Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1885-1865)
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
(1885-1865)
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Халық перзенті 4
Шоқан Омбы кадет корпусында 5
Қашғария сапары 9
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 18
Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен
салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер
оған қарағанда бала тәрізді едік.
Г. Н. Потанин
Кіріспе
Шоқан - қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің
тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол - өз дәуіріндегі орыстың
прогресшіл ғалымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүріндегі тәрбие алған және әр
алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Сондықтан да Шоқанды
жолдастары "Еуропаға ашқан терезе" атады.
Шоқан саяхатшы болуды, ең алдымен Орта Азияны аралап, зерттеуді
армандайтын. Осы арман оны тың саяхаттар жасауға жетеледі. Өйткені,
Қашқарияның географиясы, тұрмыс-салты, мәдениеті туралы мәліметтер Еуропа
үшін жұмбақ болатын. Осынау тылсым сырдың бет-пердесін айдай әлемге Шоқан
ашып берді.
Шоқандай жалынды жас жүректің іздері Жоңғарияды, Ыстықкөлде, Қытайда
сайрап жатыр. Ал, Қашқар сапары Шоқанның атағын күллі әлемге паш етті.
Қазақ халқының маңдайына біткен біртума ұлы Шоқанның Жетісудағы іздері де
сайрап жатыр.
Халық перзенті
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (Мұхаммедханафия – шын аты) Құсмұрын
бекінісінде 1835 жылдың қарашасында дүниеге келген. Қазақтың ұлы ғалымы;
ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы Омбының
кадет корпусын бітірген. Арғы атасы Абылай хан. Абылайдың үлкен ұлы Уәли
Шоқанның атасы болып келеді. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері – оның үлкен
ұлы Ғұбайдолла Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы, хандық билік
Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. Уәлидің бәйбішеден туған балалары
әкесінің Ресей қол астына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айганым
мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды. Уәли ханның осы
жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп, қазақ даласында оған
сәулетті үй салып беруге әмір етті, сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді, —
деп жазды П. П. Семенов-Тян-Шанский. Балалық шағы әуелі Құсмұрында (әкесі
аға сұлтан болғанда), кейін Көкшетаудағы ата мекені Сырымбетте халықтың,
қайнаған ортасында өткен. Шоқан жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз,
әңгімелерді қызықтап, соларға құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының
өзінде Қозы Көрпеш—Баян сұлу жырын жазып алғаны бар. Сырымбетте аңыз,
жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек
баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды.
Шоқан әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды.
Дәстүр бойынша жеті жұрттың тілін білуге тиісті хан баласы шығыс
тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта
Азияның түркі тілдерін меңгерген.
Шоқан Омбы кадет корпусында
1847 ж. күзде 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, орыс достарының
көмегімен Омбы кадет корпусына оқуға орналастырады. Сібірдегі ең таңдаулы
оқу орны болып есептелетін бұл корпус, декабрист А. Завалишиннің сөзімен
айтқанда, ағартушылық пән патриотизмнің өркен жайған жері болатын.
Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын
басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана
емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып
озды,—дейді бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Шоқанның рухани өсуіне орыс
әдебиетінің мұғалімі, ориенталист Н. Ф. Костылецкий (1818—67), мәдениет
тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В. П.
Лободовский (Н. Г, Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас
әріптесі) елеулі ықпал етеді. Костылецкий арқылы 1852 ж. Шоқан мен И. Н.
Березин арасындағы тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы
бойынша Шоқан Тоқтамыстың Хан жарлығына талдау жасайды. Бұл — оның
алғашқы ғылыми жұмысы.
Осылайша Шоқан корпустың мұғалімдері мен Омбының алдыңғы қатарлы
интеллигенциясының көзіне түседі. Уәлихановтар семьясының достары оны
мереке күндері үйіне шақыратын болады. Сөйтіп ол Шығысты зерттеуші
Сотниковтың, сурет мұгалімі А. Померанцевтің, ал оқуды бітіретін жылы
білімді офицер К. К. Гутковскийдің үйінде жиі болып тұрады. Потаниннің
айтуынша, Гутковский мен оның туысы Я. Ф. Капустиннің (Д. И. Менделеевтің
қарындасын алған) семьясы Шоқанның рухани өсуіне, жалпы тағдырына елеулі
ықпал жасаған.
14—15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын
еді дейді Потанин. Шоқан тарих, география кітаптарын бас алмай оқиды. Сирек
кездесетін көне кітаптарды қол жете бермейтін фундаментальдық кітапханадан
алып оқуға корпус басшылары оған арнайы рұқсат еткен. Орал, Еділ, Каспий
алабын, Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П.С. Палластың
(1741—1811) Саяхатын, Еділ, Каспий, Оралдың тарихы мен этнографиясын
жазған П.И. Рычковтың күнделікті жазбаларын, әсіресе кітаптардың туған
жерге арналған беттерін қызыға оқыған. Жас Шоқанның білімдарлығын, әсіресе
Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф. Дуров, Семенов-Тян-Шанский,
Потанин, Н.М. Ядринцев жоғары бағалаған.
1853 ж. Шоқан кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып
шығады. Сібір казак-орыс әскері 6-атты әскер полкіне офицер болып
тағайындалады. Іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторыныц кеңсесінде
қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс
аймағын басқарған генерал Г.X. Гасфорттың (1790—1874) адъютанты қызметіне
белгіленеді. Екінші жағынан Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны
айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды.
Қызметте Шоқан бюрократтық аппараттың Дюгамель, Фридрихе, Кройерус,
Кури сияқты мансапқор, парақор, тоң мойын чиновниктері мен патша өкіметінің
отаршылдық саясаты туғызран әділетсіздікке қарсы күресіп, олардан қысым
көреді. Бұл туралы достарына — Ф.М. Достоевский, А.Н. Майков, В. Курочкин,
К.К. Гутковскийге жазған хаттарында, Омбыдан кетуді, туған халқына пайдасы
тиетін қызмет істеуді армандайтыны айтылған.
Ш.Ш. Уәлиханов Ұлы жүздің Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, бейбіт
жолмен қосып алу міндеті жүктелгенде бір топ офицердің (К.К. Гутковский,
М.М. Хоментовский, М.Д. Перемышельский) ішіне Шоқан да енгізіледі. Осы
экспедицияда У. 1855 ж. Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы Іле Алатауына
дейін келеді. қайтарда Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат
жасайды. Орталық Қазақстан—Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы күзде
Омбыға оралады. Осы сапарда қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін,
тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Жинаған материалдарын
Омбыда қорытуға кіріскен Шоқанды наградаға ұсынған Гасфорттың оны аса
жоғары бағалаған мінездемесі сақталған. Осы ұсыныс бойынша 1856 жылдың
басында Шоқанның әскери лауазымы бір саты жоғарылатылып, оған поручик атағы
беріледі.
1856 ж. Шоқан М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылми экспедицияға
қосылады. Экспедиция қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының
картасын түсіруге тиіс болады. Бұл— Шоқанның ғылми жұмыс жүргізуіне
мүмкіндік ашады. Осы жылы ол Манасқа назар аударады, Іленің басындағы
Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Июньнің ортасында
Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс, солтүстік-шығыс жағалауының, тау асуларының
картасын түсіреді. Бірнеше маршрутта Шоқан Семенов-Тян-Шанскиймен бірге
жүреді. Онымен 1856 ж. көктемде Омбыда Гутковскийдің үйінде танысып, содан
былай дос боп кеткен. 1856—57 ж. екеуі Жетісуда жиі кездесіп, бірге ғылми
жұмыстар жүргізген. Жетісу, Тянь-Шань сапарларында Семенов-Тян-Шанский Орта
Азия мәселесіне келгенде Шоқанды ғана бедел тұтқанын жазған.
Экспедицияда Шоқан ориентологиялық, энтомологиялық коллекция жинап,
гербарий құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын
зерттейді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатынасады. Сол алаптағы қираған
көне қалалардың мәдениетіне — көне заманғы суару жүйелерінің,
архитектуралық мұралардың қалдықтарына, эпиграфикалар мен тас мүсіндерге
үңіледі. Россия қол астындағы Жоңғарияда, әсіресе Іле бойында
отырықшылықтың болғанын анықтайды. Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі жерді
түгел шарлаған ол қырғыздың Бұғы, Сарыбағыш, Солту руларында болып, қырғыз
халқының шөжіресін, өлең, жыр, аңыздарын, Манас жырын жазып алады.
Қытаймен сауданы жолға қою мақсатымен Құлжаға Россияның өкілі болып
баруға тиісті полковник М. Д. Перемышельскийдің (Ұлы жүздің приставы)
орнына ақырғы сәтте Шоқан тағайындалады. 1856 ж. августа Құлжаға бет алған
ол Қытай мен Россия арасындағы шекара дауын да жанжалсыз жымдастыру
міндетін атқарады. Шоқанның Құлжа сапарынан кейін Россия мен Қытай арасында
Тарбағатай келісімін жасаудың негізі салынып, Құлжа мен Шәуешекте орыс
консулдығы ашылған (А. К. Гейнц).
Құлжа жақта 3 айдай болған Шоқан күзде Омбыға оралады. Батыс Қытайдағы
Қашғария көтерілісін, Құлжа, Ақсу маңындағы елдің Маньчжур әулеті
билеушілеріне наразылығын бақылау үшін 1857 ж. қайтадан Алатау қырғыздарына
жіберіледі. 1856—57 жылғы алғашқы саяхаттарының ғылми нәтижелері Шоқанның
Ыстық көл сапарының күнделігі, Қытай империясының батыс провинциясы мен
Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар деген 20 жасында жазған талантты
еңбектерінде баяндалған.
Осы сапарларында Шоқан қырғыз тарихының мәселелеріне, әсіресе
қырғыздардың Енисей алабын, Памир, Алтай тауларын бір мезгілде қалайша
мекендегеніне ой жібереді. Саян—Тянь-Шань аралығы қырғыздардъщ көш-қоныс
мекені болғаны жайлы ғылми проблеманы қолға алады. 17—18 ғасырдың жазба
деректерін сүзуге кіріскен Шоқан 1856 жылдың қысын Батыс Сібір обл. архивін
ақтарумен, Алтын-хан, Жоңғар заманының документтерін іздеумен өткізеді.
Сөйтіп, Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың
автохтоны екенін тарихта тұңғыш рет Шоқан анықтап берді. Сол көне заманда
қырғыздар Енисей алабымен тығыз байланысты болған, Енисей мен Алтай, Жоңғар
даласы, Тянь-Шань — бәрі біртұтас географиялық аймақ болып тұрған дегенді
дәлелдеді. Ол шығыстың да қырғыздар жөніндегі жазба деректерін зерттеген.
Сол бойынша Алтай мен Тянь-Шань арасында 17 ғ-да Ойрат (Жоңғар) мемлекеті
пайда болғанда ғана қырғыздардың Енисейге көшуі тоқталғанын анықтаған. Бұл
зерттеуінде Уәлиханов қырғыздың көне тарихы туралы еңбек жазған географ К.
Риттердің, А. Гумбольдтің, Шығысты зерттеуші Шотт пен Клапроттың
пікірлеріне сын да айтады.
Уәлихановтың тарих, география саласындағы еңбегінің даңқы Петербург
ғалымдарына жетіп, 20-дан жаңа асқан Шоқанды 1857 ж. 27 февральда Орыс
География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Бұл — оның орыс ғылымы
алдындағы зор еңбегін мойындағандықтың белгісі еді.
Қашғария сапары
1858—59 жылғы Қашғария сапары Шоқанның ғылыми ағартушылық саласындағы
творчествосы жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты. 13 ғ-дың
соңғы ширегінде Марко Поло, содан 1603 ж. саяхатшы Гоес қана болған
Қашғарияның географиясы, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұpмыс-салтының
ерекшелігі туралы үш жарым ғасыр бойы Европа ғылымына елеулі мағлұмат
түспеген еді. Енді осынау жұмбақ елдің сырын әлемге Шоқан ашып беруге тиіс
болды. Европалықтарға жабық болып есептелетін Қашғарияның билеушісі Уәлихан-
төре Шоқаннан бір жыл бұрын Үндістан арқылы барған немістің белгілі
географы Адольф Шлагинтвейттің басын кескен. Дүние жүзінің ғалымдарын
тебіренткен бұл сұмдықты алғаш әлемге әйгілеген де Шоқан.
Қашғарияға ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz