Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Ішімдіктің организмге әсері
Сабақтың мақсаты: Ішімідік зиянын көрсету. Оқушыларда адамгершілікке жат
қылықтан аулақ болуға баулу. Оларда адамгершілік қарым-қатынас
қалыптастыру.
Ішімдіктің тірек-қимыл жүйесіне әсері. Теледидардан берілетін
ақпараттардың өзінде жүргізуші ішімдік ішу нәтижесінде жол апаты
болғандығын хабарлап жатады. Бұл балаларға таныс хабар. ''Неге?'' деген
сұрақтың дұрыс жауабы оқушыларға анық белгісіз. Аз болса да ішкен адамның
өзінің сезу реакциясының жылдамдығы 0.5 секундқа баяулайды. Осы жағдайдың
өзі апат жағдайының пайда болуына жеткілікті. Егер машина 60 кмсағат
жылдамдықпен келе жатса, ішпеген қалыпты адам жолда пайда болған кездейсоқ
жағдай әсерінен сезім реакциясы нәтижесінің нашарлауынан 10 метр
қашықтықта айналып өтеді, ал 0.5 секундта машина 8.3 метрге қозғалып кете
алады, ал қалған 1.7 метрге бұрылу не тоқтату мүмкіндігі азаяды. Бұл
аралықтың азаюы апатты жағдайдың тууын 6 рет көбейтеді, яғни апатты жағдай
туындады. Бұл - жүргізуші ішімдік ішкен жағдайда туындайтын жағдай. Егер
жаяу адам ішімдік ішкен болса, онда жаяу адамның да, сезу реакциясы
осылайша төмендейді, ол да кездейсоқ жағдайда тез жауап бере алмағандықтан,
аптатты жағдай пайда болады. Оқушыларға неге бұл жағдайдың пайда
болғандығын түсірдірген жағдайда, ішімдік ішу салдарынан болған жол
апаттарына сараптама жасауға үйренеді жасай алатын болады. Осылайша
оқушылар ішімдік ішу салдарынан туындайтын жағдайды, оның туындау себептері
мен алдын алу жағдайын түсіндіре алатын болады.
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері. Ішкіш адамның жүрегі мен қалыпты
адам жүрегін салыстырғанда 1,5,-2 есе үлкейген. Жүрек осының салдарынан
өзіне тиісті қызметті толық орындай алмайтындығы көрсетіледі. Жүрек
майланады, ішімдік әсерінен қан тамырларының қабырғалары өзгеріске
ұшырайды, артерия тамырлары бітеліп, тканьдерге қоректік заттар бармайды.
Ішімдік әсерінен эритроциттер мен лейкоциттердің қандағы саны азаяды, ол
сүйек кемігінің зақымдалуынан болады. Организмдегі оттегін басқа
органдардан 7-9 есе көп қажет ететін ми клеткаларының жұмысы бұзылады.
Эксперимент жұмысында оқушылардың көздерін жеткізу үшін мынандай
тәжірибе жасап көрсеттік.
Тәжірибенің мақсаты - ішімдіктің қанның қызыл клеткаларын
бұзатындығын көрсетеді. (химиялық байланыс)
Тәжірибеге керекті заттар: 10 мл қан, физиологиялық ерітінді, этил
спиртінің ерітіндісі.
Тәжірибе: Екі пробиркаға 5 мл-ден сұйытылған қан ерітіндісін құйып,
біреуіне этил спирті ерітіндісін, екіншісіне физиологиялық ерітіндіні
құямыз. Тәжірибе нәтижесінде, бірінші пробиркада қанның қызыл клеткалары
бұзылуы нәтижесінде ерітінді мөлдір болды. Ал, екінші пробирка ерітінді сол
күйінде қалды.
Қортынды: қанның қызыл клеткаларын ішімдік бұзады, газ алмасу процесі
бұзылады. Газ алмасу процесі бұзылғандықтан, адам организмдегі жалпы зат
алмасу процесі бұзылады.
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері. Өкпеге ішімдіктің иісі, оның ыдырау
өнімдерінің өзі өкпе тканіне теріс әсер етеді. Өкпе сыйымдылығы азаяды,
тыныс жолдарын қабындырады.
Ас қорыту жолдарына әсері. Ас қорыту жолдарына әсері туралы әңгіме болған
кезде, ішімдіктің ешқандай мөлшері де зиянсыз деген ұғымның қате екендігіне
оқушы көзін жеткізу қажет. Бұны түсіндіргенде мұғалім ішімдіктің аз
мөлшерінің қарын сөлінің қызметін тездететіндігін, ал қарын сөлінің көп
мөлшерінің оның жұмысын нашарлайтындығын көрсету қажет, бұл екі процестің
екеуі де зиянды, қарынның сілемейлі қабынады, гастрит пайда болады, кейде
бұл асқазан жарасының пайда болуына алып келеді. Бұл тек асқазан ғана емес,
жалпы ас қорыту жолының бойында қатерлі ісіктің пайда болуына алып келеді,
мұғалім бұл жерде жасөспірімнің өте сезімтал екендігін, оған ішімдіктің
қатты әсер ететіндігін көрсету үшін төмендегі тәжірибелер арқылы көрсетуге
болады. I-ші - ішімдік әсерінен ас қорыту процесі баяулайды., II-ші -
ішімдік әсерінен белок бұзылады, ас қорту ферменттері оны қорыта алмайтын
жағдайға ұшырайды, белоктың құрылысы бұзылатындығына оқушы көзін жеткізу.
I-ші тәжірибе. Екі пробиркаға 1 мл жұмыртқа белогын құйып,
біреуіне 10 мл су, ал екіншісіне спирт ерітіндісін құямыз. Белоктың қалай
қорытылуын көрсету үшін бұларға 5 мл -ден қарын сөлін құйып, оны 36-37С-
тағы су моншасына 40 минутқа қоямыз. 1,5 сағат өткен соң, спирті жоқ
пробиркадағы сұйық қозғалғыш ерітіндіге айналады. Спирті бар пробиркада ақ
тұнба қалған, тек кішкене ғана ісінген. Қортынды, ішімдік қатысында ас
қорту процесі баяулайды.
Бұдан әрі оқушылардың көзін жеткізу үшін екі пробиркаға 2 мл CuSO4
–1%-ті ерітіндісін қоссақ, спирті жоқ пробиркадағы ерітінді ақшыл-көк түске
боялады, ал спирті бар пробиркада сұйықтық түсі өзгермейді. II-ші
пробиркада белок қорытылмаған, бірақ белоктың бар екендігін көрсетпейді.
Ішімдік әсерінен белок өзінің ерігіштікі қасиетін жайғандығын көрсетеді.I-
ші пробиркадағы ақшыл-көк түс, еріген белоктың бар екендігін көрсетеді.
Бұдан шығатын қортынды, ас қорыту процесін баяулатып қана қоймайды, оны
бұзады.
Екінші тәжірибе. Бір зат шынысына 1-2 тамшы белокты тамызып, оған су
құйып, жуып алуға болады. II-ші зат шынысына дәл осындай белок үстіне спирт
тамызсақ, белок еріп, шыныға жабысып қалады. Белоктардың енді ерігіштігін
тексерсек, спирті бар зат шынысы бар стақанда белокты көрсетпейді. Белок
ішімдік қатысында өз қасиетін жояды, құрылысы бұзылады.
Белокқа ғана емес, ішімдік ас қорту жолдарына да кері әсерін
тигізеді. Ол ас қорту жолдарын күйдіріп, (химиялық күйік) жара пайда
болады. Осы жағдайдан организм қорғану үшін көптеп сілекей сөлі, қарын сөлі
бөлінеді. Бұл кезде адамда аз уақытта аппетит пайда болған сияқты сезімді
пайда болады. Ішкіш адамдардың өздерін-өздері алдайтын реакциясының
жағдайының механизмінің осындай екендігіне оқушылар көздерін жеткіземіз.
Ішімдіктің теріге әсері. Ішімдіктің антисептикалық қасиетін
пайдаланады, ауру тудыратын микробтарды өлтіру үшін пайдаланамыз. Осы
қасиетін ескерсек, оны ішудің өзі түсініксіз.
Бұл кезде оқушылармен мына жағдайларды талдадық:
1. Ішімдікті үнемі ішетін адамдар терісі қандай?
2. Ішімдікті сыртқы және ішкі қабылдау ерекшелігі неде?
3. Спиртпен теріні ысқылау нәтижесінде тері сосудтары кеңейді, сондықтан да
ол жердің қызатындығы білінеді.
Бұл сұрақтар жауабын оқушылар өздігінен таба алмаса, көмектесіп
талдап, қортынды шығаруға үйрету қажет. оқушылар білімдерін тереңдете
отырып, ішімдікке қарсы көзқарас қалыптастыруға пайдаланған тиімді.
Ішімдіктің секреция бездеріне әсері жыныс бездеріне кері әсерін
тигізеді. Жыныс гормондарының бөлінуі кемиді, жыныс органдары қызметі
тұтасымен бұзылады. (қыздарда менустрациялық цикл бұзылады), қазіргі кезде
(климакстың) ерте түсуі зиянды әдеттерге әуестенуде екендігі дәлелденіп
отыр. Ер адамдарда белсіздікке алып келеді. Ішімдік әсерінен бездер
жұмысының бұзылуы - қан диабеті ауруының пайда болуына, зат алмасу
процесінің бұзылуына алып келеді.
Ішімдіктің жүйке жүйесінің мен сезім органдарына әсеріне ми ішімдікке
өте сезімтал екендігін 1 сызбанұсқадан көруге болады. Ішімдіктің миға
әсері оның қандағы мөлшеріне тура пропорционал. Ішкіш адамның миында ұсақ
қан құйылулар көп болады. Оның себебі, қан тамырлары тартылып, бітелуінен,
ми клеткаларына қоректік зат пен оттегінің келуі азаяды. 100 грамм сыра
ішкен кездің өзінде мидың жұмыс істеп тұрған клеткаларының 30000-ы өледі,
100 грамм вино ішетін болса, - 5000-ның клеткасы өледі, арақ ішсе - 7500
клеткасы өлетіндігі дәлелденген. Ми клеткаларының қайта қалпына
келмейтіндігін ескерсек, жасөспірімдік шақтан бастап ішетін адамдардың
миында қандай өзгерістер болатындығын көз алдарында елестету қиын емес.
Ішімдік басқа органдардан көбірек жүйке жүйесі мен миға әсер етеді, өйткені
ми май тәрізді заттан тұрады, ал бұндай затта спирт жақсы ериді. Сондықтан
да, спирттің мидағы концентрациясы қандағыға қарағанда 60-70 процентке
жоғары болады. Ішімдіктің уының әсерінен орталық жүйке жүйесі жұмысы
бұзылады, ішімдіктің аз мөлшерін адамның жүрісі бұзылады. Бас айналады,
өзін-өзі басқару қабілеті төмендейді, осының салдарынан өз мүмкіндігін
бақылай алмайды. Ішімдік көп ішетін адамдар ызақор болады, сыртқы
тітіргендіргіштерге жауабы болады. Ішімдік салдарынан адамның алыстан
ажырату қабілеті төмендейді, түстері ажырата алмайды. Бұл жағдай жүргізуші
мен жаяу жүруші үшін өте қауіпті. Эксперимент жұмысында ішімдіктің зиянды
әсерін көрсету, оқушыда ойлау, қортындылау, сараптама жасауға
итермелейтінін аңғартты.
Ішімдіктің ұрпаққа әсері 2 сызбанұсқаны көрсету Оқушыларда қорқыныш
сезімі туындайды. Қазіргі ғасырда адамдар тіршілік жағдайы жақсарды, неге
туу кемиді, өлім көбейді, бала өлімінің саны көп, орташа өмір ұзақтығы
қысқарды. Бұл сұрақтардың көп жауаптарының бірі ішімдікті пайдаланудың
салдарынан туындауы шындық екендігіне оқушылармен талдама жасау арқылы
қортынды шығаруға болатындығын байқадық.
Ішкіш аналардың туған балалардың көпшілігінің әр түрлі ауытқулары
болатындығы дәлелденген. Мысалы: Америкада ішетін ата-анадан туған 1529
баланың 74 процентінің әр түрлі ауытқулары болған. Ішімдіктің болашақ
ұрпаққа, жасөспірім организміне әсері бойынша оқушылар өздері рефераттар,
әр түрлі баяндамалар жасап, оның зияндарын талқылайды. Статистика бойынша
дүние жүзінде 10 млн. астам адамның ақыл-есі кем. Олардың көпшілігінің
себебі – ата-аналарының ішімдік ішуінің салдарынан екендігі дәлелденген.
Бұл фактілерді пайдалану оқушыларды ойландыратынын көрсетті.

Ішімдіктің адам организміне зияны

Сабақтың тақырыбы:
Ішімдіктің химиялық құрамы
Сабақтың мақсаты:
- пәнаралық байланысты пайдалана отырып, ішімдіктің химиялық құрамын,
ішімдіктің организмдегі ыдырау процесін, оның қай органдарды
зақымдайтындығын, химиялық ыдырау өнімдерінің организм мүшелеріне
әсерін көрсету;
- маскүнемдік, сатылар, қауіптілігі, оның алдын алу;
- 18-жасқа дейін алкоголь ішімдігін ішу неге қауіпті екендігін
түсіндіру;
- статистикалық мәліметтермен таныстыру (экономикалық негіздері)
- маскүнемдікпен күрес бағытында қарастырылған заңдар, олардың
нәтижелеріне сараптама (құқықтану)
- алкоголь ішімдігін үнемі пайдаланудың материалдық зияны (жанұя,
қоғам, жеке бас) (экономика негіздері)
- зиянды әдеттермен ерте әуестенуден оқушы организмінде болатын
өзгерістер
Ішімдікке пайдаланатын таза алкоголь – этил спиртті қанттың ашытылуы
арқылы алынады. Ашыту процесі ауасыз ортада ұсақ ағзалар (ашытқылар) арқылы
жүреді. Мұнда Глюкоза ыдырайды:
C6Н12O62 C2H5OH + 2CO2
Глюкоза Этил спирті
Адам ағзасында ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, қан айналу, жүйке
және көптеген жүйелер бірлесіп жұмыс істейді. Әрбір жүйе өздеріне тән
мүшелерден, олар ұлпалардан, ұлпалар көптеген жасушылардан жинақталған.
Ішілген арақ-шарап алғашқы 10-15 минутта барады. Әрі қарай тоқ
ішектен өтіп, ащы ішекке сіңеді де, қанға өтеді. Ішкен арақтың 70 пайызы
ащы ішектен тамақ ішкен болса, арақтың 25-30 пайызы ішілген асқа араласып,
оның қорытылуын қиындатады.
Адам ағзасына енген ішімдік қан арқылы әрбір жасушаларға барып,
олардан аса қажетті оттегі мен суды таратып алады. Суалған және оттегі
жетіспеген жасушалар бүрісіп, зардап шегеді, қажетті қызметін атқара
алмайды. Тіршілік үшін аса қажетті В дәрумендігі де жойылады.
Этил спирті адам ағзасында арнаулы фермент – алкоголь
дегидрогенездердің әсер етуі арқылы ацетальдегидке айналады. Ацет альдегиді
өз кезінде сірке қышқылына, ал ол лимон қышқылы шеңбері бойынша
митохондрияда көмірқышқыл газына дейін ыдырайды. Осы жолмен ішімдіктің 95
пайызы ыдырайды. Ал қалған 5 пайызы мөлшері өкпе, бүйрек және тері арқылы
таза спирт күйінде сыртқа шығады. Адам денесінің сасық және демінен арақтың
иісі шығып тұтатыны осыған байланысты.
Этил спиртінің жартылай ыдырауы:
алкоголь дегидрогенезі
С2Н5ОН СН3 ... СО
Этиль спирт ацет альдегиді
Ацет альдегидінің әсерінен бауыр жасушалары уланып, бауырдың салуы Цирроз,
т.б. ауруларды тудырады.
Ацет альдегидтің сірке қышқылына, онан өтіп лимон қышқылы шеңбері
бойынша СО2 газына дейін ыдырайды.
ЭТИЛЬ СПИРТІНІҢ толық ыдырауы
1) алкоголь дегидрогенезі
С2Н5ОН
СН3 ... СО
Этиль спирт
Ацет.альдегиді

2) алкоголь дегидрогенезі
СН3СО СН3СООН
Ацет альдегид Сірке қышқылы

3) лимон қышқылы шеңбері
СН3СООН СО2 -Н2О
сірке қышқылы
Ыдырау жылдамдығы 70 кг-дық адамды бір сағатта 10 мл мөлшерде ғана болады.
Жану мезгілі ішілген ішімдіктің мөлшеріне байланысты емес.
Яғни сағатына ыдыраған 10 мл спирттің жануынан артық алкоголь қанда
этил спирті адам ағзасын айналып жүріп үздіксіз зақымдай береді.
Алкоголь 20 минуттай уақыттың ішінде денеге тарап кетеді. Ішімдіктің
қанға араласып, денеге тарай бастағаннан-ақ адам психикасына жан-дүниесіне,
сезімі мен санасына әсері біліне бастайды.
Адам психикасына (яғни жан-дүниесіне) әсері Мәселен 40-50 грамм арақ
ішкеннің өзінде-ақ адамның қимылы баяулаған, бұрынғы қалпынан 2 есе
кемілген. Бұлшық еттерінің күші де азайған. Егер палуан арақ ішіп күреске
түссе, бұрын өзі жығып жүрген адамнан лезде жығылып қалатын болған. Мас
адам мергендер жарысына қатысса, ұтылып қалады, домбыра шертсе ырғағын
бұзып жібереді.
Арақтың адамға алғашқы мезгілде ететін әсер-белгілерін қозу әсері деп
атайды. Егер арақ ішу одан әрі қарай созылса, арақ-шараптың денеге
жойылатын уытты да өсе береді. ретсіз қозған ағзалар, ми қызметі одан әрі
нашарлай бастайды да, алкогольдік заттар ағзаның қалыпты жұмысын бұзады.
Арақ шараптың қан айналу жүйесіне әсері. Алғаш ішкенде денедегі қан
тамырлары кеңейіп, дене қызып, қан тез айналады. Беретін қан тамырлар мен
жүректің сыртын қаптап тұрған қамтасына май тектес заттар орныға бастайды.
Қан тамырлары тарыла бастайды, әрі март сынғыш болып болып қалады. Содан
мұрын үсті, құлақ бет үнемі қызарып тұрады. Жүрек қамтасын май басу
дегеніміз ішіндегі жүректің еркін жиырылып созылуына, басқаша сөзбен
айтқанда жүректің еркін соғылуына мүмкіндік бермей жан-жағынан соғады.
Жүректің қалыпты қызметі бұзылады. Осыдан барып, адам талма (стенокардия),
қысылма (ишемия), өліеттену (инфакт) т.б. жүрек ауруына ұшырайды.
Арақ – шараптың бауырға тигізетін әсері. Бауырға түскен ішімдік аз мөлшерде
ыдырағанмен қалған қалдығы этил спирті және ацет альдегид түрінде бауыр
жасушаларын уландырады. Бауыр адам ағзасындағы және көптеген қажетті
ақуыздар жасап шығаратын бұлардың азаюы қан аздықауруына, иммунитетің
төмендеуі сияқты көптеген патологиялық өзгерістерге ұшыратады.
Бауыр жұмысының әлсіреуі әсерінен адам ағзасында бұл улы заттардың
мөлшері тектен тыс көбейіп кетеді. Бауыр зат алмасу қалдықтарын, әсіресе
бөлінген улы газ аммиакты (ИН3) зардапсыздандыратын мүше. Зардаптың
үздіксіз әсер етуінен бауыр жасушалары салып, жансызданады, тіршілігін
тоқтатады. Өлі еттенген бауыр ұлпалары цирроз ауруын тудырады. Бауыр
аурының асқынған түрі – цирроз көп жағдайда рак ауруына айналады. Денеде
зат алмасу қалдығы болып саналатын аммиак залалсыз қосылыс несеп қышқылына
айналмай, улы түрінде жинақтала бастайды. Нәтижесінде улы заттардан уланған
ағза мүшелерінде: бауыр, бүйрек, жүрек, ми, т.б. патологиялық өзгерістер
байқалады. Бауыр қызметі бұзылып, өт ұлтабарға көп құйылады. Ол құсықпен
бірге сыртқа запыран болып шығады.
Арақ-шараптың ас қорыту жүйесіне әсері. Алғашқы ащылығынан
тітіркеніп, ауыз сілекейі және ішек-қарын сөлдері шамадан тыс шығады.
Нәтижесінде аз уақытқа асқа адамның тәбеті арта түскенін байқауға болады.
Ішімдік қайталана берген сайын кілегей қабаттар күлдіріп, келе-келе күйіп
қалады. Сілекей сөлдері енді тіптен тежеліп, шықпайтын болады. Тоя жеген
тамақ қорытылмай, денеге сіңбейді, кейде денеде көп уақыт тұрып қалады,
немесе құсып тастайды. Бұл организмнің қорғаныштық қасиеті. Жиілетіп іше
беруден адам ағзасының қорғаныштық қасиетінде жоғала бастайды. Яғни салынып
іше бастаған адам біртіндеп тамақ ішуден қалады. әсіресе арақ-шарапты
ашқарынға ішуден асқазан және ішек-қабынуынан болған аурулар: гастрит,
энтерит, колит және ісік ауруларына ұшырайды.
Арақ-шараптың жүйке жүйесіне әсері. Адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері
Ішімдіктің организмге әсері
Ішімдіктің ұрпаққа әсері
Маскүнемдік зардаптары мен салдары
Жүрек пен өкпе
Нашақорлық пен маскүнемдік
Маскүнемдіктің зардаптары мен салдары
Алкоголизм
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Денсаулыққа қатерлі негізі факторлар
Пәндер