Ахмет Байтұрсынұлы туралы


№16 мектеп
Реферат
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы
(1873-1938 жж. )
Орындаған: 6 В сыныбының оқушысы Золотых М.
Тексерген: Мукатаева С. А
Алматы-2006
Ахмет Байтұрсынұлы
(1873-1938 жж. )
Ахмет Байтұрсынұлы
(1873-1938 жж. )
Үлкен ағартушы, ірі ғалым-лингвист, қоғам қайраткері. Сарытүбек деген жерде, қазіргі Торғай облысы, Жанкелдин ауданында туған. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Одан соң Орынбордағы мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. 1895-1909 жж. Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі мектептерде, орыс-қазақ училищерінде мұғалім болып қызмет атқарады.
Патша өкіметінің отаршылық саясатына қарсы күресті тым ерте бастаған Ахмет Байтұрсынұлы осы үшін 1909 жылы Семей түрмесіне қамалады. Кейін қазақ жерінен тысқары жерлерге жер аударуға үкім шығарылып, ұзақ жылдар бойы “саяси сенімсізә адам ретінде патшалық күзет қызметінің бақылауында болды.
1913 жылдан бастап “Қазақ” атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болады. Ол қазақ мемлекетін қалпына келтіру үшін күрескен “Алаш” партиясы көсемдерінің бірі ретінде де белгілі. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін А. Байтұрсынұлы біраз уақыт алашордашылар қатарында қалды, ал 1919 жылы бірқатар ғалым-зиялылармен бірге Кеңес өкіметі жағына өтуге мәжбүр болды. Осы жылдың маусым айында Ахмет Байтұрсынұлы қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комитеттің (ВРК) мүшесі болып сайланады. 1922-1925 жж. Халық ағарту комиссариатына қарасты ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болды, Халық ағарту комиссары болып сайланады, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Қазақ Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің газеті “Ақ жолда” еңбек етті. 1925-1929 жж. Қазақ халық ағарту институтында дәріс оқыды, сабақ берді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті мен сөз өнерінің дамуына айрықша еңбек сіңірді. 1909 және 1911 жылдары оның көпке белгілі “Қырық мысал” және “Маса” жинақтары жарияланды. Ахаң халықтық көркем сөз өнерінің қорын жинаушы, зерттеп, бастырушы ретінде де көптеген құнды жұмыстар істеді. Ол 1923 жылы жарияланған “Ер Сайын” эпостық жырының кіріспе мақаласын және түсіндірмесін жазды, сондай-ақ “Жоқтау” деп аталатын жинақ (1926), “Әдебиет танытқыш” деп аталатың оқу құралын шығарды. Соңғы еңбек - әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы қазақ тіліндегі тұңғыш көлемді де толымды еңбек.
Ахаң қазақ балаларын ана тілінде оқыту ісіне арнап тұңғыш оқулықтар жазды. Олардың арасында: “Оқу құралы” (1912), “Тіл құралы” (1914), “Әліпби” (1914), “Жаңа әліппе” (1926-1928) және “Баяншы” (1926) деп аталатын әдістемелік оқу құралдары балаларды оқыту ісі барысында маңызды рөл атқарды. Бүкіл бір халықтың ұлттық тілін түрлеп, әдебиетін жасап, ғылымын жетілдіріп, қоғамдық санасын қалыптастырып, ойын оятқан Ахаң секілді алып тұлғалар сирек.
ХХ ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялыларын жаппай қуғындаудың басталғаны мәлім. Сталиндік жазалау машинасының қармағына іліккендердің бірі де А. Байтұрсынұлы болды. 1938 жылы ол әуелі тұтқындалып, кейіннен атылды.
1988 жылы ақталды.
Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының үркердей жарқыраған жарқын шоғырының келбетті өкілдерінің бірі. Оның өмірі өз халқына деген, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген айнымас махаббаттың айқын үлгісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz