Темекінің организмге әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Темекінің организмге әсері.

Сабақтың мақсаты: Темекі зиянын пәнаралық байланысты пайдалана отырып көресту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Зиянды әдеттерге негативті көзқарас қалыптастыра отырып, оқушыларда адамгершілік қарым-қатынас қалыптастыру.

Бұл сабақты өткізер алдында оқушыларға арнайы тапсырма беріледі.

  1. Темекінің адам организміне әсері (биолог)
  2. Темекінің химиялық құрамы, оның организмге зиянын көрсету (химик)
  3. Темекі әсерінен туындайтын аурулар (валеолог)
  4. Темекі түтінінен қоршаған ортаның зиянын көрсету. (эколог)

Бұл жаратылыстану циклі бағыты пәндерінің арасындағы байланысты көрсетеміз.

Онан әрі гуманитарлық цикл пәндерімен арасындағы байланысты көрсету.

  1. Темекі өнімдерін шектеуге оған байланысты қабылданған құжаттар, олардың маңызы, орындалу жағдайы, мектептегі жағдай туралы (заңгер)
  2. Темекінің экологиялық жағынан зиянын есептеу (экономист)
  • уақыт;
  • ақшалай шығыны;
  • ауру бола қалғандағы шығын (белгілі бір арнайы жағдай ойластырылып, сол бойынша есептеледі. )
  1. Темекінің организмге зияны туралы оқушылар өз көзқарастарын көрсетеді
  • өлең жазу,
  • шығарма жазу,
  • сценка жазу, т. б.
  1. Темекі зияны, онан бас тарту жолдарын көрсететін сурет, келемеж (карикатура) бейнелеу, т. б.

Соңында, темекінің зияны туралы біртұтас білім мен білік қалыптастыру.

Онан әрі, мына бағыттағы жұмыстарды жүргізуді белгіледік.

  1. Темекі тартуға әсер ететін жағдайлар
  2. Темекі тартудан бас тартуға бола ма? Қалай?
  3. Темекінің организмге зиянын анық білесің бе?
  4. Темекі өнімдерін шектеу бағытындағы құжаттардың маңызы, неліктен қабылданғандығы, оның орындалуы.
  5. Темекінің экономикалық зияны
  6. Темекіге болашақтағы өзің көзқарасың.

Бұл мәселені талдаған уақытта белгілі бір проблемалық ситуацияны таңдап алып, оған жан-жақты сараптама жасап, қортынды шығара білу қажеттілігіне көңіл аудардық.

Сабақ соңынан, оқушылардың өздері ойлаған өлеңдері мен сценкалары, суреттерін пайдаланып «Темекі және денсаулық» атты класс сағатын өткізу жоспарланды.

Бұнда негізгі мақсат:

  1. Оқушы шығармашылығына жол ашу
  2. Оқушының жеке қабілеттерін дамыту. (суретші, ақын, жазушы, заңгер, эколог, химик, биолог және т. б. )
  3. Негізінен зиянды заттардың организмге әсерін көрсетуде пәнаралық байланысты тиімді пайдалану арқылы біртұтас білім қалыптастыру.
  4. Осы біртұтас білім негізінде оқушыларда зиянды заттарға деген негативті көзқарас қалыптастыру.

Жоба темекінің организмдегі зияны.

Темекінің жүрекке әсері. Жүрек 300 грамм. Күніне жүз мың рет жиырылады, 14 тонна қанды өткізеді. Бұны 1 күнге, 1 жылға, 10 жылға 20, 20, көбейтсек қанша болады. Сонымен жүректің мықтылығымен, тиімділігіне, жұмысына сай келетін, оны ауыстыратын әлі ешқандай аппарат жоқ. Ал, жүрек қанды мыңдаған километр болатын қан тамырларының бойымен қозғайтындай күшпен шығарады. Организмдегі триллион шамасындағы клеткаларды оттегімен қоректеніп отырады. Егер миға бірнеше секунд ішінде оттегі қан бармай қалса, өмір тоқталады. (есептеп шығаруға болады) Олай болса, күндіз-түні демалыссыз, қызмет ететін жүрек жұмысына темекінің әсері қандай? Темекі тартатын адам жүрегі минутына 20 рет артық жиырылады, күніне 15 000 рет деген сөз. Бұл нормадан 1, 5 тонна артық қан айдайды деген сөз. Ол тек жүрекке емес, қан тамырларына әсер етіп, «спазм» жағдайын туғызады. Темекі әсерінен, организмге оттегі жетпейді, бас ауырады, жүрек сыздайды, қол-аяқ сыздайды. Сондықтан да, қазір дүние жүзінде жүрек қан тамыр ауруларын басқа аурулармен салыстырғанда - ''Чемпион'' атанып отыр. Миокард инфарктынан жастар өлуде.

Стенокардияны - темекі тудырады, темекі тартушылар - аяғынан айырлады - ол эндоартерит, онымен ауырған адамға өлім есік қағып тұрғандай, бұл аурудың жағдай да өте ауыр.

Темекінің өкпеге әсері. Тіршілік ету үшін таза ауа қажеттілігін барлығымыз білеміз. Біз қандай ауамен демаламыз, ал темекі тартатындардың жағдайы қалай дегенді ойласақ. Онда оның жауабы мынандай темекінің құрамында 4000 жуық әр түрлі зиянды заттар бар. Ол өте зиян, өйткені ол толық жанбай түтіндейді, сондықтан да /750-800/ - температурада бір-біріне қосылып, зиянды заттар түтіні организмді улайды, алдымен көмір қышқыл газы организмге еніп, организмді улайды. Темекі тартатын адамдардың ең бірінші белгісі оларда «жөтел» пайда болады. Оны медицинада ''темекі шегушілердің бронхиті'' деп атайды. Бұл организмнің өзіне қауіп төнгендігі туралы алғашқы сигналы, одан әрі одан да қиын аурулардың күтіп тұрғандығын сездіреді. Дегенмен, темекі тартатын бұған көңіл бөлмейді. Чехословакияда өткен онкологтардың съездінде өкпе рагымен ауырғандардың 98, 7 пайызы темекі тартатындар екендігі дәлелденген.

Темекі тартатын адамдардың тыныс алу жолдарының әр түрлі ауруларына көп шалдығатындықтары дәлелденіп отыр. Оны француз ғалымдары туберкулезбен ауырған 100 адамның 95-інің темекіні көп тартушылар екендігін дәлелдеп отыр. Бұдан басқа да тыныс жолы аурулары: ларингит, трахид, созылмалы бронхит және т. б. аурулардың тудырушысы темекі. Өйткені, темекі өкпенің ішкі қабаттарын қалыңдатады, сөйтіп ол өзінің серпінділігін сезімталдығын жояды. Осылайша табак смоласы альвеолдарда жиналады, олар ісінеді, ол өзінің газ алмасу қызметін атқара алмайды.

Бірақ, оқушылардың темекі зиянын нақты біле бермеуінен, темекі тартатындар санын оқушылардың толтыратындары анықталып отыр.

Темекінің қарынға әсері. Қарынның атқаратын қызметі оның құрылысы, қарын бездері, оның сөлінің қызметінің адам үшін маңызы зор екендігін әркім біледі. Темекінің қарынға және ас қорыту органдарына әсері қандай?

Темекі ас қорыту органдарына әсерді ауыздағы сілекей бездері мен тістерге әсерінен бастайды. Тістерге темекі ысының (60) -ға дейінгі қызуы темекі эмалын бұзады, ол сарғаяды, зақымдалады онан әрі сілекей бездерін қоздырып, ол көп мөлшерде бөлінеді, ал жартысы тамақ пен бірге қарынға өтеді. Ол қарынның нерв жүйесіне әсер етеді, осылайша қарынның ішкі сілемейлі қабатын қоздырады. Онан әрі ол қарынның бұлшық еттеріне әсер етеді. Осылайша қарын жұмысы біртіндеп бұзылады. Үнемі қабығы тітіркендіктен оның қозғалысы бұзылып, өзімен бірге ащы ішектің және тағы ішектің де жұмысын бұзады. Темекінің әсерінен темекі тартушыларда ұзақ болатын іш өтудің не үлкен дәретке ұзақ уақыт бара алмаудың салдары осынан туындайды. Қарын бездерін темекі үнемі қоздыратын болғандықтан да ол қарын сөлінің шектен тыс артық бөлінуіне не аз бөлінуіне бір сөзбен қарын жұмысын бұзуға алып келеді. Бұл адамда қарын асты безінің тұсындағы ауырлықты, жүрек ауруына, қарынның қыжылдауына алып келеді. Сонымен темекі шегушінің медициналық кітапшасында созылмалы гастрит деген ауру пайда болды. Одан әрі ол қышқылдығы төмен, ол темекі тарту стажы жоғарыларда болады. қышқылдығы жоғары бұл темекіні жаңадан тартушыларда болады, сөйтіп қарын жарасы (язва желудка) , сөйтіп онан әрі ракқа айналуға әкеп соғады.

Қарынды тек темекінің уы ғана емес, темекі тартқан адамның қарыны тамақтың дәмін сезу қабілеті азаятындықтан олар көбіне ащы, ыстық тамақтарды жейді, осылайша ол өз қарын жұмысын бұзады. Ал темекі тартқыштар таңертең тамаққа дейін темекі тартады, бұл ас қорыту жолын бос жұмыс істетеді. Сөйтіп, ас қорыту жолы жалған рефлекске үйренеді. сонымен осылайша ас қорыту жолының бұзылуынан пайда болатын қарын, он екелі ішек, тоқ ішек жарасы аурулары пайда болады.

Темекінің бауырға әсері. Бауырдың да ашылмаған сыры әлі де көп. Ал қазірдің өзінде білетініміз, бұл да жүрек сияқты сыңар орган. Зат алмасу, ас қорыту, қан айналу процесіне қатынасады. Белокты, майды, көмірсуды қорытуға көмектеседі., қандағы қант мөлшерін реттейді, А витаминін түзеді, қорға жинайды. Бұл витаминнің көмегімен көздің көргіштігі артады, өсу даму процестерін реттейді, организмнің инфекцияға қарсы тұруын реттейді. Осы да басқа да атқаратын қызметтеріне қарай бауырды - организмнің негізгі «зертханасы» деп атайды. Темекінің әсерінен бауыр қатты зақымдалады.

Бауыр организмдегі ең үлкен без. Алдымен айтқанда темекі тартушылардың дәм сезу органдарының жұмысы бұзылғандықтан ащы, майлы тамақтарды жейді, кейде спирттік ішімдіктер ішеді. Бұның барлығы бауыр клеткаларын қауіп-қатер жағдайларында жұмыс істеуге алып келеді. Міне осындай жұмыстар нәтижесінде бауыр клеткалары зақымданады, өт жолдары бітеледі - осылайша ғасыр ауруларының бірі - бауыр «церрозы» пайда болады. Бұндай аурумен ауыратын адам - мүгедек. Бұны жастар ерте зиянды әдетке үйренбей тұрып білгені дұрыс, бауыр организмді улы заттардан залалсыздандырушы. Бірақ оның да мүмкіндігі де күнде, сағат сайын темекі уынан тазартуға жетпейді. Осы жағдайларға оқушылардың көңіл аудармайтындықтары анықталды.

Темекінің сезім органдарына әсері. Сыртқы ортаның әр түрлі түсін - сезбейміз, иісін иіскейміз, дәмін айырамыз, дыбысты естіміз - бұл жұмыстың барлығын сезім органдары атқарады. Ал, темекінің бұл органдарға әсері қандай? Темекі - алдымен көру нервін зақымдайды, көру қабілеті төмендейді, алдымен ол жасыл, онан соң қызыл, сары түстерді ажырата алмайтын болады. Ондай түсті толық ажырата алмайтын адамдар машина, тепловоз, самолеті қалай басқаратындығын ойлаңыз. Онан соң есту қабілеті төмендейді, сондықтан да әншілер жалпы музыканттар үшін бұл тіпті қауіпті.

Дәм сезу қабілеті біріншіден төмендейді, тілдің үстіндегі сезу бөлімдерінің беті қалыңдаған, жабылып қалған, ол ащыны тәттіні сезбейді. Иіс сезуден қалады. Алдымен, мұрынның сілемейлі қабығы зақымданғандығы сонша созылмалы тұмауға әкеледі, одан азап шегеді, әрі жағымсыз иіс шығады. Қорыта айтқанда, темекі сезім органдарына әсер ете отырып иісті сезбейтін, нашар көретін, нашар еститін, дәмді сезбейтін, сыртқы әсерді нашар қабылдайтын тірі ''робот''-қа айналады деген сөз.

Темекінің секреция бездеріне әсері. ''Секреция'' бездеріне темекінің әсері қандай - бұл бездерге темекінің әсері басқа мүшелерге қарағанда екі есе көп. Өйткені, темекі секреция бездеріне тікелей әсер етеді, екіншіден қан арқылы және нерв арқылы әсер етеді. Темекінің әсерінен ішкі және сыртқы бездері темекінің әсерінен өздерінің гормондарын жеткілікті мөлшермен бөле алмайды. не ол көп бөлінеді, не тіпті аз бөлінеді. Өйткені, бездер темекі уының әсерінен үнемі (''авария'') апат жағдайларында қызмет етеді. Сондықтан да бездер организмнің жетілуін, жыныстық дамуды, ақыл-ойының дамуын, басқа да физиологиялық қызметті толық реттей алмайды.

Бүйрек асты безі темекінің әсерінен, адреналинді қанға үнемі шашып тұрады, бұның әсерінен қан тамырлары бір есе жиырылып, бір есе жазылып үнемі апат жағдайында жұмыс істегендіктен, нәтижесінде гипертониялық ауруларға алып келеді.

Жыныс бездерінің де жағдайы осындай. Темекі әсерінен ер адамдарда жыныс функциясы төмендейді, бедеулік пен белсіздікке әкеледі. Әйел адамдарда етеккір циклі бұзылады, не ұзарады, не қысқарады. Бұл процесс өте аурулы болып келеді, қазіргі кезде темекі әсерінен климакстың ерте түсетіндігі дәлелденіп отыр.

Айыршық без темекі уының әсерінен көлемі жағынан ұлғаяды, бұның нәтижесінде ашуланшақ, шаршағыш, терлегіш, ызақор болады. Жүрегі қатты соғады, арықтайды, көзі бадырайып «бақшаңкөз» ауруына алып келеді.

Темекінің тістерге әсері. Тістің эмалін темекі түтіні бұзады. Ауыз қуысында қалыпты жағдайдағы температура 15-20С аспайды. Темекі түтінінің температурасы 60-қа жетеді, міне осындай температураның айырмасы тіс эмалі жарылады. Осы көзге көрінбейтін жарқыншақтар арасына смоласы кіріп темекі шегетіндердің ауызынан үнемі осындай жарамсыз иістің шығатындығы сондықтан. Тіс эмалінің жарқыншағын «кіреберіс қақпа» деп атайды, сөйтіп бұл арқылы адам организміне үнемі микробтар түсетін орын болады. Темекі тартатындардың тісі сарғыш, үнемі сіңіп қалған жағымсыз иіс, бұзылған тістің сырқырауының пайда болатындығын оқушы жастар білмейтіндігін аңғартты.

Темекінің миға әсері. Ми бүкіл организмде болып жатқан істерді басқарушы, реттеуші. Ми клеткалары бұлшық ет клеткаларынан 20 есе көп оттегін пайдаланады, сондықтан да миға оттегі жетіспейді. Дегенмен, бұл сөздердің барлығы темекі тартушыларға да, оған еліктеушілерге де әсер етпейтін сияқты. Өйткені олардың саны күннен-күнге көбеюде.

Керісінше, темекі шегушілер - темекі көңілді көтереді, жұмысқа қабілетті жоғарлатады деген қате түсінік бар, ол оқушылардың бұл процесс механизмін түсінбейтіндіктерін көрсетеді. Бұл процестің механизмі мынандай алдымен никотин клеткаға әсер етіп, сосудтарды кеңейтеді. Ал, темекі құрамындағы аммиак нерв талшығының ұштарына осылайша әсер етеді, адамда ''рахаттану'' уақыты ұзаққа созылмайды, ол тек бірнеше минутқа ғана созылады. Бұдан соң клетка активтігі төмендейді, сосудтар тартылады. Темекі тартушы темекіден алдында болған 1-2 минуттың рахатын іздеп 2-3-5-10-сын тарта бастайды. Осылайша, темекі деген қажеттілік пайда болады. Сөйтіп жас темекіге басыбайлы болып алады. Бұның барлығы, темекі зиянын нақты түсінбеуден туындайтын жағдайлар.

Біздің зерттеу жұмысымыз барысында мектеп оқушыларына жүргізілген зерттеулерде:

Мектеп оқушыларының - 6 кл - 5 проценті

Мектеп оқушыларының 7 кл - 8 проценті

Мектеп оқушыларының 8 кл - 12 проценті

Мектеп оқушыларының 9 кл - 18 проценті

Мектеп оқушыларының 10кл - 20 проценті

Мектеп оқушыларының 11 кл - 22 проценті

темекі тарататындығы анықталды.

Онан төменгі класс оқушыларымен темекі тартатындарының жоқ екендігін көрсетті. Олай болса, темекі зиянын төменгі кластардан бастаған тиімді екендігін көрсетеді. Мектепте темекінің зиянын класс сағаттарында айтқандары болмаса, жалпы бұл туралы нақты мәліметтің аз екендігі анықталды.

Ал, 5-6-7класс оқушыларының өздері темекі зиян екендігін білеміз деген жауаптарымен шектеледі. Дегенмен, темекі зияны туралы нақты зияны туралы білімі жоқ. Ал, зерттеуге сүйенсек, темекі зияны туралы нақты білімі жоқ жасты, темекі тартатындар тез өз қатарына қосып алатындығын дәлелденген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері
Темекінің жүрек-тамыр жүйесіне әсері
Темекі және оның адам денсаулығына тигізетін әсері
Темекінің қарынға әсері
Темекі түтінінің құрамы
Шылым тарту зиянды әдет
Темекі және оның зияны
Зиянды әдеттер
Адам және оның денсаулығы пәнінен салауыттану жүргізетін сабақтар жүйесі
Денсаулыққа қатерлі негізі факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz