Экология мен адамның денсаулығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Жоспар 1
Экология мен адамның денсаулығы 1
Биосфера ыдырауындағы техногендік факторлар 2
Химиялық ластану. 3
Радиациялық ластану 7
Полигон және қоршаған орта 9
Денсаулық-зор байлық 11
Арал теңізі бассейнінің бүгіні мен ертеңі 12
Айдындар тағдыры адамдар қолында 18
Арал — өтелмеген борыш 21
Аралды құтқару — ортақ парыз 26
Адам-Жер сәбиі 27
Пайдаланылған әдебиеттер 28

Экология мен адамның денсаулығы

Адам организмнің қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне төзу қабілетін оның
экологиялық төзімділігне (адамның) жатқызамыз.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша
денсаулық жеке адамның толық физикалық, психикалық және әлеуметтік
саулығының субьективті сезімі және обьективті күйі.
"Денсаулық" термині аса көп жоспарлы, оның медициналық критерилері оңтайлы
еңбек қабілеттілігі және әлеуметтік белсенділік ұғымдарымен толығады. Жақсы
денсаулық әлеуметтік, экономикалық және жеке дара дамудың басты ресурсы,
соңдай-ақ тіршілік санасының аса маңызды параметрі болып табылады.
Қоғамның денсаулығы және өмірдің жалпы ұзақтығы биологиялық (тұқым
қуалаушы), табиғи және әлеуметтік факторлармен анықталады. Денсаулық
адамдар мен тіршілік ортасының арқасында жасалып, күнделікті өмірде
сүйемелденеді. Соныменен халықтың денсаулығы сол елдің экономикалық
дамуының деңгейімен және хал-ақуалымсн тығыз байланысты.
Денсаулықты сақтауға қажетті шарттар таза ауа мен су, жоғары сапалы
азық өнімдері, флора мен фаунаның барлық сан алуандығы болып табылады.
Халықтың денсаулығының стратегиясын жасауда шешілуі басты әлеуметтік
инвестиция мен моралдық құндылықты құрайтын экологиялық проблемаларды
ескеру қажет.

Биосфера ыдырауындағы техногендік факторлар

"Қоршаған ортаның ластануы" ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану
деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және
биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа
көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл
түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды
әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын заттар (мысалы, химиялық заттар).
Экологиялық тұрғыдан ластану обьектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып
табылатындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи орта бір заттардың тым
көптігі немесе онда басқа заттардың болуы (жаңа қоспалардың) экологиялық
факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар
өзінің шынайы мәнінде экологиялық факторлар болып табылады. Демек, бұл
факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қаңдай да организмнің (немесе
қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талантарынан ауытқиды.
Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция
қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың өнімділігі де кемиді.
Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат ластаушы
агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас
бөліктер (ннгридиештер) деп атайды, Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы,
жанартаудың атқылауы, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң, т.б.), антропогенді
де (қоғамның іс-әрекетгілігнің нәтижесінде) текті бола алады.
Ортаның ластануы - күрделі, көп түрлі үрдіс. Өндіріс қалдықтарындағы
химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқыда болмаған жерлерге тап болады.
Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына
кіретін молекулалармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде
тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып
табылатыны түсінікті.
Ластану түрлеріпің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынша
ластанудың екі түрін қарастыруға болады:
- адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын
ластанулар;
- адамдардың іс-әрекетінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар;
бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлері үлкен үлес қосады.
Ластаушылардың табиғаты бойынша ластаудың мына түрлерін айырады:
1) биологиялық ластану — экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу
және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай-ақ
бактерологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;
2) физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық
және т.б.);
3) химиялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы).
Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады.
Біріншілік ластануға - биосферадағы табиғи және антропогенді процестер
арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластануға
қоршаған ортадағы физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде орта мен
адамдарға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға
ауадағы әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды
келтіруге болады (смог).
Кеңістіктік түрғыдан бүкіләлемдік, аймақтық және жергілікті қоршаған
ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның,
(литосфераның) және атфосфералық ауаның, жербеті мен жерасты суларының және
топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын
ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% - ауамен, ал 10% - сумен бірге түседі.
Химиялық ластану.
Химиялық ластануға қоршаған ортаның табиғи, табиғи-антропогенді және
антропогенді процесстер немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық-
химиялық процесстер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуьн жатқызамыз.
Айта кету керек, дамуы жоғары елдерде соңғы екі-үш онжылдықта қолданған
шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға
түсіп, бірінші орынға радиоактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізде
қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.
Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4-5 млн. түрі белгілі. Олардың
саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен
(тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы
заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос — жат, биос - өмір) деп атайды.
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның
ластануын айырады. Қоршаған ортаның компонеттері мен ластану орындары
бойынша химиялық ластануды келесі түрлерге боледі:
1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін
жерлер);
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
3) жербетілік және жерасты суларының;
4) топырақтың;
5) тамақтың және т.б.
Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдсгі өндіріс
қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
2) ластаушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап сақтайтын
шаруашылықтар;
3) ластаушы заттар келіп тұратын (транстекаралык. жылжу)
аймақтар;
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын-шашын, тұрмыстық,
өндірістік және ауылшаруашалық қалдықты сулар.

Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфералық ауаның ластануы адам
организміне тікелей әсер етеді, ал атмосфераның ластануы (бүкіләлемдік
деңгейде) - жанама түрде климаттың өзгеруі арқылы, биосферадағы азон
қабатының бұзылуымен, қышқылдық жауынменен әсер етеді. Ауаны ластаушы
заттардың негізгі түрлеріне: атмосфералық газдар (азоттың, күкірттің,
көміртектің газдары), көмірсутектер (хлор-, азот-, фтор-, фосфорлы заттар),
фенолдар, альдегидтер, ауыр металдардың аэрозолдары мен басқа да
органикалық және минералды заттарды жатқызамыз. Бұлардың көбісі улылығы мен
канцерогендік қасиеттері арқасында онкологиялық ауруларға әкеледі.
Россиялық ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша (1994) атмосфералық
ластанудың әсері 3 пен 6 жастағы балаларға (3,3 есе) және 60 жастан асқан
кәрі (1,6 есе) тұрғылықты халықтъң денсаулығына үлкен зиян әкелетіні
дәләлденді. Металлургиялық өндірісі дамыған қалаларда жасы үлкен тұрғылықты
халық көбінесе қан айналымы (1,5 есе) мен асқазан (1,7 есе) ауруларымен, ал
балалар бронхты демікпе (1,5 есе), асқазан және кез ауруларымен жиі
ауырады.
Ауаны негізгі ластаушылар қатарына ауаға қорғасынды, көміртек оксидін,
альдегидтсрді, шаңдарды, әр түрлі газдар мен ароматты көмірсутектерді
(бензапирен, фенагпрен) және т.б. Шығарып тұратын автотранспортты, жылу
электростанцияларын, металлургиялық мұнай өңдіретін және т.б. химиялық
өндіріс орындарын жатқызады.
Жоғарыда келтірілген ауада болатын химиялық заттар тек қана
адамдардың денсаулығына ғана әсер етіп қоймай, соңдай-ақ қоршаған ортаның
жағдайына да әсер етеді. Табиғи экожүйедегі бұл әсерлер әр түрлі және
толығынан зерттелмеген. Мысалы, кейбір газдар (көмертек оксидтері) аз
мөлшерде өсімдіктердің өсуі мен дамуына жағдай жасаңды, алайда олардың
ауадағыы мөлшері көп болған жағдайда олар кері әсер етеді. Мысалы күкірттің
қос тотығы өсімдік жапырақтарының клеткаларының тіршілік әрекетін тоқтатып
тастайды. Соның нәтижесіңде өсімдік жапырақтарында алғашқыда қоңыр
таңабалар пайда болып, соңыңда кеуіп қалады.
Су қоймаларыиың ластануы. Халық санының өсуіне байланысты көп елдерде
ауыз суға деген сұраныстың көбеюіне қарамастан, қазіргі заманның негізгі
мәселелерінің бірі өзендердің, көлдердің және жерасты суларының ластануы
болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мағлұматтары бойынша қоршаған
ортада түсетін барлық химиялық заттардың 80%-ті ерте ме кеш пе таза су
көздерімен қосылады. Жыл сайын бүкіләлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі,
бұл сулар 7 мың км3 таза суды бұлдіре алады. Су қоймаларының негізгі
ластаушылары:
1) құрамында өнеркәсіптік тегі бар атмосфералық жауын-шашындар;
2) қаланың қалдықты сулары (тұрмыстық, канализациоңдық сулар);
3) өнеркәсіптің қалдықты сулары;
4) ауылшаруашылығьның қалдықты сулары (үй жануарларының кешендерінің
нәжістері, егіс далаларындағы удобрениялар мен пестицидтердің жауын-
шашынмсн және көктемгі қардың еріген суларымен шайылуы).
Су қоймаларының негізгі ластаушысына толық тазартылмайтын
өнеркәсіптік қалдықты сулар жатады. Сондықтан да көптеген өзен сулары мұнай
өнімдерімен, ауыр металдармен, органикалық және минералды заттармен,
пестицидтермен ластанған. Қалдық сулардың тазартылмай су коймаларына
құйылуы ластаушы заттардың тұнба түрінде үлкен мөлшерде жинақталуына
әкеледі. Мысалы, Қарағанды облысындағы "Карбид" енеркәсіптік өндірісінің
кеп жылғы қалдық суларының тазартылмауы нәтижесінде Самарқанд су қоймасы
мен Нұра өзенінің табанында көптеген тонна улы сынап жиналып, қазір ол
үлкен мәселеге айналып отыр.
Адам өміріне де және табиғи экожүйеге де тұрмыстық қалдықты сулардың
құрамында болатын синтетикалық кіржуғыш заттар үлкен зиян әкеледі. Олар су
бетін көбікпен жауып тастап, суға оттегінің түсуіне кедергі жасайды. Су
қоймаларының экожүйесіне ауылшаруашылық қалдықты суларымен келетін
құрамында азот, фосфор және тағы да басқа биогенді элементгер бар
органиканың зиянды әрекеті де өте үлкен. Осы заттардң әсерінен су
қоймаларында эвтрофикация процесі дами бастайды. Бұл биогенді
элементтердің көмегімен судағы организмдердің биологиялық өсуінің
жылдамдауына әкеледі, осының нәтижесінде суда жалпылама фитопланктондардың,
көк-жасыл шылаулардың, жоғарғы су өсімдіктерінің көбеюі басталады да, су
күңделікті тіршіліке жарамсыз болып қалады.
Топырақтың ластануы. Топырақтың табиғи және антропогенді ластануын
айырамыз. Табиғи ластану биосферадағы табиғи процестердің нәтижесінде
топыраққа атмосферадан, литосферадан, гидросферадан әр түрлі химиялық
заттардың түсуі арқылы, мысалы, тау жыныстарының желмен ұшуы немесе жаңбыр
мен қар сулары арқылы жүреді. Табиғи экожүйе мен адам денсаулығьна ең үлкен
зиянды топырақтың антропогенді ластануы әкеледі. Негізгі ластаушылар
қатарына пецтицидтер, тыңайтқыштар, ауыр метацдар, канцерогенді әсерлі
құрамыида хлор-, фтор-, фосфор сияқты элементтері бар тағы басқа өндірістік
заттар жатады. Айта кету керек, адам организміне түсетін зиянды заттардың
70%-ті тамақ өнімдеріндегі пецтицидтер мен тыңайтқыштардың нәтижесінде
болады.
Пестицидтер - зиянды жәндіктерді (инсектицидтер), арам шөптерді
(гербицидтер), саңырауқұлақтарды (фунгицидтер) және т.б. құртуға арналған
адам өміріне қауіпті химиялық заттар. Бүкіләлемдік шығарылатан
пестицидтердің 45%-тін инсектицидтер, 40%-тін гербицидтер, 15%-тін
-фунгицидгер, 10%-тін күнделікгі тұрмыста қолданатын басқа химиялық заттар
құрайды. 80-шы жылдардың соңында ауылшаруашылығында қолданылған
пестицидтердің орташа нормасы 1 га 2 кг құрады, басқаша айтқанда 1,4
кгадам болды. Көптеген пестицңдтер топырақта ұзақ уақыт бойы сақталады
және трофикалық тізбек бойынша жинақталып, адам өміріне зиянды мөлшерге
дейін көбейеді.
Тірі организмдердің метаболизміне сыртқы химиялық ортаның сапасының
өзгеруінің теріс ықпалы соңғы кездері ''экологиялық қақпан" деген атау
алды. Мұндай қақпанның мысалы ретінде метилсынаптың (СН3Нg) адам
ағзасындағы физиологиялық үрдістерге әсер етуін ("Минимат" ауруы), сондай-
ақ кейбір пестицидтердің - өсімдіктердің қорғану құралының әсерін (лат.
пестис - зиянкес, циде - өлтіру) келтіреді. Мәселен, диизопропилфторфосфат
(ДФФ) атты белгілі зат тек жүйке ұлпаларындағы нейрохимиялық үрдістер
кезінде жинақталатын ацетилхолинді бәсеңдетуде маңызды роль атқаратын
ацетилхолинэстерезаның ферментіне инактивациялық ықпалын тигізеді. Улы
химикаттар тек өздері қарсы қолданылатын түрлер үшін ғана қауіпті емес.
Оларды шаруашылық мақсатта пайдалану ортаның қатты ластануына және қалаусыз
салдарға әкелуі мүмкін. Кезінде дихлордифенилтрихлорэтанның (ДДТ) жәндік
жойғыш қасиеттерінің ашылуы Нобель сыйлығымен бағаланғанды. Оның әлемдік
өндірісі 30 жыл бойы дерлік жыл сайын 100 мың т-га жетті, ал оны қолдану
көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін, сондай-ақ орманның екпе
ағаштарын құтқарды. ДЦТ препараттары экожүйеде экономикалық зиянды
тұтынушылар үшін кедергілер жасады, астық түсімдерін қорғады, алайда ДДТ-
ның өзі және препараттардағы кейбір қоспалар жылы қанды жануарларға
уыттылық әсерінен басқа қоректік тізбек түйіндерінде үдемелі жинақталу
қабілетіне ие. ДЦТ-ға жақын препараттар суға миллионға 0,014 бөліктегі
мөлшерде түскенде, оның планктондағы құрамы миллионға 0,5 бөлікті, ал
балықтың бұлшық еттерінде - 221 бөлікті құрайды деген мәліметтер бар, яғни
ол 104 еседен артық мөлшерге өседі. Күтпеген жерден ДЦТ ол ешқашан да
қолданылмаған аймақтан — Антарктидадағы пингвиндердің ұлпаларынан табылды.
Қазір оны қолдануға тыйым салынған.
Қоршаған ортаға аса зиянды заттарға диоксиндер тобын да жатқызады.
Диоксиндер бұл олардың аса жоғары улылығы мен биологиялық белсенділігіне
байланысты суперэкотоксиканттар деп атайтын заттар тобы. Оган дибензо-1, 4-
диоксиндер (ПХДД), дибензофурандар (ПХДФ) және бифенилдер (ПХБФ), сондай-ақ
жүздеген хлор-, бром- және хлорброморганикалық циклдік эфирлер кіреді.
Диоксиидер көптеген технологиялық процестер кезінде түзіледі, мысалы,
целлюлоза-қағаз, металлургиялық және басқа да өндірістерден бастап ағынды
суларды биологиялық тазалау мен ішетін суды хлорлау, қалдықтарды жағу,
двигателдерде отынның жануы процестерінде түзіледі.
Бұл заттар өзінің улылығы жағынан ауыр металдардың қосылыстарынан,
хлорорганикалық пестицидтерден (ДЦТ, гексахлоран және т.б.), ал
канцерогендігі жағынан бензпирен ароматты көімірсутегіден асып түсіп, ауыр
сырқаттардың себепкері бола алады.
"Экологиялық кақпандардың" тізімін ауыл шаруашылығыңда нитраттар
тыңайтқышы ретінде кеңінен қолданылуымен байланысты нитраттар мен
нитриттерді мысалға келтіру арқылы толықтыруға болады. Нитраттар — азот
қышқылының тұздары (селитралар). Өсімдіктердің азотты қоректену агенттері
ретінде натрийлі селитра (NаNО3), калийлі (КNО3), аммониялы (NH4NО3) және
селитраның кейбір басқа түрлері қолданылады. Нитраттардың өсімдіктерге
қарқынды түсуі олардың алмасу үрдістеріне голығымен қатыспай, жапырақтарға,
сабақтар мен тамырларға жиналып қалуына әкеледі. Тікелей өсімдіктер үшін
нитраттардың шамадан тыс мөлшері айтарлықтай қауіп туғызбайды, алайда олар
жылы қандылардың ағзасына қорекпен бірге түскенде аминдермен және
амидтермен өзара әсерлесуге түсетін едәуір улы нитриттерге айналады
(аммиактардың радикалдарымен немесе металдармен өзара әсерлесу өнімдері).
Нәтижесінде нитрозоқосылыстардың нитрозаминдер мен нитрозамидтердің түзілуі
мүмкін.
Мұндай тағамдық өсімдікті ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейінгі адам
ағзасыңда нитраттардың жинақталуы зат алмасудың ауыр түрде бұзылуын,
аллергияны, жүйке бұзылыстарын тудырады. Қан құрамыңца нитраттар
гемоглобиннің екі валентті темірін үш валентіге айналдырады, бұл оттегінің
өкпеден ұлпаларға тасымалдануын бұзады. Нитрозо- қосылыстарға келсек,
бірқатар жағдайларда олар зиянды түзілістер, асқазан обырын, аққан ауруын
тудыра алады. Нитраттардың ағзаға 1 кт дене салмағына 5 мг артық мөлшерде
түсуінің өзі қауіп тудырады. Тағаммен бірге ағзаға түсетін нитраттардың
тәуліктік мөлшері 320 мг-нан, ал нитриттердікі 9 мг-нан аспауы тиіс.

Радиациялық ластану

Радиоактивті ластану - қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін
физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі
организмдерге радиациалық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі
уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған
ортаның радиациалық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі
химиялық ластанудан кейіи екінші орынға шықты. Радиациалық ластануды
мынадай топтарға бөледі:
1) радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесіңде пайда болатын альфа-
(гелий адрасы), бета- (жылдам элекгрондар) бөлшектердің және гамма-
сәулеленулердің әсерінен болатын радиациалық ластану (физикалық ластану
түрі);
2) қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне
байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ,
ол радионуклеидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер — бұл
элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң
және теріс иондар жұбын түзуімен қосуға қабілетті радиобелсенді сәулелену
шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір
заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда,
оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полонийден
басталып трансураңдылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларынаи (альфа-сәулелену) немесе жылдам электрфадардан
(бета-сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп
атайды. Электромаганитті иондаушы сәулелену - бұл гамма-сәулелену мен оған
жақын рентгендік сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену негізінен организмге
түскен кезде оған әсер етеді, ал гамма-сәулелену организмнен тысқары тұрып
та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте адамға
аса күшті әсер етеді. Оган микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік
зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма-сәулеленудің (кобальт-
60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік
немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсетті. Түрлі радинуклидтердің
организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшеленеді, әйтсе де жалпы алғанда,
оларға мутагенді және бластомогенді эффектке тән. Мысалы, 131-иодтың аз
мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде - зиянды
ісіктер түзіледі.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері
шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи
факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элеметтердің
бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық қауіптің
антропогендік әсерлеріне радиоактивті заттарды өндіруге және қолдануға,
атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты жұмыстар
жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациалық антропогендік әсерлер
адамзаттың мына іс-әрекеттерімен тығыз байланысты:
-атом өнеркәсібі;
-ядролық жарылыстар;
-ядролық энергетика;
-медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радиациялық
сәулеленумен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті
қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін
таппаған мәселені оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.
Келесі бір қауіпті радинуклид — стронций-90, ол ядролық сынақтардың
нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-
ішек трактісі, өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға
жинақталады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның
құйылуына, сүйек кемігінің құрылысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң
ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы
мүмкін.
Ядролық жарылыстар. 1993 жылға дейін әр елдегі 5 ядролық полигондарда
Невадада (АҚШ, Ұлыбритания), Жаңа Жерде (Ресей), Семейде (Қазақстан),
Муруроада (Франция), Лобнорда (Қытай) 2000-нан аса ядролық жарылыстар
жасалды.
Биосфера мен адамзатқа ең үлкен зиянгершілікті 1980 жылға (Қытай)
дейін атмосферада жасалған ядролық жарулар әкелді. Негізгі ядролық
мемлекеттер бұндай жарылыстарды 1962 ж (СССР) және 1963 (АҚШ) тоқтатқан
болатын. Ең үлкен ядролық ластануға Қытайда жасалған атмосфералық (күші 3
мегатонна) ядролық жарылыс әкелді. Бұл жарылыстың зардабы әлі күнге дейін
Орта Азияда, Орталық Азияда, Сібір мен Алыс Шығыста сақталып келеді.
Ядролық жарылыстар радиоактивті өнімдердің бүкіл жер шарына таралуына
жағдай жасап отыр. Бұл заттар атмосферадан жауын-шашын арқылы топыраққа,
суға араласып, тағамдар арқылы адамдар мен тірі жәндіктер организміне
түсуде.
Ауадағы жарылыстардан басқа 50-ші жылдардың соңынан бастап көптеген
жер асты (1957, АҚШ; 1965, СССР) жарылыстары жасалды, бұл жарылыстар 90-шы
жылдарға дейін больп тұрды. Бұл 5 ядролық суперполигонға тағы да екіжүздей
жер шарының әр аймағындағы (Пакистан, Индия, т.б.) полигондарды қоссақ,
олардың биосфераны радиоактивті ластануға қосқан үлесін өздеріңіз ойлап
көріңіздер.
Ялролық энергетика. Әлемдегі бірінші атомдық элекгростанция (АЭС)
1954 ж СССР-да Обнинск қаласында тұрғызылды. Қазіргі уақытта АЭС 30-ға жуық
елдерде жұмыс істейді. Ядролық электроэнергияиың бүкіләлемдегі үлесі әзірше
17%. Бұл көрсеткші бойынша алдыңғы орында Франция келеді: бұл елде бүкіл
электроэнергияның 75% АЭС өндіріледі. Электроэнергияны АЭС өндіретін
елдердің ішінде Ресей 18-ші, ал АҚШ 11-ші орында келеді. Ядролық
энергетиканың дамуы әлі шешімін таппаған радиоактивті қалдықтарды сақтау
мен қайта өңдеу мәселелерін алға қойып отыр.
Полигон және қоршаған орта
Адам өзін қоршаған ортамен бірге өсіп, бірге қайнап келеді, өзі де осы
табиғаттың бір бұтағы болып саналады. Біз адам — әлеуметтік ақиқат иесі
дейміз, бірақ оның биологиялық тұрғыдан табиғатын толық танымаймыз немесе
оны қайта құрсақ дейміз.
Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамның өзі де
сау болады.
Адам — Жердегі биологиялық түрлердің ең жасы. Жер адам пайда болудан
миллиардтаған жыл бұрын жаратылған және, бәлкім, адам бір-бірімен және
табиғатпен бейбіт өмір сүруді үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда, жер
сонша уақыт тіршілік ете алады. Бірақта біз ғасырлар бойы және мыңдаған
жылдардан бері табиғатты пайдалану ұранын басшылыққа алып келеміз, яғни
табиғатқа қарама-қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.
Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және
оны бұзбаған жөн, адам өркениетін қоршаған әлемге аса сақтықпен қарап
отырып, одан өз орнын табуга тиіс.
Қоршаған ортаны қайта пішу жөніндегі желөкпе жобаларды және ойланбай
істелген әрекеттердің зардаптарын кім білмейді? Аралдың апатты таяздауы,
Байкалдың ластануы, ұланғайыр Қарақалпақстан жерінің тұз бен батпаққа
айналуы, су электр станцияларын салған кезде орасан үлкен аудандардың су
астыңда қалуы — бұл тек белгілі мысалдар ғана. Өзімізді қоршаған ортаны
осынша ғаламат өзгеріске душар ету, өкінішке орай, адамның жаңа табиғи-
климаттьң және өндірістік жағдайға бейімделуіңдегі экологиялық және
әлеуметтік мәселелерді шеше алмайды. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен
жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағында болған өзгеріс. Ол
ешбір ақылға симайтын апат.
Полигонның ондаған жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде
айналаның — топырақтың, атмосфераның, судың радиоактивті газ-тозаңдармен,
азық-түліктің радионуклидтермен ластануы туралы ауыз ашпайтын әдет берік
қалыптасқан болатын, ядролық сынақтардың қоршаған ортаға әсері туралы
болжам теріске шығарылды. Ал бұл бағытта ешбір зерттеулер мақсаткерлікпен
жүргізілген жоқ. Тек облыстағы жекелеген салалардың ведомстволық бақылауы
мен шешімдері кейбір мәліметтер береді.
Ғасырлар бойы терең тыныштықта, бейне бір ұйқыда жатқан жер қабаттары
жер асты ядролық күшті жарылыстардан қозғалысқа келіп, олардың ежелгі
(аналық) құрылыстары бұзылады.
Жер астыңдары ядролық жарылыстар салдарынан тау жыныстары жарылады,
уатылады жаңа қуыстар пайда болады, ежелгі құрылымдар өзгеріске түседі,
мұның өзі ежелден келе жатқан тау шоқыларының шегуіне, немесе опырылып
төмен түсуіне әкеп соғады, жер қабаттарының ғасырлар бойы бекінген бейнесі
өзгереді.
Бітімі жағынан қатты тау жыныстарының құрылымы өзгереді, кейбір жер
асты жарықтары үзіледі, бітеліп қалады, екіншілері бағытын, орнын
өзгертеді, жаңа әлсіз аймақтар немесе жаңа жарықтар пайда болады.
Міне, сондықтан жер астындағы судың табиғи ағыны зақымданып, бағыты өзгеріп
кетеді, немесе құрып қалады.
Полигонға іргелес аудандардың шаруашылықтарында осындай суы тартылған
құдықтар әрбір жарылыс сайын пайда болып отырады. Соңғы жылдары поселкелер
мен малды сумен қамтамасыз етіп тұрған 700 құбырлы құдық істен шығып қалды.

Денсаулық-зор байлық

1 Адамзат тарихы денсаулықты табиғаттың үлкен сыйы деп біліп, оған әрқашан
да зор мән берген.
Қазір халықтың денсаулығына статистикалық түсінік тұрғысынан қарайды
және ол туу, өлу, ауруға шалдығу, өмірдің ұзақтығы сияқты басқа да
демографиялық көрсеткіштер бойынша анықталады.
Адамзат эпидемиология мен инфекциялық иммунологияның негізгі заңдарын
танып, неғұрлым қауіпті жұқпалы ауруларды меңгеруді үйренгелі небәрі 100
жыл өтті. Дамыған елдерде дифтерия, полиомиелит, туберкулез ауруымен
ауыратындардың саны күрт азайып, ең төменгі деңгейге келді. Әйтсе де Азия,
Африка және Латын Америкасының бірсыпыра елдерінде безгек, оба, тырысқақ
сияқты жұқпалы аурулар әлі де орын алып отыр.
Қоғамымыздың денсаулығын айтарлықтай көтеруге тек осы жүз жылдықтың
30—50-ші жылдарында ғана қолымыз жетті. Алайда жүрекқан тамырлары
ауруларының және онкологиялық аурулардың тарауы, тіпті неғұрлым дамыған
елдердің өзінде де қоғамдық денсаулық жағдайын одан әрі жақсартуға белгілі
дәрежеде кедергі болып келеді.
Соған қарамастан ауруларға шабуыл жалғасып келеді. Медицина ғылымы мен
тәжірибесі емдеудің жаңа тәсілдері мен әдістерін ойлап табуда және игеруде.
Алайда дәрігерлік өнер денсаулықты сақтау және нығайтуды бірінші
мақсат етіп қояды, ал ауруларды емдеу медицина ілімінде екінші орын алады.
Бірақ бүгінде денсаулық пен ауруды бөле қарауға бола ма? Оның да, мұның да
өлшемі қайда, араларындағы меже қайсы?
Денсаулық — ол ауырмау ғана емес, дене күшінің және әлеуметтік
қамсыздықтың толымды хал-жағдайы. Нақ осы қоғамдық денсаулық мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық толысуының, мәдениетінің және әл-ауқатының негізгі
өлшемі болуга тиіс.
Қоғамдық денсаулық жағдайына халықтың әл-ауқатының жақсаруы игілікті
ықпал ететіні белгілі, ал оның өзі әлеуметтік жаңарусыз болуы мүмкін емес.
Қазіргі адам биоәлеуметтік ортаның күрт өзгеруінен пайда болатын
әртүрлі психологиялық күйзелістерге толы күрделі дүниеде өмір сүріп отыр,
бұл оның денсаулығьна елеулі нұқсан келтіреді және үшінші хал-жағдай деп
аталатын күйге душар етеді.
Ядролык, полигонның ерекше зиянды әсерінің нәтижесінде, Семей аймағы
халқының көпшілігі осы үшінші хал-жағдайға тап болған: мұнда бірсыпыра
аурулар қазірдің өзінде осы өлкеге ғана тән сипат түріне (өлкелік
патологияға) айналды, одан ең алдымен қоршаған ортаны сауықтыру арқылы ғана
адамды алыстатуға болады.
Қоғамдық денсаулық Семей облысындағыдай бұзылған жағдайда, оның хал-
жайы көбінесе медицина дамуының деңгейіне байланысты анытқталатыны сөзсіз.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы Семей ядролық сынақ
полигонынан зардап шеккен өңiрге нақты көмек көрсете бастағанына жыл
жарымдай уақыт болды. Атап айтқанда, 2002 жылдың сәуiр айынан бастап БҰҰДБ
Семей бағдарламасы iске кiрiстi.
Жапон мемлекетi қаржыландыратын бұл бағдарлама үш жобаны қамтиды:
- шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қолдау көрсету;
- әйелдер iскерлiгiмен атқарылатын модельдерге шағын несиелер беру;
- үкiметтiк емес ұйымдар мен жергiлiктi қоғамдастық ұйымдарға шағын
гранттар беру;
Қарқаралы ауданына қарасты Мәди селолық округiндегi Қ. Сағындықов
атындағы орта мектеп осынау бағдарламаға қатысу үшiн өз жобаларын жiберген
болатын. Жаңа оқу жылы қарсаңында ол қайтарымы жоқ шағын гранты жеңiп алды.
Айта кету керек, осыдан бес-алты жыл бұрын осы мектепке есiмi берiлген
Қайыркен Сағындықов белгiлi журналист, қазақ баспасөзiнiң дамуына сүбелi
үлес қосқан қайраткер тұлға болатын. Жерлестерi құрметтеп, осы өңiрдiң
тумасына бiлiм ұясының атауын лайықтап, құрмет көрсеткендi.
Аудан мен облыс орталығынан шалғай, Семей ядролық сынақ полигоны
өңiрiндегi ауыл үшiн жоғарыда аталған гранттың мәнi зор. Төрт мың АҚШ
доллары көлемiндегi бұл қаржыға мектеп үйiне жылу жүйесi тартылып, бiлiм
ұясын төңiректеген ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлады. Қыркүйек айының
ортасында жылу жүйесiнiң қазандығы да құрылып бiттi. Балалар ендi жылы да
таза сынып бөлмелерiнде оқитын болады.

Арал теңізі бассейнінің бүгіні мен ертеңі

Бүгінгі таңдағы Арал теңізінің бассейнінде, әсіресе, оның қазақстандық
бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып,
ол жөнінде жан-жүрегің сыздамай әңгіме қозғау мүмкін емес. Оның үстіне,
табиғатты түгелдей қайта қалпына келтіреміз деген әу бастағы инициативаның
екпіні де біраз бәсеңсіп қалғаны рас, тек ендігі жерде бұл мәселеде
қайбірде жаңсақ басып, жауапсыздық танытқан тұстарымызды барынша байыпты
түзету міндеті ғана тұр. Әйтседе, әр алуан ұсыныстармен қатар теңізді
сақтап қалу және Арал өңірінің табиғатын қайта қалпына келтіру жөнінде азды-
көпті шаралар жүргізіліп те жатыр. Бір өкініштісі, сол шаралардың түпкі
нәтижесі аса бір ауыз толтырып айтарлықтай емес, әрі олар әдеттегіше тым
баяу, тар ауқымда жүзеге асырылуда. Мәселен, СССР Мелиорация және су
шаруашылығы министрлігінің Союзгипроводхоз институты жергілікті жерлердің
су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында 2000 жылдардың қарсаңында
Амудария мен Сырдария сағаларына (әрине, теңізге емес) жыл сайын 20 текше
километр суды бағыттау шараларын белгілеп отыр.
Жөн, бұл дұрыс бағыт делік, бірақ біріншіден, бұл су аздық етеді,
екіншіден, тап осы мерзімге дейін Арал теңізі жер бетінен жоғалуы да ғажап
емес... Міне, сондықтан неғұрлым ұтымды әрі шұғыл шаралар қажет. Олай
болмаған күнде енді бір 10 — 15 жылдардан кейін, теңіздің қазіргі деңгейін
қалпына келтірудің өзі қиынға түседі.
Соңғы ширек ғасырдың ішінде Арал теңізі мен оның бассейні қандай
күйге ұшырады?
Арал бассейнінің қазақстандық бөлігі мен осынау үлкен аймаққа халық
тығыз қоныстанғаны және бұл жерлер аса интенсивті түрде игерілгені белгілі.
Арал теңізі өңірінде — көптеген қалалары, ірі елді пунктері, маңызды
өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық объектілері бар Қызылорда облысы, Шымкент
пен Ақтөбе облыстары территорияларының бір бөлігі орналасқан, оларда қуатты
энергетикалық жүйелер жасалынған, тау кен орындары жедел қарқынмен дамуда.
Сонымен қатар, аталған территория еншісіне республика бойынша егілетін
мақта егістігі түгел дерлік, ал күріштік алқаптардың 70 процентке жуығы
тиген. Мұнда Қазақстандағы қаракөл қойының үштен бірі шоғырланған. Соңғы 25
жыл ішінде Қызылорда облысындағы Сырдарияның төменгі сағасындағы астыктың
жалпы түсімі 11 есе ұлғайған. Осындай табысқа қол жеткізуге Арал
бассейніндегі суармалы жерлердің алаңын 1986 жылы екі есе, яғни 6,8
миллион гектарға ұлғайтылуы себеп болды, ондай жерлердің аумағы
бассейннің қазақстандық бөлігінде рана 1 миллион гектарға дейін жетті.
Сонымен бірге суды тұтынудың жылдық мөлшері үш есе артты, дәлірек айтсақ,
1961 жылғы 30 км3 су— 1986 жылы 90 текше километрге дейін ұлғайды деген
сез.
Бассейннің аса ірі су жинақталатын жері — Арал теңіз таяу жылдарға
дейін өзінің көлемі жағынан, тұйық теңіздердің ішінде елімізде екінші, ал
дүние жүзінде төртінші орын алып келді. Бірақ шын мәнінде Аралдың теңіз
емес көл екенін және де оның ешбір әлемдік теңізбен байланыспайтыны
белгілі. Ол көп уақыттар бойы өзіне келіп құятын қуатты қос өзен — Аму
дария мен Сырдарияның арқасында айдын-шалқары төмендегі көрмеген теңіз
атанып келді. Тянь-Шань және Памир тауларынан бастау алатын осынау екі
өзен суының еліміздің территориясындағы жалпы мөлшері 100 текше километр
шамасында болатын. 1961 жылға дейін аталған өзендердің теңізге келіп
құятын суының орташа мөлшері — 58 текше метр еді. Айдыныньң аумағы 66 шаршы
километр теңіз өз деңгейін көп жылдар бойы 53 метрлік белгіден түсірген
емес. Атмосфералы ылғал мен теңіз суының булануын бойына бірдей сіңірген
өзе ағысы — бұл маңайдағы көптеген кішігірім көлдердің ұзақ жылдар бойы
сақталуына қолайлы жағдай жасады. Сөйтіп мұндай көлдер мен атырау
қойнауында әр алуан жануарлар мен есімдіктер дүниесінің де өсіп-өрбуіне
мүмкіндік бар еді Ол кезде теңіздің тұздылығы небәрі 10 промилль
шамасында болды. Міне, осының бәрі теңіз төңірегіндегі аймақтарға, оның
экологиясына, Арал бассейнінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларына
оңды ықпал етті. Әйтсе де содан бері бұл өңірде қаншама өзгерістер болды.
Небәрі 25 жылдың, яғни адам ғұмырының үштен бір бөлігіндей ғана мерзімде
теңіз бейнесі негізі адам танымастай күйге түсті.
1962 жылдан бастап Амудария мен Сырдария өзендер ағысы бәсеңсіп кейін
мүлде тоқтатылуы себепті теңіз деңгейінің төмендеуін тездетті. Қазір оның
деңгейі 12,7 метрге төменідеді, теңіздің қазақстандық бөлігіндегі айдыны
жағалаудағы 50—100 шақырымға қашықтап кетті. Бұрынғы біршама ауқымды жерді
алып жатқан тайыз судың түбі көрініп, қазірдің өзін де-ақ 25 шаршы километр
айдынның суы екі есе азайып, тұздылығы 2,5 есе көбейді. Турасына көшсек,
біртұтас теңіздің өзі — Аралдың солтүстік-шығысында жатқан Кіші өзен
және оның қалған бөлігіндегі Үлкен өзен болып екіге бөлінді. Ол ол а, теңіз
өзінің әу бастағы балық шаруашылығы және транспорттық мәнінен мүлдем
айрылды.
Осылайша сол тонна-тонна тұз атмосферара көтеріліп, төңіректі түгел
зақымдауда. Кейбір космостан түсірілген мәліметтерге сүйенсек, тап осындай
тұз тозаңының аэрозолдары Аралдан 300 — 400 км қашықтыққа дейін ұшып барады
екен. Алдын ала есептеулер бойынша, теңіз түбінен атмосферара жыл сайын 15-
тен 75 млн тоннаға дейін тұз тозаңы көтеріледі де, Арал өңіріндегі әрбір
гектар жерге 0,5-ген — 6 тонна тұзды тозаң келіп түседі. Мұның өзі
атмосфералық ылғалды ауаның минералдылығын арттырып, топырақ қырғысының
тұздылығын көбейтеді
Сырдарияның ағысы едәуір бәсеңдеуінің нәтижесінде жылы-бір мезгіл
болып тұратын су тасқыны да тыйылды. Енді өзеннің атырауындары аймақтардың
өзі суға деген зәруліктен зардап шегуде. Осының ақыры теңіз өңіріндегі
көптеген кішігірім көлдердің құрғап қалуына және тоғайлы, қамыс-қопалы
жерлердің мүлде сиреуіне әкеліп соқтырғаны анық. Бүкіл Арал өңіріндегі жер
асты және қайбір жерлерде терең қысымды су деңгейі төмендеп барады. Бұл,
әрине, жалпы жер ылғалдылығының азаюымен, табиғи құм алаптары шекарасыньң
ұлғаюымен, топырақ қабаттарының бұзылуымен, жер қыртысының аридтік
қалыптасуының күшеюімен қатар жүрді. Арал айдынының орта түсуі мен
өзендер суының азаюы бұл өңірдің ауа райына да кері ықпал етті. Бұрында
теңіз әсерінен қыстың аязды күндер 15 — 20 күнге қысқарып, жаз айларында
теңіз жақтан жанға жайлы бір самал есетінді. Қазір мұндай құбылыс та
сиреді. Оның есесіне Арал өңірі территориясының климаты құрғақ, шөлді
аймаққа айналу процесі жүріп жатқаны айқын айқалады.
Міне, осынау құбылыстардың бәрі ауыл шаруашылығы дән- дақылдарының
өнімін азайтып, бір кездері шөлейтті-жайылымдық жерлерді бітік өсетін
шөптердің өте сиреп кетуіне әсерін тигізді. Тек Қызылорда облысының өзінде
ғана 1982— 986 жылдар аралығында 84 мың гектар күріш, жемшөп -көкөніс
дақылдарының егістігі шаруашылық айналымынан шығып алды. Мал азығы
базасының күрт төмендеуіне мал басының кемуі мен оған жұмсалатын шығынның
ұлғаюына әкеліп оқтырды. 1960 — 1986 жылдардың мәліметтері бойынша
Қызылорда облысында кез келген ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге жұмсалатын
шығын мөлшері бұрынғыдан бірнеше есе өскен.
Қазақ ССР Ғылым академиясының Президиумы жанынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экология құқығы
Экология құқығының объектілері
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері
Химиялық экология
Экология және халық денсаулығы
Экология құқығының ұғымы
ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫ
Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер