Бес Арыс туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Шәкәрім Құдайбердиев2

Аймауытов Жүсіпбек4

Мағжан Жұмабаев5

Міржақып Дулатов9

Ахмет Байтұрсынов12

Қолданылған әдебиеттер16

Кіріспе

М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердіұлының, М. Дулатовтың жеке бастары қаралы болып, мұралары ұлттық мәдениеттен тыс қалды. Олардың шығармалары ешбір дәлелсіз мансұқ етілді, әдебиет пен мәдениеттің басқа бөлігіне, яғни тапшыл мазмұндағы деген бөлігіне қарсы қойылды. Шындығында, бұлардың шығармаларында теңдік, еңбек, іс-қимыл, адамның бас бостандығы мәселесі терең көтерілген. Ал, Алашорда ұйымына қатысты деу де дәлел емес, өйткені 1919 жылы-ақ В. И. Лениннің декретімен ұйымға да, оның адамдарына да кешірім жасалған. Және олар кейінгі жылдары бұл тарапта белсенді жұмыс істемеген, қайта кеңес өкіметінің саясатын толық қолдаған. Тек тап күресін қолдап шиеленістіру, адамның диктаторлық өктемдігін орнату амалының нәтижесінде ғана мұндай сұрапыл қуғын, жаппай қырғын мүмкін болды. Жалпы социализм opнaтy тарихы КСРО халықтары үшін қап-қара тарих. Халықтың аяулы ұлдарының тағдырын, өзге де мыңдаған құрбандардың тағдырын еске түсіргенде, ендігі жерде адамдардың шүбәсіз бас бостандығы болуы, рухани ойын ашықтан-ашық айтуға жол ашылуы, жаппай қырғынға ұшырататын тотальдық қауіп-қатерден сақтайтын кепілдік болуы бірден-бір қажет екенін мойынға алмауға болмайды.

Шәкәрім Құдайбердиев

Шәкәрім 1858 жылы Шыңғыстауда дүниеге келеді. Болашақ ұлы ақын Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің ең үлкені еді. Парасатты, мейірбан, кең пейіл ағаны Абай айрықша сыйлаған көрінеді. Құдайберді Шәкәрімнің алты жасында қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде жетімдік, жоқшылық көрмесе де, әке бауырынан айрылған, қаршадайынан-ақ ерекше зеректігін аңғартқан Шәкәрімді Абай өз қамқорлығына алады. Туған әулет дәстүрі, өскен орта ыңғайы, ақын аға тағылымы Шәкәрімнің азамат ретінде қалыптасуына ғана емес, ақын ретінде қанаттануына да ерекше әсер етті. «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, - қазақ ішінде Абай деп атайды, - сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ер жеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім. Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан қадірі азырақ білінді. Алай болмағанда дәнішманд, хаким, философ кісі еді, деп жазады Шәкәрімнің өзі кейініректе. Бұл - інінің өз өмір жолын байыптауы ғана емес, ақын ағаның халық тарихында атқарған қызметін, ерекше болмысы мен трагедиялық тағдырын да кәміл түсінгенін аңғартатын сөз. Арнайы оқу орындарын бітірмесе де, Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасындағы, - қазақ қана емес, - бүкіл Түркістан өлкесіндегі ең ғұлама адамдардың бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы тілдерімен қатар орыс тілін де жетік біледі, классикалық шығыс поэзиясын, орыс және европа әдебнетінің озық үлгілерін терең түсіне оқумен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырады. Құнанбай әулетінің дәстүрі бойынша ел ішінде де билік құрып көреді. Алайда көп ұзамай-ақ болыстықтың бар «қызығып» басқа інілерге қалдырып өзінің шын мұраты - сөз патшалығын жаулауға біржола бет қояды. 1904 жылғы Абай өлімі, өнерлі екі іні - Ақылбай мен Мағауиядан тағы айрылу, Ресей империясы шегіндегі барлық езілген ұлт үлкен үміт артқан 1905 жылғы алғашқы oрыс революциясының жеңіліске ұшырауы Шәкәрім санасына, оның өмірге, қоғамдық қызметке көзқарасына ерекше әсер етеді. Шәкәрім тіршілік, тағдыр туралы сауалдарына жауап іздейді. Оқу, іздену аймағын кеңейте түседі. Дін тану емес, ел тану, жер көру мақсатында қажыға барып қайтады. Бұл сапар оның ой өрісін кеңейтеді, ақын қазақ халқы дін қуған мұсылманшылық жолын емес, ғылым білім қуған европа халықтарының жолын таңдауы керек деген ойға беки түседі. Осы кезде өзі көптен әуестеніп жүрген толстойшылық идеясына біржола берілген ақын өмірден баз кешіп, жұрттан аулақтайды да, Шыңғыстың күнгей сыртындағы Шақпақ дейтін жерде таза әдеби қызметпен ғана айналысып, қысы жазы жападан жалғыз жатады. 1917-1925 жылдар аралығында Шәкәрім аз уақыт дүниауи өмірге қайта оралғандай болады, ел ішіндегі игі өзгерістерді құттықтайды. Газет журналдар бетінде замана ағымына үн қосқан өлеңдер бастырады. Алайда қарт ақын көп ұзамай қайтадан ел тіршілігінен аулақтайды.

Шәкәрім 1931 жылы қайғылы қазаға ұшырады.

Ғұлама қаламгердің өнердегі жолы ұзақ та ұлағатты. Келісті әрі күрделі.

Атаның мол дәулеті, ағайын туыстың өр кеудесі, ағаның мәртебе-даңқы арқасында бұла өскен Шәкәрім өзінің өмір жолын ғана емес, өнер жолын да сауық сайраннан, мереке-қуаныштан бастайды. Абайдың өлең өрнегін ұстанған, Абайдың тіл мәдениетін үлгі тұтқан махаббат жырларының өзінде Шәкәрім тың бояу табуға, соны сыр түюге ұмтылады.

Шәкәрім өлең өрісін кеңейте түседі. Білім жолына біржола бас қояды. Қазақ тұрмысына ғана емес, бүкіл әлем кейпіне ойшыл көзбен

қарайды. Бүгінді жете танып, болашақ сұлбасын аңдайды. Барды байыптап, халық қазынасын жаңаша таразылайды. Өмірге қоғамға, санаға өзіндік көзқарасы қалыптасады. Ақыр түбінде өнердің өзгеше өрісіне шығады.

Шәкәрімнің қазақ рухани өміріндегі жаңаша болмысы оның дінге көзқарасынан айқын танылады. Әлбетте, Шәкәрім - өз заманының перзенті. Ұғым, наным, түсінік шектеулі шеңберде. Алайда ақын бас ұрған ақиқат ождан, шын иман, - «адаспайтын айқын жол» - адамдық, кісілік.

Аймауытов Жүсіпбек

Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері - Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы "Қызыл ту", қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Алғаш ауыл молласынан оқып сауат ашқан. 1907 жылдан бастап Баян ауылдағы орыс мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық школінде, Керекудегі екі класты орыс-қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіреді (1914-1919) . Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде "Абай" журналын шығарысып, Қ. Сәтпаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919) . Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920) . Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), "Қазақ тілі" газетінің редакторы, Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің бөлім меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926-1929) қызметтерін атқарады. 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шыгарылған.

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағына оның өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасы, "Рабиға", "Мансапқорлар", "Сылаңқыз", "Ел қорғаны", "Қанапия-Шәрбану", "Шернияз" атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген. Бұлардың сыртында "Комлекспен оқыту жолдары" атты мұғалімдерге арналған көмекші құрал, "Психология" оқулығы бар.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай-қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ-қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеурінінің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлік-шалымдары Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

Мағжан Жұмабаев

Мағжан өз тегін де, ез жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын адақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, ине бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті.

Ақын тағдыры бір сыдырғы емес, шытырманды, соқпақты, аяғы трагедиялы. Ғасыр басынан-ақ ел-жұртына белгілі болған Мағжан Жұмабаев айдаудан көз ашпаған, жарты ғасырдан аса уақыт есімі аталмай кетіп, тек 1988 жылдың желтоқсанында ғана ақырғы рет ақталды. Ақырғы рет деуіміз - ол ресми түрде 1960 жылы-ақ ақталған болатын, бірақ оның есімін атауға, шығармаларын жариялауға рұқсат болмады.

Мағжан Бекенбаласы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында дүниеге келген. Орташа-ауқатты семьядан шыққан. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск) медресеге оқуға түседі, бүл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбулда оқып, дәріс алған, ауқатты семьядан шыққан жергілікті интеллигент Мұхаметжан Бегишев ашқан екен. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.

Мағжан он екі жасында Қызылжар қаласындағы Бегишев медресесіне түскеннен бастап әдебиетпен қатты шұғылданған. Тіпті қазақ, татар әдебиетін былай қойғанда, ол араб-парсы ақындарының атап айтқанда, Фирдоуси, Сағади, Хафиз, Омар Хайям, Низами, Науаи сияқты даналардың ұлы дастандарын түп нұсқадан оқып үйренуді өзінің машығына айналдырған. Ал ұлы Абай мен Дәрдман (өлеңдерін қазақша жазған татардың ұлы ақыны Зәкір Садықұлы Рамиев) өлеңдерінің қазақ дүниесіне келуі кішкентай Мағжанның жан жүрегіне ауызбен айтып жеткізе алмайтын телегей-теңіз әсер әкелді. Әрбір сауық кештерінде, шілдеханаларда қыз бен жігіттер Абай мен Дардман өлеңдерін ең алдымен әсем әнмен шырқайтын болған. Татьянаның мұңға толы толғаныстарын қыздар жүрек жарасын емдейтін шипалы шербеттей ішіп сусындаған.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, Абайға «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. Абайға деген махаббатының нәзік қылын шертті. Ақын болуды арман етті.

1910 жылдың күзінде Мағжан өлеңдерінің қолжазбаларын Қазандағы Кәрімовтардың баспасына табыс етеді. 1912 жылы Мағжанның «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

Мағжанның терең ой мен сұлу суретке толы өлеңдерінің шығуы тек қазақ еліне ғана емес, сонымен бірге татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, қаракалпақ елдеріне де жеткен үлкен құбылыс еді. Ал бала ақынның өз елі - қалың қазақ халқы - бала Мағжаннан ардагер Абайдың ізбасарын көріп, өлең-жырдың әсерлі де әдемі әуеніне бөленді.

Елдегі оқумен қанағаттанбаған болашақ ақын 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұхамбет Серкебаевпен бірге (халқымыздың белгілі әншісі Ермек Серкебаевтың әкесі) Медресе - Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда Жогары оқу орнымен бара-бар еді. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, жоғарыда айтылған белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен медресенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.

Болашақ ақын талантын таныған Ғалымжан Ибрагимов оған білімін әрі қарай көтере түсу керектігін айтып, ақыл-кеңес береді. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы Мұғалімдер Семинариясына түсіп, сол қалада орын тепкен. 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылып шыққанда оған жоғарыда айтылған Ғалымжан Ибрагимов көп жәрдем еткен.

Өлеңдер жинағы өзінің соны сезімдегі лирикаларымен қазақ поэзиясындағы жаңа өрнегімен көзге түседі. Бір айта кетер жәйт 1909 жылы Петербургте жарық көрген Абай жинағы бұл кезде көпшілікке мәлім еді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді. «Жан сөзі» атты атақты өлеңінде ақын өзінің «Медресе - Ғалиядан» кетуіне үзілді-кесілді қарсы болған әкесі Бекенмен арадағы салқындықты және жергілікті дау-шарға қатысқысы келмеген жайын, өзінің сол тұстағы қауымға наразылығын зарлай жырлайды. 1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болады, тағдыр қосқан қосағы толғақ үстінен қайтыс болса, азамат соғысы уақытысына орай есімін Граждан қойған перзенті бір жылдан соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне зіл батпан ауыртпалығын салып, зіл-зала ізін қалдырады.

1912-1915 жылдары Мағжан Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы, түрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетімен де, жан-жақты, терең суарылған аса дарын иесі Міржақып (Мир - Якуб) Дулатовтан дәріс алып, шығармалықтың жаңа бір қырына көтеріледі. мағжанға европалық білім алуға, орыс тілін үйреніп, мәдениетімен қанығуға олар көп себін тигізген.

1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді, кейін Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде істейді.

Қазақстанға жаңа келген, өлең, әдебиет түгілі, халық, ұлт жайын әлі аңғарып біле қоймаған Ф. И. Голощекиннің өзі Мағжанды сынай бастауы сол үлкен, әрі қауіпті дүрбелеңнің салдары екені анық. Осыншама айқай-шудың аяғы Мағжанды түрмеге жабуға апарып соқты. Онымен де бітпей жанжал ұлғая берді.

1929 жылы Мағжан Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен 10 жылға сотталды. Шын мәнісінде бұл Сибревком жанындағы Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған көпшілік қауымға белгілі, отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді.

Өкініші сол 1929 жылдан 1938 жылға созылған ақынның он жылдық ғұмыры бізге беймәлім. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақьгт бостандық алады, еліне келеді. Петропавлда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып істейді. Бірақ біраз уақыттан кейін бұл қызметтен босатылады. Ол туралы өзі «не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оқу ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге байланысты дегенді айтты. Міне 20 шақты күн болды жұмыссыз отырмын» деп жазады Алматыға Жазушылар одағының бастығы Сәбит Мұқановқа жолдаған хатында. Аударма ісімен айналысқанын, бірақ, шарт жайында баспадан хабар жоғын айта келіп, Мағжан тағы да: «мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өз қалам күшіммен көрсетем деген тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам, орталыққа баруды ойлап отырмын» дейді. Бұл хат 1937 жылы 20 ақпанда жазылады. Наурыз айында Алматыға келеді. Бұл кез айтыс-тартыстың нағыз қайнап тұрған кезі. Біреудің үстінен біреу жала жауып, ұстатып, айдатып жатқан уақыт. 13 тамызда Ілияс Жансүгіріп ұсталады. 29 тамызда Жазушылар одағының хатшысы М. Қаратаевтың «Социалистік Қазақстанда»: «Қазақ әдебиетіндегі авербаховшылдықтың қалдығын толық жою керек» деген бас-аяғы жиырма шақты жазушыны, ең алдымен Сәкенді қаралаған, мұндай фашист жендеттерінің көзін жою керек деген мақаласы басылды. 16 қыркүйекте "Казахстанская правдада» осы мақаланың орысшасы басылды. 24 қыркүйекте Сәкен үйінен ұсталып әкетілді. Мұндай жағдайда алдында өзі 7-8 жыл отырып келген Мағжанның күні не болмақ? Аласапыран тұста, ақыры 30 желтоқсанда Мағжан ұсталады да, 1938 жылы атылады. Сәкен Сейфуллин 1938 жылы ақпанда атылады. Кеңес ақыны, пролетариат ақыны екені айғақ, 1918 жылдан партия мүшесі Сәкеннің өзі қуғынға ұшырап жатқанда, саяси жағынан онан арасы алшақ (солай үгіттеліп келген) Мағжанның тағдыры басқаша болуы мүмкін еместі.

1936 жыл бітіп, 1937 жылдың қаңтар-ақпанында Алматыға хат жазып, наурызда келген сон, аржағы қызыл қан науқанға айналды.

Сот орындары бұл күнде 1938 жылы атылғаны ақиқат деген тұжырымға келіп отыр.

Міржақып Дулатов

Міржақып Дулатов XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың, елдің елдігі, еркіндігі, мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкілдерінің бірі болды. Сондықтан оның поэзиясынан, барлық шығармаларынан тынымсыз іздену, ілгері ұмтылу сарыны, күрес рухы бірден-ақ күшті сезілді. Ақынның алғашқы өлең жинағының аты болған «Оян, қазақ!» деген сөз жалпы жұртқа жар салғандай болып жаңа дәуірдің қуатты үніндей естілді.

Осы кітаптың «Оян, қазақ» деген атының өзі халықты мешеуліктің, надандықтың шырмауынан құтылып, әділеттік үшін, өнер-білімге, мәдениетке жету үшін күресуге шақырған күшті ұран болып естілді, солай қабылданды. Акынның озат идеяларға толы өлеңдері көпшіліктің назарын тез аударып, кітап ел ішіне кейіннен тарай бастады. М. Дулатов патша үкіметінің саясатын әшкерелеп, заңсыздыққа, халыққа қысым жасаушылыққа қарсы шықты. Қазақ жастарын оқыту, мектеп ашу қазақша газет-журналдар шығару қажеттігін айта отырып, М. Дулатов орыс тілін, мәдениетін игеруге де ерекше мән берді.

Елді бұрынғы мешеуліктен арылып, өнер мен білімге ұмтылуға шақыру идеясы Абайдан, Абай заманынан басталды. Алайда, осы идеяның жаңа қоғамдық жағдайда кеңірек, жаңаша мағынаға не болып, «Оян, қазақ!» деген сөздің ұлттық ұранға айналуы осы кез - XX ғасырдың басы болатын. Міржақып әдебиет, мәдениет ісіне казақ даласында жаңа демократиялық, ағартушылық қозғалыс бел алып, кең өріске шыға бастаған тұста араласа бастады. 1905 жылғы орыс революциясы Ресейде таптық күрес, саяси қозғалыстың күшейе түскенін айғақтады. Патшалық үкімет Ресейдің шет аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстандағы демократиялық қозғалысқа, әсіресе, азаттық аңсау идеясының өріс алуына жол бермеуге тырысты. 1905 жылдың өзінде-ақ қазақтың ұлттық интеллигенциясының өкілдері ұйымдасқан саяси-әлеуметтік күшке айналып, халық мүддесіне бірден-бір сәйкес деп саналған тілек-талаптарды патша үкіметінің алдына ашық қоюға шейін барған.

Дулатов Міржақып 1885 жылы 25-қарашада Торғай уезіндегі Майқара болысының 3-інші ауылында туған. 1935 жылы 5-қазанда айдауда, лагерьде жүрген кезінде ауырып, қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер, қол шебері етікші болған.

Міржақып 8 жасқа толған кезінен бастап екі жылдай ауыл молдасынан сабақ алады. Одан соң ауылдағы орыс мектебінде, ал 1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде оқиды. 1904 жылы ол Омбы қаласында жасырын ұйымға қатысады, қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновпен жақындасады. 1905 жылғы орыс революциясы кезінде Қарқаралыда ереуілшілердің арасында болады. 1907 жылдан бастап оның бірлі-жарым өлең, мақаласы да жариялана бастайды.

Міржақып Дулатов бірден-ақ қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіне білетіні, қазақ қоғамында жаңадан өpic алып келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы екенін айқын танытты.

Міржақыптың «Серке» газетінің («Ульфат газетіне» қосымша) 1907 жылы 2 нөмірінде басылған «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгіт деп саналып, бұл газет конфискеленсін деген шешім қабылданады. Оның осы мақаладағы пікірлері «Оян, қазақ!» кітабында әсіресе айқын, әсерлі айтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш этноәлеуметтік атауының лексика-семантикалық сипаты
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
АРЫСТЫҚТАРҒА АРЫСТАР ӨНЕГЕСІ
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары. Ұлы Жiбек жолы
Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы
Әдеби тілде ұшырасатын сөздердің мағыналық айырмашылықтары
Алтын адамға тереңірек үңілсек.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz