Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері


Ішімдіктің организмге әсері
Ішімдіктің тірек-қимыл жүйесіне әсері. Теледидардан берілетін ақпараттардың өзінде жүргізуші ішімдік ішу нәтижесінде жол апаты болғандығын хабарлап жатады.
Аз болса да ішкен адамның өзінің сезу реакциясының жылдамдығы 0. 5 секундқа баяулайды. Осы жағдайдың өзі апат жағдайының пайда болуына жеткілікті. Егер машина 60 км/сағат жылдамдықпен келе жатса, ішпеген қалыпты адам жолда пайда болған кездейсоқ жағдай әсерінен сезім реакциясы нәтижесінің нашарлауынан 10 метр қашықтықта айналып өтеді, ал 0. 5 секундта машина 8. 3 метрге қозғалып кете алады, ал қалған 1. 7 метрге бұрылу не тоқтату мүмкіндігі азаяды. Бұл аралықтың азаюы апатты жағдайдың тууын 6 рет көбейтеді, яғни апатты жағдай туындады. Бұл - жүргізуші ішімдік ішкен жағдайда туындайтын жағдай. Егер жаяу адам ішімдік ішкен болса, онда жаяу адамның да, сезу реакциясы осылайша төмендейді, ол да кездейсоқ жағдайда тез жауап бере алмағандықтан, апатты жағдай пайда болады.
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері. Ішкіш адамның жүрегі мен қалыпты адам жүрегін салыстырғанда 1, 5-2 есе үлкейген. Жүрек осының салдарынан өзіне тиісті қызметті толық орындай алмайды. Жүрек майланады, ішімдік әсерінен қан тамырларының қабырғалары өзгеріске ұшырайды, артерия тамырлары бітеліп, тканьдерге қоректік заттар бармайды. Ішімдік әсерінен эритроциттер мен лейкоциттердің қандағы саны азаяды, ол сүйек кемігінің зақымдалуынан болады. Организмдегі оттегін басқа органдардан 7-9 есе көп қажет ететін ми клеткаларының жұмысы бұзылады.
Қанның қызыл клеткаларын ішімдік бұзады, газ алмасу процесі бұзылады. Газ алмасу процесі бұзылғандықтан, адам организмдегі жалпы зат алмасу процесі бұзылады.
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері. Өкпеге ішімдіктің иісі, оның ыдырау өнімдерінің өзі өкпе тканіне теріс әсер етеді. Өкпе сыйымдылығы азаяды, тыныс жолдарын қабындырады.
Ас қорыту жолдарына әсері. Ішімдіктің аз мөлшерінің қарын сөлінің қызметін тездететіндігін, ал қарын сөлінің көп мөлшерінің оның жұмысын нашарлайтындығына алып келеді. Бұл екі процестің екеуі де зиянды, қарынның сілемейлі қабынады, гастрит пайда болады, кейде бұл асқазан жарасының пайда болуына алып келеді. Бұл тек асқазан ғана емес, жалпы ас қорыту жолының бойында қатерлі ісіктің пайда болуына соқтырады. I-ші - ішімдік әсерінен ас қорыту процесі баяулайды. II-ші - ішімдік әсерінен белок бұзылады, ас қорыту ферменттері оны қорыта алмайтын жағдайға ұшырайды.
Ішімдіктің теріге әсері. Ішімдіктің антисептикалық қасиетін ауру тудыратын микробтарды өлтіру үшін бәріміз пайдаланамыз. Осы қасиетін ескерсек, оны ішудің өзі түсініксіз.
Ішімдіктің секреция бездеріне әсері жыныс бездеріне кері әсерін тигізеді. Жыныс гормондарының бөлінуі кемиді, жыныс органдары қызметі тұтасымен бұзылады. (қыздарда менструациялық цикл бұзылады), қазіргі кезде (климакстың) ерте түсуі зиянды әдеттерге әуестенуде екендігі дәлелденіп отыр. Ер адамдарда белсіздікке алып келеді. Ішімдік әсерінен бездер жұмысының бұзылуы - қан диабеті ауруының пайда болуына, зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді.
Ішімдіктің миға әсері оның қандағы мөлшеріне тура пропорционал. Ішкіш адамның миында ұсақ қан құйылулар көп болады. Оның себебі, қан тамырлары тартылып, бітелуінен, ми клеткаларына қоректік зат пен оттегінің келуі азаяды. 100 грамм сыра ішкен кездің өзінде мидың жұмыс істеп тұрған клеткаларының 3-ы өледі, 100 грамм вино ішетін болса, - 5000-ның клеткасы өледі, арақ ішсе - 7500 клеткасы өлетіндігі дәлелденген. Ми клеткаларының қайта қалпына келмейтіндігін ескерсек, жасөспірімдік шақтан бастап ішетін адамдардың миында қандай өзгерістер болатындығын көз алдарында елестету қиын емес. Ішімдік басқа органдардан көбірек жүйке жүйесі мен миға әсер етеді, өйткені ми май тәрізді заттан тұрады, ал бұндай затта спирт жақсы ериді. Сондықтан да, спирттің мидағы концентрациясы қандағыға қарағанда 60-70 процентке жоғары болады. Ішімдіктің уының әсерінен орталық жүйке жүйесі жұмысы бұзылады, ішімдіктің аз мөлшерін адамның жүрісі бұзылады. Бас айналады, өзін-өзі басқару қабілеті төмендейді, осының салдарынан өз мүмкіндігін бақылай алмайды. Ішімдік көп ішетін адамдар ызақор болады, сыртқы тітіргендіргіштерге жауабы болады. Ішімдік салдарынан адамның алыстан ажырату қабілеті төмендейді, түстері ажырата алмайды. Бұл жағдай жүргізуші мен жаяу жүруші үшін өте қауіпті. Эксперимент жұмысында ішімдіктің зиянды әсерін көрсету, оқушыда ойлау, қортындылау, сараптама жасауға итермелейтінін аңғартты.
Ішімдіктің ұрпаққа әсері. Қазіргі ғасырда адамдар тіршілік жағдайы жақсарды, неге туу кемиді, өлім көбейді, бала өлімінің саны көп, орташа өмір ұзақтығы қысқарды. Бұл сұрақтардың көп жауаптарының бірі ішімдікті пайдаланудың салдарынан туындайды.
Ішкіш аналардың туған балалардың көпшілігінің әр түрлі ауытқулары болатындығы дәлелденген. Мысалы: Америкада ішетін ата-анадан туған 1529 баланың 74 процентінің әр түрлі ауытқулары болған. Статистика бойынша дүние жүзінде 10 млн. астам адамның ақыл-есі кем. Олардың көпшілігінің себебі - ата-аналарының ішімдік ішуінің салдарынан екендігі дәлелденген.
Сонымен ішімдік әсерінің ең қауіптісі: халықтың биологиялық жағынан азғындауы . «Популяциялық деградация коэффициенті» деген ұғым да бар. Оны әдеттегі мектептерде оқуға қабілетсіз, ақыл-ойы кеміс балалардың проценті бойынша есептеп шығарады. Маскүнемдіктің 8 - 10 жыл ішінде күрт өсуінен маскүнемдердің балалары мектеп жасына жеткенге дейін соңғы онжылдықта бұл процент сұмдық өсе бастады, Кейбір әлемеуттік-статистикалық деректер бойынша, қазір Қазақстанда 3 процентке дейін ақыл-есі кеміс балалар дүниеге келуде. Бұл балалардың қоғам мен семья үшін қандай масыл болатынын өзіңіз ойлап көріңізші! Мұндай генетикалық кінәраттардың келешек ұрпақтарға тарамайтынына кім кепіл бола алады? Тұтас бір халықтардың азғындағанына тарихи мысалдар келтіруге болады. АҚШ-тың резервацияларында үнді тайпаларының мардымсыз қалдығы бар. Оларды құртқан қару-жарақ емес, «отты су» (ішімдік) .
Ішімдік ішсең нақұрыс бала тууы мумкін екенін әрбір адамның білгені жөн.
СПИД ауруы
1981 жылы жаз айында Лос-Анжелос қаласындағы ауруханардың бiрiне микробтар қоздырған пневмонияның ауыр түрiмен науқастанған бес жас жiгiт түстi. Иммунитетiнiң күрт төмендеуiнiң нәтижесiнде оларда басқа да қосымша инфекциялар бар екенi анықталды. Әр түрлi антибиотиктермен және басқа дәрi-дәрмектермен белсендi түрде емдеуге қарамастан науқастардың бәрi қайтыс болды. Олардың барлығы гомосексуалит және нашақорлар екен.
Екi ай өткеннен кейiн Лос-Анжелос, Сан-Франциско қаларында, Калифорния штаты амағында Капоши саркомасы, кандидоз, ұшықтық инфекциядан асқынған пневмонияның өлiммен аяқталған жаңа оқиғалары тексерiлдi. Мұндай аурулар әдетке жатпайтын жыныстық қатынастармен айналысатын жастардың арасында кездесетiнi белгiлi болған. Науқастардың бәрi де табиғаты белгiсiз иммундық қиыншылыққа дұшар болады.
Дүниежүзiлiк сақтау ұйымы бұл ауруды AIDS деп аталады. Орысша СПИД, қазақша ЖИТС аталатын бұл кесел кезiнде адам организмiнде қорғаныс қабiлетi жетiмсiздiгiнiң кешендi белсендiлiгi пайда болады. Таралу ерекшелiктерiн зерттеу нәтижесiнде оның жұқпалы ауру екенi анықталды. Мiне, сөйтiп 1983 жылы бiр мезгiлде Францияда Люк-Мантанье, АҚШ-та Роберт Галло аурулардан осы кезге дейiн белгiсiз болып келгенвирус тапты.
Белгiлi болған вирустың екi түрi де жан-жақты зерттелген. Олар ортасында орналасқан конус пiшiндi “жүрекшесi” бар, iрi шар тәрiздес бөлшектен тұрады.
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары хх-ғасыр обасы аталған СПИД дертiнде. Қазiрдiң өзiнде ондаған мың адамдардың өмiрiн жойған осы бiр қатерлi ауру жайында жұмыр жердiң түкпiр-түкпiрiнде күн сайын хабар бермей отырған бiрде- бiрде газет, журнал, теледидар және радио торабы жоқ. Бұл дерттiң қара бұлты бүкiл жер жүзiн басып келедi. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негiзгi белгiлерi, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емделу тәсiлдерi сияқты мәселелер барлық жұртты мазалап, ойландырып, толғандыруда.
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы 1999 жылы жер бетiнде ВИЧ жұқтырғандар мен СПИД аурулардың саны 6, 7 миллионға өсiп, 40 миллионнан асқаны туралы хабар таратты. Күн сайын әлемде ВИЧ жұқтырғандардың 16 мыңы тiркеледi екен. Сонда әрбiр минутқа 11 адамнан келедi. Демек, Вич минут сайын, үздiксiз қасiрет сеуiп тұрады. Ең өкiнiштiсi сол, әр күнде тiркелген 16 мыңның жаратысынан астамын 10-25 -тердегi жастар құрайды.
СПИД-пен ауырған кезде адам денесінде Т-лимфоцит деп аталалатын қан клеткаларының айрықша бір түрінің саны күрт төмендейді. Адамды көптеген жұқпалы аурулардан сақтауда Т-лимфоциттің маңызы зор. Сондықтан, көптеген ауру қоздырғыштар- микробтар мен вирустар, өкпе қабыну, миды зақымдау, қанға тарау, ісік ауруларының пайда болуына мүмкіндік туғызады.
СПИД қоздырғышын немесе адамда имунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялайды.
СПИД вирусы адам организмінде қалай өмір сүреді?
Адам организміне енген вирус қанның лимфоцит клеткаларының ішінекіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабысып өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруінің салдарынан күндердің күнінде организмінде иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айрықша еске алатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп санамайды. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға ауру жұқтырады да, жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
Өкінішке орай, СПИД вирусын өлтіретін дәрілік заттар адам клеткаларына да зияндығын тигізеді. СПИД ауруын ауруын емдейтін тиімді дәрілер жасаудың бұл қиындығын ескерген дұрыс.
Сыртқы ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне вирус өте төзімсіз. Мысалы, СПИД вирусы бар нәрсені 4 минут қайнатса немесе 6-60 С төңірегінде 30-40 минут қыздырса болғаны - вирустар тез өліп қалады. Спирт, 3 пайыз ерітіндісі 4 пайыз сутегі асқын тотығы және басқа да медицина саласында күнделікті қолданылып жүрген дезенфекциялық дәрілер СПИД вирусын тез құртып жібереді.
Темекінің организмдегі зияны.
Темекінің жүрекке әсері. Жүрек 300 грамм. Күніне жүз мың рет жиырылады, 14 тонна қанды өткізеді. Бұны 1 күнге, 1 жылға, 10 жылға көбейтсек қанша болады. Сонымен жүректің мықтылығымен, тиімділігіне, жұмысына сай келетін, оны ауыстыратын әлі ешқандай аппарат жоқ. Ал, жүрек қанды мыңдаған километр болатын қан тамырларының бойымен қозғайтындай күшпен шығарады. Организмдегі триллион шамасындағы клеткаларды оттегімен қоректеніп отырады. Егер миға бірнеше секунд ішінде оттегі қан бармай қалса, өмір тоқталады. Олай болса, күндіз-түні демалыссыз, қызмет ететін жүрек жұмысына темекінің әсері қандай? Темекі тартатын адам жүрегі минутына 20 рет артық жиырылады, күніне 15 000 рет деген сөз. Бұл нормадан 1, 5 тонна артық қан айдайды деген сөз. Ол тек жүрекке емес, қан тамырларына әсер етіп, «спазм» жағдайын туғызады. Темекі әсерінен, организмге оттегі жетпейді, бас ауырады, жүрек сыздайды, қол-аяқ сыздайды. Сондықтан да, қазір дүние жүзінде жүрек қан тамыр ауруларын басқа аурулармен салыстырғанда - ''Чемпион'' атанып отыр. Миокард инфарктынан жастар өлуде.
Стенокардияны - темекі тудырады, темекі тартушылар - аяғынан айырлады - ол эндоартерит, онымен ауырған адамға өлім есік қағып тұрғандай, бұл аурудың жағдай да өте ауыр.
Темекінің өкпеге әсері. Тіршілік ету үшін таза ауа қажеттілігін барлығымыз білеміз. Біз қандай ауамен демаламыз, ал темекі тартатындардың жағдайы қалай дегенді ойласақ. Онда оның жауабы мынандай темекінің құрамында 4000 жуық әр түрлі зиянды заттар бар. Ол өте зиян, өйткені ол толық жанбай түтіндейді, сондықтан да белгілі бір температурада бір-біріне қосылып, зиянды заттар түтіні организмді улайды, алдымен көмір қышқыл газы организмге еніп, организмді улайды. Темекі тартатын адамдардың ең бірінші белгісі оларда «жөтел» пайда болады. Оны медицинада ''темекі шегушілердің бронхиті'' деп атайды. Бұл организмнің өзіне қауіп төнгендігі туралы алғашқы дабылы, одан әрі одан да қиын аурулардың күтіп тұрғандығын сездіреді. Дегенмен, темекі тартатын бұған көңіл бөлмейді. Чехословакияда өткен онкологтардың съезінде өкпе рагымен ауырғандардың 98, 7 пайызы темекі тартатындар екендігі дәлелденген.
Темекі тартатын адамдардың тыныс алу жолдарының әр түрлі ауруларына көп шалдығатындықтары дәлелденіп отыр. Оны француз ғалымдары туберкулезбен ауырған 100 адамның 95-інің темекіні көп тартушылар екендігін айтып отыр. Бұдан басқа да тыныс жолы аурулары: ларингит, созылмалы бронхит және т. б. аурулардың тудырушысы темекі. Өйткені, темекі өкпенің ішкі қабаттарын қалыңдатады, сөйтіп ол өзінің серпінділігін сезімталдығын жояды. Осылайша темекі смоласы альвеолдарда жиналады, олар ісінеді, ол өзінің газ алмасу қызметін атқара алмайды.
Бірақ, оқушылардың темекі зиянын нақты біле бермеуінен, темекі тартатындар санын оқушылардың толтыратындары анықталып отыр.
Темекінің қарынға әсері. Қарынның атқаратын қызметі оның құрылысы, қарын бездері, оның сөлінің қызметінің адам үшін маңызы зор екендігін әркім біледі. Темекінің қарынға және ас қорыту органдарына әсері қандай?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz