КҮРЕСПЕН ШҰҒЫЛДАНУДЫ НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК


КҮРЕСПЕН ШҰҒЫЛДАНУДЫ НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?
Осындай жаттығуларды санамалап келіп, қазақша күресте балуанның шеберлігін шыңдауға әсер ететін жаттығулардың легін былай көрсете аламыз.
Қазақша күрес ер жүректілер мен күштілердің ғана мұрат тұтқан ісі деп аталып жүр. Шын мәнінде солай. Бірақ қарап, тек қана табиғи күш болса күресті қолға алу керек екен деп сыңаржақ түсінуге болмайды. Ал күштілік, батылдық, төзімділік сияқты қасиеттер мен болаттай берік денсаулық тек ұзақ толмай жаттығу негізінде ғана пайда болады. Сондықтан спорттың бұл түрімен жас жеткіншектер неғұрлым ерте айналысса, соғұрлым олардың тез шыңдалып, шынығып кетуіне болады.
Нағыз балуан болу үшін адам өзін көп нәрсеге бағындырып, барынша көп жаттығуға ықылас қою қажет. Міне, сонда ғана адамның денесі шыныға түседі.
Жаттығу кезінде күрес секциясына жаңа келген жасөспірімнің жарақаттанып қалуы да мүмкін. Күрес болғаннан кейін мұндай кездейсоқ оқиғалар болады. Қиындықсыз биікке көтерілу мүмкін емес. Мұндай жағдайда жаттықтырушы не мұғалім жарақаттанған жерге суық компресс қойып, созылған бұлшық етті мықтап таңып тастау керек. Содан кейін дереу дәрігермен хабарласқан жөн. Бәрінен абзалы әрбір сабақты бастар алдында мұқият бой жазған дұрыс. Біз енді сабақ алдындағы бой жазудың бірнеше түрі - жаттығуымен таныстырамыз.
1- жаттығу. Аяқ арасын ашып, кеудені тік ұстап, қолды екі қапталға түсіріп тұру керек. Одан кейін жайлап, қапталмен екі қолды жоғары көтереді. Спортшы аяғының ұшына тұрып, еркін дем алады. Қайтадан қолды жайлап төмен түсіреді. Мұны
5-7 рет қайталаған жөн.
2- жаттығу. Аяқтың арасын ашып, қолды созады. Сөйтіп қолды оңға не солға қарай жайлап айналдырады. Бұл алғашқыда жай басталады да, содан кейін барынша тездетіле түседі. Айналасы үстінде демді бір қалыпты алып отыру керек. Жаттығу 3-4 рет қайталанады.
3- жаттығу аяқтың арасын ашып, алақанды төмен қаратып қолды алға созады. Бір мезетте бір қолды жоғары екінші қолды төмен түсіріп мегіне жеткенше артына созады. Осылай алма кезек қайталап жаттығуды 10-12 рет жасайды.
Зерттеудің қортындысы
Жаттығу түрлерін тек қана балауандар жасайды деуіміз қате. Кез- келген спортқа деген сүйіспеншілігі бар адам, күнделікті әр түрлі жаттығулар жасауға болады. Тіпті жаңа өсіп келе жатқан жас нәрестені де дене мүшелерін қозғалту арқылы түрлі жаттығулар жасатуға әбден мүмкін.
Себебі, жас кейінде дене бұлшық еттері босаң болып тұрады, осы кезде әр түрлі қимылдар жасатса, бұлшықеттің бірқалыпты, әрі жақсы жетілуіне үлкен әсер етеді. Бұл жаттығулар тек бұлшық еттерге ғана емес, адамның жүйке жүйесіне, мидың дұрыс жұмыс атқаруына, қан айналымға, ішкі органдардың қалыпты қызмет жасауына пайдасы ұлан асыр.
Ұзақ жаттығулар арқасында балуандар ептілікке, шапшаңдыққа, белсенділікке шыңдайды. Кез келген жарыста үздік нәтиже көрсету үшін арнайы және жалпы жаттығулардың әсері зор. Осы жаттығулар спортшы күшіне күш қосса, ал еді бір легі жарысқа түсер алдында салмақ дәрежесінің қалпына келуіне көмектеседі. Зерттеуді қорытындылай келе, арнайы және жалпы жаттығулардың балуанның әдістемелік дайындығына әсері өте зор. Осы зерттеуіміздің негізгі мақсаты спортшылардың үздік нәтижеге жетуіне керекті жаттығулардың маңызын ашып көрсету, және пайдалану ережелерін ұсыну.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz