Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

АЛТЫНСАРИН Ыбырай (Ибраһим) (2. 11. 1841, қазіргі Қостанай обл. Қостанай ауд. - 30. 7. 1889, Қостанай) -ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырайдың өз әкесі (Алтынсары) ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа би немересін 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер аркылы жергілікті әкімшілік орындарға казақтың өз ішінен қызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп окушылары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде калмай, дүние жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857 - 59 ж. аралығанда Алтынсарин атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор обл. басқармасына кіші тілмаштық, қызметіне ауысады. 1860 ж. А-ге обл. баскарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ, балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгіледі. Осыдан былай Алтынсаринның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түпкірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартулық идеяларымен қанаттанған Алтынсарин көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Аул-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен максатын түсіндірді. Алтынсаринның талабы мен қадамын халық қоштады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 ж. 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той больш, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүние жүзі педагогика классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды казақ даласында оқу-ағарту практикасына еңгізген тұңғыш педагог бодды. 1860 - 79 ж. арасында Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар басқа да қызметтер атқарды: 1868 - 74 ж. Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876-79 ж. Алтынсарин Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Инс. мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен, ол облыс, уезд орталықтарында училищелер ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашты, олардың бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды. Бұл үшін ол "Болыстық қазақ мектептері туралы записка" жазды. Мұнда Алтынсарин тек қазақ даласының ғана емес, Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағарту жүйесіне елеулі үлес қосты. Алтынсаринның ұсынысы бойынша 1888 ж. 10 сөуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды. Алтынсарин жастары арасынан экономика салаларына кажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда қолөнер училищесін ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Алтынсарин Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған соң, екі жыл өткеннен кейін, Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтақта (1895), Ақтөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар училищелері ашылды. Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқу әдістерін жаңа бағыта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тілін үйретуде К. Д. Ушинскийдің ойларына жүгіңді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің "Балалар дүниесін", Л. Н. Толстойдың "Әліппе және оқу кұралын", Д. И. Тихомировтың "Грамматиканың қарапайым курсын" оқу құралы ретінде ұсынды. Алтынсариннің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның "Қазақ хрестоматиясы" атты оқулығы және дидактикалық оқу мәселесі жөнінде "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы" жарық көрді. Бұл екі кітапта қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Алтынсарин өз мақалаларында жерді пайдалану, қазақтардың отаршылдыққа көшуі, т. б. мәселелерді көтерді. Ресей империясыны қазақ даласын отарлау, қазақ еңбекшілерінің шырайлы жерлерін мемлекет қорына тартып алу жөнінде заң жобасына 1880 ж. "Оренбургский листок" газетінде өз наразылығын білдірді. Алтынсарин жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оку, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады ("Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар") . Автор оку-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табатынына мән берді. Бұған инемен кұдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардын ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады ("Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандыктың белгісі - Еш ақылға жарымас") . Оку, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді ("Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу") . Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның "Өнер-білім бар жұрттар" деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не деген секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады ("Адашы құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді") . Табиғат көріністерін жеке

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы туралы түсінік беру
Ы.Алтынсариннің білім жүйесіне қосқан үлесі
Ыбырай Алтынсарин - ақын
Шығармаларының тәрбиелік мәні
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы - педагог
Ыбырай Алтынсариннің жазған еңбектері
Алтынсарин Ыбырай
Педагогика. қазақ педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлері көзқарастары
Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының білім алуына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz