Ш. Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметі жөнінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Халық перзенті
(Ш. Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметі жөнінде)
Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен
салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер
оған қарағанда бала тәрізді едік.
Г. Н. Потанин
Жоспар:
I. Кіріспе.
Дала сұңқары.
II. Негізгі бөлім:
1. Халық перзенті.
2. Еуропаға ашқан терезе.
3. Аққан жұлдыздың іздері.
III. Қорытынды.
Алып бәйтерек аясында ойға шомып тұрмын.

Бәйтерек саясына тарта түседі. Саясы қалың ойға жетелейді. Бәйтеректің
сан жылдар, мүмкін, ғасырлар ізін салған қабыршағын қолыммен сипап өттім.
Қабыршағы қалыңдап кеткен бәйтерек бедерінен не іздегенімді білмеймін.
Бәлкім бір кезде, бір кезеңде осы саялы бәйтерек түбінде мен сияқты бір
түлек тұрған шығар. Мүмкін бұл аясы ұлғайған бәйтеректі талшыбық кезінде
бір ғұлама отырғызған шығар... Сәулелі сезім өне бойымды кезіп өтті.
Бәйтеректе отырған бір топ құс дүр етіп көтеріліп, аспан әлеміне самғай
жөнелді. Құстардың қозғалысын бағып тұрған жанарыма дала сұңқары ілікті.
Дала сұңқары қияға қарады.
1835 жыл. Құсмұрын бекетінің Шыңғыстау баурайында дала сұңқары
қалықтады. Іле-шала ақ орда, ақ үйде "шыр" еткен перзент үні құлаққа
шалынды. Өмірге Шоқан келді. "Шыр" еткен перзент дауысы қатая түсті. Оның
халық перзенті аталарын ешкім сезбеді. Сезген жоқ...
Бәйтерек көлеңкесі молая түсті. Сонау алыстан дала сұңқарының саңқ
еткен дауысы құлаққа келеді.
Шоқан - қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің
тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол - өз дәуіріндегі орыстың
прогресшіл ғалымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүріндегі тәрбие алған және әр
алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Сондықтан да Шоқанды
жолдастары "Еуропаға ашқан терезе" атады.
Шоқан саяхатшы болуды, ең алдымен Орта Азияны аралап, зерттеуді
армандайтын. Осы арман оны тың саяхаттар жасауға жетеледі. Өйткені,
Қашқарияның географиясы, тұрмыс-салты, мәдениеті туралы мәліметтер Еуропа
үшін жұмбақ болатын. Осынау тылсым сырдың бет-пердесін айдай әлемге Шоқан
ашып берді.
Шоқандай жалынды жас жүректің іздері Жоңғарияды, Ыстықкөлде, Қытайда
сайрап жатыр. Ал, Қашқар сапары Шоқанның атағын күллі әлемге паш етті.
Қазақ халқының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым
Шоқан Уәлиханов этнограф - тарихшы
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Шоқан Уәлихановтың сапарлары
Шоқанның жеке және қызметтік хаттары
Шоқан шыңы
Пәндер