Ақтамберді - тарихи тұлға


Ақтамберді жырау
(1662-1752)
Қазақ жұртына ертеден танымал талант иесінің бірі, заманының ірі қайраткер -азаматы, сөз өнерінің көнекөз өкілі Ақтамберді көп жылдар бойы жіті зерттелмей, ескерусіз естен шығып қалуға айналған асыл мұралар қатарына жатады.
Ақтамберді Сарыұлы - суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жонғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ернлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды.
Ақтамберді - тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. “Қазақ ССР тарихы” берген бағаға көңіл аударатын болсақ, ол - жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, заман қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын.
XX ғасырдың басында жазылған қазақ тарихы туралы кітаптарда да жырау есімін кездестіреміз. Мысылы, 1911 жылы Қазан баспасынан жарық көрген Құрбанғали Қалидовтың “Тауарих хамса” атты кітабында Ақтамберді туралы қысқа мәліметтер кездеседі. Бұл мәліметтің мазмұны да халық аңыздарына негізделген, жоғарыдағы келтірілген деректер тәрізді.
Ақтамбердіні кейінгі жыраулар шығармашылығынана да ұшыратамыз. Ел жауына қарсы аттанған батырлар қатарында оны XVIII ғасыр жауы Үмбетей атаған. XIX ғасырдың белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің “Ер Еспенбет”дастанында жырлаған Ақын Ақтамбердінің қартая бастаған тұсын бейнелейді. Оны тәжірибелі қолбасшы, батыр, қайтпас ер тұлға ретінде танытады.
Қолда бар осы деректерге қарағанда жырау қазіргі Семейге қарасты Аягөз аймағында туып өскен. Найман елінен шыққан. Әкесі Сары, шешесі Сырбике. Өлеңдерінің мазмұнына қарағанда, Ақтамберді халық тәуелсіздігін аңсап, ерлікті дәріптеп өлеңдер шығарған заманында аты шулы ақын болған. Амал не, оның көп өлеңдері кезінде баспаға түспей жинаусыз қалып бізге жетпеген.
“Күмбір - күмбір кісенетіп” деп басталатын шығармасы - ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр үні естіліп тұрады. Ел қамы мен автор өз мүдесін бірге ұстайды. Сұлу құшу және батыр деген атаққа ие болу, бұл сайып келгенде, қимылдарына байланысты немесе жігіттің ерлік көрсетуге даярлығына тәуелді армандар дегісі бар. Автордың ойынша, ел үшін аянбай ерлік етіп көзге түссең дегеніңе жетесің. Ер азаматтың алдына қояр талаптарын ол өзінше термелейді.
Күмбір - күмбір кісінетіп,
Күренді мінер ме екенбіз.
Күрек тісін қасқитып,
Сұлуды құшар ма екенбіз.
Күдеріден бау тағып,
Кіреукеден тон киер ме екенбіз.
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз.
Сауыт киер ме екенбіз.
Сыртан сауыт киген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол қашырар ма екенбің.
Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екенбіз?!
“Ақтамберді қолы”деп,
“Жанайдың салған жолы”деп,
Жақсы атанар ма екенбіз.
Өзі жалғыз боп, 15-16 жасқа дейін жоқ - жітік көріп, зарлана, шерлене сөз толғап, болашағын ойлап аласұра өседі. Басқа тұтастарынан пысық болғаны да байқалады. Сөйтсе де болашақ батыр ақын мейірімсіз жақын - жуықтар түрткісін көп көріпті.
“Жақыннан көрдім талқы көрдім” - деседағы олардан өш қастандық не кек алу дегенді ойламаған. Ондай қысқа тапшы мақсаттардан өзін жоғары ұстай білген.
Ақын ер жетіп, қайраты толған ел-жұрт, қалың қазақ мүддесін ойлауға серт береді, ел тағдырын туралы толғанады.
Сырт жаулар көрсетіп жатқан қорлық - зорлықтан елін азат ету, арлы азаматтың абыройлы міндеті екенін түсінеді.
Әрине, Ақтамберді тек жалаң ерлікті көксеп, бойындағы күшін қоярға жер таппай аласұрар ақылсыз, мақсатсыз жортуылдың құмары емес. Ол - ел шетіне қорған, жаудың алып кеткен мал - мүлкін қайтарып, халқының кегін алу, “қатын - бала қамы үшін” қылыш сермейтін, мқсаты айқын батыр.
Ақтамберді 90 жас жасап, 1752 жылы дүние салған, өз заманының талабына сай жыр толғап өткен әрі батыр, әрі жырау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz