ӘБУ ӘЛИ ибн СИНА туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ӘБУ ӘЛИ ибн СИНА

ӘБУ ӘЛИ ибн СИНА, Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллаһ (лат. транскрипциясы - Авиценна; 980, Бұхара қ. жанындағы Афшана а. - 18. 6. 1037, Хамадан) - ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. Орта Азияда және парсы жерінде (Иранда) өмір сүрген; түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер аткарған.

Басты философия еңбектері - «Дауа кітабы» («Құтқару кітабының» қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), «Өсиеттер мен кеңестер кітабы», «Білім кітабы» (парсы тілінде, «Данеш наме») .

Әбу Әли ибн Сина философиясы метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі дәстүрін, бір жағынан неоплатондық онтологиялық концепциясын дамытады.

Әбу Әли ибн Сина пікірінше тек кұдай ғана абсолютті тіршілікке ие, қалғандардың бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа енуі тек кұдайдың құдіретімен болатын жәйт. Әйтсе де құдай жаратқан табиғат уақыт пен кеңістік ішінде бола тұрып, эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі өзіндік қозғалыс принципі бойынша дамиды.

Әбу Әли ибн Синаның әлеуметтік ілімінде әділетсіз қоғамға қарсы қарулы көтерілістер жасауға дейін баруға болатыны туралы ой бөлекше есте қалады. Мұсылмандық дін ілімі өкілдері (әсіресе, Әбу Мұхаммед Ғазали) Әбу Әли ибн Синаны «дін бұзарлығы» мен «атеизмі» үшін айыптаса, Әбу-л-Уәлид Мүхаммед ибн Рушд оны натуралистік көзқарасы үшін сынға алады.

Әбу Әли ибн Синаның философия және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер қатарында келеді.

Әбу Әли ибн Синаның араб және парсы тілдерінде азын-аулақ өлеңдері сақталған. Оның поэтикалық шығармаларына арқау болған тақырыптар - материяның мәңгілігі, ағартушылық пен ғылымды уағыздау. Өлеңдерінің өзіндік белгілері - афоризмге толылығы, көркемдік бейнелеу әдістерінің қарапайымдылығы. Парсы тіліндегі өлендерінің басым бөлігі рубаяттар түрінде жазылған.

Әбу Әли ибн Сина шыгармалары классикалық парсы, араб, өзбек және орта ғасырлардағы еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған.

Әбу Әли ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап шұғылданды. Жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң, ол кітаптардан ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай медицина негіздерін ңңдеп жетіктірді. Әсіресе, ескі юнан (грек) жұртының атақты дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысты, олар айткан қағидаларды толықтырды, қатесін түзетті, ескірген ұғымдарын алып тастады. Әбу Әли ибн Сина арқасында Гиппократ пен Галеннің даңкы қайта жайылды, өйтпегенде Еуропада олардың еңбегі түгіл есімі де ұмытыла бастаған еді. Оның кұрделі туындысы - «Дәрігерлік ғалымның каноны» («Китабәл-қанун фи-т-тибб»), бұл - көл. 200 баспа табақ, 5 кітаптан тұратын медицина энциклопедия. Араб тілінде сан рет көшірілді.

Латынша аудармасы 12 ғ-да жарық көріп, аз уақытга бүкіл дүние жүзіне таралды. Күллі Шығыс пен Батыста Әбу Әли ибн Сина осы кітап арқылы 5 - 6 ғ. бойы медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы болды, «Медициналық ханзада», «Шейх ур-райс» деген ұлы есімге ие болды. Баспа әдісі пайда болғаннан кейін «Канонның» басылуы Інжілмен бәсекелес өтті.

Араб тіліндегісін санамағанда латынша аудармасы 30 шақты рет басылды. «Канон» орыс, өзбек тілінде ғалымның 1000 жылдық салтанатына байланысты Ташкентте (1954-60) басылып шықты. «Медицина - саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым», - дейді автор. «Медицинаның бір бөлігі - білім, екіншісі - амал, мұның екеуі де ғылым, біреуі медицинаның түп негізі болса, екіншісі - амал жасау ережелері».

Әбу Әли ибн Синаның ең негізгі насихаты - саулықты күні бұрын сақтау. Бұл жөнінде оның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Бұл ережелер осы кұнге дейін маңызын жойған жоқ. Ал ғасырлар бойы бұған еліктеп жазылған кітаптар да өте көп. Саулық сақтау жолдарын Әбу Әли ибн Сина былай деп көрсетеді: «Дене құрылысының гармониясын бір қалыпты ұстау, тағам мен ішімдікті талғау, дәрет тәртібін мұхияттау, киім мен ауа тазалығын ұстау, дене мен рух бірлестігін көздеу, ол үшін ұйқы тәртібін бұздырмау. Дене шынықтыру үшін жаттығулар әр адамның жасына, күшіне сәйкес әр қилы болуы қажет. Орта жастағаларға салт атпен қыдыру, ал қуаты азайған егде кісілерге жаяу жүру пайдалы. Сол сияқты бозбалаға шарт тағам қарттарға зиянды бояуы ықтимал. Жасы келіп қартайған шақта ұйқыны көбейту, жылы сулы бұлау қабылдау, қышқыл, тұзды тағамды азайтып, сүт коректерін, өсімдіктерді әсіресе, сарымсақ, қызылша мен капустаны көбірек пайдалану керек», - дейді. «Канон-дағы» саулық сақтау үшін дәрігерлер қолданатын ережелердің ең маңыздысы - қанағат. Тамақтануда, шарап ішуде, дәрі пайдалануда, нәпсіге де, қомағайлыкқа да жол бермей, қанағат ету. Әбу Әли ибн Сина калдырған мұраның ішіндегі ізгісінің бірі - ауру-кеселді қоздырмас үшін күні бұрын шаралар қолдану. Бұл жөніндегі ережелер тек дәрігерлерге арналған уагаз ғана болған жоқ, ғасырлар бойы қоғамға пайдалы ережеге айналды. Мысалы, сол дәуірде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз сияқты қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз су тазарту тәртіптері өкімет тарапынан қадағаланып отырды. Бұл төртіптер Әбу Әли ибн Синаның және оның шәкірттерінің ықпалымен жүзеге асырылды. Таң қаларлық жағдай: Әбу Әли ибн Сина кесел-аурулардың жұғуы көзге көрінбейтін өте ұсақ нәрселермен байланысты деген пікір айтты. «Бұзылған, иістенген су ішті бұзады, ал бұзылған ауа шешек, оба кеселдерін қоздырады. Аурудан сақтану үшін ауыз суды сүзіп, қайнатып ішу шарт», - дейді ұлы ғалым.

Әбу Әли ибн Сина ауру-кеселдің түрін анықтауға, жалпы емшілікке, хирургияға аса көп көңіл бөлді. Әр түрлі мүшенің зақымдануы, жара, жарақат, қызба ауруларын толық сипаттап жазды. Науқастың реңі, бет-әлпеті, тамыр соғуы, зәрдің түсі мен түрі арқылы ауру кезеңін байқауды замандастарына үйрете білді. Кеудені түрткілеу арқылы өкпе нұқсанын аңғару әдісін кең пайдалана білген. Бұл диагностикалық әдіс Еуропада 18 ғ-да қайта табылып, кең өріс алды. Әбу Әли ибн Сина келтірген көптеген ауру-кеселдер сипаты осы уақытка дейін маңызын сақтауда. Мысалы, өткен 1000 жылдың ішінде кұтыру ауруының жұғу жолдары, бастамасы, қозуы тіпті өзгеріссіз деуге болады. Ал Еуропада бұл кеселдің толық белгісі тек 18 ғ-да ғана сипатталып жазылды. Көздің кұрылысы мен калай көретшдігіне оның берген ұғымы осы күнге дейін қалпында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбуәли ибн Сина- ғалым, пәлсапашы
Әбу Әли ибн Сина
Әбуәли ибн Сина
Ибн Синаның медицинаға қосқан үлесі
Ибн Синаның философиялық мұрасы
Ибн Сина философиясының батыс әлеміне ықпалы
Ибн Синадан қалған сөз
Ибн Сина және оның еңбектері
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz