Жыныстық жетілу, жыныстық тәрбие


Жыныстық жетілу, жыныстық тәрбие
Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі. Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ. Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны 1 жасқа дейін біркелкі, 1 жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшері де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады, сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады. Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады. Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыз балалардың өсуі мен дамуы бірдей болады. Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілер мен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.
Бұл кезеңде ер балаларда жыныс безінің ұрық жасайтын түтіктері жіңішке, әлсіз және оның өзі де әлі жіктеле қоймаған эмбриондық эпителий клеткаларының бір қабатынан ғана тұрады. Қыз балаларда аналық жыныс безі эмбриондық кезеңде фолликулалардан тұрады. Олардың өсуі өте баяу. Қабықтанған фолликулалардың саны өте аз, ал Грааф көпіршігі мүлде болмайды. Бұл мезгілде ер және кыз балалардың несебінде андрогендік және эстрогендік гормондар біршамада және аз болады. Бұл гормондар жыныс безінде түзілмей, тек бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында өнеді.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекші жыныс белгілері: көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, сондықтан баланың сымбаты өзгереді, әр адамға тән қасаға түктері пайда болады. 15 жастан аса қолтығында түктер өседі, сақал-мұрты шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды.
18 жастан аса жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады. Ер бала біртіндеп ержетіп, жігіт, одан әрі ересек адам болады (6-кесте) .
6 -кесте
Ер баланың жыныстық жетілуі
10-11
12
13
14
15
16-17
Жыныс мүшесі мен аталық безінің үлкеюі.
Көмекейінің өсуі.
Жыныс мүшесі мен аталық безінің тез өсе бастауы. Жыныс мүшелерінің түктенуі.
Дауысы өзгереді, кеуде безі аздап ісіне бастайды.
Ұмасы пигменттеледі. Қолтық асты түктенеді. Сақал-мүрттары
шыға бастайды. Жыныс мүшесі айтарлықтай үлкейеді. Алғашқы шәуһет шығаруы басталады.
Сақал-мұрттары, қолтығының түктері көбейеді. Қасаға аймағында ер азамат іспеттес ромбы пішінді түктері қалыптасады.
Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталып, 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды. Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда емшегі өседі. 13-15 жастан бастап бойы жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. 16-18 жаста бойжеткендер толық жыныстық жетіледі. Бұл өзгерістер қыз баланың организміндегі жыныстық өзгерістердің пайда болуына байланысты (7-кесте) .
Жыныстық жетілу мерзімі жалпы алғанда балалар мен жастардың тұқым қуалайтын қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, ұлттық ерекшеліктеріне т. б. сыртқы ортаның жағдайларына байланысты.
7 - кесте
Қыз баланың жыныстық жетілуі
8
9
9-11
12
13
14
15
16-17
Жамбас сүйектерінің ені артады, жамбастың жұмсақ ұлпалары қалыптасады.
Терісінің, әсіресе бет терісіндегі май бездерінің қызметі күшейеді.
Сүт бездерінің түйнегі дами бастайды
Жыныс мүшелерінің маңайында түк пайда бола бастайды. Ішкі және сыртқы жыныс мүшелері үлкейеді.
Қынаптың ішіндегі сілтілік реакция кенет қышқыл реакцияға ауысады.
Алғаш кезде тұрақсыз, кейіннен тұрақты түрде ай сайын етеккірі келеді. Қолтығында түктер өседі.
Денесінің төменгі жақ бөлігі әйелдер денесіне ұқсап өзгереді.
Етеккірінің циклы толық қалыптасады, аналық клеткасы аналық безден бөлініп шыға бастайды.
Балаларды жыныстық тәрбиелеу . Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады - бұл жыныстық тәрбие мәселесі. Балалар мен жастарды ж ы н ы с т ы қ т ә р б и е л е у д і ң маңызы зор. Мұндай тәрбиені ерте басталғаны жөн. Дұрыс жыныстық тәрбие алған жастардың дендері сау, еңбек қабілеті жоғары, жасына лайық, болашақта дұрыс жақсы отбасын құратын болады.
Жыныстық тәрбие бірнеше бағытта жүреді:
1. Ер бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығын дұрыс, мезгілінде түсіндіру мектеп жасына дейін басталады. Шешеге, апа-қарындастарына, сіңлілері мен інілеріне деген көзқарасты қалыптастыру қажет. Оларға сыйлауды, құрметтеуді үйрету отбасындағы әке-шешенің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуынан басталады. Ер балаларға жүмыстың ауырын, қыз балаларға жеңілін жүктеудің негізін кішкентай балаларға дұрыс түсіндірсе ғана олардың арақатынастары дұрыс қалыптасады, үйлесімді бағытталады. Өйтпесе теріс түсініп, олардың арасында қайшылықтар туып, жалпы жыныстық көзқарастар теріс қалыптасады. Мұнымен қатар, жыныс мүшелерін күтуді, әсіресе кішкентай қыздарға үйрету қажет. Біртіндеп жыныстық жетілу басталғанға дейін жас өспірімдердің жыныстық жетілу белгілерін дұрыс түсіндіре бастаған жөн. Оларда жыныстық қарым-қатынас туралы алғашқы түсінік дұрыс болғанда ғана болашақ отбасы да бақытты, жақсы, үлгілі жанұя болады. Кішкентай балаларда жыныс мүшелерінің кір болуына байланысты қышыма пайда болып, бұл кейіннен 14-15 жастан бастап о н а н и з м г е (жыныстық қатынассыз қолмен нәпсіні қандыру) айналуы мүмкін. Оның алдын алып, болдырмау үшін денесі таза, жыныс мүшесіне қол тигізбей, ішкиімдері кеңірек болып, жыныс мүшесін қыспайтын киім киюін қадағалау керек. Балаларға жыныстық қызықтыру тудыратын фильмдерді, әңгіме кітаптарды көрсетпеу керек. Балалармен бағытталған жыныстық қарым-қатынас туралы түсініктеме ертерек басталғаны жөн. Баланың бос уақытын текке кетірмей, пайдалы спортқа, еңбекке баулу керек. Тәрбиенің мұндай түрлері балалар бақшасында, отбасында, мектепте жүргізіледі.
2. Бастауыш сыныптарда қыздардың жыныстық жетілуі басталады. Осыған орай қыздардың ер балаларға деген ерекше ынтасы байқалады. Оның үстіне олардың денесінің өсуі күшейіп, өздерімен құрдас ер балалардан ерекшелене бастайды. Сондықтан бастауыш мектептердегі жыныстық тәрбиенің маңызы өте зор. Қыздарға болашақта көрінетін етеккірдің себептерін, оған байланысты дене тазалығының маңызын алдын ала түсіндіріп, олардың психикасын дайындап, гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға ат салысу керек. Бастауыш сынып мұғалімдері қыздардың аналарымен байланыса отырып, жыныстық тәрбиені ұйымдастыруы қажет. Осы бастан-ақ ер балалар мен қыздарға жыныстық айырмашылықтар, жыныс мүшелерінің құрылысы, жыныстық жетілу туралы алғашқы қажетті ұғымдар беріп, бағытты тәрбиені жүргізу керек. Балалардың “сырттан” алатын теріс бұзық ұғымдарының алдын алуы қажет. Мұны жыныс ерекшеліктерінің және оның гигиенасының маңызын түсіндіру арқылы іске асыруға болады. Қыз балалардың етеккірі келгенде, бұл - ата-ана үшін, бойжеткеннің өзі үшін - қуанышты жағдай деп қабылдап, етеккірі келген қыз балаға оның маңызын, болашақ ана бола алатынын, соған байланысты ер балалармен жыныстық қарым-қатынастар туралы ашық сөйлесіп, анасы дұрыс түсінік беруінің маңызы зор. Қыз бала өзінің болашақ ана екенін қорқынышты емес, болашақ отбасы үшін, ел үшін, халық үшін маңызды қуанышты жағдай ретінде түсінуі тиіс. Етеккір қыз үшін ауыртпалық емес, мақтаныш ететін жағдайлардың бірі ретінде болуы маңызды.
3. Жалпы алғанда жас өспірімдерге ретсіз жыныстық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарын түсіндіру маңызды. Ерте және ретсіз жыныстық қарым-қатынас адамды ерте қартайтады, түрлі жыныстық аурулар жұқтыруы мүмкін. СПИД, мерез, соз іспетті жұқпалы аурулардың тек жыныстық қарым-қатынастан туатынын, олардың зардабын түсіндірудің маңызы зор. Жоғары сынып оқушыларына жыныстық қарым-қатынас туралы арнайы әңгімелерді ер және қыз балалармен жеке-жеке топтастырып өткізу тәрбиеші-мұғалімнің міндеті. Мұндай әңгімелерді арнайы мамандармен кездестіру арқылы өткізсе, жастардың ұғымы дұрыс қалыптасады, ал маман емес адамдар өз ойын айту арқылы дұрыс түсінік бермеуі мүмкін. Сондықтан тәрбиеші мезгіл-мезгіл мамандарды сыныпқа шақырып, жастардың тәрбиесіне қатыстыруы тиіс. Маман адамдар жастардың психикасын, аурудың даму барысын, белгілерін, зардаптарын жақсы білгендіктен дұрыс түсіндіріп айта алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz