Шоқан Уалиханов саяхатшы ғалым туралы мағлұматтар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы кафедрасы

Тақырыбы: Шоқан Уалиханов саяхатшы ғалым

Ғылыми жетекші: оқытушы

Орындаған:

Алматы 2005

Шоқан Уәлиханов

Ш. Ш. Уәлиханов. (1835-1865) . Құсмұрын баурайында дүниеге келген нәрестеге Мұхамед-Қанапия деген ат қойылады. Анасы оны тым ерте көрпеге орап отырғызып қойып, қызықтап «шоқиған серігім, Шоқанжаным» деп еміреніп сөйлеп, қасында шаруасын істеп жүреді екен. Содан былай оның өз аты аталмай, Шоқан атанып кетеді.

Ол белгілі Абылайханның шөбересі, Уәлиханның немересі, одан туған Шыңғыс төренің баласы. Шыңғыс орысша білім алып, қызмет бабына орай, Шоқан бес жасқа толғанда ата мекені Сырымбетке көшіп келеді. Жеті жасқа толғаннан кейін, әкесі оны молдаға берген. Бірақ молда талантты жастың ой-өрісін терең білім бере алмайды.

Жас Шоқанның сана сезімін оятып, халықтың тарихымен, ауыз әдебиетімен таныстырған жыраулардың жыры, ақындар айтысы болды. Белгілі ақын-жыраулар Шыңғыс аулына жиі келіп тұратын. Шоқан оларды әуестейтін болды. Олардың шеберлі тәсілдері бала Шоқанды таңқалдыратын.

Сол кездері қазақ даласын зерттеп білуге шығатын орыс оқымыстылары - саяхатшылар, географтар, суретшілер, топографтар Шыңғыс аулына дамылсыз келіп, басқа жерлерге де сол ауылдан жиылып тарайтынды. Баланы осы саяхатшылардың түрлі құрал-сайман, оқалы жез киімдері қызықтырды.

Шоқан молданың оқуына қанағаттанбай, өз бетінше сурет салатын. Сырымбет тауының төбесіне шығы алып, айналаға көз жіберіп, етектегі ел мен жайлау көрініс сағымды Сарыарқа белестерін, ағынды өзен, күміс көлдердің суретін аудармай қағазға түсіре беретін.

Шоқанның бойына туа біткен қасиеттер ең алдымен әке-шеше, туған-туыс, ауыл-аймаққа белгілі бола бастайды. Бір күні Шоқанның әкесі Шыңғысқа бір ауыл адамы келіп арыз айтады. Адамның әйелі басқа біреумен көңіл қосыпты. Жігіт Омарбекұлы, әйел - Теңге Ахметқызы екен.

Шыңғыс айтыпты: «ескі әдет-ғұрып бойынша мойындарына құрым киіз байлап, қара өгізге теріс мінгізу керек» деп. Аға сұлтанның бұйрығын орындауға жиылып, айыпты екеуді масқараламақ болып жатқанда Шоқан өзіне арнап тігілген үйінен шығып, неліктен
бұндай үкім жүргізіліп жатқанын сұрайды.

«Дұрыс емес, әке. Оларды босатыңыз. Егер қазақтың ондай ескі әдет-ғұрпын қолданар болсаңыз, алдымен өз балаңыз Жақыпты жазалаңыз. Өйткені, Жақыптың ауыл ішінде жасайтын көп тірлігі осы жігіт пен әйелге жасаған жазаңызға сәйкес келеді, »- дейді Шоқан. Шыңғыс-«Ә, Жақып сондай ма еді» дегеннен басқа ештеңе айта алмапты.

«Әке балаға сыншы» дегендей Шоқанның осындай орыс мінездері ой салған Шыңғыс оның болашағынан көп үміт етіп, онымен есептесіп отырады екен. 1847 жылы Омбыға кадет корпусына оқуға аттандырады. Жанында тілмашы бар Шоқан Омбыға келгенде орысша білмейтін. Оны әкесінің қаладағы достары кадет корпусына түсіреді. Бұл 1813 жылы казак-орыс балаларын оқытуға арналып ашылған әскери училище болатын. Сол қайта құрылып кадет корпусына айналыпты. Патша әмірі бойынша оған әскери казак-орыс балаларымен қатар, Ресей патшалығына адал берілген қазақ бай-шонжарларының да балалары алынатын болғанды. Соған қазақ сахарасынан алғаш келген Шоқан еді. Кадетте екі бөлім болды. Бірі - таңдаулы, өте-мөте сенімді адамдардың балалары үшін, екіншісі - жалпылама бөлім. Шоқан бұратана халықтың өкілі болғандыңтан екіншісіне қабылданды. Келесі жылы осы бөлімге Г. Н. Потанин де түсіп оқиды.

Корпус бастығы мен генерал-губернатор бұларға бірінші - әскери адамдар дайындайтын бөлімде оқытуды қолайсыз көреді.

Екі-үш ай шамасында аздап орысша сөйлейтін болды. Бір жылға келген татар тілмашын елге қайтарып жібереді. Шоқанды кадетте оқитын дворян, помещик, офицер балалары менсінбей, биіктен күліп қарайды. Бірақ Шоқанның олардың тірлігімен ісі болмай оқуға шын ынтамен кірісті. Қала жағдайын тез түсініп алды. Біраз уақыт өткен соң ол жолдастарын қуып жетіп, басып озды. Кейіннен оны корпустың кітапханасы қанағаттандырмай, қалалық кітапханадан кітаптар алып оқи бастады. Сахарадан ғылымға сусап келген жасөспірім оқытушылардың көзіне түсе бастады. Қазан университетін таяуда ғана бітірген жас мұғалім Шоқанды тікелей қамқорлыққа алды. Кейіннен екеуі Сырымбетке келіп, Шыңғыс аулымен бірге көшіп жүріп, талай-талай тамаша жерлерді аралайды. Ат үстінде келе жатып та оңай көңілін аударған нәрселерді суретке сала береді екен. Патша үкіметі бұратана халықпен тығыз байланыста болды және түрлі революциялық жүмыстарға қатысты деп айыптап, Сотниковты Шығыс Сібірге жер аударып жібереді.

Одан кейін Шоқанның суретшілік өнері Сарыарқа, Түркістан, Қашқария саяхаттарында іске асты. Ол жүрген, болған жерлерінде қырғыздардың, қазақтардың өмірлік әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін көрсететін этнографиялық суреттер салды.

Ол өзімен түйедей құрдас, Ертіс жиегіндегі қара солдат семьясынан шыққан Н. Потанинмен дос болып кетеді. Екеуі ғылымға сыры әлі белгісіз Омбы маңының нәсілдіктерін зерттеп, Азия жерінің адам айтқысыз байлығын пайдаға асыруды мақсат етеді. Оқудан, сурет салудан, кітап оқудан бос уақыттарында қазақ даласына, Орта, Орталық Азияға кеңінен саяхат жасаудың жоспарын құрады. Г. Н. Потанин оған өз дәуіріндегі көрнекті ғалымдар, білгірлер туралы айтса, Шоқан оған көшпелі өмірдің сырларын айтады. Оған аса құмартқан Григорий бірнеше ауыз әдебиетінің үлгілерін жазып алады. Қажетті түсінік-суреттерді Шоқан салып береді. Мұның бәрі кейіннен Потаниннің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, әсіресе қазақ халқының этнографиясын зерттегенде іске асты. Потанин кейінгі естеліктерінің бірінде былай деп жазады: «Шоқан он төрт-он бес жасқа жеткен кездің өзінде-ақ бәрімізден бір саты жоғары тұрды. Кадет бастықтары оған болашақ зерттеуші немесе ғалым деп қарай бастады. Ол өзінің көп оқитындығымен, білімділігімен бізді таң қалдырушы еді. Ал біз оған қарағанда үлкен бола тұрсақ та, мүлдем бала сияқты едік. Ол өзінің бізден артық білетінін мақтаныш етіп айт пайтын. Бірақ, оның бізден білімінің артық екені сол жерде-ақ көрініп қалатын. Басқа жолдастары үшін де, мен үшін де Шоқан «Европаға ашқан терезе» болды.

Кадет корпусінде Шоқанға ерекше назар аударып, қамқорлық еткендер - революционер жазушы Чернышевскийдің досы, Сібірге оның идеясын таратушы В. П. Лободовский, искусство мұғалімі Померанцев, қазақ даласының тұңғыш рет географиялық очеркін жазған Е. Старков, тағы басқалар болды.

Шоқанның ұстаздарының бірі орыс әдебиетінен сабақ беретін Н. Ф. Костылецкий. Ол Шоқан арқылы қазақ фольклорының көптеген нұсқасын жинап, Петербургтегі Н. И. Березинге жіберіп отырды. Кейіннен патша үкіметі Н. Ф. Костылецкийді де корпустан шығарып, абақтыға жауып, Сібірге айдады.

Тарих пәнінің оқытушысы, саяси қауіпті адам ретінде Омбыға жер ауып келген Гонсевскиймен Шоқан жақсы тіл табысады. Ол тарих саласынан көп білім беріп, Шоқанға не қилы ресми емес кітаптарды ұсынып отырған.

Шоқанның ең алдымен «өзіңді таны» деген сөзінің меніңше үлкен мәні бар. Иә, ол өзін де таныта білді. Шоқан сол кездегі Омбының ең мәдениетті чиновниктері К. К. Гутковский, Я. С. Капустиндердің үй-іштерімен, тағы басқа алдыңғы қатарлы білімді интеллигенттермен араласа бастады. Мұның бәрі Шоқанға көп әсер етті. Олар Россияда және шетелде болып жатқан жаңалықтарды сөз ететін. Россия жағдайы туралы корпуста ести қоймайтын уытты сөздерді ол солардың жиындарында, үйлерінде естіп білді. Петрашевшілер үйірмесіне қатысқан С. Ф. Дуров және патшадан қуғын, қорлық көрген Ф. М. Достоевскиймен осы қауымда танысты.

Шоқан кадет корпусын 1853 жылы жақсы бітіріп шығып, Сібірдегі қазақ-орыс әскер полкінде офицер болып қызмет атқарды. Көп ұзамай Шоқанның асқан ақылы, терең білімі, білімпаздығы, өте мәдениеттілігі Батыс-Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа ұнап, генерал оны өзіне адьютант етіп алды. Оның қарамағына келген жас офицердің негізгі міндеті алысқа шығатын әскери барлауға, түрлі әскери экспедицияға қатысу еді. Кадет корпусін 18 жасында бітірген Шоқан Россия экономикасын, тарихын, әдебиетін өте жетік білумен қатар Руссо, Карлейл, Диккенс, Теккерей шығармаларын да беріле оқыды. Сонымен қатар Шоқан жасынан шығыстың тілін, мәдениетін жақсы білетін ориенталист болды. Сол үшін де Шоқанды Дуров, Семенов-Тянь-Шанский, Потанин, Ядринцев, тағы басқалары жоғары бағалады.

Ш. Уәлихановтың бірінші саяхаты. 1855 жылы Шоңан Шыңғыс-ұлы Уәлихановтың алғашқы ғылыми-зерттеу жұмысы басталып - Алатау, Сарыарқа саяхатына Омбы генерал-губернаторы Гасфортты алып шықты. Саяхатшылар жолы Омбы, Семей, Аягөз, Қапал, Іле, Верный, Жоңғар Алатауы, Жоңғар қақпасы, Алакөл, Тарбағатай, Балқаш, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы етті. Шоқан Омбыдан шыққаннан бастап күнделігіне жолшыбай көрген-білгендерін бұлжытпай жазып отырды. Оның қырағы көзінен, сезімтал ой-дүниесінен табиғаттың, халық өмірінің ешбір көрінісі қағыс қалған жоқ. Сөйтіп, қазақ халқының данышпан перзенті, алғашқы ағартушы-философы, тұңғыш ғалым-саяхатшысы орыс және шет ел ғалымдарын қазақ жерінің географиялық жағдайымен, жануарлар дүниесімен, халқының ауыз әдебиетімен, өлең-жыр, салт-санасымен кеңінен таныстырды.

Ш. Уәлихановтың екінші саяхаты. 1856 жылы Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатына, ол кезде бүкіл Алатау алқабын, Жетісу өлкесін билейтін полковник Хоментовскийдің әскери-ғылыми экспедициясының құрамында шықты. Хоментовский Ыстықкөлді топографиялық картаға түсіре бастағанда Шоқан одан бөлініп кетіп, қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-ғұрпын беріле зерттеді.

Бүдан кейін ол Россия империясының, оның ішінде сыртқы істер министрлігінің арнайы шығарған жарлығымен осы жылдың Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты зор табыспен аякталды. Атап айтқанда ғалым саяхаты бұрын дуниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді. Бұл халықтың XVII ғасырға дейін Енисейден бастап Саян, Алтай таулары арқылы Тянь-Шаньға дейін көшіп жүргенін, онан соң жолды ойраттар басып алып, еткізбеген соң сол тауда мекендеп қалғанын анықтады. Сондай-ак атақты «Манас» жырын жазып алып, үзінділері» орысшаға аударып жариялады. Шоқан зерттеуіне дейін кырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе : «Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар» деп атап көрсетті. Ш. Уәлихановтың, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкөл саяхаты», «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы», тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кеңінен жарияланды. Ш. Уәлихановтың үшінші саяхаты. 1858-1859 жылдары Шоқанның жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»-алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды. Өйткені бұл өңір бұрын ғылымға беймәлім еді. Шоқанға дейін онда тек кана кезінде Марко Поло, Иезуит Гассен және неміс ғалымы Шлагинвейттер болғанды. Бірак бұлардың бірде-бірі «Алты шаһар» туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере алмады.

Шоқан аса жауапты әрі қауіпті іскет - Азияны зерттеуге бел байлады. «Әлібай» деген лақап атпен Семей саудагері Мұсабайға еріп, Батыс Түркістанға жол тартты, Қашқарияда болған кезде Шоқан халық өмірімен танысып, дүние жүзіне беймәлім болып келген алты шаһарды («Кіші Бухараны») : Яркент пен Қашқарды, Янги-Гисар мен Қотанды, Ақсу мен Турфанды ашты.

Алты шаһардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Мәселен сол кезде Яркенгте еркектерді құлдыққа, әйелдерді күндікке сататын болған. «Алты шаһар бейне бір ғияван сахарада суалып, тынысы тарылып бара жатқан өмір сияқты. Ондай жағдайға ұшыратушы мұсылман дінінің салдары», - деп жазды Шоқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – географ және саяхатшы
Ш.Ш.Уәлиханов. (1835—1865)
Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы
Шоқанның табиғатты зерттеуі
Шоқан Уәлихановтың сапарлары
Ш.Уалиханов өмірі мен еңбектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz