П.К. Ивановтың Қарғаш ілімі: 12 қағида және табиғи сауықтырудағы маңызы

П. К. ИВАНОВТЫҢ "ҚАРҒАШ"
П. К. Ивановтың "Қарғаш" ілімі негізінен 12 қағидадан тұрады.
1. Күніне екі рет табиғи суық суға шомыл, өзіңе жақсы болсын. Қайда болсаң да шомыл, көлде, өзенде, ваннада, душ қабылда. Не суық суды өзіңе ақтара сал. Бұл сенің шарттарың. Ыстық суды суықпен аяқта.
2. Суға түсер алдында не кейін, мүмкін болса, бір уақыт далаға шық, болмаса бірнеше рет тыныстап алда, ойша өзіңе және барлық адамдарға амандық-саулық тіле.
3. Ішкілік ішпе, темекі шекпе.
4. Аптасына I тәулік бойы ас судан бас тарт, жұманың 18, 20 сағатынан, жексенбінің (сағат 12-сіне дейін) . Бұл сенің шарттарың.
5. Жексенбінің сағат 12-де далаға шық, жалаң аяқ жүр, сейіл құрып, бірнеше терең тыныс алып, ойлан, жоғарыда айтқандай. Бұл сенің мерекең. Осыдан кейін төбетің тартқанша қалауыңша тамақтан.
6. Қоршаған табиғатты сүй, жағалай түкірме, қақырма. Осыған үйрен - бұл сенің денсаулығың.
7. Әрқашанда қайда жүрсең де, әсіресе қарт адамдармен амандасып жүруіңіз керек. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле, олармен сәлемдесіп жүр.
8. Жұртқа мүмкіндігің келгенше көмектесіп жүр, әсіресе кедейдерге, жарымжан кісілерге көмектес, елеусіз қалған жалғыз қарт адамдарға көмектес. Мұңайған адамдардың қайғы-қасіретін бас. Мұны қуанышпен істе. Кімнің болмасын қажет-керегіне бүкіл жаныңмен жауап беріп, мұқтажына жарауға кіріс. Одан сен досыңды табасың, осылайша бейбітшілік ісіне көмектесесің.
9. Өзіңдегі іштарлықты, жалқаулықты, дандайсуды, көрсеқызарлықты, қорқақтықты, жалған намысқойлығыңды жең. Адамдарға сен және оларды сүй. Олар туралы қаңқу, жалған сөзді айтпа, біреулердің оларды діттегенін қаперіңе алма.
10. Басынды ауру-сырқаудан, өлім туралы ойлардан босат: Бұл сенін жеңісің.
11. Ойыңды ісіңнен бөлме. Оқыған екенсің - жақсы, бірақ ең бастысы - істе.
12. Айтып жүр, осы тәрбиеңді басқаларға тарат, бірақ мақтанба, осымен көтерілемін деме, қарапайым бол.
Мен сіздерді сұрап, жалынамын - деп жазды ұстаз П. К. Иванов - табиғатпен бірге болып, өзіңнің орныңды табиғаттан тап. Сіздің орныңыз бос тұр, оны ешкімде басқан жоқ. Ол орынды ешкім де сатып алған жоқ, ешкімге, ешқандай ақшаға сатылмайды да, өзінің еңбегің мен ісіңмен табиғаттан рахат табасыз, Саған әрқашанда жеңіл болу үшін. Саған бақытпен денсаулық тілеймін.
П. К. Ивановтың негізгі идеясы әрқашанда адамның дені сау болуы қажет. П. К. Ивановтың жүйесін пайдалана отырып, Бронхитті, туберкулезді, созылмалы тонзилиттерді, жүрек ауруларынан бірден айығып кетуге болады. Табиғатта денені шынықтырумен айналысу әркімнің қолынан келеді. Бірақ шектен шығып кетуге болмайды. Өзіңе қажеттісін тандап ал. Ол туралы Иванов өзі ескертулер жасаған. "Менің жүйемді бірден қабылдап алма, оны пайдаланам деп өз бойындағы келісімді денсаулығыңызды бұзып алма. Суық суға шомылам деп рекорд жасаудың қажеті жоқ. Ac-су ішпеудің қажеті жоқ. Табиғат мақтаншақтарды жақсы көрмейді. Ол туралы әрқашанда есте ұстау керек. Ол туралы 1979 жылы ұстаз "Тіршілік даңқы" атты әнұран шығарған болатын. Ол туралы ол былай деп айтқан еді. "Әнұранда бәрі бар. Ол дүние жүзіне шарықтап айтылуы керек. Бейбітшілік жер шарында орындалу қажет".
П. К. Ивановтың жүйесі және қағидалары бойынша табиғи сауықтырумен айналысушы адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгеріп кетеді. Аурулар денеден кете бастайды. Өлім туралы ойлар көңілге мүлдем келмейді. Тіршілік өмірде мәнсіз жүріс-тұрыс болмайды. Адам бар болмысымен өмірге, саулыққа, қуанышқа, жақсылыққа, жасампаздыққа біржола бетбұрыс жасап, шаттыққа орана бастайды.
Балалардың денсаулығы төмендеуінің негізгі себептерін талдай келіп, мына төмендегідей қорытынды жасауға болады.
1. Оқушылардың денсаулықтарының төмендеуі, оқу үрдісіне байланысты емес екендігі анықталды. Оқушылардың денсаулықтарының төмендеуі объективті себептерге байланысты болмай, тек қана субъективті себептермен шектелінетіні байқалды.
2. Мұғалімдердің, оқушылардың денсаулығына немқұрайды қарауы оқушылардың денсаулығының нашарлауының басты себептерінің бірі екені анықталды.
Дәрігерлердің көп айтатын девиздерінің бірі "primo non nocere" "барлығынан бұрын әдейі денсаулыққа қастық жасама". Бұл девизді кейінгі кезде педагогтар басшылыққа алатын болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz