Ертедегі хундар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Ертедегі хундар 3
Хун ордасының пайда болуы 8
Еділ (Аттила) тұсында Хун ордасының күшеюі 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе

Бұған дейін қазақ тілінде ежелгі хундар және олардың даңқты билеушісі
Еділ патша туралы жеке кітап жарияланған емес. Тіпті кітап былай тұрсын,
қазақ тілді басылымдардан бұл туралы жалғыз-жарым мәліметтің өзін
кездестіру қиынға соғатын. "Қазақ тарихы" журналының талай жылдан бергі
ақылдастар кеңесінің мүшесі, белсенді авторы, тарих ғылымының кандидаты,
доцент Самат Өтенияздың "Аттила" кітабы осы олқылықтың орнын толтырып отыр.
Кітапта Хун Ордасы және оның даңқты билеушісі Еділ патшасының әлем
әдебиетінде, музыкалық шығармаларда, бейнелеу мен мүсін өнеріндегі бейнесі
тұңғыш рет толыққанды сипатталады. Хун мәдениетінің адамзат тарихындағы
орны көрсетіліп, хундар мен қазақтар арасындағы туыстық байланыстарға
талдау жасалады.
Енді оқырмандар қолына тигелі отырған Аттила зерттеуі туралы бірер
сөз. Бұл зерттеуде орысша "гун" қазақша "ғұн" терминін түпнұсқа күйінде
"хун" деп жазуға мәжбүр болдым. Себебі бұл термин қытай тілінде "хун",
сондай-ақ латын тілінде де "хун". Орысша атауды қазақшалап "ғұн" деп алу
түпнұсқадан тіпті алыстатып тұр.
"Хун ордасы" және Аттиладан соңғы "Уархун қағанаты" деп түпнұсқа
күйінде алмасақ, неше түрлі жаңа терминдер бізді шатастырып жатыр. Мысалы,
Уархун (Арғын) қағанатын орысша "Авр қағанаты", ал уархундарды "Вархониты"
деп әртүрлі терминдермен жазатын болғандықтан зертеушілер де, оқушылар да
көп шатасады. Сондықтан бұл атауларды "Хун" және "уархун" деп түпнұсқа
күйінде беруді жөн көрдік.
Хундар мен Аттилаға қатысты тарихи материалдарды өте қысқартып бердік.
Ал, әлем әдебиеті мен мәдениетіндегі Аттила бейнесіне көбірек тоқталдық,
себебі біздің оқырмандарымызға бұл - тың, соны тақырып.
Бұл біз кітабымызды Түркия мен Венгрия мәдениетіндегі Еділ бейнесіне
арнайы тоқталып, жеке талдау жасаған жоқпыз. Өйткені аталған екі
мемлекеттің мәдениетінде, әдебиетінде және бейнелеу өнерінде хундар мен
олардың корольдері туралы өте жағымды образдар жасалған, яғни олардың
зерттеуші, жазушы, ғылым өкілдері пікірлерінде дау-дамай, қарама-қайшылық
жоқ. Бұл мәселеге қатысты ой-тұжырымдарымыз басқа бір арнаулы еңбектің жүгі
болмақ. Ал біз сөз етіп отырған Еуропаның ұлы халықтарының зертеушілері,
жазушылары және өнер қайраткерлері Хун ордасы мен Аттила бейнесіне әрқилы
тоқтаған. Сондықтан олардың зерттеушілермен мен көркем шығармаларында
екіжақты көзқарас қалыптасқан. Біз осындай көптеген проблемалар туғызып
отырған көкейкесті мәселелерге кеңірек тоқталып, жіліктеп, жіктеуге мәжбүр
болдық ...

Ертедегі хундар

Ата-бабамыз басып өткен көне тарих бетін ақтарған сайын ескі
мәдениеттің өшпес ізін көреміз. Сақ, дай, үйсін, хун, қарлұқ, оғұз, қимақ,
қыпшақ, найман, керейіттер мемлекеттері тұсындағы болған мәдени және тарихи
оқиғалар адамзат тарихынан өшпес орын алады. Бір қызығы, түріктердің қай
тайпасы үстемдік жүргізсе, мемлекет аты сол тайпаның атымен аталған.
Көшпенділер ежелден-ақ батырлық пен ерлікті сүйген. Ел қорғаған ерді
сүйген. Батырлар есімі ешқашан да ұмытылмай, атадан балаға өнеге, үлгі
ретінде көрсетілген батырлар есімі халық ауызында өмір бойы жырланып келді.
Грек тарихшыларының еңбектеріне қарағанда, грек тілінде Азия жерінде
өмір сүретін сақтарды "скиф" деп атаған. Ал адамзат тарихынан ерекше орын
алатын хундар немесе Хун ордасы дегеніміз кімдер?.. Әңгімені осыдан
бастайық. Хундар - ертеде Қытай жерінде, яғни Шығыс Түркістанда пайда
болған көшпелі халық. Шығыстағы Хун қоғамының пайда болуы - біздің эрамызға
дейінгі ІІІ ғасырдың басы. Дегенмен, көптеген зерттеуші ғалымдар хун
қоғамының пайда болуы біздің эрамызға дейінгі ХХІІІ ғасырларда деп
жорамалдайды. Қытай тарихын зерттеген Ф.Хирт хунның пайда болуын б.э.д.
ХІІІ-ХІХ ғасырларға жатқызады. Оның бұл пікірін басқа көптеген ғалымдар
қолдады. Хун ордасының ең күшейген тұсы - б.э.д. ІІ ғасырдың ақырында Туман
мен оның баласы Модэнің басшылық құрған уақыты.
Б.э.д. 209 жылы Туман өлгенде оның баласы Модэ өз әкесінің орнына
таққа отырған. Қытай империясы Модэ тұсында Хун ордасына бағынуға мәжбүр
болды, көп уақыттар бойы салық төлеп тұрды. Дегенмен б.э.д. І ғасырдың
ақырында Қытай империясы Хун ордасын талқандаған. Сол себепті хундар екі
бөлініп, бірі Қытай империясы құрамында қалып, ал екінші бөлігі қазіргі
Алтай мен Қазақстан жеріне, батысқа қарай жылжыған. Солтүстік хундарды ұлы
қолбасшы Чжичже қайта күшейтті. Б.э.д. І ғасырда Солтүстік Хун ордасына
Алтай, Жетісу, Орталық Қазақстан және Орта Азияда мекендеген көптеген
тайпалар бірікті. Чжичженің негізгі мақсаты Қытай экспанциясына қарсы тұру
болды. Сыма Цянь жылнамасының мағлұматтарына қарағанда, Чжичже ордасына
қаңлы, үйсін, хун тайпалары түгелдей біріккен. Чжичже Алтайдан батысқа
қарай ұлы жорық жасап, қол астына көптеген тайпаларды бағындырған соң
өзінің қалың әскерімен қаңлы тайпасының жеріне орнықты. Көп ұзамай ол
орданың астанасы етіп Талас қаласын салдырды. Ал Херман еңбектеріне
қарағанда, Чжичже резиденциясы Шу өзенінің бойындағы Чжу атты қалада
болған. Солтүстік Хун ордасының күшейе бастағанын көріп Қытай империясы да
қарап жатпады. Чжичже Жетісу жеріне келместен бұрын-ақ олар өз елшілерін
аттандырып, бірнеше тайпаны Хун ордасына қарсы қойған еді. Солардың бірі -
үйсін тайпасы. Батыстағы Солтүстік Хун ордасының күшеюі Қытайдың батысқа
бағытталған сауда жолын ғана кесіп тастаған жоқ, сонымен қатар Қытай
империясының өзіне тікелей қауіп төндірді. Сондықтан Қытай басшыларының
негізгі жоспары қалай болған күнде де Хун ордасын талқандау болды.
Қытай мемлекеті Жетісу мен батысты түгел бағындыру үшін б.э.д. 36 жылы
әскер шығарды. Әскерге басшылық еткен Чэнтан және Ганяньшу сияқты
қолбасшылар еді. Қытайдың мұндай басып алушылық үшін жасаған үлкен
жорығының бірі ертеректе (б.э.д. 72 жылы) болған еді. Бірақ олар Жетісу
тайпаларының әскерінен масқара болып жеңілген болатын. Сондықтан бұл жолы
Қытай басшылары мықтап дайындалып, орасан көп әскер жіберді. Бұл жылдар
Чжичже ордасының өсіп нығайған кезі болатын. Чжичже сонау Рим империясымен
қарым-қатынас жасай бастаған-ды. Мұның айғағы - сол жылы (б.э.д. 36 жылы)
хундар астанасы Таласта Рим империясының бірнеше легиондардың тұруы. Ал бұл
дәуір болса, Рим империясының гүлденіп тұрған заманы.
Б.э.д. 44 жылы Юлий Цезарь қазасынан кейінгі Октавиан Аугусто
басқарған заман. Б.э.д. 36 жылы жолда кезіккеннің бәрін қырып-жойған Қытай
әскері хун астанасы Таласқа дейін келді. Осы жерде Хун мемлекеті мен Қытай
әскері арасында үлкен шайқас болды. Тарих бетіндегі бұл ұлы оқиғаларды
доктор Дайвендектің еңбегінде нақыштап баяндаған. Ол Қытай тіліндегі
мәліметтерді пайдаланып отырып, Талас қаласының жібек матаға салынған
суретін және Чэнтан әскерінің хун астанасына жасаған шабуылы бейнеленген
суретті де келтірген. Бұл суреттер әлі күнге дейін император архивінде
сақталған. Қытай жылнамасының айтуына қарағанда, талас сол замандағы ең
көрікті қалалардың бірі болған. Жібек жолының осы қала үстімен өтуін Чхичже
өзі бұйырған. Қалада зәулім ғимараттар көп болған, қала қорғанын да биік
етіп салдырған. Қытай әскері қаланы көп уақыт қоршап тұрған. Хун
жауынгерлері қорған мұнараларында тұрып Қытай әскеріне оқ атқан. Қытайлар
қаланы қиратып, Чжичже сарайының да күлін көкке ұшырған. Чжичженің басын
императорға апарып табыс қылған. Солтүстіктегі хундар мемлекетінің ыдырауы
мен оның астанасының тағдыры осылайша қайғылы болды.
Қытай мен Хундар арасындағы қатынастар және хундардың бұдан соңғы
тағдыры туралы Л.Н.Гумилев былай деп жазады: "...Хуны были побеждены и
образовали четыре ветви, каждая из которых имела свою судьбу. Одна из них,
наиболее неукратимая, отошла через степи современного Казахстана в
междуречье Урала и Волги в поисках новой Родины, вторая - "Малосильный
хунны" - осела в Тарбагатае и обладела Азию своими подвигами. Третья -
наиболее инартная, осталась на родине и смешалась с победителями,
вследствии чего в сяньбийском языке оказалось огромное количество тюркских
слов. Наконец, четвертая ветвь осела по обе стороны Великой стены, в
Шаньси, Ордосе и Алашаня. Именно эта ветвь хуннов взяла на себя инициативу
восстановления былой хунской славы, несмотря на то, что ее положение было
наиболее тяжелым. От родной степи они были отрезаны сяньбийцами и
находились в руках китайского правительства, отнюдь к ним не
расположенного. Лишь падение династии Хань дало шанс на освобождение, да и
то не сразу...".
Бір ескертетін жәйт - хундар мен хун ордасына қараған тайпалардың
көпшілігі түрік тілдес болған.
Хундардың бір бөлегінен ІІ ғасырда Батыс Қазақстан жерінде жаңа орда
пайда болды. Оның ең күшейген кезі Еділ Мундзуқ ұлының тұсы (V ғасыр) еді.
Ол (Еділ) - аты аңызға айналған қолбасшы. Сондықтан ол "Аттила" деген атпен
көптеген халықтар әдебиеті мен тарихында белгілі.
Мысал үшін айтсақ, неміс тіліндегі жырлар мен тарихи деректерде
"Эцель", ал Скандивания халықтарының батырлар жырында "Атли", дат халқының
аңыз-жырларында "Артала", испан тіліндегі деректерде "Атила", қытай
тіліндегі деректерде "Әтил" деген атпен, ал қазақ халқының ауыз
әдебиетіндегі атадан балаға мирас болып келе жатқан жырлар мен толғауларда
"Еділ" немесе "Еділ батыр" деген атпен беріледі.

Хун ордасының пайда болуы

Еуропада бірінші рет хун тайпасы туралы 160 жылы жазған грек жазушысы
Дионис Перигет болды. Сол кезден бастап хун тарих бетінен кеткен емес.
Содан кейінгі авторлардың бірі грек жазушысы Кл.Птолемей 175-182 жылдары
хун туралы көптеген тарих деректер жазып қалдырды.
Армян тарихшыларының жобалауына қарағанда, "Дербент қорғаны" көшпелі
шапқыншылардан қорғану үшін құрылған. Сондай-ақ француздың ескі
энциклопедиясындағы және басқа бұлақтардағы тарихи деректерге қарағанда:
Хун ордасы ІІ ғасырда Каспий теңізінің жоғарғы жағында қазіргі Батыс
Қазақстан жерінде - Еділ мен Жайық өзендері аралығында пайда болған. Хун
ордасының құрамына көптеген көшпелі тайпалар кірген, хундардың ең күшейген
кезі - Аттиланың тұсында, - деп көрсетеді.
Латын жазушыларынан қалған деректерде хунды біз ІV ғасырда ғана
көреміз. Аммиан Марцеллиан (ІV ғасырдың соңы) былай деп жазған: "Хун
тайпасы (Hunnorum gens) ертедегі естеліктерде онша көп жазылмаған. Олар
солтүстіктегі Мэотий батпағының ар жағында жасайды... Жабайылық пен
қатыгездіктің жоғары сатысында...". Жабайылық пен қатыгездігіне жол болсын!
Ал Клавдии Клавдиан (ІV-V ғасыр): "Бұл хун деген халық Скифияның шығыс
жағында жасайды...", - деген мағлұмат береді.
Каспий теңізінің жағасындағы Хун ордасы жылдан-жылға күшейе берген.
Алғаш орданың негізгі құрамы Қазақстан мен Орта Азия территориясын
мекендеген көшпелі тайпалардан құралды. Олар негізінен хун тайпалары деп
аталады. Кейінірек Каспий теңізінің жағалауындағы көптеген тайпалардың
(дай, алан) қосылуы арқылы хун ордасы өте күшейді.
Әрине, уақыттың өтуімен хундар оңтүстік-батысқа қарай жылжып, өз
территориясын ұлғайта бастаған. Оңтүстік-батыстағы Қара теңіз жағалауы мен
Қырым түбегін ерте заманнан-ақ скифтер жайлайтын еді.
Бірақ дәл осы кезде скиф жерінің көп бөлегін герман тайпалары
(остготтар мен вестготтар) келіп басып алған болатын. Мал шаруашылығымен
айналысқан хундарды Қара теңіз жағалауындағы шұрайлы жерлер шексіз
қызықтырған. Хундар алан және басқа тайпаларды бағындырып, өздеріне қосып
алған. Тек алаңдардың бір бөлігі хун ордасына бағынбай, Рим империясының
территориясына кіріп кеткен. Бұл дәуірдегі хун ордасының нығаюына әйгілі
қолбасшы Балаәмір (Баламбер) көп еңбек сіңірді.
370 жылдан бастап хундар мен готтар арасында қақтығыстар басталды.
Бірнеше рет хундар остогттарға шабуыл жасайды және оларды түгелдей тізе
бүктіреді. Бұл жөнінде Рим жазушылары талай рет жазған.
Хун ордасы остгттарды бағындырған соң вестготтармен соғысады. Аландар
сияқты, Германариктің (вестгот королі) баласы Гунимуда басқарған
вестогттардың бір бөлігі хундар қарамағына кірген. Ал қалғандары батысқа -
Рим империясының шекарасына қарай қашқан.
Хундар мен вестогттар арасындағы екінші шайқас Истра (Днестр, кейбір
зерттеушілер бұл өзенді Дунай деп көрсетеді) өзенінің жағасында болды. Бұл
жерде оларды хун әскері мықтап талқандаған.
Осы үлкен жеңілістен кейін олар екіге бөлініп қашқан. Атанарих
бастаған бір бөлігі Карпат тауына қарай босса, екінші бөлігі Рим
империясынан пана сұраған. "Жеңіліс тапқан готтарды хундар аямай соққан.
Көпшілігі қаза тапқан. Хундар қашқындардың көбін ұстап алып, бала-шағасымен
қоса қырған. Осынша қатыгездіктің шегі болмаған... Қашқан готтардың тірі
қалғаны 200 мыңға жуық еді...", - деп Евнапий өз еңбегінде жазған (автордың
аудармасы). Әйгілі тарихшылар Иордан, Евнпий, Сардиец және Ам.Марцеллиан өз
еңбектерінде былай деп жазған:
"Вестгот басшылары, жалпы келісім бойынша Рим императоры Валентке елші
жіберген. Фракия мен Мезия провинциясының бір бөлігін қоныстануға бер деп
рұқсат сұраған. Рим заңының негізі бойынша олар түгелдей бағынышты болуға
міндеттелінген...".
376 жылы император Валент вестготтар өтінішін қабылдаған. Бірақ екі
жылдан кейін, 378 жылы Рим отаршыларының қысымына шыдамаған вестготтар
көтеріліс жасайды. Вестготтармен болған сол соғыста Шығыс Рим императоры
Валент қаза болды. Осылай хундар алғашқы жорығында Истраға (Днестр, не
Дунай) дейін ғана барды.
Осы жорықтан кейін Хун ордасы өте күшейді. Себебі Қырым мен Қара теңіз
жағалауындағы скифтердің және остготтардың түгелдей бағынуы Хун ордасының
әскер санын өте көбейтті.
Филостергий готтарға жасаған хун шапқыншылығын былай деп суреттейді:
"Истра (Днестр) өзені қатқан кезде мұз үстімен өткен хундар Рим
империясының жеріне баса көктеп кірді. Олар Фракиядан өтіп, бүкіл Еуропаны
тонады...". Көп ұзамай орда билігі Ульдтың қолына тиді.Ол талантты
қолбасшысы болғанымен, мемлекеттің саяси істеріне шорқақ еді, алуан
тайпадан құрылған Хун ордасын жөндеп басқара алмады. Сол себепті қырық рулы
Хун ордасы ыдырай бастады. Бірде Рим империясымен, бірде вестготтармен
соғысуға тура келді. Хун ордасының мұндай жағдайын сезген Рим императоры
соғысқа дайындала бастайды. Фракия жеріндегі соғыста құлдырап ыдырай
бастаған хун әскері Феодосии басқарған Рим әскерінен жеңіліс табады.
Ульд Днестрден (Дунай) өтіп, кейін шегінуге мәжбүр болады. Хун
әскерлерінің көпшілігі, әсіресе скифтер құлдыққа түседі.
Хун ордасын Ульд басқарған кезде Римнің екі империясымен көп қарым-
қатынас болды. 395 жылы 17 қаңтарда І Феодосий қайтыс болды, бірақ ол
Римнің екі империясының тағына екі баласын отырғызып кетті.
Ульд (латынша Ульдис) басқарған Хун ордасы заманындағы аса бір маңызды
оқиғаны осы уақытқа дейін Рим тарихын зерттеушілер бағаламай келе жатыр.
375 жылдан 454 жылға дейінгі Хун, герман және Рим империясының араларындағы
саяси жағдайды байыптап қарасақ, Рим империясы мен хундар арасындағы
соғыстар тек сөз жүзінде қалады. Ал шын мәнінде соғыс театры хундар мен
герман тайпалары арасында болған еді. Себебі осынау екі халық (екі
мемлекет) - хундар мен герман тайпалары Рим мұрасын - байлығын бөлісуге
бақталас болған еді.
ІV ғасырдың ақырынан бастап хундарға қарсы тұратын Римнің жөнді әскері
қалмады. Олар хундарға тек герман тайпаларының қалың әскерінің арқасында
ғана төтеп берді. Ал 369 жылы, яғни Хун ордасын Ульд басқарған заманда Рим
әскерінің ұлы қолбасшысы Стилихон вестготтарды талқандау үшін Ульдтен көмек
сұраған, хун әскерін пайдаланған. Міне, осы тарихи жағдай (ситуация)
көптеген зерттеушілер назарына тыс қалып келеді. Біз бұл жерде Стилихон
туралы бірер сөзбен қысқаша айтып кетуге міндеттіміз. Стилихонның шыққан
тегі - германның вандал тайпасы. Вандалдар - ол заманда Рим империясына
қарасты Испания, одан ары Гибралтар бұғазынан өтіп, Африка жерін түгелдей
басып алған мықты мемлекет, яғни Рим империясын аяқтан шалып әлсіреткен
герман тайпасы. Стилихон ұлы қолбасшы және аса білімді генерал еді, ал сол
кездегі Римнің қуыршақ императоры Гонорий болатын.
Римнің шын жанашыры Стилихон өз туыстары болса да, вестготтардың қалың
әскерлерін 396, 402, 403, 405 жылдары талқандап, империяның сол кездегі
астаналары - Рим мен Равен қалаларын күйреуден құтқарған еді. Сонда ол
вестготтардың қарсыласы хун әскерлерін де пайдаланған болатын. Әрине, іріп-
шіріген Рим империясының басшылары оның осынау қыруар еңбегі мен ерліктерін
көре алмай, 408 жылы қастандықпен өлтірді. Осы оқиғаны зерттеушілер
Стилихонның өлімін: "Рим империясының соңғы қорғаны қастандықпен
өлтірілді", - деп суреттейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұн мемлекетінің этникалық және саясты
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы жөнінде
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы
Азиядағы хундар мемлекеті
Ғұндар империясы
Хун империясының саяси тарихы
Антикалық мәдениет
Қазақстан жерін мекен еткен көне түркі тайпаларының мәдени дамуы
Ежелгі хундардың шығу тегі мен мекен-жайы
Хұн империясындағы әскери өнердің дамуы және олардың жорықтары
Пәндер