Аристотель Стагирит – грек философы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Аристотель.

Аристотель Стагирит (б. з. б 384-322ж. ) - грек философы, энциклопедиялық еңбектердің авторы. Ол 367-347 жылы Платон Академиясында білім алып, алғашқыда оның шәкірті болған, кейін осында оқытушылық қызмет атқарған. 347-334 жылдары ел аралап, кіші Азияда, тағы басқа елдерде болады. 343-340 жылдары 13 жасар Ескендір Зұлқарнайынды тәрбиеледі. Афинаға қайта оралған соң, 334-323 жылдары философиялық мектептің негізін салды. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда Аристотель шәкірттерін серуендетіп жүріп дәріс беретін болған. Соған байланысты бұл мектеп гректің peripatetikos, яғни серуендей жүріп орындау мәніндегі сөзіне сәйкес «перипатетикалық мектеп» деп аталды. Аристотель еңбектері көзі тірісінде реттеліп жинақталмаған. Сондықтан оның шығармалары туралы ғылымда талас әлі тоқтаған жоқ. Неміс ғылымы В. Иегер Аристотель шығармаларын ғалымның дүниетаным эволюциясы негізінде жүйелеп шыққан. Аристотель алғашқы кезеңде, яғни Платон дүниеден қайтқанға дейін оның шәкірті, ізін қуушы бола тұрып ұстазына қарсы шығады, оның идеалар туралы іліміне сын айтады. Осы тұжырымды негізге алып Философия институтының ұжымы «Философиялық мұра» топтамасымен Аристотельдің төрт томдық шығармаларын жарыққа шығарды. 1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: «Метафизика» және «Жан туралы». Құрылымы жағынан «Метафизика» дербес он төрт кітаптан тұрады. Кеңес дәуірінде метафизиканы түсінуде теріс көзқарастар орын алды. Философия тарихында метафизика - философияның бір түрі әрі философиялық тәсіл. Аристотель метафизиканы «алғашқы философия» деп те, «құдайлар туралы ілім» деп те, жай ғана «ақыл ктабы» деп те атаған. Қазір метафизика онтология деп аталады. «Метафизикасында» Аристотель Платонның негізгі ілімі - идеялар туралы тұжырымын сынға алады. Платон осы тұжырымында болмыс пен ілім-білім үшін түсініктің мәні мен атқаратын рөлін анықтамақ болған. Бұл мәселеде ол Сократ ілімінің танымдық мәніне сүйенеді. Аристотель де дәл осы тақырыпты өз философиясының негізгі мәселесі етіп алған. Оның Платонмен келіспеу-шілігі, В. Асмустың көрсетуінше, мынадай төрт мәселеге қатысты: 1. Платон «идеялар болмыстан тыс субстанция» дейді, ал Аристотель бұған қарсы. 2. Платон идеялары сезу арқылы қа-былданатын нәрселерге қатыссыз. Аристотель бұ-ған да қарсы пікір білдірген. 3. Платонның идеясына орай сезу арқылы қабылданатын нәрселер туралы Аристотель өзінше пікір айтқан, олардың байла-нысын көрсеткен. 4. Аристотельдің айтуынша, Платон идеялары сезу арқылы қабылданатын нәрселердің пайда болуы мен жойылуына түсінік бермейді. Аристотель субстанция элементтері «материя» және «форма» дейді. Материалдық әлемнің төрт бастауын атайды. Олар: материя, форма, қозғалыс және оның себебі, өзгерістің жаратылыстық мәні мен мақсаты және оның жойылуы. Аристотель өзгеріс себебі қозғалыс пен танығанымен, бұл мәселенің мәнін толық аша алмаған. Тек «алғашқы қозғаушы», яғни санадан тыс құдіретті күш бар деген түсінікте болған. Ол - құдай. Сана - бақылаушы ғана. 1-томға енген екінші жұмыс - «Жан туралы». Бұл - психология ғылымының бастауы болған тұңғыш еңбек. Аристотельдің «Ұғымдар», «Герменевтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топика» және «Софизмдік терістеулер туралы» еңбектері енген. Бұл еңбектерде Аристотель жаңа білім саласы логиканың негізін салған. 3-том «Физика», «Аспан туралы», «Пайда болу және жойылу», «Метеорология» деген еңбектерінен тұрады. Бұл еңбектер жаратылыстың басталуын зерттеуге, яғни қазіргі физика, астрономия, химия, метеорология және геология ғылымдарына негіз болып қаланды. 4-томға «Никомахтың этикасы», «Үлкен этика», «Саясат», «Поэтика» деген еңбек-тері енген. Алғашқы екі шығармада мораль мәсе-лелері қарастырылады. Никомах-Аристотельдің не әкесі, не баласы. Екеуінің де есімдері Никомах болған. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Никомах (баласы) Аристотель дүниеден өткен соң, оның мұрасын жинап кітап етеді. Содан ол кітап «Никомахтың этикасы» деп аталып кеткен. Жалпы этика Аристотельдің білімдер жіктеу жүйесінде көрнекті орын алған. Ол ғылымдарды үлкен үш топқа бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық ғылым. Біріншісіне философия, математика және физика, екіншісіне этика мен саясатты, ал үшіншісіне өнер, қолөнер және тұрмысқа тікелей қатысты ғылым түрлерін жатқызды. Этикаға байланысты әділеттілік пен әділетсіздік туралы құнды пікірлер айтқан. Ол әділеттілікті «табиғи» және «заңмен бекітілген» деп екіге бөледі. «Саясат» деген еңбегінде мемлекет мәселелеріне тоқталған. Платонның «Мемлекет» пен «Заңдарында» айтылған ойлар Аристотельдің «Саясатында» да кездеседі. Бірақ мұнда утопиялық сарын жоқ. Ол мемлекет құрылымының алты түрін атап, оларды екі топқа бөледі. Алғашқы үшеуін дұрыс, ал кейінгі үшеуін қате құрылым ретінде көрсетеді. Аристотельдің айтуынша, дұрыс құрылымдар: патшалық билік, аристократия, полития, теріс құрылымдар: - тирания, олигархия, демократия. Патшалық билік бір адамның билігі болғанымен халықтық мүддеге қызмет етеді; тирания да бір адамның билігі, бірақ мұнда жеке адам мүддесі ғана есепке алынады. Аристократия - аз адамдар билігі, әйтсе де бұлар бүкіл қауым қамын ойлайтын ізгі жандар; олигархия да - аз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заттың пайда болуы ретіндегі материя
Аль-фараби және педагогика
Антик философиясының кезеңдері
Аристотель
Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл - Фараби
Сана, рух және тіл философиясы
Аристотель Стагирит
Антик философиясының дамуы
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
Антик философиясы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz