Әдебиетіміздің тарихында елеулі орны бар ақындарымыздың бірі - Шәкәрім


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Әдебиетіміздің тарихында елеулі орны бар ақындарымыздың бірі - Шәкәрім Құдайбердиев. Ол - Абайдың шәкірті. Абай шәкірттерінің ішінде көп жазғаны да, көп жасағаны да осы Шәкәрім. Шәкәрім қазақ поэзиясында Абайдан соң ең танымал есім, ең көрнекті тұлға. Ол - ақын және прозаик, композитор, орыс және шығыс классиктерін қазақ оқырмандарына таныстырған шебер аудармашы, бармағынан бал тамған сегіз қырлы өнер иесі, үлкен мәдениет қайраткері.

Жарты ғасырдан астам атын атауға тиым салынған бұл аңыз адам кім?

Абайдың әкесі Құнанбай қажының бәйбішесі Күңкеден туған жалғыз ұлы Құдайбердінің кенже ұлы Шәкәрім 1858 жылы 11 шілдеде туған. Шәкәрім әкеден жастай қалады да, атасы Құнанбайдың бауырында өседі. Бес жасында ауылдағы молдаға оқуға беріліп жеті жасына дейін мұсылманша хат таниды. Осы кезден бастап өлең шығара бастаған. Шәкәрімнің ақындық жолына үлкен ықпал жасаған және ұстазы болған немере ағасы Абай. Ақынның айрықша қадір тұтқан шығыс жұлдыздары Хожа Хафиз, Физули мен Науаи. Шығыс ақындары ішінде Шәкәрім әсіресе Хафизді жанына жақын тұтады. Оны өзінің ең ұлағатты ұстаздарының бірі деп санайды.

Шәкәрімнің шығыс тақырыбындағы ең көлемді мұрасы 1907 жылы жазған "Ләйлі-Мәжнүн" дастаны. Шәкәрім қалдырған "Ләйлі-Мәжнүн" дастаны мың жылдық тарихы бар ежелгі сюжеттің ең соңғы үлгісі.

Ақын лирикалық поэзиямен шектелмей, эпикалық жанрларға да қалам тартады. Ақынның атын бүкіл қазақ даласына танымал еткен "Қалқаман-Мамыр" (1888ж. ), "Еңлік-Кебек"(1891 ж) поэмалары. Бұл екі поэма да әрқайсысы жеке кітап болып Семейдегі сол кезде жаңа ашылған "Жәрдем" баспасынан 1912 жылы жарық көрген.

Шәкәрімнің аудармашылығы жайында сөз етсек, ол 1908 жылы Пушкиннің "Дубровский" әңгімесін аударған. Бұл прозалық шығарманы Шәкәрім поэзия жолымен аударған. 1924 жылы жеке кітап болып шыққан бұл шығармасын халық бірден жылы қабылдайды. Сонымен қатар Пушкиннен "Боранды" аударады.

Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындықпен, аудармашылықпен шектелмейді. Ғұламаның еңбегі сан-салалы. Проза саласына қосқан үлесінің бірі "Әділ-Мария" повесі. Повестің арқауы - сол кездегі қазақ ауылындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен әйел бостандығы.

Ақынның тағы бір мол арнасы - тарих пен философия тақырыбы.

Ал, Шәкәрімнің тікелей өмірі жайлы сөз етсек, жастық шағы әкеден ерте қалғанына қарамастан молшылықта өтеді. Бүкіл Шығыс өлкесінде оған бәсекелес бола алатын мерген болмаған көрінеді. Абай қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң Шәкәрім ел тану, жер тану мақсатымен Стамбул, Париж қалаларына сапар шеккен. Оның әйгілі кітапханаларында болып өз білімін көтерген. Бұл сапар оның ой-өрісін кеңейтеді.

50-ден асқан шағында ел ортасын тастап, оңаша елсізге кетіп, оқумен, ойлаумен, жазумен болған. Шыңғыстың күнгей сыртындағы Шақпақ дейтін жерде таза әдеби жұмыспен ғана айналысып, қысы-жазы жападан жалғыз жатады. Бірақ өмірден тыс қалмайды.

Сол кездегі коллективтендіру науқанының асыра сілтеуінің арқасында жергілікті халық арасында наразылық күшейеді де, әртүрлі қақтығыстарға әкеп соғады. Енді жергілікті Совет басшылары осы қақтығыстың басындағы адамды іздей бастайды. Бар кінәні сөзі елге өтетін, халық арасындағы беделі жоғары Шәкәрім қарияға артады. Ол 1931 жыл еді. Жыл көлеміндегі ақын өмірі аса бір ауыр халде өтеді. Ақыры 2-ші қазан күні нақақтан нақақ атылады. Ақын өлімі өзі бір бөлек әңгіме. Ақынды тіпті денесін арулап жерге қоя алмай, бір суалған құдыққа тастаған. Тек ұлы Ахаттың кірісуімен ғана ақынның денесі 1961 жылы 8 тамызда Абай зиратының қасына жерленді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғ. Мүсірепов және ақын – жазушылар шеберлігі мәселесі
Көрнекілік суреттер тізімі
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
Әдеби портрет ұғымының әдебиетте қолданылуы
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Мұзафар Әлімбаевтің халық ауыз әдебиетін аудару тәжірибесі мен сапасы
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz