Әлихан Нұрмұхамедұлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінщі ауылында өмірге келген. Әлиханның әкесі - Нұрмұхамед, анасы - Бегімханым оқі-білімге жақын, парасатты адамдар болған. Әлиханның үлкен атасы - Бөкей, ол атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы. 1816 жылы бес мейрам - арғын Уәли билігін мойындамай, Орта жүзде екінші хандық құрады. Бөкейдің тоғыз ұлының бірі - Батыр сұлтан. Батырдың ұлдары Мырзатай мен Рүстем. Мырзатайдан Нұрмұхамед туады. Бөкейден соң Қарқаралы дуанының билігі немересі Жамантайға ауысқан. Жамантай мен Рүстем, Мырзатайлардың арасында әскер және ел билеу ісіне байланысты басараздық болып, соның нәтижесінде Рүстем мен Мырзатай Қаратау жаққа ығысқан. Бірақ олар көп ұзамай қайта оралып, Кенесары қозғалысына ат салысады.

Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын-жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы сөзсіз. Оның 1907 жылы тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың творчествосымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909 жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы-Көрпеш - Баян сұлу және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ жағдай деп айту қиын.

Жұмыс мерзімі 1896 және 1903 жылдар аралығын қамтыған Щербина экспедициясы шын мәнінде қыруар шаруа бітіріп, аталған облыстарда он екі уездерден жиналған материалдардың негізінде 13 томнан тұрған ғылыми зерттеу еңбегін бастырып шығарды. Экспедиция жұмысына қатынасу барысында Ә. Бөкейханов қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқады.

Міне осындай жағдайда патша өкіметінің отарлау саясатымен күрес жүргізу де жеңіл-желпі іс еместін. Жалпы саяси деңгейі төмен, оқыған азаматтары саусақпен санарлық қазақ қоғамы үшін бұл ауырдың ауыры еді. Студенттік жылдары және омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде марксистік бағытта тұрған Бөкейхановтың, саяси платформасының біртіндеп өзгеріске ұшырау себептерін, мейлінше, осы жағдайдан іздеу орынды болатын сияқты. Басқаша айтқанда, қазақ даласын ашықтан-ашық отарлау саясатына білек түрініп кіріскен патшалық жүйемен пәрменді күрес жүргізу үшін, әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді көздеген әрекеттер жасап, сонымен қатар орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы оппозицияда тұрған саяси күштердің қолдауына сүйену керек еді. Ал мұндай сипаттағы іске, біріншіден, жалпыұлттық мүддені түсінуге көтеріле алмаған қазақ жұртын таптық негізде бөлшектейтін, екіншіден, Ресей жағдайында ашық, ресми саяси күшке айналмаған марксистік партия бағытын ұстану тиімсіз болды.

Қалай болғанда да, Ә. Бөкейхановтың көзқарасының Щербина экспедициясына қатысқанын кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ оқырмандарының саяси көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне тұңғыш орыс революциясы ерекше ықпал етті. Патшалық отарлау аппараты өзіне қызметке даярлаған түрлі мамандық иелері арасынан шыққан қазақ зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды. Осы бағытта газет шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, көкейкесті қоғамдық-саяси талаптар қойған петициялар ұйымдастыру сияқты бұрын қазақ тарихында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады. Сан жағынан аз, әлеуметтік-саяси күресте жинаған тәжірибесі мардымсыз ұлтық интеллегенция үшін бұл жеңіл-желпі емес істерді көтеріп алып кету оңайға түспегендігі анық. Осы тарихи кезеңде ол атқарған жұмыстар арасынан мыналарды бөліп айтуға болар еді. Олар: белгілі Қарқаралы петициясын ұйымдастыру және өлкеде Россиялық конституциялық демократиялық партияның жергілікті филиалын құру жолында жасалған әрекет. Сол тұста жалпы қазақ қоғамының саяси өмірінде жаңалық есебінде болған бұл оқиғалардың Ә. Бөкейханов қызметіне тікелей қатынасы болғандықтан, олардың тарихи және қоғамдық-әлеуметтік астарына қысқаша тоқталып өтейік.

1905 жылы маусым айында Қоянды жәрмеңкесінде жазылған Қарқаралы петициясында қазақ қоғамының негізгі ұлттық мүддесі есебінде мынадай талаптар қойылды: діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою; ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер ашу; қазақ халқының мұң-мұқтажын талқылауға қажет құрал-цензурасыз газет шығаруға және баспахана ашуға рұқсат беру; жаппай қоныстану қарқынының күшейіп, құнарлы жерлердің қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындау; мемлекеттік аппаратта, сот орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу, олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою т. с. с.

Бүкіл елдік наразылықтың қазақ қоғамына бұдан бұрын тән емес петиция түрінде көрінуіне түрткі болған тұңғыш россиялық революция да, ал оны жазған азаттық қозғалыстың басына келген жаңа әлеуметтік күш - ұлттық интеллигенция өкілдері еді. Деректік материалдардағы көрсетулерге қарағанда петиция авторларының қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және басқа сол кезеңдегі белсенді қазақ интеллегенттері болған.

Жандарм орындары шамамен петиция авторы деген кісілерді сеператтық насихат, билікке қарсы әрекет жасады сияқты түрлі айыптармен қуғынға алып, абақтыға жапты. Бұдан былайғы кезеңде қазақ даласындағы патша жандармериясы басқа революциялық күштермен бірге қазақ демократиялық интеллегенциясын де қуғынға ала бастады, сөйтіп, қабырғасы қата қоймаған ұлттық демократиялық интеллегенция халық тарихындағы азаттық күрестің жаңа бетін ашты.

Өзінің бастапқы саяси күрес кезеңінде самодержавиялық билікті ұтымды сынға алып, оған қарсы оппозицияда болған конституциялық-демократиялық партияның Қазақстанда бөлімін ашуға ынта білдіргендердің қатарында Ә. Бөкейханов та болды. Ол 1905 жылдың соңында басқа да қазақ интеллигенттерімен бірге Оралда бес облыстық делегаттық съезін өткізіп, «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру шарасына қатынасады.

Біз қарап отырған мезгілде империя өмірінде үлкен саяси оқиға болған Мемлекеттік Думаның жұмыс жасай бастауы еді. Қазақ зиялылары алғашқы кезеңде Дума, белгілі дәрежеде, қазақ елінің өзекті мәселелерін шешуге көмегін тигізеді деп түсінді. Ә. Бөкейханов I Мемлекеттік Думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды.

Ә. Бөкейханов I Мемлекеттік Дума жұмысына қатынаса алмайды. Өйткені ол Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз үш ай Павлодар абақтысында отырады. Ал абақтыдан шығып Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә. Бөкейханов та солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қояды.

Сонымен бірінші орыс революциясынан кейінгі кезеңде қазақ оқығандарының алғашқы ізденіс нәтижесінде жасаған тұжырымы - қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен алып шығатын жол Россия арқылы жеткен дамудың батыстық нұсқасы, басқаша айтқанда, буржуазиялық қатынастарға жол ашу еді. 1910 жылы жарық көрген мақаласында Ә. Бөкейханов ол туралы былай деп жазды: «Таяу болашақта далада қырғыз арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы ықтимал. Олардың бірі ұлттық-діни атанып, мақсаты қазақтарды басқа мұсылмандармен біірктіру болмақ. Екіншісі - батыстық бағытта . . . Алғашқысы үлгі ретінде мұсылман татар партияларын алса, соңғысы - орыс оппозициялық, мәселен, «халық еркіндігі» партиясын алуы мүмкін».

Бөкейханов қазақ жұртын батыстың озық мәдениетінен үйренуге шақыруын бұдан кейінгі жылдарда да қойған емес.

Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған публицистикалық мақалаларына зер салсақ, оның батыстың, Ресейдің, демократиялық дәстүріне жақын болды ажырату қиынға соқпайды. Осы басылымда В. Г. Короленконың алпыс жылдық мерей тойына байланысты қазақ оқушысына жолдаған ашық хатында Бөкейханов былай деп жазды: «Балқан соғысы алғаш басталғанда болгар патшасы бұл соғысты крест пен ай соғысы қылмақ болды, осы ант ұрған сөзді орыстың, болгардың талай газетасы көтеріп алып кетіп, соғыс хайуандығын осылайша паналамақ болды. Сонда Короленко хат жазды, «Крест һәм жарты ай» деп. Бұл хаттың әдемілігі менің жаман қаламыма сыймайды… Қысқа сөз мынау: қай соғыс болса да хайуандық, крестпін деп түрік қаласын алғаның, қатын, балағ, кемпір, шалды өлтіріп отырған жоқ па? Бұл хайуандық емес пе? Болгарға, түрікке қай патшаның қол астында болса бақытты болғаны керек. Соғысты қылып отырған жұртты бастап жүрген ант ұрғандардың не керегі бар? Түрік те, болгар да ағайын, дос болатын адам баласы емес пе?. . »

Германия жұмысшы қозғалысының көрнекті өкілі А. Бебельдің қаза болуына байланысты жариялаған мақаласында да Бөкейханов қазақ оқушысын қайраткердің бұқара ісі үшін күресімен, неміс жұртының демократиялық дәстүрімен таныстырып, мақаласын қазақ жұртына Бебельді үлгі етумен аяқтайды. Оның түсінігі бойынша халық пен халықты жақындастыратын көпір - демократиялық мәдениет, дәстүр.

Қоғамдық күрес жолына түскен жас қазақ интеллегенциясының алдына көлденең тартылған өзекті жайлардың бірі - ел тағдырына қатысты жер мәселесі еді.

Екінші пікірдегілер көшпелі шаруашылыққа үйренген қазақ отырықшы нормамен үлес алып, көндігіп кете алмайды, мұндай норма тек жері құнарлы, бұрыннан егіншілік мәдениетін игерген аудандарға ғана келеді, ал оны шығарған үкімет орындарының түпкі мақсаты еппен, айламен қазақ жерін көбірек алу және қазақтардың өз ризашылығымен алдық деген пікір туғызу деп түсіндірді.

Мәселенің егжей-тегжейін халыққа түсіндіруге көп күш салған «Қазақ» газеті бетінде бұл тақырып бойынша дәлелді, терең ғылыми, публицистикалық мақалалар жариялаған Ә. Бөкейханов болды.

Бөкейханов келтірген дәлелді, ғылыми негізді пікірлердің бірі - егіншілікке өтудің жеңіл емес, бұл кезекте жердің табиғи ерекшеліктері мен халықтың психологиялық даярлығын еске алу қажеттігі туралы пікірі еді. Ол былай деп жазды: «Жердің көп-азына қарамай, жердің хауасына қарай адам баласы мал баққан, ия егін салған», Қазақ жері мал кіндігі, мұнда бұрын қай жұрт жүрсе мал баққан.

Бөкейханов орманшы-ғалым ретінде шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне өту жеңіл-желпі нәрсе емес екендігін, ол үшін түрлі әзірліктердің қажет екендігін терең түсінді, мақалаларында халыққа мәселені осы тұрғыдан түсіндіруге күш салды.

Тарихи әділеттілік үшін атап айту керек, «Қазақ» газеті Бөкейханов және оның серіктері қазақ халқының отырықшылдыққа көшуіне емес, отырықшы норманың отаршыл мазмұнына, аңқау елді алдауды көздеген астарына қарсы шыққан болатын.

Міне, сондықтан да мәселенің осы қырын түсінуге шақырған «Қазақ» газеті мен Ә. Бөкейхановтың әрекетін қазақ байлары мен буржуазиясының таптық мүддесін қорғады деп бағалау, әрине, тым біржақтылық болар еді. Қазақстанды отарлау қарқыны мен әдісінің жаңа өң алуы тұсында олар ұлттық мүдде тұрғысынан да сөйлеген болатын. Баспасөз үстінен бақылаудың күшейген жағдайында өзі ішкі Россияда айдауда жүрген Бөкейхановқа патшалық әкімшіліктің отарлау саясатын әшкерелейтін мақалалар жазу оңайға түскен жоқ. Тек айтқан ойларының дәлелді, негізділігінен ғана ол патша жандармдарының жазасынан құтылып отырды. Өз кезегінде жер мәселесі бойынша Бөкейхановтың біліктілігін патша чиновниктері де мойындауға мәжбүр болды.

1918 жылға дейінгі қазақ қоғамының саяси және рухани өмірінде аса үлкен роль атқарған «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуінде Ә. Бөкейхановтың атқарған еңбегі аса зор.

1913 жылдың ақпанынан шыға бастаған «Қазаққа» дейін жалпы ұлттық газет шығару әрекеті ілгері баспаған. Оның газет шығару ісіндегі мол тәжірибесі 1896-1907 жылдары «Степной Край», «Иртыш», «Омичь», «Голос степи» сияқты газеттерде істеуі, Мемлекеттік Дума депутаты ретінде сол кезеңдегі Россия жоғары билік орындарына жақын адамдармен тікелей таныс болуы «Қазақты» ұйымдастыруда аз роль атқарған жоқ. Газеттің алғашқы сандарынан бастап ол «Қыр баласы» атты жамылғы есіммен мақалалар жазып, ең күрделі және өзекті мәселелер бойынша негізгі авторға айналды.

Газетті ұйымдастыруда Бөкейхановтың еңбегін өз дәрежесінде бағаламау да әділетсіздікке жатар еді.

Қазақ газеті бетінде Бөкейхановтың қалам тартқан негізгі тақырыбы, әрине, жер мәселесі болды.

Бөкейханов 1917 жылғы революциялық өзгерістерге дейін де қазақ шаруасының әлеуметтік жағдайымен жақсы таныс болатын. Бұл келтірілген пікірлер Бөкейхановтың қоғамдағы таптық қатынастардан жақсы хабардар екендігін білдірсе керек. Бірақ, ол бұл кезеңде бірінші кезекке әлеуметтік-таптық емес, жалпы ұлттық, демократиялық мәселелерді қойды.

Қазақстан Ресей құрамына енгеннен кейінгі кезеңде патшалық аппарат саналы түрде қазақ қоғамындағы түрлі әлеуметтік-саяси топтар тарапынан ұлт көлемінде мемлекеттік тұтастыққа ұмтылушылық тенденцияларына қарсы «бөлшекте де билей бер» саясатын жүргізіп, саяси бірлік идеясын жөргегінде тұншықтырып отырғандығы мәлім.

Осы тарихи кезеңдегі қоғамының прогресті элементтерінің мемлекет туралы ұғым-түсінігін, бағыт-бағдарын, Бөкейхановтың еңбектері арқылы байқауға болар еді.

Бұл мәселені арнай қарауды мендет етіп қоймағандықтан, оның ең негізгі жақтарына ғана тоқтала кетейік. Бөкейханов ұлттық еркіндік пен дамудың алғышарты ұлттық мемлекеттің болуы да түсінді.

Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы болар емес; жерге байлаулы автономия болмақ. Ішіміздегі орыс мұны мақұлдайтын көрінеді. Көп ұлттылық елдің экономикалық, саяси және мәдени дамуына қажет қолайлы фактор болмақ. Мәдени және саяси мешеулік ұлттық мемлекет құрудағы негізгі кедергілер екенін айтып, осы кемшіліктерден құтыла келіп, түпкі мақсат саяси дербес мемлекет түзу болатындығын Бөкейханов жасырмай ашық білдірді де.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан жаңғырығы. Ә.Бөкейханов өмірі мен өлімі.
Ә.Бөкейхан – қазақ халқының ұлы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастарындағы жер мәселесі
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарастарындағы жер мәселесінің философиялық аспектілері
Алихан Бөкейханның ролі
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тарихы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Абайтанудың негізін қалаушы
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz