Дала қоңырауы - Ыбырай Алтынсарин


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

Дала қоңырауы - Ыбырай Алтынсарин3

Қорытынды13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі14

Кіріспе

Ыбырай Алтынсарин - өз халқын жоғары бағалаған. Ол өз халқын сүйген патриот адам. Ы. Алтынсарин халқын адалдыққа, еңбекке және өзге халықтармен достықта болуға шақырды.

Алтынсарин қазақ халқының прогрестік дамуы жолында, ұлы орыс халқының озың мәдениетін қазақ даласына тарату, екі халықтың тарихи достығын нығайту жолында жалынды күрескер болды. Ол қазақ даласында жалпы және кәсіптік білімнің дамуына жол ашты, педагогика білімінің іргесін қалады. Қазақ халқы өзінің Алтынсарин сынды ардақты ұлын әрқашан жоғары бағалайды.

Дала қоңырауы - Ыбырай Алтынсарин

Алтынсарин Ыбырай (ИбраҺим) (2. 11. 1841-30. 7. 1889) - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері. Торғай облысының Николаев уезі, Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында) туған. Алтынсаринның өз әкесі (Алтынсары) ерте қайтыс болғандықтан, ол ұлы әкесі Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа Жаңбыршы-ұлы - Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болған, 19 ғ-дың алғашқы жартысында Орта жүз қазақтарының қоғамдық-әлеуметтік істеріне белсене араласқан адам. Балғожа би өзінің сүйікті немересін 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға берді, сабақта жүрген Ыбырайға:

«Атаңды сағындым деп асығарсың,

Сабаққа көңіл қойсаң басыларсың,

Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың» деп сәлем жазды. Демек Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде орысша білім алуын жақтаған прогресшіл адам болған. Патша үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өзінен миссионер қызметкерлер әзірлеу еді. Сондықтан оқушылар патшаның отаршылдық саясаты рухында тәрбиеленуге тиіс болды. Бірақ, жасынан-ақ зерек Ыбырай бұл мектептің оқу жүйесіне қанағаттанбады, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің-В. Шекспирдің, И. Гётенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М. Лермонтовтың, И. Крыловтың, Ә. Фирдаусидің, I. Низамидің, Ә. Науаидің т. б. шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды.

Жас А. Орынбор өлкесінде айдауда жүрген разночинец орыс интеллигенциясымен араласады, сол кезде Орынбор Шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі шығыс зерттеушісі В. Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын оқиды. Өздігінен кітап оқу Алтынсаринның ой-өрісін кеңейтеді, орыстың озық ғылымы мен мәдениетіне құштарлығы артады. Мектепті үздік бітіргеннен кейін, 1857-59 ж. арасында Ы. Алтынсарин өз атасы Балғожа бидің писары (хатшысы) болады да, аздан кейін Орынбор облылыс басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. 1860 ж. Алтынсаринға облылыстық басқарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан былай Алтынсаринның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түкпірде мектеп ашу ол кезде қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралы жоқ-ты. Оның үстіне осындай ардақты жұмысқа облыстық басқарма да, жергілікті әкімшілік мекемелер де салқын қарады. Бірақ осының бәрі Алтынсаринның тауын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті.

Алтынсарин ауыл-ауылды аралап, халыққа дүниелік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Алтынсаринның талабы мен қадамын халық барлық жерде қуана қарсы алып қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 ж. 8 январьда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Алтынсарин өзінің ардақты борышы- халқының көзін ашу, балаларын оқыту деп түсінді. «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл шаруашылык, академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін» деп жазды ол. Баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысында Алтынсарин дүние жүзі педагогика классиктерінің (Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой т. б. ) гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. Ғылым негізін балаға өте қызықты, түсінікті етіп оқытуға Алтынсарин ерекше көңіл бөлді. Ол орыс тілі, ана тілі, арифметика, табиғат тану сабақтарына, сөзді бір тілден екінші тілге аударуға аса зор мән берді. Қазақ балалары орыстың тілі мен грамматикасына мәдениет пен білімнің бірден-бір тілі деп қарауға тиіс деді. Арифметиканы қазақ тілінде оқытты. Коменский, Ушинский, Б. Ф. Бунаков сынды атақты методист-педагогтардың оқыту әдістерін батыл да шебер қолдану нәтижесінде оның тәжірибесі артты, өзінің дидактикалық көзқарасы қалыптасты. Баланың мектептен алатын білімін өмір талабына қолдануды тамаша ұштастырды. Ұлт аймақтарында патша үкіметі ашқан мектептердің миссионерлік бағытына өзгеріс енгізу ол кез үшін үлкен төңкеріс еді. Еділ бойы, Сібір, Орта Азия, қазақ халықтары арасында христиан дінін таратуға күш жұмсаған Қазан университетінің профессоры, белгілі миссионер Н. И. Ильминский мектеп ашу арқылы бөгде халықтарды оқыту жүйесінің алға қоятын мақсаты оларды орыстандыру және тіл жағынан да, дін жағынан да орыстарға мүлде қосып жіберу деп жазған болатын. Алтынсарин мен Ильминскийдің идеялық, бағыты қарама-қарсы бола тұрса да, Ильминский Алтынсаринды «нағыз талант, білімге жаны құмар, аса сүйкімді, таза жанды, ақылды адам» ретінде жоғары бағалады. Сондықтан Ильминскийдің «Алтынсарин туралы естеліктер» деп аталатын кітабы Алтынсаринды таныту жолындағы тұңғыш елеулі еңбек болды және ол автордың Алтынсаринды асқан дарын иесі ғалым, жазушы деп мойындағандығының куәсы еді. 1860-79 ж. арасында Алтынсаринның мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар арагідік басқа қызметтер де атқарды: 1868-74 ж. Торғай уездік басқармасында іс жүргізуші, 1875-76 ж. Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы болып істеді. 1876-79 ж. А. Торғай уездік бастырының аға жәрдемшісі болды, бастық жоқ кезде оның міндетін атқарды. Белгілі орыс ориенталисі, Қазақстанның батыс облыстарында ағарту жұмысында көп жыл болған А. А. Алекторов: . . . Орынбор оқу округы қамқоршысының 1879 ж. 22 августағы № 2623 бұйрығы бойынша Торғай обл. халық училищелерінің инспекторы қызметін атқарушы болып, 1 сентябрьден бастап аты бұрыннан таныс хорунжий Алтынсарин белгіленді. Халық ағарту ісі енді дұрыс бағытпен тұрақты жолға түсуге мүмкіндік алды деп жазды.

Инспекторлық қызметке кіріскеннен-ақ Алтынсарин дүниелік мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен ол облыстың уездік қалаларында орталық училищелер ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Николаевск (Қостанай), Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластың орыс-қырғыз мектептерін ашты, олардың бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді. « . . . Торғай облысы мектептерінің бөрінде де мұғалімдер мен оқушылар үшін кітапханалар ұйымдастырмақпын. Оған 700 сом жинадым. Бұлардың кітаптарымен мұғалімдер, оқушылар ғана емес, кітап оқи алатын сауатты адамдардың бәрі де пайдаланатын болады» деп жазды ол бір хатында. Осыдан кейін Алтынсарин болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды. Бұл үшін ол «Болыстық қазақ мектептері туралы записка» жазды. Мұнда ол тек қазақ даласының ғана емес, Россияның жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағарту жүйесіне күрделі үлес қосты. Болыстық бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар әзірлеу қажет болды. Алтынсаринның ұсынысы бойынша 1888 ж. 10 апрельде Орскіде мұғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қаларындағы орыс-қырғыз училищелерін жақсы бітірген жастар алынды. Сөйтіп, Қазақстанда педагогика білімнің негізін қалаушы да Алтынсарин болды. Ол мұғалімді аса құрметтеді. Мұғалімнің ролі жөнінде . . . мен өзім жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен қымбат санаймын. Халық мектебі үшін ең керегі - мұғалім. Педагогикалық құралдың ең жақсысы, әбден мұқият жүргізілетін инспекторлық бақылау да мұғалімге тең келе алмайды деп жазды. Мұғалім оқушыны өз баласындай көруі керек екенін, сонда ғана мүғалімнің беделі ата-аналар алдында, жұртшылық алдында жоғары болатынын ескертті. Мектеп бітірген баланың болашақты болжай білу қабілеті, адамгершілік қасиеті ұстазға байланысты, . . . қазақ баласына ұқыптылықты, тазалықты, отырықшы тұрмыстың артықтығын үйретудің мәні зор деп білемін деді. Сөйтіп, Алтынсарин оқытушыны бағалау, оның ролі мен жауапкершілігі туралы тамаша пікірлер айтты. Өлкенің патша әкімшілігі Алтынсаринның игі бастамаларының іске асуына кедергі жасап отырды. Осыған қарамастан, Алтынсарин өзінің ағартушылық қызметін тоқтатпады. Бұган Торғайдың әскери губернаторы қатты ашуланды, ген. Проценко Алтынсаринды жауапқа тартып, сотқа беруді ұйғарды. Алтынсарин «Генерал осы мектептерге көп қаражат шығын болады деп есептейді, ал осыған жұмсалған ақшаның мөлшерін өзі білмейді» деп қапаланды. Алтынсаринның патша сатраптары туралы пікірі патша үкіметінің өлкеде халыққа білім беруді тежеу жөніндегі саясатын әшкереледі.

Алтынсарин қазақ халқының экономикасының дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән берді, сондықтан қолөнер училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Ақырында ол Торғайда қолөнер училищесін ұйымдастырды. Өзі қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған училищесіне өзінің барлық жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Қазақ қыздарына дүниелік білім беру ісіне жол ашқан да Алтынсарин болды. Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихында орасан зор оқиға болды. Алтынсарин патша әкімшілігінен Торғай облылысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінді. Алтынсарин қайтыс болған соң, екі жыл өткенде рұқсат келіп, Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтақта (1895), Ақтөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар училищелері ашылды.

Алтынсарин- өз халқын жоғары бағалаған, оны жан-тәнімен сүйген, оның патриоты болған адам. Ильминскийге жазған бір хатында: «Қазақ даласын үш жыл аралағанда қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына да кіріп шықпайды, бекіністерде училищелер салудан гөрі үйінің онсызда қып-қызыл шатырын сырлауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды» деп жазды. Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Бұл жұмысты ол Торғай облысының мектеп инспекторы болып тағайындалмас бұрын қолға алған еді. 1879 ж. («Киргизская хрестоматия») және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш қүралы» («Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку») атты екі кітабы шықты. Бұл екеуі де Алтынсаринның орыс алфавиті негізінде жасағн жаңа алфавитімен қазақ тілінде басылды. Мұның өзі қазақ халқы былай тұрсын, басқа елдердің мәдени тарихында да бұрын-соңды кездеспеген жай еді. Алтынсаринның бұл қадамы аз ұлт халықтарына орыстың жазуы мен тілін үйретудің жаңа төте жолын тапқан төңкеріс болды. Жаңа алфавит жасау үшін Алтынсарин, үш жылдан астам еңбек етті. Кітап басып шығару Алтынсаринға өте қиынға түсті, себебі ол кезде Орынборда бұған, әсіресе қазақ тіліндегі кітапты орыс алфавитімен басып шығаруға полиграфиялық база жоқтың қасы еді.

Алтынсарин қазақ тіліндегі кітапты орыс алфавитімен басып шығарғанда, орыс алфавитінің құрамын түгел сақтаған жөн деп білді. Сонымен бірге қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сәйкес кейбір әріптердің өзгерісінен қазақ әріптерін жасап шығарды. «Қазақ хрестоматиясына» жазған кіріспе сөзінде қазақ тіліндегі кітапты орыс графикасы негізінде педагогикасының басқа да классиктерінің оқулықтары мен оқу құралдарының үлгісінде жазылған. «Хрестоматия» 4 бөлімнен құралады: 1) өлеңдер, балаларға арналған әңгімелер мен ертегілер, 2) ересектерге арналған әңгімелер, 3) ауыз әдебиетінің үлгілері, 4) мақалдар мен мәтелдер. «Хрестоматияның» кіріспе сөзінде Алтынсарин: «тұңғыш еңбек болғандықтан, хрестоматияда кейбір кемшіліктер де бар шығар. Бірақ ең бірінші оқу кітабы ретінде ол ізсіз қалмас, ойлаған мақсатына жетер деген үмітім зор» деп жазды. Алтынсаринның осы сөздерінен хрестоматияның маңызы қаншалықты зор екені көрінеді. Алтынсаринның «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» 8 тараудан құралады: 1) зат есім, 2) сын есім, 3) сан есім, 4) есімдік, 5) үстеу мен жалғаулық, 6) предлог, 7) етістік, 8) қазақ тілінен орыс тіліне аудару үлгілері. Алтынсаринның екі кітабының екеуі де жазба түрдегі тұңғыш еңбек ретінде де, ғылыми негізде жазылған оқу құралы ретінде де қазақ халқының мәдениеті тарихында ерекше орын алады. Алтынсаринның педагогтық, ағартушылық қызметінің, тіпті барлық іс-әрекетінің түпкі мақсаты жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу. Ұлы педагогтың «Кел, балалар, оқылық» деп басталатын өлеңі жастарды білімге, өнерге шақырған гимн ретінде өзінің маңызын күні бүгінге дейін жойған жоқ және жоймақ та емес.

Алтынсаринның жазушылық қызметі 19 ғасырдың 60-70 жылдарында қазақ халқының өмірінде болған тарихи-әлеуметтік үлкен өзгерістермен сабақтас, солармен тікелей байланысты. Бұл қазақ халқының Россияға қосылып болған кезі еді. Сондықтан халық тіршілігі үшін принциптік маңызы бар көптеген мәселелерге жаңа тұрғыдан қарап, оларды жаңаша шешу керек болды. Өзінің келешек тағдырын орыстың озық қауымының тағдырьша біржола қосу қазақ халқын дамудың жаңа жолына - прогресс жолына түсіруді қажет етті. «Қазақтарға, осындай бір дарынды, ақыл-есі мол халыққа, қазір кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін бағыт беру аса қажет болып отыр» деп жазды. Алтынсарин өзінің әдеби шығармаларымен тіршіліктің өзекті проблемаларын көтеруге батыл бет бүрды. Алтынсарин қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптәр, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да өркендетті. Қазақ даласының сұлу табиғаты, ұшан-теңіз байлығы, еңбек пен еңбек адамдары туралы әсем лирикалық өлендер, қысқа да әсерлі әңгімелер, сол кездегі қоғам өмірінің алуан жайларын шебер сипаттайтын публицистикалың мақалалар жазды. Алтынсаринның табиғат туралы жазған өлеңдері оның ақындық шеберлігін танытады. «Жаз», «Өзен» сияқты пейзаждық шығармалары Алтынсаринның нағыз талантты ақын болғанын көрсетеді. Алтынсарин өзінің көптеген әдеби шығармаларында, ағартушылық қызметіндегі сияқты, игі де ұлы мақсатты - қазақ халқын мәдениетті етуді, өнерлі елдердің қатарына қосуды арман етті, былай деп халқын өнерге, білімге шақырды:

«Өнер, білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды».

«Оқымаған жүреді,

Қараңғыны қармалап.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар».

Алтынсарин халықты адалдыққа шақырды, зиянды пікірден, арам ниеттен, жексұрын әрекеттен безуге уағыздады:

«Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен.

Кете бар, кессе басың, шындықпенен.

Қорек тәп бейнеттен де тәңірім жәрдем,

Телмірме бір адамға мұңдықпенен» деді. Алтынсарин проза жанрынан да елеулі шығармалар қалдырды. Мұнда оған орыстың классик жазушылары игі әсер етті. Aлтынсаринғa дейін қазақ даласында өмір шындығын жазба әдебиетке тән стильмен айқын көрсете алған қазушы болған жоқ, ал үлгі боларлық жүйелі әдеби дәстүр, әдеби ағым Орта Азия халықтарының әдебиетінде де жоқ есепті еді. Алтынсарин реалистік тұрғыдағы прозалық шығармаларын халықтың ауыз әдебиетіндегі прогресшіл идеялар мен орыстың 19 ғ. әдебиетінің мол тәжірибесіне сүйеніп жазды. Алтынсаринның «Бай мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан Хакім» т. б. шығармалары қоғамдық өмірдің әр түрлі жайларына арналғaн. Бұларда Алтынсарин сол дәуірдің елеулі мәселелерін көтерді, надандық бұлты басып келген халықтың санасын оятып, көкірегін ашуды көздеді. «Бай мен жарлы баласы» - Алтынсарин творчествосының биік шыңы. Ол, біріншіден, ағартушылық, озық педагогикалық ой-пікірінің түйіні. Әңгіме оқушыны еңбек етуге, өмір сырын үйрене білуге шақырады, өмір мен табиғат өздігінен ештеңе бермейді, мәселе оны бағындыра білуде деген маңызды тұжырым жасайды. 12 жасар Үсен әлі ештеңе тындырмағанымен, келешегінің зор екенін танытады. Үсен қандай істі болсын «Әкем айтушы еді» деп бастап, халықтың даналығына, оның бай тәжірибесіне сүйенеді. Жазушы Асан мен Үсенді салыстыра келіп, адамды дәрменсіз, қабілетсіз ететін - еңбексіздік, ал оны өміршең, тапқыр, қиындықтан жол тапқыш ететін - еңбек деген қорытынды жасайды. «Бай мен жарлы баласы» сол дәуірдің өмір көрінісін дұрыс бейнелейді. Одан біз көшпелі қазақ аулын, оның мал шаруашылығын, мазасыз өмірін айқын көреміз. Алтынсаринның бұл әңгімесінің идеялық мазмұны терең екеніне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдары көңіл аударды. Н. Иванов деген журналист әңгімені орыс тіліне аударып, «Родник» журналының 1890 жылғы 6 нөміріне бастырды.

Алтынсаринның айтулы шығармаларының бірі - «Қыпшак, Сейітқұл». «Бай мен жарлы баласы» және «Қышпақ Сейітқұл» әңгімелері бірімен-бірі сабақтас, өзектес. Үсен бейнесінде еңбекші бұқарадан шыққан жас баланың еңбек сүйгіштігі, сондықтан оның өміршеңдігін, болашағы зор екенін көртетсе, Сейітқұл бейнесі арқылы сол бұқараның нағыз өкілін көрсетеді. Сейітқұлдың барлық іс-әрекетінен оның өмірге жаңа талап тұрғысынан қарайтындығы байқалады. Еңбексіз баюды көздеген адамдарды жек көреді, ондайлардан бойып аулақ салады. Өмір бойы ұрлықпеп, барымтамен күн көріп келген ағасынан бөлініп кетеді, соңынан нағыз еңбек сүйгіштерді ертіп, өзен жиегіндегі құнарлы жерден қоныс тебеді. Егіп егеді, онан мол өнім алу үшін арық қазады, шығыр салады. Егін шаруашылығына жұрт бұрын білмейтін жаңа, тиімді тәсілдер қолдану оның еңбекке творчестволықпен қарап, еңбектің өнімді, нәтижелі болуын көздегенін көрсетеді. Сейітқұл мен оның еңбектес серіктерінің ойлаған мақсаттарына жетуі бірігіп еңбек етуінің нәтижесі еді. Осының өзі Алтынсаринның біріккен еңбекке үлкен мән бергенін, оның болашағы зор екеніне сенетінін аңрартады, әуелде аз ғана үйден құрылған Сейітқұл елі 5-6 жыл ішіндс 400 үйге таянады. Әңгіме Сейітқұл арасының өлімімен аяқталады. Алтынсаринның бұлай етуі тегін емес. Мұнда ол жауыздықтың, арам тамақтықтың болашағы жоқ деген түйінге меңзейді. Ағасы өлген соң, оның мал-мүлкін Түркістан әмірі талап алады. Сейітқұл көпке дейін ағасының сүйегін де таба алмайды. Осы арқылы Алтынсарин халық даналығынан туған «Ұрлық түбі - қорлық», «Жортуылшы басы жолда қалады» деген қағиданың дұрыстығын аңғартады.

Алтынсаринның қазақ мәдениетіне сіңірген үлкен еңбектерінің бірі - көркем аударма. Ол орыстың алдыңгы қатардағы жазушылары мен ұлы ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтарының көптеген еңбектерін қазақ тіліне аударды. Өзге халық таланттарының терең ойлы туындыларын өз халқьша дәл жеткізу мақсатымен аударманың оқушыға түсінікті, жақын болуын қарастырды. Алтынсарин сол кездегі қазақ оқушысының білім дәрежесі орыс оқушыларына қарағанда көп төмен екенін де ескерді. Сондықтан ол қазақ оқушылары үшін көбінесе тәрбиелік мәні зор, қысқа, тартымды шығармаларды аударды. «Қазақ хрестоматиясының» алғы сөзінде ол: «Кітапқа енгізілетін әңгімелердің басым көпшілігі қазақтар рухында болуын көздедім» деп жазды. Алтынсаринның аударғаны - негізінен прозалық шығармалар. Поэзиядан тек қана И. А. Крыловтың «Қарға мен түлкі» деген мысалын аударды. Оның аудармашылық шеберлігіне осы мысалдың мына бір шумағының аудармасы айғақ:

«Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,

Екі көзін қарғаға қылмыңдатып,

«Қарға тақсыр, көзім жасын көріңіз» деп,

Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин және қазақтың салт-дәстүрлері
Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ МӘНДІЛІГІ ЖӘНЕ ӨМІРШЕҢДІГІ
Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ МӘНДІЛІГІ МЕН ӨМІРШЕҢДІГІ
Ы.Алтынсарин шығармаларының тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы
Алтынсарин Ыбырай
Ыбырай ата
Қазақстандық педагогиканың өзекті мәселелері
Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының білім алуына қосқан үлесі
Ыбырай шығармаларын тәрбие мақсаттарына пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz