Шоқан Уәлихановтың балалық шағы


ЖОСПАР
І Кіріспе:2
Шоқан Уәлихановтың балалық шағы2
ІІ Негізгі бөлімі:“Еуропаға ашқан терезе”3
Қашқарияға саяхаты6
“Құйрықты жұлдыздай жарқ етті”11
Пайдаланған әдебиеттер13
І Кіріспе:
Шоқан Уәлихановтың балалық шағы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов XІX ғасырда қазақ халқынан шыққан бірінші ғалым-географ, Орта, Орталық Азия саяхатшыларының бірі және тарихшы, философ, этнограф, шығысты зерттеуші, өз Отанының патриот қайраткері.
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекінісінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған, 1840 жылы Россияға бағынған, белгілі Абылай ханның немересі еді. Шоқан Уәлихановтың шын аты - Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан -анасының еркелетіп қойған аты. Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін туған елі Сырымбетте өткізді. Сырымбет Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір. Болашақ ғалым бойындағы рухани қасиеттердің басты белгілері жастық шағынан-ақ қалыптаса бастады. Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін үлкендерше тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімнің ерте оянуына әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген Шоқан сүйікті әжесі жөнінде суық хабар алысымен Сырымбетке арнайы келіп, Айғаныммен қоштасып, оны ақырғы сапарға шығарып салады.
Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясы өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді.
ІІ Негізгі бөлімі: “Еуропаға ашқан терезе”
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған еліне тұңғыш рет сапар шегіп, әкесімен Омбыға келеді. Әкесі өзінің орыс достарының көмегімен баласын сол кездегі алдыңғы оқу орнына Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Корпуста оқып жүргенде Шоқанның ең бірінші танысып дос болған жолдасы Григорий Николаевич Потанин болады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ұштауда бұл оқу орнының мәні ерекше. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. Корпустың оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Декабрист И. Завалишеннің берген бағасы бойынша, ол “ағарту ісі мен патриотизмнің” ордасы еді.
Шоқанның корпуста бірге оқыған досы және кейін үлкен этнограф-ғалым болған Г. Н. Потанин: „Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді . . . Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін“, - дейді.
Шоқан зерттеушілік қабілеті де корпуста оқып жүргенде оянды. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, халық жырлары мен дастандарын жазып алумен шұғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде „Қозы Көрпеш-Баян сұлу“ жыры болған.
1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И. Н. Березинмен танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, „Қозы Көрпеш-Баян сұлу“ жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.
Белинский мен Герценнің азаттыққа шақырған идеялары Шоқан білім алған Сібір кадет корпусына да зор көңіл бөлінді. Бірақ өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу мен игеру патшалық ресейдің әскери стратегиясы тұрғысынан қажет еді. Қазақ халқының тарихына да көп көңіл бөлінеді, көрнекті орыс ғалымы И. Н. Березинмен, таңдаулы ұстазы Н. Ф. Костылецкииймен Шоқанның байланыста болуы әуелден-ақ ғылыми бағытын дұрыс анықтауға себепші болды. Шоқанның сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірімен таныстығын оның жолдастарының көбі үлгі тұтқан және Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. „Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, - деп жазады Г. Н. Потанин. - Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастарының арасында долатын жай әңгімелерінің өзінде-ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, „Еуропаға ашқан терезе“ сықылды болды“.
Пушкин мен Лермонтовтың Поэзиясы Шоқанға да әсер етті. Олардың көптеген өлеңдерін Шоқан жатқа білді, сол кездегі Батыс Еуропа жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Айдаудағы ақын С. Ф. Дуров, ғылым П. П. Семенов Тянь-Шанский, Г. Н. Потанин Шоқанның білімін жоғары бағалаған. 1853 жылы кадет корпусын он сегіз жасында бітірген Шоқан корнет деген офицерлік атақ алады.
Батыс және Шығыс елдерінің бірқатар тілін жетік білген Шоқан шығармашылық еңбек етуді аңсады. Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқаратын генерал-губернатор Г. Х. Гастфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.
1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатай аралайды, Іле Алатауы өңірінде болды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары, тарихи аңыздары, өлеңдері жинайында материал жинап қайтады. Бұл материалдар негізінде кейін ол „Тәңірі (құдай) “, „Қазақтардағы шамандықтың қалдығы“ деген еңбектер жазады.
1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдің көлемін топографиялық суретке түсірді, Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады, сөйтіп ол Орта Азия мен Қазақстанның тұңғыш-ғылыми зерттеушісі болды. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағыда Қырғыз елінде болады. Кей маршруттарда ол көрнекті ғалым географ П. П. Семенов Тянь-Шанскиймен бірге болып достығы жалғаса түсті. 1856 жылы екеуі Құлжаға барып қайтады. Атақты ғалым-географтың ұсынуымен 1857ж 22 жастағы жас Шоқанды орыс-география қоғамына бірден толық мүше етіп алады.
Қашқарияға саяхаты
Шоқанның атын шығарған П. П. Семеновтың басшылығымен ұйымдастырылған Қашқарияға жасаған саяхаты еді. Бұл жол өте қауіпті еді. Себебі ол кезде Қытайдың шекарасына ешкімді өткізбейтін, егер келген адамның, мәлімет жинауға келгенін білсе, сот кесіксіз-ақ басын кесіп алатын. Ауыр жолға, қиын жағдайға, жас саяхатшы бірден баруға бел байлап, П. П. Семенов-Тянь-Шанскийге уәде береді. Бастығы генерал-губернатор Гасфорт та бұған қарсы болмайды. Өйткені бұл жұмыстың бүкіл россиялық әскери маңызы бар еді.
Қашқария дүниежүзілік география ғылымына белгісіз Тянь-Шань тау жоталарының аржағында жатқан жұмбақ қала тобы болатын, екінші сөзбен оны „алты шаһар елі“ дейтін еді. Қашқарияда Шоқанға дейін 1262 ж Марко-Поло, 1603 ж Иезуит Гасстен болған. Бұлардан кейін Ост-Индияда қызмет ететін белгісіз бір офицер мен неміс саяхатшысы Адольф Шлагинтвейттер барады. Бірақ бұл екеуі де еліне оралмады. Мұндай қауіпті алты шаһар еліне жасырынып барып зерттеуге 1858 жылы Шоқан аттанбақ болады. Бірақ оған аман-есен барып келуге асқан жігер мен ақыл-айла да керек еді. Бұған жәрдемдескен Семейдің бай саудагері Бұқаш Аупаев болды.
Бұқаш Аупаев Орта Азия қалаларының көбінде болған. Азия халқының әдет-ғұрпын өте жетік білетін адам еді. Ол Қашқарияға аман-есен барып қайту үшін мына төмендегі жоспарды ұсынды: бұдан 20 жыл бұрын Қашқариядан Әлімбай деген бала Семейге келіп, осында қалып қойған болады. Ағайын-туғаны Қашқарияда, олар баладан хабарсыз. Сондықтан Шоқан Әлімбай деген атпенен керуен басының жақын інісі болып, жанына ерсін дейді. Керуен басы етіп Бұқаш Қашқарияға барып келіп жүрген, онда таныстары бар, өзінің өте сенімді жолдасы Мұсабайды жібермек болады. Бұған Шоқан да, Гасфорт та қосылады. Барлық керуеншілер құпияны ешкімге жарияламауға уәделерін береді.
Сөйтіп 1858 жылдың 20 маусымда Ш. Уәлиханов Қапалдың жанындағы Қарамоладан келіп Семейден шыққан Мұсабайдың керуеніне қосылады.
1 шілде күні керуен Жоңғар тауының тасты жолымен, Іленің құмымен жүре отырып, Іле өзені өткеліне келеді. Іле өткелінен керуеннің 100-ден аса түйе, 65 ат, 6 киіз үй, 1854 5 сомның тауарын қайықпен 3 күнде әрең өткізеді.
Бұдан 7 күн жол жүргеннен кейін Кетмен тауынан аққан Кеген өзенінен өтеді. Бұлар жолшыбай Семейден алған заттарын Бұқаш айтқандай қырғыздарға сатып, олардан 3000 қой алады. Сауда жұмысы бір айға созылады. Одан кейін қашқарлық керуендермен бірге жол жүреді.
Кегеннен жол „Сан Тас“ асуына көтеріледі. Асуға шыққанда көпті көрген Мұсабай Шоқанға анау жатқан екі Обаны көрдің бе? Байқасаң басқа обалардай емес, тасы домалақ өзеннің малта тасы деп, атын бір сипай қамшылап, ерге бір жанбасынан отырып, Шоқанға қарайды, Мұсабай көп ойланып, асықпай әңгімесін жайлап бастайды. Ол былай болған: бұдан көп жыл бұрын ертеде, жер жүзін өзіне бағындырған ақсақ Темір жауға аттаныпты. Бір өзеннің бойына келгенде әскерлеріне бір-бірден тас алыңдар, деп бұйырыпты. Ал дәл осы тұрған асуға келгенде тастарыңды бір жерге үйіңдер, деп әмір етеді. Жауын алып, оны өзіне қаратып, қайта осы асуға келген соң баяғы үйілген тастан алып мұны оның жанына үйіңдер, дейді. Әскерлер бір-бірден алып үйсе, алғашқы үйілген тастан әлдеқайда аз болып шығады. Бұдан ақсақ Темір соғыста қанша әскері қырылғанын білген екен де, содан былай осы асу „Сан Тас“ деп аталыпты, деп сөзін бітірді.
Бұл кезде алыстан Ыстық көлдің көгілдір суы, айнала мұнарланған таулары да көрінді. Манадан бері үндемей тыңдаған Шоқан үлкен терең ойға шомып, Орта Азияның өткен өмірін көз алдына елестетеді. Мұнда үлкен тарих бар. Тек ақсақ Темір сияқты қанға құмар басқыншылар ғана болмаған. Бұл жерлерде әлемге аты шыққан, философ, әрі дәрігер Әбуғали сина (Ибн-Сина), ақын Науаи, сол кезде астрономия мен шұғылданған аспандағы жұлдыздардың сырын зерттеген Ұлықбек, тағы басқа Орта Азия ғалымдары тұрған, халық тарихта талай өшпейтін із қалдырған, деді де ол Мұсабайға жауап ретінде атын қамшымен бір тартып бәрінен бұрын Ыстық көлге барды да, иіріліп аққан көк толқынға қарап біраз тұрды, аттан түсіп суының дәмін татты. Одан кейін бетін жуып, салқындап, ұзап кеткен керуенді қуып жетті.
Керуен 9 қыркүйек күні Қызыл су бойына қонып шықты. Ертеңінде Теріскей Алатауының бауырындағы, бұдан бір жыл бұрын П. П. Семенов болған, Зауке шатқалына барып қонды. Теріскей Алатауы бүкіл Ыстық көлдің Оңтүстігін алып жатқан, оның деңгейінен 2000-3000 метрге жоғары көтерілген тік жота қия тас еді. Одан кейін керуен басында мәңгі қар жатқан Тянь-Шаньнің теріскей сыртымен жүрді. Әрбір қонған жерлірнде бірнеше қой мен көліктері өліп, өздері жүдеп-жедеді. Екінші жағынан қара қырғыздар керуендерге бірнеше шабуыл жасап, алдарындағы асуды алып, үлкен қауіп туғызды. Бірақ Мұсабай мен Шоқан бұлардың бәрінен де амал тауып аман өтті.
Бұл кезде Қашқарияны қанға бояп, оны Қоқанд хандығында жасырынып жүрген қожа Уәлихан төре басып алған еді. Қытайлықтар Уәлихан төремен соғысуға келе жатыр деген лақап тарап, қала маңына, негізгі жолдарға, күзетшілер қойылып күшейтілген кезі еді. Оның үстіне келе жатқан семейлік керуен ішінде орыс офицері бар деген лақап хабар Қашқарияға да жеткен болатын. Сөйтіп бұлардың алдынан тексерушілер келіп күтіп тұрды. Шоқан Қашқария шекарасына жеткенше сонау Семейден бері қарай көрген-білгенін жолшыбай күнделікті дәптеріне жазып отырған. Мұнда георафия ғылымына өте керекті деректер бар еді. Бірақ онымен бірге қалаға кіруге болмайтындығын білген Шоқан дәптерін шекараға кірерде ешкімге білдірмей көміп кетеді. Оны көмуден екі еүн бұрын дәптеріне саяхатшы мына сөзді жазады:
„Суықтан қалжырап, ерніміз жарылып, аузымызды аша алшмайтын күнге жеттік. Қалың белбеумен қынап байлап киген тонымыз бар, мұрнымыз қызарып, бетіміз көгеріп, өзіміз будданың бұрқандарына ұқсап кеттік. Айналамыздағы көрініс еңсемізді одан да жаман басып, әлдеқайдағы ауыр ойды елестетеді . . . “
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz