СПИД туралы деректер


СПИД туралы деректер
1998 жылдың есебiмен алғанда: Дүние жүзi бойынша СПИД-пен ауырғандар және шалдыққандар саны 33 миллионға жетiп отыр. Шамамен күнiне 16 мың адам ауру жұқтырса, жылына 1. 5-2 миллион адам қайтыс болады екен. ТМД елдерi бойынша бiрiншi орында Украина тұр. Онда 29500 адам тiркелсе, Ресейде 6944, Белоруссияда - 1787, Қазақстанда - 786 анықталып отыр. Мысалы: СПИД вирусын жұқтырған бiр темiртаулық екi-үш күн Ақмола облысының Атбасар қаласында тұрып бiрнеше адаммен өз ауруын бөлiскен. Соның нәтижесiнде шағын қаладан 8 адам шығып отыр. Ал Ақмола облысы бойынша 19 адам тiркелген. Оның екеуi Астананың үлесiнде болса, бiреуi өлiп, он адам облыс аумағынан көшiп кеткен. СПИД - қауiптi iндет. Ол тез өсiп, көбейiп жер шарына қанатын жайып отыр. Тағы бiр мысал: СПИД ауруы 1994 жылдан бастап Шығыс Европа елдерiнде 6 есе өскен. Оның iшiнде Франция, Италия, Швеция, Дания сияқты мемлекеттер СПИД-тiң көп тарайтын аймақтарына айналған сияқты. Жоғарыда көрсетiлген 33, 4 миллион СПИД-пен тiркелген. Халықтың бiрден үш бөлiгi жастар екен. Бүкiл әлемде әр күн сайын 7000 бала мен жасөспiрiмдер осы вирусты жұқтыратын болса, әр 5 адам минут сайын немесе 2, 6 миллион адам жыл сайын осы ауруды жұқтырып отыратын көрiнедi. Қазақстанда ай сайын СПИД вирусын жұқтырған 40-60 адам тiркеуден өтiп отыр. Әлем бойынша СПИД-тiң орталығы Африкада болса. Қазақстандағы ошағы Темiртау, Қарағанды, Павлодар т. б. қалалар. СПИД Қазақстанда 2008 жылы, яғни он жылда он мыңға жетедi деген болжам бар. 2000 жылдың 1-шi тамызына дейiн Қазақстанда СПИД вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 1159 адам болса, 36 адам ауырып, 26-сы дүние салған (Шығыс Қазақстан бойынша 9 адам) СПИД ауруын таратушы нашақорлардың 73 пайызы 29 жасқа дейiнгiлер екен. 1998 жылы Қазақстанда СПИД-тiң қанды шеңгелiне тұмшаланған 768 науқастың 15-сi қайтыс болды. Ал СПИД-тi жұқтырған 10 әйелдiң 7-i аман-есен босанған. Бiр бала шетiнеп кеткен. Алтауы дәрiгердiң тiкелей бақылауында болғанмен дәрiнiң жоқтығынан немесе қымбатшылығынан ем ала алмапты. Себебi СПИД-пен ауырған бiр адамның өзіне кем дегенде 12 мыңнан 25 мыңға дейiн АҚШ доллары қажет екен. Медициналық деректерге сүйенсек ауру әйелден туған балалардың 30 пайызы науқас болып туады. Алайда сол бейкүнә сәбилердi анасының құрсағында жатқанда немесе дүниеге келе салысымен емдегенде аурудан сақтап қалуға болады екен. Қазақстанда СПИД-тiң пайда болу ошағы Темiртау қаласы болғанмен, соңғы кездерде одан басқа 14 облыстан СПИД жұқтырған 25 адам анықталды. Ал, Темiртаудың өзінде 4, 5 мың нашақор бар көрiнедi. Осыны ескеретiн болсақ СПИД-тiң Қазақстанда таралу мүмкiндiгi өте жоғары болмақ.
Адамзатқа тосын келген СПИД өте қатерлi де қауiптi дерт. Оны тек орта ғасырда пайда болған “оба” дертiмен салыстыруға болады. СПИД-ке қарсы шаралар мемлекеттiк көлемде және жеке адамды қорғау мақсатымен жүргiзiлуi тиiс. Жұмыс жердегi барлық ғалымдар мен денсаулық сақшыларының iс-әрекетiн бiрiктiру арқылы СПИД-тi тежеуге, ал кейiннен тоқтатуға болады. Бұл iндет жаста, жыныс та талғамай, жыл сайын ауаға жайылып бара жатқандай. Тiптi жарық дүниеге келген сәбилердiң де СПИД дертiне шалдығып туылғаны да таң болмай қалды. Қазiргi уақытта елiмiзде тәртiп мәселесi әлi әлсiз. Шетелден келгендер еркiнше сайрандап жүр. Олардың қандай ауру әкелiп немесе әкетiп жатқанын ешкiм бiлмейдi. Қорыта келгенде: аурудың қандай түрi де - адамға, ар-ұятқа сын, жер - өз үйiмiз десек те, адамгершiлiктi, iзгiлiктi мұрат еткен бiздiң қоғамда бұл дерттiң етек алуына жол бермеуге рухани мүмкiндiгiмiз бар. Ол өзгенiң қателiгiнен үйренiп, дұрыс жүрiс-тұрысты түзеп, тазалық талаптарын сақтау. Сонда ғана СПИД деген қауiптi дерттiң алдын орап, оның таралуына кедергi жасай алатынымызға сенiм мол.
“Ана болса ән басы, бала - өмір жалғасы” - деп айтқандай қай елдi, қай халықты болмасын ана мен баланың жағдайы, олардың денi мен жанының саулығы қатты толғандыруы өте заңды. Осы орайдағы демографиялық көрсеткiштер деңгейi, ең алдымен ана мен баланың бақуаттылығы елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының барометрi болып табылады, денсаулық сақтау мекемелерiнiң қабiлет-мүмкiндiгiн танытады. Әсiресе, ана мен баланың өмірiн тұрлi кеселден, ажалдан арашалай алмау елдiң елдiгiне, ұлттың абырой - намысына ұлкен сын. Бiздiң Қазақстан халқының өз табиғи өсiмi есебiнен көбеюi жағынан озық, үлгi аумақтар қатарына қосылады. Дегенмен, қазiргi кезеңiмiзде туу көрсеткiштерi әрбiр 1000 адамға шаққанда 19, 9-дан келедi, бұл бұдан бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуiр төмен. Тек соңғы жылдарда ғана 51 мыңнан астам нәресте кем туып отыр. Ана мен баланың денсаулығына әлеуметтiк және экономикалық зиянды факторлар ядролық полигондардың радиациялық зардаптары тiкелей әсер етуде. Ересек адамдардың ойсыз iсi үшін, көзiн өмірге жаңа ашқан нәрестелерiмiз зиян шегiп отыр. Өкiнiшке орай, бiз жыл сайын 250 екiқабат, туашақ және туған әйелдерден, бiр жасқа дейiнгi 9 мың сәбиден айырылатынымызды айтуға тиiспiз. Аналар әлiмiнiң себебi көбiнесе аяғы ауырлығына байланысты болмайды. Бұған кiнәлi жоғарыда көрсетiлген себептермен қатар қан кету, түсiк тастау, жұқпалы-паразиттiк аурулар, бүгінгi күнi етек алып бара жатқан нашақорлық, сонымен бiрге жеңе алмай келе жатқан темекi мен алкоголизм болып отыр.
Бүгін мен денi сау нәрестенi дүниеге келтiру үшін тiкелей зиян тигiзiп отырған нашақорлық, алкоголизм және темекiнiң зардаптарына тiкелей тоқталып өтейiн. Медицинадағы ғылыми-зерттеу деректерi бойынша, 25 папиростың тұтiнiнде екi тамшы никотин болады. Мұның өзі бiр иттi өлтiруге жеткiлiктi болып отырғанда, ана құрсағында жатқан нәрестенiң ден құрылысының дамуына өте зиянды әсер етедi. Никотин насыбайдың құрамында да көп. Жүктi әйелдер темекi тартса, никотин ең алдымен жүйке жүйелерiн бұзып, нәрестенiң әр түрлi керектi заттармен қоректенуiн нашарлатады. Темекi құрамындағы никотин дененiң витаминдi алмасу жүйелерiне жағымсыз әсер етедi, қандағы С витаминiнiң мәлшерiн екi-үш есе төмендетедi. Темекiнiң түтiнiне уландырғыш газ қандағы гемоглобинмен тез араласып, қанның оттегiмен қоректенуiн қиындатады. Әсiресе әйел адамдардың жүйке жүйесiне жүрек қан айналымы жүйелерi никотиндi тез қабылдағыш келедi. Мiне, сондықтан шылым тарту жүктi әйелдер құрсағындағы нәрестеге өте зиянды. Бүгінгi күн шылым шекпейтiн болашақ аналарымыздың қанының құрамындағы витаминдердi жеткiлiксiз, гемоглобин мәлшерi өте төмен болып отырғанда, шылым шегетiн жүктi әйелдердiң денсаулығы жайлы айтпаса да түсiнiктi жай. Көптеген қыздар темекi тартуды үйреншiктi нәрсе ретiнде қабылдайды, ал оның француздың белгiлi клиницисi Труссо атап көрсеткендей “темекi шеккен адамның қан тамырлары қалай тозса, адам солай қартаятынын” ескере бермей, болашақ ұрпағының өмірiн кемтар етедi. Темекi тартатын ер адамдар ұрықтарының (демек, ұрықтандыру қабiлетi) қозғалғыштығы гормонияның азайғандығы анықталып отыр. Сексологтардың бақылауларына қарағанда, ер адамдардың жыныс қабiлетiнiң төмендiгiнiң бiрқатар жайлары темекi тартуға байланысты. Сонымен бiрге темекi тарту қабiлетiнiң бастапқыда бiрқалыпты немесе төмендеу адамның денсаулығына ерекше әсер етедi, тiптi мықты адамның өзіне де тигiзер зияны аз емес. Дәрiгерлер импотенцияға шалдыққан адамдарды темекi тартуды қойғанша бекер емдемейдi. Осы бақылаулардың барлығы тәжiрибелер арқылы анықталынып отыр.
Темекi тартатын әйелдiң организмi темекi тартпайтын әйелдiң организмiнен едәуiр ерте тоқтайды. Жас шамалары (44-45 жастағы) темекi тартпаған әйелдердiң 53 пайызы, темекi тартатын әйелдердiң 65 пайызы етеккiрi тоқтаған. Темекi тартатын әйелдердiң екiқабат болуы - әр тұрлi күрделi жағдайда өтедi. Кұре тамырдағы қан қысымы көтерiлiп, iсiнедi, зәрде белок пайда болады (оны нефропатия деп атайды) . Темекi тартатын әйелдердiң құрсақтағы баласы нашар жетiледi, салмағы аз болып, қызметiн дұрыс атқара алмайды. Осыған байланысты, әр түрлi бақылаулар бойынша екiқабат кезiнде олардың 25-30 пайызынан плацентарлық қан кетедi. Кұнiне темекi бiр қораптан артық тартатын әйелдердiң шамамен 35 пайызын, әсiресе 25 жасқа жетпеген және 30 жастан асқан әйелдердiң баласы өлi туылады. Темекi тартпайтын әйелдерге қарағанда, темекi тартатын әйелдердiң орта есеппен 20 пайызы күнi жетпей босанады, олардың көпшiлiгi түсiк тастайды. Темекi тарту жаңа туған нәрестелердiң бәрiне керi әсер етедi: темекi тартатын әйелдерден салмағы 2, 5 кг-нан төмен баланың туу жиiлiгi әр түрлi елде темекi тартпайтын әйелдермен салыстырғанда 20-30 пайыз жоғары. Темекi тартатын әйелдердiң жаңа туған балаларының орташа салмағы 200-250 грамм кем. Темекi тартпайтын әйелдерге қарағанда, темекi тартатын әйелдердiң жаңадан туған балаларының өлiмi орташа есеппен әр түрлi елдер бойынша едәуiр әсе түсуде, шамамен 40 пайызға жетедi. Әсiресе баланы алғаш көтерген әйелдер арасында көп.
Бала емiзiп жүрген кезде темекi тарту сүттiң сапасын төмендетiп, оның мөлшерiн азайтады. Никотин және басқа да зиянды заттар сүтке араласып, баланың iшiн ауырту мүмкiн. Темекi тартатын әйелдердiң балаларында қаны аздық пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz