Шортанбай Қанайұлы туралы
Шортанбай Қанайұлы
(1818-1881)
Шоратанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың
семьясында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы
білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қассиетті астанасы есепті Түркістан
қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз
болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпынтқан алғашқы тәлім-
тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жкқын жүріп,
жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа
үлгі-өнер боларлық ойлы орта,тәлімге-ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін
құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға
салып, санамен салмақтайды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни
түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі ссауи қалдырған парасат сөздерін
тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер
келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана
емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге
жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға
қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура
келеді.
Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан
шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір
кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы
қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.
Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашы, діни жұмысатқара бастағанмен,
оған мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани
азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен
Алтыбақан кештеріне бірден барып, жастарға араласын кеткісі-ақкеледі.
Амалын тапса, екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да,
үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша
сезімге бой алдырмай, ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген
Шортанбай өзін еркін ұстайды.
Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққы жетелейді. Елдегі әр қилы
дәстүрлі той, жиын, келін түсіру, қыз ұзату салттарына баланысты думандарға
еліктемеу мүмкін емес.
Ел толған төкше ақындардың атыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау,
жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбадың жанына жағады.
Біраздан кейін өзін-өзі билей алмай, бойын кернеген ақындық өнердің аузын
қалай ашып жібергенін өзі де сезбей қалады.
Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді.
Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп
тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды –
жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу,
жетілу жолы бірден-бір куә.
Еліне ақын боп танылған Шортанбайдың творчесволық жолын шолар болсақ,
онда да өзіндік сыр жоқ емес. Қазақта, бұрын-соңды, не көп десе, ақын көп
деп жауап берілер еді. Бұл жауаптың екі мағынасы бар. Ақынның көптігі, ең
алдымен, халықтың талантқа бай екенін көрсетеді.
Екіншіден не нәрсе көп болса, онда құнсыздық та орын алып, яғни, ақын
емес, елде ақындыққа жақындар да көбейер еді. Кез келген ұйқас сөз өлең
емес, өлең ол Абайша айтқанда, "сөз сарасы" немесе "өлең сөздің патшасы".
Ал оны жасаушы "Ер данасы" - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екігің
бірі елдің алты аузын айта алады. Бірақ ол нағыз ақын ба, жоқ, ол сөзге
әуестердің бір ғана.
Нағыз ақын өзінің ішкі жан сезім дүниесін нәзік те, нәрлі сөздермен
суреттейді. Ішкі сезімге құрылған тамаша лирикалар жасайды. Бұл – жеке
адамдар өміріне, сезіміне байланысты лирикалық туындылар. Сол адамдар
сезімін әсем табиғат құбылыстарымен де көмкеріп, жыр төгеді. Табиғат
лирикасын дүниеге әкеледі. Тылсым табиғатты қыз-бозбала ғашықтығымен
ұштастырса, тамаша сурет туындайды. Осылайша лирикалық нәзік те әсерлі тағы
бір саласы дамиды.
Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір
кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік
маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай творчествосы ХІХ ғасырдағы қазақ
өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс
тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан-таражға душар боп жатқан туған
елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы.
Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда
баспа бетін көре бастады. 18882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары
жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға
ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам
пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б.
енген.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел
өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы,
жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел
билеушілер, бұзақы топта, т.б.
Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар,
саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп,
сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға
байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.
Арам арсыз жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Қазақ қоғамын билеп-төстеген сол тұстағы әкімдер тобы – халыққа арсы
боп, елдің басына зобалаң орнатып жатқан қу мен сұмдар. Халықтың бұрын-
соңды болған дәстүрлі билігі жойылды. Елдің өзіндік салты, өнегелі басшы
адамдары ығысты. Ел билегенде титтей де адалдық қалмады деп өз сынын
күшейте түседі.
Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп – отаршыл патша өкіметінің
озбыр саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор,
князь, тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б.
Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті.
Халық қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болда ұлығың", - деп
әкімдерден көреді.
Заман қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын.
Жанарал болды ұлығың,
Майыр болды сыпайы.
Айрылмайтын дерт болды,
Кедейге қылғап зорлығың,
Князьді көрдің піріндей,
Тілмәшті көрдің биіңдей.
Дуанды көрдің үйіндей,
Абақты тұр алдында,
Қазылып қойған көріндей
ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс
қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері
қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына
ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер суларының шұрайлы бойларынан
айрылу шымбайына қатты батты.
Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген
жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең
жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік
емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді.
Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал
қызмет ету акі талай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ
құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар
күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет
жасап, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі.
Ел ішіндегі әр түрлі жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа,
берекесіздікке, ойсыз опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін,
мініп түзетпек болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге
шақырды. Оны ақын жақсы түсінді.
Отаршылар мен оның қазақ жеріндегі сыбайластары билеген заманды ол
халық басына түскен ақырзаман, елдің береке-бірлігін кетірген тар заман,
жұрт болашағын тұйыққа тіреген зар заман деп өзінше қорытты.
Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы
қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне сіңген
әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу салтынан айырды.
Осылайша халықтың ұлттық тұрпаты, елдік сипаты бұзылды. Адамы,
азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті өзгерді. Олар тәуелсіздігінен
айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне,
осының бәрі ақынның зарлы-шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты.
Ол халықтың мұңы боп қалыптысты.
Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылғой,
өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға
салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр түста терең
толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді.
Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың ерлерде айтып кеткен
өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына,
ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап,
бақұлдасқандай болады.
Келтірілген ақынның қоштасу сөздері, өсиеттері мәнсіз емес. Елдің бас
көтерген адамдарын тәубаға шақырып, мал, дүние үшін қор болмай, халық үшін,
бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz