Халықтың саулығы - мемлекет байлығы
Халықтың саулығы – мемлекет байлығы
Табиғат пен адам! Табиғат пен
адамнан асқан кереметтік пен құпия
сырлар болуы мүмкін бе,
айтыңызшы?! Әлемді және оның
ғажайып ғаламаттарын, өмір мен
өлімнің сырын, адамның табиғатқа
деген қарым-қатынасының құпиясын
білу сияқты қажеттіліктерден келіп
адам мен табиғат арасындағы
байланыстың бар екенін дәлелдейміз.
Шоқан Уәлиханов.
Жоспар
1. Ана баламен әсем,
2. Жері байдың - елі бай.
3. Денсаулық - зор байлық, дені саудың - жаны сау.
4. Суы дәрі, шөбі бал дала көркі қазір қандай!..
5. Мемлекет байлығы - дені сау азамат қолында,
Адам баласы жарық дүниеге жарқ етіп келген соң-ақ, оны дұрыс
тәрбиелеу, оның денсаулығын сақтау, оған білім беру, адамгершілік, әсемдік
жағынан өмірден өз үлесін алатындай дәрежеге жету жолын ойластырады. Халық
жас баланың ұғарлықтай немесе өзі ойлау қабілетінің дәрежесіне жеткенше,
ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, іздегені табылып отыратындай сөздерді ұққыза
береді.
Ұшқан құс, жүгірген аң, қыбырлаған жәндіктердің бәрі де баласының аман
болуын, дені сау болуын саналылықпен ойламаса да, coғaн қажеттіліктің
барлығын да дайындайды. Ата-анасы екеуі соның қамқоршысы болады.
Ал, ерекше назар аударатын, баласының дұрыс өсіп, дені сау, он екі
мүшесінің аман болуы, өмірден өз орнын алуына ең алғаш тәрбие беретін алып
күш - ана.
Балалардың көпшілігінде, тіпті он жасқа дейінгі балаларда небір
дыбыстарды дұрыс айта алмайтыны болады. Әсіресе - "Р" дыбысын сөз арасында
"Л" етіп айтатын ерке, шолжың балаларда кездесетін әдет. Ендеше, ата-анасы
осы кезде тілін жаттықтыру үшін, дұрыс сөйлеу үшін, дауыс мүшелерін
жаттықтыратын жаңылтпаштар айтқызды. Әуелі жайымен айтса, артынан
шапшаңдатып айтуға үйретеді. Мысалы:
Әй, Тайқарбай, малыңды жадыраға жай, Тайқарбай. Әй, Тайқарбай дегенің
қай Тайқарбай? немесе,
Торта қойдым,
Орта қойдым,
Орта қойдым,
Жорта қойдым, - деген сияқты сөздердің арасына тілі келмейтін "Р" әрпі
бар сөздерді қойып айтқызады. Сөйтіп, тілін дұрыстап сөйлеуге үйреткен соң,
мағыналы жағынан да назар аударып, оның он екі мүшесінің сау болуымен
бірге, адамгершілігі де дұрыс болуына ерекше назар бөледі. Ойлы, саналы,
еңбекқор, мейірімді, досқа адал, ағайын-туғанға бауырмал болуын да
ескереді. Жұмбақтар айтып ойландырып, мақал-мәтелдер айтып шешендікке
баулып, ертегілерден таңғажайып құпия сырларды ашуға ынталандырып отыратын
да ата-ана, әжелер болғанын білеміз. Бесік жырынан бастап:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Қонақ келсе, қой, бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем.
Құйрығына той, бөпем, - деп, баласының дені сау болуы үшін, жас балаға
қой етінің, қой майының қажет екенін де ескертсе, тамағыңа тойып алып,
тыныштықта бол, төзімділікке үйрен, басқа адамдарды сыйла, таза төсекте
таза болып жата ғой деп тазалықтың да денсаулық үшін қажет екендігін
құлағына құя береді. Үйге келген қонағын Құдайдай сыйлайтын, қазағымның
қасиетін жас кезінен-ақ құлағына құя берген ғoй.
Ата-бабаларымыз баласының дұрыс болып өсуіне барлық амал-айланы жасап,
қайткен күнде болашақ ұрпағының дұрыс адам болуына назар аударғаны мәлім.
Әсіресе, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев, С.Көбеевтің өлең, әңгімелерінде адам
баласының дұрыс өсіп жетіліп, қоғамның бір азаматы болуына көңіл бөлген.
Мысалы, Ы.Алтынсариннің "Мейірімді бала", "Бір уыс мақта", "Бала мен
ана", "Жаман жолдас", "Бақша ағаштары", тағы басқа әңгімелері адам
баласының тәрбиесіне арналған. Баланы тәрбиелеу, оны қоғамда алатын орнына,
мемлекетіне, ата-анасына пайда келтіретін адам болуы үшін, ең алдымен дені
сау болу керектігін ескертеді. "Денсаулық - зор байлық", "Дені саудың -жаны
сау" деген халық қағидаларын естен шығармаған жөн. "Бақша ағаштары" деген
әңгімесінде Ы. Алтынсарин:
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп
сұрады баласы. - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген,
қисық бұтақтары болса, кескен. Мынау ағаш бағусыз, өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz