Ахмет Қуанұлы Жұбанов



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Қуанұлы Жұбанов — 1906 жылы 29 мамырда Ақтөбе облысы Жұрын
ауданындағы ауылдардың бірінде шаруа отбасында дүниеге келді. 1922 жылы А.
Жұбанов өзінің еңбек жолын Ауылдық кеңестің хатшысы болып бастады. 1924
жылы Оқу үйінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1925 жылы ол өзінің туған
ауылында, содан соң Темір уездік қаласында, ең соңында Ақтөбе қаласында
мұғалімдік қызмет атқарды. Ол бос уақытының бәрінде музыкамен шұғылданды.
А.В. Затаевичтің жинағымен танысу А.Жұбановтың бойындағы музыкалық
қабілетті оятуға себепші болды. Сондықтан ол Алматы ауылшаруашылық
техникумына түсуден бас тартып, Ақтөбеге ауысып және онда жергілікті
скрипкашы Чернюкпен скрипкада ойнауды үйренді, музыка теориясымен және
сольфеджиомен байыпты түрде айналыса бастады. 1929 жылы А. Жұбанов М.И.
Глинка атындағы Ленинград музыка техникумының А.А. Этизонның скрипка класы
бойынша студенті болды. Бір жылдан кейін онан консерваторияға ауыстырды.
Консерваториядағы 1930—1931 оқу жылдарында А. Жұбанов Ленинград тарих-
лингвистика институты тарих-әлеуметтік факультетінің этнография бөлімінде
қосымша дәрістер тыңдады.
1933 жылы ақпанда ҚазКСР халық ағарту комиссариаты және өлкелік
комитеті КП (б)К Алматыға жұмысқа шақырды, өйткені республика музыкалық
драмасы техникум үшін педагог кадрларға мұқтаж еді. А. Жұбанов жаңа
техникум оқу ісінің меңгерушісі болды. Қазақ халық аспаптарын жетілдіру
жөніндегі музыкалық эксперименттік шеберхана және қазақ музыкасын зерттеу
жөніндегі ғылыми-зерттеу кабинетін құрды. А. Жұбанов техникумның 11
студентінен қазақ аспаптарының ең бірінші ансамблін құрды. Нәтижесінде осы
ансамбль негізінде ҚазОАК (КазЦИК) (қазіргі Құрманғазы атындағы оркестр)
қазақ ұлттық оркестрі құрылды. 1935 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы
ұйымдастырылды, оның көркемдік жетекшісі және директоры А.Жұбанов болды.
1930 жылдардың екінші жартысында ол музыка зерттеу жұмыстарымен және
композиторлық шығармашылықпен айналысты. 1944 жылы А. Хамидимен бірге М.
Әуезовтің либреттосы бойынша “Абай” операсын жазды. 1944 жылдан бастап А.
Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясында жұмыс істеді.

Ахмет Жұбанов (1906-1968 жж.)

Жұбанов Ахмет Куанұлы - композитор, музыка зерттеуші, педагог,
дирижер, қоғам кайраткері. Ақтөбе облысында дүниеге келген. Болашақ
академик - сазгерді өнер аталатын киелі жолға бағыттаған күйші Талым мен
ауыл мұғалімі Қ. Ашығалиев деген кісілер екен. Өмірге көз қарасы
қалыптасуына жазушы Жиенғали Тілепбергенов, ағасы ғалым Кұдайберген Жұбанов
үлкен әсер етсе керек.
1919-1928 жылдары Жұбанов ауылдық кеңес хатшысы болып істейді әрі
скрипач П.Черняктан сольфеджио һәм музыка теориясы дәрісін алып жүреді.
1929-1932 жылдары Ахмет Куанұлы М. И. Глинка атындағы Ленинград
музыка техникумында (А.А.Этигонның скрипка сыныбы бойьшша) және Н. А.
Римский-Корсаков атындағы консерваторияда (профессор Ф. А. Найманның гобой
сыныбы бойынша, ал кейінірек — музыка теориясы мен тарихы жөніндегі
факультетте — Б. В. Асафевте) оқыды. 1932-1933 жылдары Ленинград өнертану
академиясының (қазір театр, музыка және кино институты) аспиранты бодды.
1933-1935 жылдары Жұбанов Алматы музыкалық-драма театрында дәріс
оқыды әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығы
Ахмет Жұбанов
Ахмет Жұмабаевтың симфониялары
Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар
Балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудегі прогресшіл қайраткерлер
Театр және музыка өнері
А. Жұбановтың шығармашылығы
Саз әлемінің сардары
Құдайберген Жұбанов қарастырған тіл білімінің салалары
Ахмет Жұбанов атындағы мемориалды ескерткіш
Пәндер