ҚАЗАҚ ОҚЫТУШЫСЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ОҚЫТУШЫСЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
(1841 – 1889)

Қазақ балаларының ұлы оқытушысы, жаңашыл-педагог, ағартушы Ыбырай
Алтынсарин 1841ж. қазіргі Қостанай облысының бір ауылында дүниеге келді.
Єкесінен жастай айраылған бала атасы, белгілі би - Балқожаның қолында
тәрбиеленді. 1850 ж. Орынборда орыс-қазақ мектебі ашылғанда, отыз баланың
бірі болып Ыбырай да оқуға түсті.
Патша әкімшілігі мұндай мектептерде жергілікті басқару органдарында
ресми саясаты жүзеге асыруға тиісті болашақ шенеуніктерді даярлады. Жасынан
еркіндік пен дербес ойлауға үйренген Ыбырай, оқу бағдарламасымен шектеліп
қоймай, әлемдік классикалық әдебиетпен әуестеніп, В.Шекспир, И.Гете,
Д.Байрон, А.Пушкин, Н.Гоголь, М. Лермонтов, И.Крылов, А.Фердоуси, И.Назами,
Є.Навои және т.б. кітаптарын оқып, қоршаған ортаға деген түсінігін кеңейте
бастады.
1857 ж. Ыбырай мектепті үздік бітіріп, екі жылға жуық уақыт өз
ауылында аудармашы болып істейді. 1859 ж. ол Омбы шекаралық комиссиясына
ауыстырылып, аудармашылыққызметін жалғастырады. Мұнда ол белгілі
шығыстанушы - ғалым В.В.Григорьевпен танысты. Григорьев Ыбырайдың атасы -
Балқожаны жақсы танитын болғандықтан, оған ерекше ықылас білдіреді. Ол
талапты, жас қазаққа тарих, философия және жаратылыс тану ғылымдары бойынша
сирек кездесетін оқулықтарға бай кітапханасын пайдалануға рұқсат етті. Озық
ойшылдардың идеяларымен, ұлы ағартушылардың өмірбаянымен Ыбырай, міне осы
тұста танысқан.
Ыбырай халқына нағыз берілген, оны жан-тәнімен сүйген адам еді.
Жас талант иесі мансап пен шен қумай, халық ағарту ісін мақсат етіп,
1860 ж. бастап оқытушылық қызметпен шұғылданып, халық мұғаліміне айналды .

Осы жылы облыс басшылығы Ы.Алтынсаринге Торғайдан қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай негізін салған қазақ мектептерінен білім алып шыққан белгілі ағартушы қайраткерлер
Ы. Алтынсарин
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі
Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы
Жаңа заман кезеңі бойынша жаңа көзқарастарды тиянақтау
Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсариннің мұғалімдер мектебінің алғашқы түлектері
Кәсіптік орта білім беру
Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі әр түрлі жастағы адамдарға білім беру мен тәрбие мәселелері
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
Пәндер