Витаминдер жөнінде жалпы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Витаминдер жөнінде жалпы түсінік 3
Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы 6
Суда еритін витаминдер 10
В2 витамині рибофлавин 13
В6 витамин пиридоксин, адермин 17
В12 витамині цианкобаламин, антианемиялық витамин 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер 24

Кіріспе

Көмірсу, азот және күл элементтерінен басқа саңырауқұлақтар
витаминдерді де қажетсініп немесе өндіріп отырады. Витаминдердің ерекшелігі
олар жасыл автотрофты өсімдіктерде өндірілсе, гетеротрофты организмдер,
яғни жануарлар мен микроорганизмдер оларды пайдаланады. Алайда гетеротрофты
болып есептелетін саңырауқұлақтар оларды өзіне жинап витаминнің негізгі
көзі болап та табылады. Витаминді қажет ететін организмдер
ауксогетеротрофтар, ал қажетсінбейтіндер – ауксоавтотрафтар деп аталады.
Витаминдер деп негізі өте төмен концентрацияда, яғни 0,0001-1 мкгмл
мөлшеріндегі қажет заттарды айтады. Витаминдердің мынадай қасиеттері бар:
құрылымы бойынша төмен молекулалы органикалық қосылыстар, өте аз мөлшердің
өзінде әсері зор, зат алмасудың белгілі бір сатыларына арнайы әсер
көрсететіндіктен фермент кофакторы қызметін атқарады.
Барлық витаминдерді әдетте екі үлкен топқа бөледі: 1) суда еритін
витаминдер: оларға – В тобының витаминдері мен С (аскорбин қышқылы). 2)
Майда еритін витаминдерге А, D, К, Е, тағы басқалар жатады.
Кейбір топырақ саңырауқұлақтары (Penіcіllum, Aspergіllus, Fusarіum,
Chaetomіum globasum тұқымдастары) мен кейбір фитопатогенді саңырауқұлақтар,
әсірее қалталылар мен жетілмеген саңырауқұлақтар витаминді қажет етпейді.

Витаминдер жөнінде жалпы түсінік

Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-
шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организмінде
бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар.
Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың организмге
тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақты бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа
созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе
кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.
Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия,
т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері,
терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы
болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі.
Мұндай ауру кезінде нерв тармақтары қабынады да, қол-аяқ тырысып қалады.
Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, ақтау тәсілдерін енгізу
салдарынан көбейіп кетті.
Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды.
Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін витамин
деген тарихи термин сақталып қалды.
Адамның және жануарлардың организмінде, өсімдік тектес азықтарда
витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер
(каротиндер, стролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті
қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады.
Витаминдер жетіспеген жағдайда организм ауруға шалдығады. Химиялық
құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі. Олар құрамында 18-20 көміртек
атомы бар циклді көмірсутектер мен қанықпаған γ лактандар, аминоспирттер,
қышқылдардың амидтері, циклогександар, ароматты қышқылдар, нафтохинондар,
имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің
басым көпшілігіне спиртті және карбоксильді топтар тән. Тек кейбіреулерінде
ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер организмде де синтезделеді. Олар
тамақтық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өніп-өсуіне
әсерін тигізеді.
Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен
микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір
жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің тканьдері, мысалы тамыры, камбиальды
ткані, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер
тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр
уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік ортаға
тиамин пиридоксинді аздап қосудың өзі көптеген өсімдіктердің оқшауланған
тамыршалары мен өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай туғызады.
Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың,
көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін
де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды
түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате.
Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның
құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
Ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, жиі-
жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы
сырқаттары қозады.
Осы жоғарыда аталған себептердің адам организміне тигізетін зиянды
әсерлерін алдын-ала болдырмауға немесе азайтуға бола ма?
Әрине, болады.
Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп,
шаршап-шалдығып, организмінің әлсіреуінің ең басты себебінің бірі – адам
организміне қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.
Витаминдердің адам организмі үшін биологиялық мәні өте зор. Олар
организмдегі зат алмасу процестерін жақсартады, организмнің әр түрлі
жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу
қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің организмде ерекше
орындайтын өз міндеті бар.
Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса,
организмнің витаминді сіңіруі қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай
ауруды авитаминоз деп атайды. Қорек ұзақ уақыт С витамині болмаса, организм
құр-құлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ – С –
авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д-авитаминоз, бери-бери –
В1 – авитаминоз т.с.с.
Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді.
Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын
қойып, анықтау онша қиын емес.
Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді.
Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы организмге
қажет витамин мөлшерінің қалыптан тыс (нормадан) төмендеп кетуінен болады.
Гиповитаминоз белгілерін анықтау қиындау. Әдетте гиповитаминоз сырқаты
қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте
азайған кезде байқалады.
Кез келген витаминді (әсіресе В және Д витаминін) организмге қалыптан
тыс көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді бірден көп
мөлшерде қабылдау да организмге кері әсер етеді, яғни уландырады.
Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, ой
жұмысымен шұғылданатын адамдардың организмі қара жұмыспен айналысатын
адамдармен салыстырғанда витаминдерді әсіресе С витамині В тобының
витаминдерін көбірек қажет етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдері
мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептіріліген итмұрын
жемісінің тұндырмасын, сонымен бірге басқа да жеміс-жидектердің шырындары
мен қайнатпаларын асқа көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк
пиязды және де ашытқан капусталарды жеу қажет. Себебі, бұл тағамдардың
құрамында әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ және жақсы сақталады.
Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген
витаминдер бар және олар организмнің тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде
ерекше орын алады. Барлық витаминдер организмге комплексті әсер етіп, бірін-
бірі толықтырады. Олар организмде жетіспесе, зат алмасу бұзылып,
денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.
Негізгі қоректік заттармен белоктар, майлар, көмірсулар, минерал
тұздар салыстырғанда организм витаминдерді тым аз мөлшерде қажет етеді.
Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әртүрлі тағамдарындағы витаминдердің
орташа мөлшері микрограммен есептеледі.
Сөйтіп витаминдер - әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық
қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.

Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы

Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс оқымыстысы Н.И.Лунин бастады. Ол
алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін
заттарға көңіл аударды. XXI ғасырдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі
үшін көмірсулар, майлар, белоктар, минералды заттар және судың болуы
жеткілікті деген пікір қалыптасып келді. Бірақ Н.И.Луниннің жасаған
тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И. Лунин жоғарыда көрсетілген
заттардың қоспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ тәжірибе
тышқандардың тіршілік етуі үшін бұл қоспадағы заттардан басқа бір заттың
жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі организмдердің
тіршілік етуі қажетті бұрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат
бар деген пікір пайда болады. Осындай пікірді У.Бунгенің С.А.Сосиннің және
тағы басқа шетел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеп берді. 1896 жылы
голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың бери-
бери ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған
күрішпен тамақтандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады.
Кейіннен Гопкинс 1906 жылы күріш дәнінің сыртқы қауызында белгісіз бір
заттың бар екенін, ал аяқталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады.
1912 жылы поляк оқымысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында
полинервит аурымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар
организміне тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа
затқа ұқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын
кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады
деген қорытындыға келді, ол бұл затты витаминдер деп атады. Вита –
латынның тіршілік, өмір деген сөзі, ал амин – деп химияда азоты бар
заттарды атайды.
1913 жылы Макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты дамуы
үшін майда еритін фактор А - ның қажет екенін анықтап, оған А витамині
деп ат берді. А витаминінің жетіспеуі адамды ақшамсоқыр ауруына
шалдықтыратыны анықталды. Макколлум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын
алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С витамині. Кейіннен
В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды ретіне қарай В1,
В2, В3, т.б. деп белгіледі.
1928 жылы Сент-Дьердьи С витаминін ашты және оның малдың бүйрек үсті
безінен бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін
анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам қанның құрамында болатын К
витаминін ашты.
1948 жылы Смит, Фолкерс т.б. В12 витаминін тапты. Бұл витаминнің
жетіспеуі адам организмінде қанның азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі
болды.
Соңғы жылдары Совет Одағында А.В. Палладин, М.Н. Шатерников,
Л.А.Черкес, В.Н.Букин, В.В:Ефремов сияқты оқымыстылардың бастауымен
көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Түрлі эксперименттер арқылы
авитаминоздардың патофизиологиялық және биохимиялық өзгерістері ашылды.
Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және
олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді,
мәселен, А витамині – ретинол (-ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар
екенін білдіреді) деп аталады.
Д витамині – кальциферол деп аталады, яғни кальций ионын, тасымылдайды
деген мағынаны береді.
Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен
атау қабылданған. Ол кезде анти деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сөз
болып отырған витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан
сақтандырып жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит
витамині (рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы)
витамин деп аталады т.с.с.
Сөйтіп, витаминдердің тағамдық заттарда жетіспеуінен болатын дерттер
көне заманнан-ақ белгілі болғанымен, оның себептері осы біз өмір сүріп
отырған XX ғасырдың бастапқы жылдарында ғана анықтала басталады. Қазіргі
уақытта витаминдер тобына жататын заттар өте көп.
Әріппен белгілеу ескіру салдарынан ыңғайсыздық тудыра бастады, әрі
күнделікті зерттеулер нәтижесінде табылған витаминдер санының көбеюіне
байланысты, олардың биологиялық және химиялық классификациялап үлкен 4
топқа бөлінеді:
1. алифатикалық витаминдер қатары аскорбин қышқылы;
2. алициклды витаминдер қатары;
3. ароматикалық витаминдер қатары;
4. гетероциклды витаминдер қатары.
Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі
кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын су мен майларда еритін
витаминдер топтары.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы,
никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы,
биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және
т.б. (В1, В2, В3, В5, В6, В12, В15, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол,
филлохикнон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары А, Д, Е, К, Q
және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін
витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп,
олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді. Суда
жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне
қабылдану мөлшері де түрліше болады.
Витаминдер организмде тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі.
Витаминдерге – бауыр, бүйрек, жүрек, ішек-қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май,
нан, овощтар мен жеміс-жидектер өте бай келеді. Витаминдерді организмнің
қажет етуі тамақтану режимі кезінде өзгеруімен бірге, сол сияқты кейбір
физиологиялық және патологиялық жағдайларда да күшті өседі. Мысалы,
организмнің буаз не екі қабат кезінде төлдері мен балаларын тамақтандырада,
инфекциялық ауруларда және т.б. Тамақ азықтарында дәрі-дәрімектік
өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін витаминдерді түрлі
түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады. Витаминдерге сапалық
реакциялар жүргізу кезінде шыққан зерттеу жұмыстарының нәтижелерін
төмендегідей кестеге түсіру өте ыңғайлы болады.

Суда еритін витаминдер

В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин). Тамақ құрамында
тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген
ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйкелері қабынады, жүректің
қызметі бұзылады, асқазан – ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту
сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола
бастайды.
Азия және Оңтүстік Америка материктерінде тұратын халықтардың
арасында бери-бери ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі.
Бұл нерв жүйесінің ауруы әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары,
Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылын көп пайдаланатын елдерде жиі тараған.
Европа елдерінде бери-бери ауруы, керісінше, өте сирек кездеседі. Мұның
себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, қара нан,
әртүрлі тағамдар мен көкөністерді жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман
1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізген зерттеулері кезінде мынаны
байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда бери-
бери ауруының белгілері пайда болған. Ал, әртүрлі тағам қалдықтары
берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып
жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында бери-бери
ауруының негізгі себебі күріштің кебегінде көп кездесетін В1 витаминінің
тиаминнің жетіспеушілігінен екені анықталған.
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының
мәні – бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиаминпирофосфат деген зат
түзеді. Тиамин В1 витамині тиаминпирофосфат декарбоксилаза деген
ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуынан пайда болатын
организмде зиянды пирожүзім қышқылын ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині
жетіспегенде ферменттің активтілігі азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы
көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға
шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл
тағамдарда тиамин таза, не қосынды - тиамин пирофосфат және кокарбоксилаза
түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препарат 1926 жылы күріш
кебегінен бөлініп алынды.
В1 витамині зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың организмдегі түрлі
химиялық өзгерту процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы
бар ферменттердің құрамына кіреді.
В1 витаминінің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу
қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз
болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің
ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған бери-бери ауруының негізгі себебі
де осында.
Бери-бери ауруымен ауырғанда адамның жүру қабілеті нашарлап,
кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әлсіреуі байқалады. Тамаққа тәбеті
тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда
болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер
тартылып солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің
организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі – оның тағам құрамында аз
болуы. Жоғарыда көрсетілгендей; В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште,
ірі тарталған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте,
жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Организм
тәулігіне орта есеппен 2-3 миллиграмм тиаминді керек етеді.

В1 витаминінің кейбір тағам құрамындағы мөлшері (100 г. тағамда, мг) 2
кесте
Тағам түрлері В1 витамині
1 2
Сыра ашытқысы
5,0
Нан ашытқысы
2,0
Бұршақ
0,7
Сұлы жармасы
0,6
Қарақұмық жармасы
0,5
Сиыр еті
1,1

В1 – авитаминозы кезінде қарында және ішекте сөл бөлінуі нашарлайды,
асқазан қабырғасында тұз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық биохимия пәні
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер жайлы
Микробиология
Жылқының және құлынның ерекшеліктері туралы білімді тереңдету
Итмұрын
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
Витамин түрлері
Биология пәнінен дәстүрлі емес сабақтың түрлері
Пәндер