Аманкелді Үдербай ұлы Иманов



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Аманкелді Үдербай ұлы Иманов 1
Әдебиеттер: 3

Аманкелді Үдербай ұлы Иманов

Аманкелді Үдербай ұлы Иманов (3. 4. 1873—18. 5. 1919)—қазақ халқының
батыры, Қазақстанда 1916 ж. өріс алған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы,
Совет өкіметін орнату жолында белсене күрескен қайраткер. Торғай уезі
Қайдауыл болысының 3-аулында кедей шаруа семьясында туған. 1918 жылдан
Компартия мүшесі. 7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып,
жастайынан жетім қалды. Ол байларға жалшы болды, еңбекші халықтың тартқан
қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көрді. Оның самодержавиеге, байлар мен
билердің езгісіне деген өшпенділігі осы кезден-ақ қалыптаса бастады.
Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен
араласып, таптық сана-сезімі оянды. 1905—07 ж. орыстың 1-революциясының
азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне
қатысты. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен
тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы
ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896—1908 ж. патша өкіметі оны
сенімсіз адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды.
Аманкелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең
—1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм
қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс
патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың
бостандығын көздеді. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін
майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылгы 25
июньдегі жарлығынан кейін өрістей түсті. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз,
Атбасар, Перовск т. б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды
патша өкіметіне қарсы күреске шақырды. Төзгісіз қанауға ұшырап, жерінен
айрылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып
жатты. 1916 жылдың окт. айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20
шақты отряд құрылды. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді,
көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге және соғыс өнерін меңгеруге
үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті
органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 ж. октябрьде Торғай қаласын
қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық және
қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы
ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Патша үкіметі Аманкелдінің
шабуылын тойтару үшін жазалаушы корпус жіберуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АМАНКЕЛДІ ХАЛЫҚ БАТЫРЫ
Әбдіғапар Жанбосынұлы және 1916 жылдардағы Торғай қазақтарының көтерілісіне жаңа көзқарастар
ХХ ғ-ның басындағы қазақ халқының әлеуметтік-саяси жағдайы
Торғай облысындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық күрес
Торғайдың әскери губернаторы
Ұлт-азаттық күрес
Торғайдағы көтеріліс басшылары
1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлт - азаттық күресіндегі рөлі (А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, А. Жанбосынов және т. б)
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
Көтерілістің басталуы және себептері
Пәндер