Аймауытов Жүсіпбек
Аймауытов Жүсіпбек
Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ
әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері - Павлодар облысының
Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы "Қызыл ту", қазіргі Жүсіпбек Аймауытов
ауылы. Алғаш ауыл молласынан оқып сауат ашқан. 1907 жылдан бастап Баян
ауылдағы орыс мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық
школінде, Керекудегі екі класты орыс-қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды.
Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіреді (1914-1919). Мұнан соң
алашордашылардың істеріне араласып, Семейде "Абай" журналын шығарысып,
Қ.Сәтпаевпен, М.Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік
партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне
делегат болып қатысып, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының
орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу
бөлімінің меңгерушісі (1921), "Қазақ тілі" газетінің редакторы, Қарқаралыда
мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің бөлім
меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926-
1929) қызметтерін атқарады. 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен
байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату
жазасына сырттай үкім шыгарылған.
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-
1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі
суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта
табысты.
Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді
еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағына
оның өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасы, "Рабиға", "Мансапқорлар", "Сылаңқыз",
"Ел қорғаны", "Қанапия-Шәрбану", "Шернияз" атты пьесалары, көптеген
әңгімелері мен "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" повесі,
балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Бұлардың сыртында "Комлекспен оқыту жолдары" атты мұғалімдерге арналған
көмекші құрал, "Психология" оқулығы бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай-қайсысы да оның
кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз
ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның,
өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ-қарасын парықтауға
арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеурінінің қуаттылығы, идеялық
ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлік-шалымдары Жүсіпбек
шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
Қазақ әдебиетіндегі еналғашкы реалистік көркем проза талаптарына,
жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды, көркем, күрделі
шығармалардың бірі — автор ұзақ әңгіме, орысша аннотациясында роман деп
көрсеткен Қартқожа 1926 жылы Қызылорда да басылып шықты. Бұл — қазіргі
өлшеммен алғанда, аса ұзақ шығарма емес, 7-8 баспа табақ көлеміндегі шымыр,
ықшам жазылған дүние. Бақытсыз Жамал, Қамар сұлу, Қалың мал, Қыз
көрелік қатарлас туындылардағыдай бірде өлең сөз аралас жүретін қойырытпақ
стильмен емес, бастан-аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісінде
жазылған. Оқып көрейік: Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың
ішінде босаға жақта, астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қос тартып,
қожасының ақсабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына
үңіліп, құнысып бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен,
қалай, екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да
жөнді тазармайды. Сол баланың қақ-соқпан ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі
бақырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді
бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай оңдап аты да түріне сай
бола кетер ме? Қартқожа.
Автор қоршаған ортаны, тіршілік тынысын, барлық іс-әрекетлі осы басты
кейіпкердің ой-түйсігі, сана-саңылауы, талғау байламы арқылы бейнелейді.
Кедей-кепшік, жалқы-жарым ортадан шыққан бала ее білгеннен мазақ, қорлық,
тепкі көріп өседі. Табиғатынан жуас, момын Қартқожаны жоқшылық тауқыметі
шыр жұқтырмай, инеліктей қатырып тастағанмен, ол жарыққа тырбанады, хат
танысам, оқысам, білсем деп ұмтылады. Қайта-қайта талабы кесіліп қанаты
қырқылады: Әсіресе, малдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz