түсті.
Философ ретінде Шәкәрім рационализм мен деизмге жақын тұрды, бірақ діни фанатизм мен аскетизмнің шектен шыққан түрлері оны ешқашан қызықтырмады. Өмірде ол қарапайым, еліктегіш адам еді. Оның ойынша тіршілік құдайдың қүшімен жаратылған, бұған дәлел табиғат пен қоғамдық өмірдің реттілігі мен үйлесімділігі. Бірақ құдай адамдардың өміріне араласпайды, олар өмірдегі бақытын өздері жасап, әділеттілікпен күн кешуі керек. Мұндай көзқарас сол замандағы демократтар мен ағартушылардың идеяларына жақын қазақ зиялыларының бәріне тән.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz