Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы. Шәкәрім - Абайдың бауыры
ЖОСПАР
Кіріспе 3
І Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы 6
ІІ. Ағартушының педагогикалық көзқарасы 12
ІІІ Шәкәрім – философ 14
Қорытынды 26
Әдебиеттер тізімі: 27
Кіріспе
Шәкәрім Құдайбердиев - кезінде ұлы Абай негізін қалаған қазақ
әдебиетінің реалистік дәстүрін жалғастырушы.
Шәкәрім - Абайдың бауыры. Он тоғызншы ғасырдың ортасында дүниеге
келіп, жиырмасыншы ғасырдың буырқанған әрі дауылды отызыншы жылдарына дейін
өмір сүрген Шәкәрім, қазақ қоғамын дамытыуға үлкен үлес қосты. Әлеуметтік
үрдістерге белсене араласып, қазақ халқынын дамуына елеулі істер атқарды,
әдеби, философияның және тарихи шығармалар жасады.
Жиырмасыншы ғасырдың басында ол, "Түрік, қазақ ћәм қырғыз хандарының
шыққан тегі", "Мұсылман ережелері" (Орынбор, 1911 ж.) сияқты қомақты
еңбектері мен "Қалқаман - Мамыр", "Енілік - Кебек" (Семей 1912 ж.)
поэмаларын, өлеңдер жинақтарын жариялады .
Шәкәрім, "Айқап" жорналы мен "Қазақ" газетінің белсенді авторларының
бірі ретінде ауқымды тақырыптарға мақалалар жазды. Оның "Білетіндерден мен
бес сөздін мағынасын түсіндіруді сұраймын", " Бізге не қажет" деген
мақалалары "Айқап" жорналының 1912 ж 3- 4 сандарында жарық көрсе, "Хат тану
мәселелері", "Қазақтың барлық сауаттыларына" атты мақалалары 1913, 1914,
1915 жж. "Қазақ" газетінде жарияланды.
Қазақтардың қоғамдық өмірі үшін осы мақалалардың өткірлігі мен
маңыздылығы атап көрсетілген интеллигенция өкілдері мен еөпшіліктің пікірі
бүгінге дейін сақтаулы.
Қазан ревалюциясы дала халқының өміріне көптеген өзгеріс әкелді.
Шәкәрім олардың бәрін бірдей қабылдаған жоқ. Оның демократиясын, гуманистік
және ағартушылық көзқарасы өзгеріссіз қала берді.
Кенес өкіметі тұсында ақын әрі ойшыл Шәкәрімнін бірнеше маңызды
еңбектері жарық көрді. "Шолпан" жорналының 1922 -1923 жж. 28 сандарында
кейінірек С. Сейфулиннің алғысөзімен және кітап болып шыққан. Хафизден
аудармалар, парсы ақыны Физулидің "Ләйлә мен Мәжнүн" поэмасының еркін
аудармасы жарияланды.
1959 ж. "Қазақ әдебиеті" газетінде ақынның бірнеше өлеңі басылды, ол
1978 ж. Ленинградта "Ақын кітапханасы" сериясы бойынша Шәкәрімнін
шығармалары тұнғыш рет орыс тіліне аударылып, "Поэты Казахстана" атты кітап
шықты.
Шәкәрім ешқайда оқымай, өздігінен білім алған адам. Ол араб, түрік,
парсы, орыс тілдерін білген. Осының арқасында қазақ оқырманы оның
аудармаларымен таныса алады.
Басқа халықтардың рухани мұраларынан Шәкәрім қазақтардың рухына,
азаматтың көзқарасына жақын шығармаларды іздеген. Жазушылығынан ақындығы
басым болғандықтан ол орыс классиктері А.С. Пушкиннін "Дубровскиі" мен
"Боранын", Л.Н. Толстойдың әңгімелерін өлең түрінде аударған. Көршілес орыс
халқының тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы түсінігін ол "Дубровскийдің"
аудармасына алғысөзінде баяндайды. Шәкәрім өз заманында орыстың көптеген
зиялыларымен таныс болып, араласқан. Шәкәрім Император Географиялық қоғамы
Батыс - Сібір бөлімшесінің мүшесі.
1905 - 1906 жж. Шәкәрім мұсылмандардың қасиетті жерлері Мекке мен
Мәдинаға қажылыққа барды. Қайтар жолда Стамбұлдың бай кітапханасында
бірнеше апта бөгеліп, ежелгі шығыс ойшылдарының тарихи және философиялық
еңбектерімен танысу арқылы өз білімін терендете түсті.
Философ ретінде Шәкәрім рационализм мен деизмге жақын тұрды, бірақ
діни фанатизм мен аскетизмнің шектен шыққан түрлері оны ешқашан
қызықтырмады. Өмірде ол қарапайым, еліктегіш адам еді. Оның ойынша тіршілік
құдайдың қүшімен жаратылған, бұған дәлел табиғат пен қоғамдық өмірдін
реттілігі мен үйлесімділігі. Бірақ құдай адамдардың өміріне араласпайды,
олар өмірдегі бақытың өздері жасап, әділеттілікпен күн кешуі керек. Мұндай
көзқарас сол замандағы демократтар мен ағартушылардың идеяларына жақын
қазақ зиялыларының бәріне тән.
І Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы
Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өмірге келген. Әкесі
Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Шәкәрім Абайдың
немере інісі болғандықтан тәлім-тәрбиені мол алған. Ұлттық дәстүр-өнегесін
көріп өскен. Әкесі өмірден өткен соң Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде
болады. Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген.
Бірнеше тілді (араб, түрік, парсы, орыс) еркін меңгерген.
Шәкәрім 1905-1906 жылдары хажыға сапар жасап оралады. Бұл сапарды ол
көптен ойлап жүрген мақсаттарының бірі – Стамбул кітапханалардағы асыл
мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Шәкәрімнің дүниеге,
өмірге, табиғатқа, сан-сала құбылыс-көріністерге, дінге көзқарасында кейбір
қайшылықтар, жеке үстірттіктер, түсінбеушіліктер кездескенмен, ол ешқашан
дінге берілген фанатик, өмір қуаныш-рахатынан аулақ болуды уағыздаған
тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын спектик, көзқараста
идеалист, өмір бағытында реакционер болған емес. Оның көптеген
шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниеге көзқарасында Шәкәрім көбіне
рационализмге, деизмге бейім. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені
жаратушы бір күш бар дегенді мойындаушылық, оның дәлелі – табиғатың,
жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысы:
өмірде ақиқат, шындық, білім-ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асады
да дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білу мен адам өзін-
өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Қазақтың ағартушы – демократтары
да көбіне осы дүниетанымды, көзқарастарды жақтағаны белгілі. Шәкәрім де
солардың ізінде болды.
Шәкәрім-пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өленді
өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. Арман, Жастарға,
Қазақ айнасы, және т.б өлеңдерінде, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-кебек,
Нартай лақ пен Айсулу поэмаларында, Бәйшешек бақшасы, Өзімшілдік
сынды прозалық туындыларында адамның өмірімен, еңбегі, тағдыры, талап,
тілектері терең танылады.
Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кемеңгер, ойшыл,
қазақ әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың
басында кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың
азаттығын ту ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын
ансаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің
гуманистік, адамгершілік идеяларын - адал еңбекті, әділеттілікті,
мейірімділікті жақтауы, зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі
прогресшіл, жаңашыл қоғамдық күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі
болғаны және халықтың түпкі түбегейлі арман-мүделерін терең түсінуден
туғаны анық. Шәкәрімнің дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық,
эстетиялық көз қарастары Х1Х ғасырдың екінші жартысында негізінен
қалыптасты. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетпен мәдениет қайраткерлері
ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын-жазушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған,
Абай заманына өзгелерден бір табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын
жалғастырушы ірі тұлға болды.
Шәкәрімнің қайталанбас өзіндік ақындық тұлғасын танытатын сипат-
қасиеттер лирикасына тән нақыл насихатшылдық, фәлсапашылдық, поэмаларындағы
дастаншылдық дәстүр, шығыс ақындарының көркемдік үлгі өрнектерін қызықтауы,
орыс әдебиетінің сюжеттеріне бой ұруда, шежірешілдігі - бәрі де өз заманың
тілек–талаптарына сәйкес қалыптасқан. Шәкәрімнің ақындық әлемі бай, көп
қырлы, тақырыбы, жанрлық түрлері жағынан да сан алуан. Ақынның Еңлік-
кебек, Қалкаман-Мамыр сияқты дастандарынан халық өмірін терең білетін,
сан ғасырлық халық поэзиясының, сөз өнерінің бай дәстүрлерін, бейнелеу
тәсілдерін еркін игергенін айқын аңғарсақ, фәлсапалық лирикасына өте
күрделі философиялық ойларды әсерлі жеткізудегі ақындық шеберлігін,
жаңашылдығын сезініп тәнті боламыз. Шәкәрімнің өлендеріне шығарған
әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады. Бұл жағынан
алғанда Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзі әдебиетінде өте
сирек құбылыс дей аламыз. Жастарға атты 1879 жылы жазылған өлеңінде:
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал, енді олай болса, кімді алалық,
Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық.
Шын іздесек – табармыз шыны ғылым!
Жалыналық Абайға, жүр, баралық.
Шәкәрім жастардың өмірлік мақсаты тұралы айта отырып, өзінің өнерпаздық
бағытында айқындайды Қазақта қай жақсы бар сөз саларлық? деген сауал
қойып, кім болса да үлгі аларлық білімді, данышпан, шынайы ғылым Абай
дейді. Өлеңнің негізгі идеясы-жастарды Абайдың жолымен жүруге шақыру.
Абайдың арман-мұратын білім, ғылым үйренуді, адал еңбек етуді,
адамгершілікті, әділдікті ту етіп көтеру, надандыққа, ала ауыздыққа қарап
күресу.
Шәкәрім өзіне Абайдың шыншыл сөздері қатты әсер еткенін тебірене
атады. Абайдың салған ізімен жүру бірден-бір дұрыс деген шешімге келеді.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл,
философ болуына байланысты. Оның лирикасында көңіл күйі, ішкі сезім
әсерлері, махаббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім
лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сары күшті.
Шәкәрімнің ойшылдығының, ақылдығына тән фәлсапашылдығының сыры неде десек,
бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған.
Сонымен қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы-
жыраулармен қатар арғы-бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы,
орыс және батыс ақындарының шығармаларының өте жақсы білген.
Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану
салаларындағы түрік тілдегі, орыс тілдегі, араб тіліндегі ғылым еңбектерді
ұзақ жылдар жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан-жақты,
энциклопедиялық білімі бар ғұлама оқымысты дана адам болған.
Қазақ халқы-рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік, сан
саналы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Осы мол
қазынаның түп төркіні сонау VI-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей, ежелгі түркі
жазбаларынан басталады.
Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық
қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыз тек мал баққан, жерін шет жаудан
қорғаған батыр, жауынгер ғана емес, сонымен бірге тамаша сәулетші, мүсінші,
суретші, ұста, зергер болғанын да дәлелдеп отыр.
Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбрай, Абай,
Шәкәрім еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі өз алдына бір төбе.
Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жинаған рухани мұрасын
ғылыми жағынан саралап, әрі оқу құралына тән белгілі талапқа сай баяндаумен
мықтап төгуді қажет ететіні, инемен құдық қазғандай қиын шаруа екені
белгілі.
Басқасын былай қойғанда, көшпенділер тіршілігіне байланысты әрідегі
архив материалдарының болмауы, ал бірен-саран барларының өзі жат жұрт
тілінде әр жерде шашырап жатқандығы, олардың бізге там-тұмдап өте
қиындықпен жеткені рас.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде
қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене
араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды
уағыздаған, Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра
қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші,
өз бетімен ғылым-білім биігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді. Сол
кездегі қазақ қоғамы дамуының ішкі заңдылықтарына қарай әлеуметтік,
экономикалық қайшылық, қақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленісте, қазақ
даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана, тынымсыз ізденіске түскен,
орталықта Революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім әдеби өмірге құлшына
араласып, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дәстүрін әрмен қарай
жалғастырады. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, Ұлы
Абайдың ізін қуушы, оның немере інісі Шәкәрім жеті жасында жетім қалса да
атасы Құнанбайдың ерке немересі болып өмірден ешбір таршылық көрмей өсті.
Жастайынан өнер-білімге, қаршыға, бүркіт салуға, домбыра тартып, ән салуға
құмар болып, он бестен былай қарай өз бетімен ғылым жолына ойысып, білім
өрісін кеңейтеді. Бірнеше тілдерді (араб, түрік, парсы, орыс) меңгеріп, тал
шығармалар жазумен қатар, басқа халықтардың рухани байлығына бойлайды.
Олардың кейбірін қазақ тіліне аударады. Ол географиялық орыс қоғамның Батыс
Сібір бөлігінің Семей бөлімшесіне мүше болды.
1905-1906 жылдары Меккеге сапар жасап оралды, жолда Стамбул
кітапханаларындағы рухани асыл мұралармен танысады. 1909-1910 жылдары оқу,
жазу мен алаңсыз айналысу үшін ел ортасын тастап, оңаша елсіз жерге барып
мекендейді. Сол жылдары оның еңбегінен көптеген төл еңбектер туындайды.
Солардың бірі Түрік-Қырғыз, Қазақ-һәм хандар шежіресі атты шығарма
(бірінші бөлім), ертеректе жазылған Қалқаман-Мамыр мен Еңлік-Кебек
поэмалары жеке кітап болып жарық көреді. Осы жылдары Том ағайдың
балағанын Л.Н.Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударады.
ІІ. Ағартушының педагогикалық көзқарасы
Шәкәрім көптеген психологиялық, философиялық шығармалардың авторы. Ал
ән мен күй саласында жазған кітаптары бір төбе. Шәкәрім Абай үлгі еткен
өнер білімді адамгершілік ізгі қасиеттерді өзіне ұран тұтып, Жастарға
деген өлеңінде былай дейді:
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық...
Асыл сол - ақыл, білім, бойда барлық,
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес.
Мен де анаудай болсам деп таласарлық, - деп оларға қатарынан
қалма, өтірік, өсек, ұрлық, зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан
қаш, өнегелі өнерлі елдердің жастарынан үйрен, оқу оқып, білім ал,
талаптанып, талпын, бойыңдағы өнерің мен біліміңді ел қажетіне жұмса дейді.
Ол қазақ жастарына ақылды мен ақылсыздың, адалдық пен арсыздықтың аражігін
былай ашып көрсетеді:
Ақылды мол ынсап пен ар сақтайды,
Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сатпайды,-
деп соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп үлкендер айтқан ақылды қабыл алып, ар
тазалығы үшін күресуді, өтірік өсек ұрлық жолы адамгершіліктен
аздыратындығын, қу, сұм болма, өзгеден айлаңды асыр асырушылардың ақыл-
кеңесін аясаң оңбайсың, қор болып азып-тозып адамдық қалыптан айырыласың
дей келе:
Өнер қылма ар сатып, жылданбақты,
Ұлық болып, елді жеп малдан бақты
Біреуді жеп, біреуді табамыз деп,
Қашан жақсы көруші-ек алданбақты.
Өлсеңде ондай сөзге құлақ салма,
Ардан түсіп ақылдан құры қалма,
Әкең түгіл, арғы атаң айтса-дағы.
Білімі жоқ наданның тілін алма!
Шәкәрім жүрегі егіліп, жастарға жаны ашып, жігерленсін, оң-солды
білсін, деп ашына жазды. Ақын жастарға ғибарат алуға ылғида ақыл мен
ойланып іс қылуға, құлқынның құлы болмай, адамдық борыш-ар үшін қызмет
етуде, жаным арымның садағасы, ... мал да аяулы, жан да аяулы болса, жаның
үшін малыңды сат! Ал жан да аяулы, жарда аяулы болса жар үшін жаныңды
құрбан ет! дейді.
ІІІ Шәкәрім – философ
Шәкәрім қазақ поэмасында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған
жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын
адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну,
дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, жерленгіштік
қабілеті мен не нәрсенің болсың ішкі сырын, көзге көрінбейтін, қолмен
ұстауға келмейтін нәрселердің арасын ажыратып, болмыстын, дүниетану мен
моральдың негізі ақыл деп санайды. Ақыл, парасатты, ақыл қандай да нәрсені,
құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ-қараны айыра білуге мүмкіндік береді,
сондықтан ақылмен сыналмаған іс бұлдырлау деп түсіндейді.
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр деген өлеңінде Шәкәрім сол нұрды,
ақылдың керемет күш-қуатын адам жақсы іске ғана емес, сонымен қатар күн
көріс үшін, пайда үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz