Валеология -денсаулық ғылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 1
Валеологияның мақсаттары мен міндеттері. Валеология пәні. 2
Валеология – денсаулық туралы ғылым 3
Валеология – интегралды ғылым 4
Қазақстан Республикасындағы валеологиялық 6
мектептер және олардың принциптері 6
Валеологияны негізін қалаған адамдар 7
Денсаулық түрлері 8
Денсаулықты көрсететін негізгі белгілер: 9
Валеология – салауатты өмір сүру салты 10
Валеологиялық білім және тәрбие берудегі биосфераның рөлі 12
Валеология және этнопедагогика 13
Адам және Валеология 13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 15

Кіріспе

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.
Ол жақсы болу үшін не
уақытты, не күш – жігерді, не
Еңбекті, тіпті барлық дүниені
аямай жұмсау керек:
Денсаулық үшін өмірдің бір
бөлімінде қиюға болады.
Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп
есептеймін

М. Монтень

Валеология грек және латын сөзінен алынған. Валео - денсаулық,
логос - ғылым деген мағыналарды білдіреді. Оның негізін алғаш рет қалаған
Израиль Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының доктары, профессор.
Негізгі маманы фармаколог. 350 – дей ғылыми еңбектерін жазған. 1987 жылы
бұл кісі валеология терминін медицинаға енгізген. Соңғы жылдарда, әсіресе
кейінгі он жыл ішінде дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сондай – ақ,
Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне
байланысты, және адамдарының тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес -
адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние. Өмірдің шаттығы
мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Денсаулық –
зор байлық - дейді қазақ. Ол адам символы. Дені сау қайыршы адам ауру
хандардан артық деген нақыл сөз бар. Негізі дұрыс. Дені сау адам өте
көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ – түйектерге ол
ешқандай көңіл аудармайды. Көңілді күйімен неше түрлі қиынщылықтарды жеңіп
тіршілік ете береді.
Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адам
баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицина ғылымдарының пайда
болуына, оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз,
медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын – алуға,
ауруларды емдеу әдістерін тауып, оны жетілдіруімен шұғылданған және
шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және
оның денсаулығын арттыруды ең басты рөль атқарады.
Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе, оның
денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі
денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек – дейді дәрігерлер мен биологтар.
Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау. Олар, денсаулыққа немқұрайды
қарау дұрыс емес.Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек.
Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықты
сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күті керек.
Біз денсаулығымызға немқұрайды қарап, оған үлкен зиян келтіреміз.
Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға
жолатпау, адамдардың өз қолында. Көпшілік оқушылар аурулардың қалай
болатынын біле бермейді.
Денсаулықты қалай сақтау керек? Үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан
келетін іс. Оған көп білімнің қажеті жоқ. Тек, өмір тәжірибесі жеткілікті.
Міне, осы айтылған қағидаларды жан – жақты түрде дамытып, іске асыру
валеологияның міндеті. Сондықтан да валеология пән ретінде оқушыларға
ұсынылып отыр.

Валеологияның мақсаттары мен міндеттері. Валеология пәні.

Валеология – екі шет елдері тілінен алынған. Латын сөзі Vale
қазақша деніңіз сау болсын деген мағынаны білдіреді. А. С. Пушкин өзінің
достарына жазған хатының соңына әрқашан Vale деген сөзді қосып
отырған. Грекше Lagos - ілім, ғылым деген мағыналарын білдіреді. Бір
сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.
Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым –
дәрігерлердің жазған еңбектерінде келтірген. Денсаулық туралы қазіргі заман
адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән
бермейтіні байқалады. Баршаға белгілі – адамдардың денсаулығымен
шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды
емдеу мәселесімен шұғылданады да аурулардың пайда болуымен айналыспайды.
Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылымдары шұғылданады.
Ұлы физиолог И. П. Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.
... Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің негізгі
принципі – денсаулық деп аталатын сыртқы және ішкі біркелік қалыптың айқын
анықтамасы
жоқ ... Иә, медицина ғылымы қаншама көне болғанымен, денсаулық туралы
анықтама бере алмайды. XX ғасырда әртүрлі себебтер әсерінен медицина емдік,
госпитальдық, емханалық, соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандырылған
анықтама бере бастады.
Шын мәнінде медицина ғылымы қазіргі заманда денсаулық туралы емес,
ауруларды ғылыми тұрғыдан емдеу әдістерін дамытып келе жатқан ғылым екені
белгілі.
Сондықтан да осы уақытта медицинаны аурулар ғылымы деп атай бастады.
Мұндай сипаттама медициналық энциклопедиядан тиісті орнын алған. Бұл ғылыми
жинақта денсаулық туралытолық түрде анықтама берген. Медицина - көне
заманнан бері қарай адам ауруларын емдеп, аурулардың алдын алуды мақсат
еткен ғылыми жүйе деп жазған. Бұл жазылған қағидаға зер салып
қарасаңыз Денсаулық деген еш0андай сөз келтірілмеген.
Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта
факторларымен және ішкі физиологиялық үрдістермен байланысты болатыны
анықталып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ( ДДСҰ ), Всемирная организация
здравоохранения ( ВОЗ ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз – ағзаларда
аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи
(физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман есендік. Академик В. П.
Казначеевтің (1989) жеке тұлға денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да
толығырақ баяндалады. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның
ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді
жұмыскерлерінің, әлеуметтік белсенділігін, сондай – ақ жас ерекшеліктеріне
байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттілігінің сақталуы мен дамуы.
Ал И. И. Брехманның ( 1987 ) анықтамасы бойынша, денсаулық адамның
ерекшелігіне сәйкес өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен бірге сенсорлық,
вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.

Валеология – денсаулық туралы ғылым

Мен өзімді әлемге қандай болуым керек екендігіме алып келдім. Адам болуым
үшін қандай болуым керек – ақылды, әдемі және денсаулығым күшті болуы
керек.
Иммануил Кант

Біз, әрқашан өзімізде ата – анамыздың қалдырған байлығын қалй болса солай
шашумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қымбат қазына екеніне
түсінбестен туған туындылар. Олар ата – анадан келген байлық. Біз
денсаулықты есепсіз қалай болса солай келтіруге тырысамыз, денсаулықтың
келешекте не болатынын ескермеймізде. Денсаулықтың не екенін, оның қадірін
тек ауырғанда ғана білеміз.
М. Петтенкофер

- Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің,
Жастық шақтың қадірін, қартайғанда білесің...- дейді қазақ.
1. Валеология қандай ғылым екенін;
2. Валеологиялық білімнің негізгі қайнар көзі туралы;
3. Қандай адамды валеологиялық бағытталған тұлға деп білу туралы;
4. Белгілі валеологтар туралы және оларды еңбектері жайында.
Жоғарыда айтылған тақырыптар Валеологияның бірінші тарауына енгізілген.

Валеология – интегралды ғылым

Валеология – медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина
ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері
бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И.И Брехман өзінің еңбектеріне валеология туралы былай деп жазды :
Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек . Оның пайда болуы,
дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен,
психологиямен, педегогикамен және т. б. ғылымдармен тығыз байланыста
болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық
ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырады.
Валеология – И. И. Брехманның айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы
деп айту керек. Оның көздеген мақсаты адамдардың денсаулығын арттыру,
ауруларды болғызбау, ауруларды алдын алу. Денсаулықты сақтау адам үшін ең
маңызы зор. Валелогияның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы
адамзат баласының мәдениеті мен білімінің өсуіне байланысты. Қазіргі кезде
валеология ғылымына үлкен сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін
игеруге байланысты валеология ғылымына сұраныс көбейді. Неге десеңіз?
Валеология қазіргі заманның ғылымы. Денсаулық сақтау ғылымы.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын
планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат байлығымен бірге өсіп, біте
қайнасып келе жатыр. Адам денсаулығының потенциалджы денсаулығын арттыруына
көмектеседі.
Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін
адамдардың денсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып келеді.
Кейін
ол ғылым ретінде дамыды. Адамдардың денсаулығының мықты болуына да
дәрігерлер айтарлықтай үлес қосып келеді. Медицина ғылымы кейбір
ғылымдардың пайымдауынша медицина адамдарды емдеудің бірінші мақсаты етіп
қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да медицина – ауру
туралы ғылым.
Медицинаның біржақты дамуы - деп жазды И. Давыдовский джәне
отандық ғылымдар және шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға
азда болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші
бар екенін дәрігер байқады. Ағзаның қорғанысқасиеті өте күшті болатынын
дәрігер білді. Міне, осыған байланысты, 1960 жылдан бастап саналогия ғылымы
пайда болып, дами түсті. Саналогия дегеніміз – жалпы ілім – ағзаның
ауруларға қарсы тұру күші. Оның негізін санагенез құрайды. Санагенез –
ағзалардың айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі,
бейімдеулілікмеханизмдерінің динамикалық комплексі. Олардың айтуларына
қарағанда, санагенездің көптеген механизмі арнаулы түрде жүргізілген
жаттығулардың нәтижесінде қарқынды түрде дами түседі деді. Ағза түрлі
жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатынын олар жазды.
Кейінгі кезде ағзалардың неше түрлі дерттерге қарсы тұратыны, туа
пайда болатын иммунитеттен болатыны байқалады. И. И. Брехмманның айтуына
қарағанда, саналогия – ағзалардың дерттерден айығуы туралы ғылым деді.
Оны денсаулық туралы ғылым деп есепьеуге болмайды.
Сондықтан да валеология медицина ғылымының негізінде пайда болған
бірақ валеология жеке дара ғылым екені кейінгі кезде дәлелденген болды оны
көптеген ғалымдар зерттеді. Валеологиялық мәселелерді ойдағыдай шешу үшін
биология, экология, медицина, педогокика, физиология және тағы басқа
ғылымдар интегративті түрде болуы керек.
Валеология ғылымының өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін
міндеттері бар. Олар:
1. адамның денсаулығының қалай сақтауын білу;
2. актуальдылығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау;
3. денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу;
Осы және басқадай мәселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы мен салауаттық
өмір сүрудің салты арасындағы заңдылықтарды анықталуы тиіс, сонымен бірге
адамдардың денсаулығымен адамдардың иерархиялық қажеттілігін анықтап барып,
барлық мәселелерді ойдағыдай шешуге болады.
Валеология – биология ғылымдарымен салыстырғанда жас ғылым. Оны
зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулық сақталуының негізі неге байланысты
екені әлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ. Оны анықтау ғылыми
зерттеулер жүргізілуі қажет.
Валеологияның интегративтілігі ғылымдардың бірімен – бірінің
байланыстылығында. Ғылымның байланыстылығы адам денсаулығын күшейтеді.
Экология – айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының денсаулыққа
тигізетінәсерін анықтайды. Ал физиология – ағзада өтетін физиологиялық
үрдістерді, олардың денсаулықтағы маңызын анықтайды. Адамның ішкі жағдайын
зерттеп, сипаттама береді.
Ағзаға этапы түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Дәрігерлер
дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады.

Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мекеме
болып саналады. Жас жеткіншектерді аурудан сақтандыру тек дәрігерлердің
ғана жұмысы емес, сондай – ақ, бұл жұмысқа педагогтар да қатынасуы керек.
Педагогика тәрбие туралығылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына
өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір
тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін.
Адамдар адекватты тіршілік етуге әрқашанда дайын болуы керек.
Валеология тұлға денсаулығына ерекше мән береді. Тұлға валеологияны
қалай түсінеді. Тұлғаның валеология ғылымының дамуына үлес қосатын жолдары
мен тәсілдерін көрсетеді. Бұл схеманы дұрыс түсіну керек. Сонымен бірге,
Қазақстан Республикасында валеологиялық мектептердің ғылыми принциптері
берілген.

Қазақстан Республикасындағы валеологиялық

мектептер және олардың принциптері

Валеология
денсаулық ғылымы
Валеологиялық
Бағытталған тұлға

Қазақстан Республикасындағы
Валеологиялық мектептердің
Ұйымдасуының негізгі принциптері

П.К. Ива-
нов пен С.А.
Назар
баеваның
валеология-
ның
мектебінің
принципі
денсаулық-
шынықтыру
және
жаттығу
А.А.Покров- П. Брэгг Н.М.АмосовтЖ.Жатқан- К.К.Сатпаев
ский мен Т.Ш.принципі – ың принципібаевтың а және
Шормановтың ашығу және қимыл және принципі басқалардың
валеология- қалыпты жүйелі қалыпты принципі
лық мектебі түрде түрде тамақтану жеке бастың
нің принци- тамақттану тамақтану және гигиенасы
пі – денсау- биология –
лық және Лық
теңестірілген белсенбі
заттар,
тамақ яғни
витаминдер

Салауатты өмір сүру

Тұлғаның қалыптасуының заңдылығы

Категориялары

Валеология Салауатты Валеологиялық Валеологиялық
өмір сүру ақыл - ой іс - әрекет

Қорыта келе айтарымыз, валеология денсаулық сақтау, салауатты өмір сүру
салты ғылымы. И. И. Брехман өзінің еңбегінде былай деп жазды Адам және
биологиялық белсенді заттар атты кітабында валеология термині алғаш рет
қолданылған болатын. Дәрігер С. Фуллер Адам және биологиялық белсенді
заттар деп аталатын кітапты ағылшын тіліне аударған кезде, ол кітаптың
алғы сөзінде валеология – денсаулық сақтау ғылымы деп жазды. Қазіргі
кезде валеология өз алдына дара ғылым ретінде қалыптаса бастады. Ол
адамдардың денсаулығын қамтамасыз ететін ғылым.
Бұл ғылымның негізгі адам денсаулығы мен дені сау адам құрайды деп И.
И. Брехман тұжырым жасаған. Валеология айналаны қоршаған сыртқы ортаның
факторлары адам денсаулығына ққалай әсер ететінін қарастырады. Сондай – ақ,
биоәлеуметтік жағдайдың денсаулыққа тигізетін әсеріне анықтайды. Адамның
үшінші жағдайда болуын да тексереді. Үшінші жағдай туралы 9,14 –
тараудан оқуға болады. Адамның үшінші жағдайы ұзақ мерзімге кететін
биологиялық құбылыс.
Адамды үшінші жағдайдан шығару үшін валеогия айтарлықтай рөл
атқарады. Валеология медицина ғылымдарына біршама жақындасады.

Валеологияны негізін қалаған адамдар

Валеология халықтық педагогикамен тығыз байланысты болады. Адамдардың
денсаулығының мықты болуына ұлттық әдет – ғұрыпта ерекше айтылады.
Валеология ғылымы жас ғылымы оның пайда болғаны 1987 жылы. Қазақстанда
валеологиялық тәрбие берудің мектебінің негізін қалаған және салауатты өмір
сүрудің салтын жасаған Порфирий Ивановтың айқын ізбасары, бірнеше қоғамдық
валеологиялық қозғалыстың ұйымдастырушы Сара Алпысқызы Назарбаева екенін
бізге белгілі.
Оның ең басты қызметінің бірі – ол көп адамдарды өзін - өзіне күшіне
сенуге үйрете білді. Сену адамның денсаулығының негізгі жағдайы. Зерттеуші
Л.З. Тельдің айтуына қарағанда, адамға дәрігерлер маңызды емес, олардың
емдеу тәсілдері, олар қалай адамдарды үйрететіні өте маңызды болып
есептеледі. Сондай ұстаздардың қатарына Сара Алпысқызы Назарбаеваны
жатқызуға болады. Өйткені ол көп адамдарды салауатты өмір сүруге үйрете
білді. Бәрімізге белгілі әлемге әйгілі қайырымдылық қорының Бөбектің
президенті. Бұл қор көптеген балабақшаларға көмек жасап келеді. Ауру
балаларды емдейді. Оның ішінде өте ауыр формада ауыратын балаларға елімізде
және шет мемлекеттерде емделуге жәрдемдесіп келеді. Әсіресе, экологиялық
жағдайы өте нашар аймақтарда тұратын халықтардың балаларын денсаулығын
сақтауда Бөбек қоры айрықша рөл атқаратыны бізге белгілі. Әсіресе,
Арал теңізі аймақтарында және Семей атом – ядролық полигонында тұратын
халықтардың балаларына өте көп назар аударады.

Денсаулық түрлері

Денсаулық – зор байлық дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау
аурулардың алдын – алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік,
экономикалық, медициналық және биологиялық мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс
жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани
күшінің жан – жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін,
жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандырылған медициналық көмек көрсетуді
қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекеттіміз аса маңызды
міндеттерінің бірі. Бұл туралы біздің ата заңымызда кең көлемде жазылған.
Басқадай қаулы – қаралар жеткілікті. Сонымен 2002 жылы – денсаулық жылы деп
атаудың өзі нені аңғартады.
Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі
айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп
отырады. Кейінгі
кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің
бірі экололгиялық жағдайларға байланысты, бұл жағдай әрине Семей қаласында
көп тараған. Қазақстан жерінің экологиясы басқа

мемлекеттерімен салыстырғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан
Республикасында емдеу – практикалық мекемелер арқылы барлық медициналық
жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы
түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы
мен емханалардан тегін алады, ал 3 жасқа дейінгі балалар консультация
орындарының бақылауында болады. Денсаулық дегеніміз – ағзаның айналаны
қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта
йакторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болады. Олар:
1. Физикалық денсаулық – ағза жүйесі мен органдардың өсуі деңгейі. Оның
негізін формологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның
бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валеология ғылымы жайлы
Денсаулық сақтау ғылымы
Валеология салауатты өмір салты
Валеология - денсаулық туралы ғылым ретінде
Валеология денсаулық туралы ғылым
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Валеологиялық білім беру
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Салауатты өмір сүру сапасы
Пәндер