ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ

Шоқан Уәлиханов (дұрыс есімі - Мұхаммед-Канапия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты) 1835 жылы ноябрь айында Құсмұрын бекінісінде туған. Бұл деректің растығын СССР Сыртқы істер министрлігнiң архивындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді. Нақ осы дерек басқа ресми документтерде де кездеседі. Мысалы, Шоқан Уәлихановты орыстың географиялық қоғамының толық мүшесі етіп сайларда толтырылған анкеталық мәліметтерде 1835 жылы туған деп көрсетілген.

Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең, қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындасу дәуірі еді. Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты.

Шоқан Уәлиханов сияқты жан-жақты және терең білімді, алдыңғы қатарлы адамның тарихи майданға шығуы тек осы екі халықтың арасындағы экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың нәтижесінде ғана мүмкін еді.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ата-бабалары ескі сұлтандар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы, Орта жүздің ханы Абылай Россиямен сауда және саяси байланыс. жасап отырған. Абылайдың үлкен баласы Орта жүздің әрі соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түскен. Шоқан осы туған атасы Уәлидің есімін алып, өзін Уәлиханов деп атайды.

Уәлихановтардың семьясында сақталған аныз-әңгімелерге сүйене отырып, XIX ғасырдың екінші жартысында - жазып алған өзінің жазбасында Г. Н. Потанин былай дейді: «Уәлиханның екі қыстауы болған - бірі Көкше-таудың шығыс жағындағы хан көлінде, екіншісі Сырым-бетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан өрген ұрпақтар қазірде де сонда (яғни Бурабайда) тұрады. Айғанымның (Уәлиханның кіші әйелінің) балалары Сырымбетте, ата мұрасы ретінде Уәлиханның және оның ұрпақтарының еншісіне тиген Бас орда Бурабай көлінде еді және ол түрліше (Орда, Хан көлі, Ханның Қызылағашы, тағысы тағылары) атпен белгілі болған.

Хан билігі жойылып, «Сібір қырғыздары жөніндегі Устав» қабылданғаннан кейін Уәлиханның бұрынғы мұрагерлік жерлері» (ата мекендері) балаларына бөлініп берілді. Оның негізгі қара шаңырағы Қызылағаш үлкен баласы Ғұбайдолланың және соның ұрпақтарына көшті де, ал Сырымбет Уәлидің кіші әйелі Айғанымның балаларының еншісіне тиді.

Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиев 1811 жылы Қызыл-ағашта туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жаста екен. Әке мұрасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла мұрагер болуы керек еді, бірақ ол жер аударылып кетеді де өзінің бұл правосына ие бола алмайды. Сөйтіп семьяға Уәлидің жесірі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853 жылдарда өмір сүрген) өзі бас болады.

Айғаным парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған әйел. Ол Шығыстың. бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен және Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Жергілікті халықтың арасында Айғаным өте беделді кісі болған. Архив мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары жөніндегі Устав» қабылданғаннан кейін Солтүстік Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бірде-бірі Айғанымсыз өтпейді.

Айғаным қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатын көздейді. Солтүстік Қазақстанда геодезиялық зерттеу жұмыстарымен шұғылданып жүрген орыс ғалымдары мен инженерлеріне ол үлкен көмек көрсетіп отырады. «Уәлиханның орысқа бағынуын, - деп жазған П. П. Семенов-Тяншанский, - өзге туыстары, Уәлиханның бәйбішесінен туған балалары мен інілері мойындағысы келмегенде, тек Шоқанның әжесі, Уәлиханньщ жесірі Айғаным ғана өзінің балаларымен бірге Россияның, айнымас адал Айғаным Сырымбеттегi ата мекенінде қайтыс болған.

Шоқан Уәлихановтын архивіндегі өз қолымен жазған естелігінде былай делінген: «1853 жылы 19 ноябрьде, бейсенбі күні, екінді намазы кезінде қырғыз-қайсақ орта жүзінің ханы марқұм Уәлидің жесірі, Сарғалдақ қызы

Айғаным 70 жасында дүние салды . . . Тоғыз ұл тапқан, оның екеуі бала кездерінде және екеуі жиырма жасында қайтыс болған.

Әскери училищені бітіргеннен кейін Шыңғыс 23 жасында жуырда ғана құрылған Аманқарағай округіне аға сұлтан боп тағайындалады да оған майор шені, бертін келе полковник шені де беріледі. Әскери училищені бітірген жылы (1834) Шынғыс Аманқарағайға көшіп келгеннен кейін жастайынан атастырып қойған өзінің қалыңдығы Зейнеп Шорман қызына үйленеді.

Обаған, Құндызды, Терісбұгақ өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай қоныстаған Атығай, Керей, Қыпшақ және Уақ руларының қалың елі аға сұлтанға бағынды Бұл рулардың, отырған жерлерін, қыстаулары мен жай лауларын Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде (1850-1852 жылдары) өзінің суреттері мен жазу сызуларында өте шебер бейнеледі.

Шыңғыс Құсмұрында жиырма жыл тұрды. Оның жеті ұлы мен бес қызының ішінде тек қана Сақыпкерей (Козыке) мен Апия және ең кіші ұлы Нұрмұхаммед (Көкіш) Сырымбетте туған, ал енді үлкен балаларының бәрі де Аманқарағай мен Құсмұрында туған.

Сырымбетте Шоқанның есіміне байланысты есте қалған жерлер өте көп. Әсіресе Сырымбет тауының басындағы биік жартас ел аузында көп айтылады. Шоқан сол төңіректегі тау көріністері мен ормандардың, өзінің ауылының суреттерін әдетте осы жартастық үстінде көшрiп бейнелейді екен.

1854 жылы июль айында Шоқанның әкесіне Батыс Сібір генерал-губернаторының «Құсмұрын округінің бұрынғы аға сұлтаны полковник Шыңғыс Уәлиханов Сібір қырғыздарының Шекаралық басқармасының қырғыздар жөніндегі советнигі болып тағайындалсын» деген бұйрығы табыс етіледі. Осының ізінше Шыңғыс батыс-сібір әкімшілігінің «қызмет орнына дереу жетсін» деген нұсқауын да алады.

Жаңа орынға тағайындалғаннан кейін Шыңғыс 1854 жылдың 15 сентябрінде Омбыға келіп, өзінін қызмет бабындағы міндеттерін атқара бастайды. Бұл кезде Шоқан да Омбыда еді. Әкесі мен баласы Батыс Сібірдің Бас басқармасының үйінде бір мекемеде қызмет істеп, жазда Сырымбетке барып жүреді.

1860 жылы Шыңғыс Көкшетау округіне аға сұлтан болып сайланады. Бұған Қашқарға барған сапары табысты болып, беделі арта түскен Шоқанның ықпалы да елеулі әсер еткен. Аға сұлтандардың әкімшілік лауазымы жойылғанға дейін Шыңғыс осы қызметін атқарып отырады. Қазақ елін басқару жөніндегі Жаңа ереженің жобасы (1865 жылғы) қабылданғаннан кейін ол отставкаға шығады да, содан былай әкімшілік қызметке қайтып оралмайды.

«Сібір сепаратистерін» соттап, жазалау кезінде патша үкіметінің Уәлихановтар әулетіне және Г. Н. Потании мен Н. М. Ядринцевтін тобымен етене араласқан басқа адамдарға да сенімсіздігі күшейе түседі. .

Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған баласы жалғыз Шоқан емес, тағы да бірнеше баласы болды. Шоқанның інілерінің ішінде еқ қабілеттісі Сақыпкерей (Қозыке) еді. Ол жас кезінде қайтыс болған. Музыка өнерін жоғары бағалап, қастерлей білген Шоқан Уәлиханов туған еліне келген кездерінде өзінің бұл дарынды ақын әрі композитор інісінің әсерлі әсем әндеріне мейлінще риза боп, қатты қуанып жүрген. Қозыке өзінің көңілдес досы, халық композиторы Ақан серімен бірге романтикалық сарында бірсыпыра ән мен күй шығарған. Онын әндернің ішінде бүкіл елге жайылып, әйгілі болғандары «Ай көкек», “Топай көк”, «Сырымбет» және “Көкенің аманаты” еді. «Көкенің аманатын» ол өзінің сүйікті ағасы Шоқан Уәлихановқа арнап шығарған.

Шоқанның тағы бір інісі Мақы (Мақажан) Уәлиханов (1844-1923 жылдары) суретші болды. Ол Петербургтегі керең-мылқаулар мектебінде оқып, білім алғаннан кейін түрлі ғылыми мекемелер мен кітапханаларда суретші болып қызмет істейді. Інісінің дарынды екендігін Шоқанның көмегімен, Мақы көркемөнер ақын шеберханасына орналасады да суретшілік пен шұғылданады. Мақы Петербургтен, он бір жылдан кейiн, өзінің туған еліне қайтып келгеннен кейін жұмыспен айналысып, қыл қаламын тек анда-қолға алғаны болмаса көркем-өнермен онша көп шұғылданбайды. Шоқан Уәлихаиов арқылы Мақы Петербург пен Омбыда көптеген ғалымдармен және қоғамдық қайраткерлермен таныс болған. Мақыны жақсы білетін Г. Н. Потанин былай деп жазады: «Көкшетаудан шығып , Уәлихановтардың аулын іздеп келе жатып мен қазіргі көзі тірі ағайынды төртеуінің бірімен қалтқысыз байланыс жасайтын болсам нақ осы Мақымен байланысам ғой деп ойладым». Г. Потаниннің сипаттамасына қарағанда Шоқаннан тағлым алған Мақы кете-кеткенше орыс халқын өзіне жақын тұтып, оның озық мәдениетін қастерлеумен өткен.

Жас Шоқан сұңқар салып, саяттық құруға өте құмар болған. Сахарада саяхаттап ұзақ жүру онын дағдысына айналған. Шексіз де шетсіз кең жазира, жасыл орман, өзен алабының қалын тоғайлары мен биік құздардң тамашалап, Шоқан өзінің туған елінің сұлу табиғатынан үлкен ләззат алған. Сонау бала кезінің өзінде-ақ ол Ақмола мен Баянауыл сахараларын аралап, Баянауыл тауларының маңындағы нағашыларына жиі барып, қонақ боп жүреді. Бұл сапарларынан алған әсерлері Уәлихановтын көпке дейін есінен кетпейді және сондағы көрген-білгендерін кейін кадет корпусының шәкірті болған кезде достары Г. Н. Потанинге әңгімелеп берген.

Ш. Уәлиханов қазақтың халық поэзициясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің, ата-анасына дауыстап оқып жүреді. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» және «Ер көкше» атты халық дастандарын ол тіпті бала кезінде жазып алып, кейін өзінің ұстазы Н. Ф. Костылецкийге берген.

Қаэақ әншілері мен жыршыларының Шыңғыстың үйіне жиі келіп жүргендігі де Шоқанның халық поэзиясын қастерлеу сезімінің ерте оянуына елеулі әсер еткен.

Шоқан Шыңғыстың басқа халықтарының поэзиясымен де шұғылданады. Тіпті ауылда жүрген кезінің өзінде де ол шығыс адебиеті классиктерінің өлеңдерін оқудан бас кетерген емес. Шығыс поэзиясын ол, Шоқанның өзі жазғанындай, өмiр бойы қастерлеумен өткен. «Шоқан ақын жанды . . . адам еді. Оған араб өлеңдері қатты ұнайтын және ол өзінің ұстазы Қостылецкиймен бірге сол өлеңдерге рахатанып, мәз боп отыратын, - деп жазады Шоқанның жақын достарының бірі, белгілі публицист Н. М. Ядринцев.

Шоқанның ғылымға ден қоюына, жоғарыда айтқанымыздай, әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигециясының өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді. Академик А. И. Шренк, сібір қазақтарының облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С. М. Семенов, В. И. Штейнгелъ, Н. В. Басаргин және Қазан университетінің студенттері Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Т. Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың аулында талай рет болған.

Шығыс Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген орыс ғалымдары үшін түрлі мәліметтер жинап, дайындау ісіне кейде өзінің баласын да қатыстырып отырған. Қазақтың халық поэзиясы мен ертегілерінің аңыз-әңгімелерінің нұсқаларын жинау жөнінде Шыңғысқа өтініш айтып, сібір қазақтарының Шекаралық комиссиясының сол тұстағы бастығы полковник Ладыженскийдің атынан жазған декабрист В. И. Штейнгельдік хаты біздін күндерімізге дейін сақталып келген.

Ладыженскийдің өтінішін орындау ниетімен Шыңғыс әйгілі ақындар мен жыршыларды талай рет өз үйіне шақыртып, қазақтың өлең-жырлары мен аңыздарын Шоқанға жаздырып алып, Омбыға жіберіп отырған.

Бірақ Шоқанның білімге құштарлығы барған сайын күшейе түседі. Ол үлкен қалада оқуды армандайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Манас жыры
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқанның табиғатты зерттеуі
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Шоқанның саясат тұрғасандағы ой – пікірлері
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ ((Шоқан Уалиханов туралы, 1835-1865 жж. )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz