АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ ((Шоқан Уалиханов туралы, 1835-1865 жж. )


"АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ"
((Шоқан Уалиханов туралы, 1835-1865 жж. )
Қазақтың аса көрнекті шығыстанушы-ғалымы тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы, аудармашы, журналист, жиһанкез Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 ж. Қостанай маңындағы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келді. Шоқанның балалық шағы Сырымбеттегі апасы Айғанымның ауылында өтті. Шоқанның әкесі Шыңғыс аға сұлтан болса, атасы Уәлихан ұлы Абылай ханның баласы еді.
Ауыл мектебін бітірген Шоқан 12 жасында сол кезде Сібірдегі ең жақсы оқу орындарының бірі болып саналатын Омбының кадет корпусына оқуға қабылданды. Өзінің ғажайып қабілеті мен маңайындағылардың көмегінің арқасында Шоқан жан-жақты терең білім алады. Ол кадет корпусының бағдарламасымен шектелмей, шығыстану пәні бойынша қосымша өз білімін шыңдай түседі. Екі-үш жылдың ішінде жас Шоқан өз құрбыларын қуып жетіп, басып озады .
Шоқанның көзқарасының қалыптасуына оның досы әрі сыныптасы Г. Потанин, оқытушы Н. Ф. Костылецкий, әдебиетші В. Т. Лободовскийлер маңызды рөл атқарды. 1857 ж. Шоқан шығыстанушы И. Н. Березинмен танысып, оның сұрауы бойынша Тоқтамыстың "Хан жарлықтары" мақаласын жазады. Бұл оның тұңғыш ғылыми жұмысы еді. 14-15 жасар Шоқанды ұстаздары ғалым болады деп есептеген.
1853 жылы Шоқан кадет корпусындағы оқуын тәмәмдайды. Бұл жылдары Далалық өлкенің генерал-губернаторы Г. Х. Гасфорт еді де, ол корнет шеніндегі Шоқан оған адьютант болып кызметке тұрады. Ерекше тапсырмалар жөніндегі офицер қызметіндегі Шоқан төрешіл және мансапқор орыс шенеуніктерінің отаршыл әрекеттеріне қарсы шығып, өз халқының мүдделерін қорғай бастайды. Еркін ойлап әділдікке ұмтылғаны үшін орыс шенеуніктері оған қысым көрсетіп, намысына тиеді.
Жасына қарамай сауатты қазақты, тағдыр тәлкегімен Омбыда тұратын орыстың озық ойлы зиялы қауымының өкілдері: жазушылар мен ақындар А. Н. Майков, Ф. М. Достоевский, В. Курочкин, шығыстанушы - ғалым К. К. Гутковский және басқалар байқап қалады. Шоқан Уәлиханов айдауда жүрген жазушы - петрашевшіл орыс әдебиетінің болашақ классигі Ф. М. Достоевскийдің уақытынан ерте босатылуына себепкер болады .
Генерал - губернатордың аюъютант қызметінде жүріп Шоқан орталық Қазақстанға, Жетісуға, Тарбатайға саяхат жасайды. Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттейді, Далалық өлкенің тарихы қазақтардың салт-дәстүрлері мен діні туралы материалдар жинап, мақалалар жазады.
1856-1857жж Шоқан Ұлы жүздің ауылдары мен Іле қырғыздарына ғылыми зерттеу және этнографиялық экспедиция жасайды. Одан ары Құлжаға барып, Жоңғарияның тарихымен танысады. Осы сапарында ол қазақтармен, олардың мәдениеті мен әдебиетіне жаңа көзқарасқа негіз болған "Жоңғария очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар", "Қазақ халқының поэзиясының жанрлары туралы", "Ыстық көл сапарына күнделік", "Үлкен қырғыз - қазақ ордасының аңыздары мен ертегілері" және басқа атақты еңбектерін жазады. Бұл очертер мен мақалаларды орыс ғалымдары жоғары бағалады.
Осы сапар барысында ол ұлы қырғыз эпосы "Манастың" кейбір тарауларымен танысып, жазып алып, талдап, орысшаға аударып, "Манастың" (116) шығыстың дәстүрлі ауыз әдебиетінің, қырғыз фольклорының озық үлгісі ретінде көрсетті. Шоқан "Манасты"даланың "Илиадасы" деп атап, ал оның жалғасы "Семетей" поэмасын шығыстың "Одиссеясы" деп көрсетті. Сөйтіп "Манастың" кейбір тараулары әлемде тұңғыш рет орыс тілінде тәржімәланды.
Атақты жиһанкез П. П. Семенов - Тянь - Шанский Шоқанмен Жетісуде кездесіп, осы өлкедегі маршруттар туралы одан кңес сұраған. Оның ұсыныс бойынша 1857ж Шоқан Ресей географиялық қоғамының мүшесі болады.
1858-1859жж Шоқан өзінің қысқа өміріндегі ең басты саяхаты - Қашқар сапарында болады. Басын тақырлап, түрін өзгертіп Әлімбай деген көпестің атын жамылған Шоқан серіктерімен бірге Қашқарда 5 ай тұрады. Ол Қашқарға өзінен бірнеше ай бұрын Индиядан келіп жергілікті шонжар Жақыпбектің қолынан қаза тапқан ағылшын жићанкезі Адольф Шлагинтвейттің өлімінің құпиясын ашады. Шоқан Қашқардан көптеген қызықты статистикалық және тарихы мағлұматтар алып келді. Олар "Географиялық қоғамның жазбаларында", "Жоңғария очерктері" және "Қашқарды немесе Алтыншаарды суреттеу" деген екі мақала болып жарияланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz