Адамның дене бітімі мен оның рухани ішкі күйінің табиғаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Адамның дене бітімі мен оның рухани ішкі күйінің табиғаты

Адамның жануардан айырмашылығы мен ұқсастығы неде деген сұраққа діни
көзқараспен жауап берер болсақ адам басқа тірі организмдерге қарағанда
ерекше бір күштің әсерінен жаратылған деген уағыз айтылады. Құдай оны өзіне
ұқсас етіп етіп жаратып, оған өз алдына ерекше арнаулы бір күнді белгілеп
берген. бұл көзқарас біртіндеп ғылымға да еніп, бүгінгі кезге дейін осындай
пікір сақталып келген. Ал қазір бұл идея басқаша бұрмаланып, адамның
әлеуметтік мәні есебінде қаралады. Ол адамның шығуының биологиялық
табиғатына деген, барлық тірі организмдерге тән қасиетіне қарама-қарсы
қойылып отыр. Мұндай көзқарастарды дұрыс деуге де болмайды. Сондықтан да
адамды жануарлармен салыстыруды физиологиялық биохимия тұрғысынан
қарағанның өзінде айтарлықтай айырмашылық табудың өзі қиынға соғады. Адам
денесіндегі барлық функционалдық құбылыстардың өзгерістері де
сүтқоректілерге тән екендігін, сондай-ақ тіпті ойлау заңдылығында да
жалпылама ұқсастық болатындығын байқауға болады. бұл реттегі ең қарапайым
айырмашылық - жануарлардың ми қыртысына қарағанда адамның ми қыртысының
үстінде еске сақтау қабілетін, мінез-құлқын арттырушы тағы бір қыртысты
қабат дамып жетілгендігі. Әрине, ол өз кезегінде адам денесінің қимыл-
әрекетіне физиологиялық биохимиялық өзгерістерге ұшырауына сапалық жағынан
емес, сандық жағынан ғана ұшыратуы мүмкін. Сондықтан да адамның мінез-
құлқының қалыптасуы, өзгеруі онын тегіне (ген) және тіршілік ортасына
байланысты болады. Осындай шытырман, шатасып жатқан адам мінез-құлқы оның
дене мүшелеріне де әсер етіл, қайтадан кері әсері байқалады.
Адамның тарихи даму кезеңіне дейін барлық жағдай тепе-теңдік күйде
болған делінеді. Сыртқы ортаның әсері оның тегіне сәйкес болды, сөйтіп олар
бірігіп, мінез-құлықтың қалыптасуына, физиологиялық қызметімің бірқалыпты
жүруіне мүмкіндік берді. Сөйтіп, адам популяциясы өзінін қалыптасқан
заңдылықтарымен өмір сүріп, яғни күштілері көбейіп, дамып отырса, әлсіздері
жойылып, азайып отырды. Бірақ биологиялық түрде тез дамып, қалыптасып кете
қойған жоқ өйткені жаңадан пайда болған ұрпақтарының ішінде әлсіздері
күштілеріне қарағанда сан жағынан аздау болды. Соның салдарынан жаңа түрлер
өзгеріске ұшырап, жоғары сатыға көтеріле бастады. Табиғаттың қолайсыз
жағдайларында нашар особьтары жойылып, жана табиғат жағдайына бейімделген
мықты особьтары пайда болды. Сонымен адам өзінің эволюциялық даму бағытымен
сәйкес өзгеріске ұшырап отырды.
Адамның даму кезеңінде күрт эволюциялық ауысу қандай жағдайда болды
деген сұрақ бізді осы уақытқа дейін толғандырып келеді.
Осы мәселеге байланысты ғалымдардың пікіріне сүйенер болсақ адамның
эволюциялық күрт дамуының басты факторының биологиялық ортасының өзгеруінен
емес, әлеуметтік фактордың әсерінен деген болжам'бар. Интеллект (ақыл-ой)
сұрыптаудың ең басты белгісі болды.
Адамның эволюциялық дамуындағы ен басты аймағы (өрісі) тіршілік үшін
күрес болды: адам ақылсыз аңдармен күрескен жоқ, ол өзінің барлық ақыл-
ойын, қулығын, шеберлігін басқа адаммен күресуге жұмсады. Осы жерден бастап
ген мен ортаның арасындағы байланыс тепе-теңдігі бұзыла бастады.
Барлық жоғарғы сатыдағы жануарлардың тіршілік ортасын үш бөлікке
белуге болады, олар: а) физикалық б) биологиялық, в) әлеуметтік. Сөйтіп, ен
бірінші тарихи дамуға дейінгі адам тобырлық түрден алғашқы кауымдық
құрылыска ауысқан кезден бастап олардың арасындағы қарым-қатынас күшейе
бастады. байланысты адамзат баласының тіршілік жағдайында да күрт
өзгерістер пайда бола бастады.
Сонымен, ең ақырында клетканың, мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметі
немен анықталатын болды деген сауал туады. Ген арқылы ма, әлде жаттығудың
аркасында ма? Шындықка жүгінсек, дүниеге келген адамдардың көпшілігінің
гендері дұрыс, дегенмен де кейбір адамдар генетикалық акаулармен дүниеге
келген. Бұл адамдардын клеткаларының атқаратын қызметі орташа жағдайдан
төмен, ол үшін ортаның қолайлы жағдайларының болуын керек етеді. Демек,
бұдан шығатын қорытынды, ең басты орында - жаттығу екендігін көреміз.
Жаттығу деңгейі сыртқы ортаның тигізетін әсері мен организмнің төзімділік
шегінің аралық белгісі немесе біркелкі қызмет деңгейінің мүмкіндік қызметі
бірігіп, аурудың басталатын шекаралық деңгейін көрсетуші болып есептеледі.
Тұқым қуалаушылық белгісі сақталады: күшті типке аз ғана
тітіркендіргіш қажет болса, ал нашар типке тітіркендіргіш көбірек қажет.
Деңгейі бірдей тітіркендіргіш әсер еткенде нашар типтің жаттығуының төмен
және оңай ауып қалатындығын, ал күшті типтерде ондай көріністер
байқалмайтындығын аңғаруға болады. Адамның биологиялық денсаулығын тек
физикалық немесе денешыныктырудың нәтижесі деп қарау керек. Онын, механизмі
адамның жоғарғы психикасы қызметінің пайда болуынан бұрын қалыптасқан деп
айтуға болады. Әлеуметтік және техникалық ортаның дамуы дене қызметі мен
оны қоршаған ортаның арасындағы аралық байланысты бұзды. Сонымен адам
организмін жануарлар организмімен салыстыру барысында олардын арасында
ортақ ұқсастықтардың көп екендігін, ал айырмашылықтарында аз ғапа
өзгерістер бар екендігін көруге болады.
Сонда да болса, адамның ең басты артықшылығы - оның жануарларға
қарағанда ақыл-ойынын ең жоғары деңгейде болуы. бұл жағдай бір жағынан адам
үшін бақыт болса, екінші жағынан онын өкініші де жоқ емес. Табиғат адамға
осындай мол күш берсе, неге ол ауруға шалдығады, неге адамның ұзақ өмір
сүруі шектелген? Енді осы мәселелерді саралап көрейік.

Психология және денсаулық

Мінез-құлық - адамның іс-қимылы, адамның рухани күй, ішкі сезімі.
Адамның іс-қимылы неге әкеліп соғады? Мысалы, аяқтың, қолдың, жұткыншақ
еттердің жұмысының бір ғана белгілі мақсаттағы қозғалысы сөйлеуге мүмкіндік
туғызады. Қозғалыс жәй және қысқа мерзімді немесе белгілі рет бойынша ұзақ
та болуы мүмкін. Сондықтан оның мақсаты да эр түрлі.
Осылардың ішінен ең қолайлысын сараптай алатын нәрсе не? Ол - ақыл-
парасат, біздің есімізде өте көп мөлшерде әр түрлі ақпараттар сақталады.
Сондықтан әрбір ой-өрісі жоғары адамның бір істі жоспарлау және орындау
қабілеті мол болады да, оны іске асыру жолында керісінше аз күш жүмсайды.
Осы себепті интеллект әрбір адамнын, денсаулығының ең басты көрсеткіші
болып есептеледі.
Ал, енді барлық ақылды адамдар өздерінің ойлаған, жоспарлаған іс-
әрекеттерін ақыр аяғына дейін жеткізе ала ма? Егер жеткізе алмаған жағдайда
оның табандылығы (настойчивость) жоқ деп айтамыз. Немесе мынадай жағдайды
да байқауға болады: кейбір адамдар қысқа мерзімді керек ететін қарапайым
істі тыңғылықты атқарады да, ал тұрақты уақытты, жауапкершілікті керек
ететін жұмыстарды орындауда табандылық көрсете алмайды. Кейбіреулер сондай
ақылды, жан-жақты білімді, бірақ оның бойынан стенокардия, гипертония,
семіздік, диабет секілді көптеген ауруларды табуға болады. Ол адам
денешынықтырумен айналысудың пайдасын, тамақты талғап ішіп, аз ұйықтап, көп
қозғалыста болу керектігін, ал осы талаптарды орындамаған жағдайда өзінің
ауруға шалдығатынын біледі. Бірақ өзін осылай істеуге зорлай алмайды.
Адамның алдына қойған мақсаты көп: дені сау болса, дәмді тамақтанса,
жақсы жұмыс істесе, т.б. Алдыға қойылар мақсат өте сезімталдықпен
таңдалыналы. Адам ол мақсатқа қолайлы іс-әрекет арқылы да, ең ыңғайсыз,
қолайсыз жағдайлар арқылы да жетуі мүмкін. Олардың екеуі де талапқа,
мұқтаждыққа байланысты орындалады. Адамның бас миында сүйсінуді және
жағымсыз жағдайды сезіп, оны қоздырушы немесе физиологиялық сезімталдық
орталықтары бар. Сондай-ақ сезімді қабылдаушы нерв орталықтары өте көп.
Мысалы, бір орталық денеден келген тура қозудың аркасында қозады: аштық,
шөлдеу, ауруды сезуді. Ал қызығушылық әуескойлық немесе қорқыныш ми
қыртысына сырттан келіп қозу туғызады. Сезім мүшелерді қабылдап, олардың
жалпы бейнесін ми шртысына козу арқылы бейнелеп, оған сезім мүшесі арқылы
қайталап жауап береді. Мысалы, сізге қарай үлкен ит жүгіріп келеді. Көзбен
көру арқылы оны қабылдайды, ми қыртысында оны талдау жасай отырып, не істеу
керек деген сұрақ қойды. Ең басты сезім - "қауіптілік". Ол қорқыныш
орталығына козу туғызады да, сізді одан сақтану керек деген іс-әрекетке
мәжбүр етеді. Одан қалай құтылу керек, қашып құтылу керек не, жоқ әлде
қорқынышты жеңу керек пе? Себебі басқа адамдар көріп тұр, ұят деген де
сезім туады, соның нәтижесінде өз қорқынышыцызды байқатпау керек пе? Осы
жерде алға қойылған мақсат кеп, бірақ оның бәрін бірдей орындауға уақыт та,
күш те шектеулі. Осыдан қайткенде құтылу керек деген мақсатты орындау үшін
қайсысын таңдау керек деген мақсат та туады. Олардың ішінде қайсысы
маңызды, тиімді, пайдалы? Мәселен, темекі шегіп, рак ауруынан өлу керек пе
немесе қыздардың алдында темекі шегіп, мақтанып, өзінің "мәдениеттілігін"
көрсеткені дұрыс па? Тіпті зиян екендігін біле тұрып дәрігерлердің өзі
темекіні тастамайды. Неге? Оның себебін мынадан көруге болады: темекі уын
қажет етумен қатар адам оның сезімталдықты туғызатын күшін реальды мақсат
деп қарайды. Мысалы, әрбір темекі шегетін студент өзінің алпыс жасқа
толғанда рак ауруына шалдығатынын біле тұрса да оны мұндай қауіптілік
ойлантпайды. Біріншіден, темекі шегетіндердің бәрі бірдей ауруға шалдығуы
мүмкін емес, екіншіден "мен әлі қырыққа да толған жоқпын" деген ойлар
өлімнен де күшті әсер етеді де, темекіні кою туралы ой оған әсер ете
қоймайды.
Адам бойында кездесетін тағы бір қасиет - бейімделу (адаптация).
Мәселен, қандайда бір қауіпті сезім уақыт өте келе әлсірей береді де,
әсіресе ол шындыққа аспаған кезде адамның оған еті үйреніп кетеді. Демек,
барлық іс-әрекеттің орындалуы оның мінезіне байланысты, ал мінез - орталық
нерв жүйесінің туа біткен қасиеті. Бірақ оны жаттығу, тәрбиелеу арқылы
жөндеуге болады.
Психологияда кездесетін тағы бір манызды түсініктің бірі -бедел
(авторитет). Адамда туа бітетін бір-біріне қарама-қарсы басымдылық,
басшылық және бағынушылық, көнбістік секілді бір-біріне қарама-қарсы екі
қасиет болады. Алғашқысы өзінің өктемдігін коршаған ортаға орындатуға
тырысады. Өктемдік мінезге катал, бірақ барлық уақытта табандылық көрсете
бермейтін адамдар жатады. Ал, көнбістік қасиет қашанда басшының сонынан ере
жүріп, оның айтқандарын бұлжытпай орындауға тырысушыларра тән.
Денсаулығы нашар, физикалық жағынан әлсіз адамдар күшті адамдарға
еріп, одан қорғау, колдау іздейді. Дәрігердің ең басты бедеді осыған
негізделгеи. Мысалы, мінезі баяу, әлсіз адамдар үщін дәрігердің айтқаны
имандай шындық болса, ал керісінше мінезі қатты, күшті адамдарға дәлелмен
айтып, көзін жеткізу керек. Онъғ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент және қабілет туралы түсініктер
КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Темперамент жайлы ақпарат
Мүсін бұзылуы (бастауыш сынып балалары)
Темперамент – психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды – динамикалық қасиеттері
Шешен сөйлеу сыры
Спорттық метрологияға кіріспе
Темперамент және мінездің теориялық негіздері
Пәндер