ӨСКЕЛЕҢ БУЫННЫҢ БҮГІНГІ ДЕНСАУЛЫҒЫ - ЕРТЕҢГІ ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

ӨСКЕЛЕҢ БУЫННЫҢ БҮГІНГІ ДЕНСАУЛЫҒЫ - ЕРТЕҢГІ ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ5

ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫНА ҚАРАЙ ЖҮРГIЗIЛЕТIН ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ РЕЖИМI6

ЖАСТАРДЫҢ ӨЗ ДЕНЕСIН БАҒАЛАУ ӘДIСТЕРI9

ДЕНСАУЛЫҚТАРЫҢ МЫҚТЫ БОЛСЫН10

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ13

Егер физикалық жаттығулармен

Шұғылданатын болсақ, онда

Дәрi-дәрмек iшудiң ешбiр қажетi жоқ

Ибн Сина.

КІРІСПЕ

«Біздің еліміз мен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту», - деп жазған болатын Елбасы өзінің «Стратегия -2030» аталып кеткен жолдауында.

«Біз өз өміріміздің басқа салаларында жаңалықтарға жол бере отырып, барлық өзгерістердің негізгі мәні адам тәрбиесі екендігін естен шығарып алмауымыз керек», - делінген Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында.

Олай болса болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында гуманистік бағыт-бағдар алуы, бұл жолда жастардың денсаулығының мол болуын қалыптастырудың тиімді жолдарын жастар тәрбиесіне ұтымды пайдалану маңызды мәселе. Бұл қазіргі кезеңнің көкейкесті мәселелерінің бірі.

Жер үсті байлығы - ұрпақ, оның болашақ тағдыры, ұрпақ тағдыры - ұлт тағдыры. Әр ұлттың болашағы - оның білімді, тәрбиелі, талантты, мәдениетті, салауатты, гумандық қасиеттерді бойына сіңірген жастарының қолында мемлекеттік жастар саясатының басым бағыты, олардың бойында гумандық сезімді ояту, олардың рухани дамуын жетілдіру. Өтпелі кезеңдегі қиындық, жастар арасындағы жұмыссыздық жастар арасында адамгершілік жағынан алғанда көбірек байқалуда.

Қоғамға дарынды, қабілетті адамдар қажет, ол заман талабы. Заман талабына сай жаңа адам тәрбиеленуге тиіс. Олай болса, заман талабына сай адамгершілікті, шығармашылық мол қабілетті, қоршаған ортаға тез бейімделгіш, икемделгіш ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдерден үлкен шеберлікті талап етеді.

Адамгершілікке жат әдеттер маскүнемдік, нашақорлық, т. б. адамның жеке басына жанұясына, қоғамға зиянды әсерін оқушы санасына сіңіреді. Оқушылардың темекі шегуге, ішімдікке, есірткіге негативті көзқарасын қалыптастыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланған дұрыс. Ол зиянды әдеттердің:

  • Біріншіден, аздыратындығын;
  • Екіншіден, еркінен айыратындығын;
  • Үшіншіден, қабілетін төмендететіндігі;
  • Төртіншіден, әр түрлі аурулардың пайда болуына алып келетіндігін;
  • Бесіншіден, болашақ ұрпаққа зиянды әсерін тигізетіндігін т. б. нақты көрсеткен дұрыс.

«Темекі тарту жер жүзінде індетке айналған ақылдысын да азғын да көндірген ең жаман дағдыға» айналып отыр» - деп қынжыла айтқан И. Қарақұлов

Одан әрі ғалым бұл дерт күрессіз жойылмайтын, дерт, шылымқорлық, маскүнемдік, нашақорлық адамды бірте-бірте мүгедектікке, қатерлі ауруға апаратын қасірет. Бұл зиянды әдеттерге қарсы күрестің мардымсыз болуы халық ағарту және денсаулық қызметкерлеріне сын», - деп көрсеткен.

Қазіргі кезде бұл зиянды әдеттерге әуестену белең алуда, сондықтан да жастардың денсаулығы бұзылып барады. Осы мәселені мемлекеттік тұрғыдан шеше білу келешегімізге мол әсер ететіні анық. Біздің рефератымыз осы мәселе төңірегінде болмақ.

ӨСКЕЛЕҢ БУЫННЫҢ БҮГІНГІ ДЕНСАУЛЫҒЫ - ЕРТЕҢГІ ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ

Жүктеме ағзаның табиғи мүмкiндiктерiне сайма-сай дәл келуi керек. Әр мезгiлде өз мүмкiндiк шамадан аспауы керек. Адамдар бiр-бiрiне ұқсамайтын биоәлеуметтiк тұлға. Сондықтан да екi адамға жалпы биологиялық тепе-тендiк адекватты жүктеме өлшемiн табу өте қиын. Бұл валеологиялық ерекшелiк.

Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу тек қуаныш-бақыт сыйлауы керек. Жаттығу ұзақтығы, немесе жасамау адамдардың көңiл-күйiне айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына байланысты болады. Дене шынықтыруды дағдыға айналдырған жөн. Тұрақты түрде дене жаттығулармен балалардың ағзасына ол дағды түрде қалыптасып, әрi қарай дами түседi.

Валеологиялық жүктеме қашанда әр адамға (оқушыға) нақтылы жағдайларда мейлiнше ыңғайлы (оптималды немесе максималды) болғанын есте сақтаған дұрыс. Опитимум немесе максимум - олар ең үлкен нәтижелi валеологиялық жүктеменiң белгiлi өлшемдерi. Нәтиже валеологиялық жаттығу өлшемдерiне тiкiлей байланысты деп атау орынды емес. Қалыпты тiршiлiк етуде денсаулықты сақтау белсендi ұзақ өмiр сүру үшiн аптасына 2000 килокалория (ккал) энергия қуатын жүйелi түрде пайдалану керек дейдi медиктер. 1. сағат баяу дене шынықтыру үшiн жаттығу жасағанда 600 ккал энергия жұмсайтынын ескерсек, онда аптасына 3 сағат жаттығу немесе 3 жаттығу - бiр сағаттан айналады. Валеологиялық жаттығу керек, бiрақ аса жалықпай, қажып талмау керек. Шамадан артық зорлану денсаулыққа керi әсерiн тигiзедi.

Дененi шынықтыру (валеологиялық тұрғыдан алғанда) жылдың қай мезгiлiнде болсын, ауа-райы қандай да болмасын үздiксiз жүргiзген өте үлкен валеологиялық нәтиже бередi.

ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫНА ҚАРАЙ ЖҮРГIЗIЛЕТIН ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ РЕЖИМI

Валеологиялық жаттығуларды жүргiзу үшiн ең алдымен дәрiгерлердiң тексерулерiнен өту керек. Оқушылар валеологиялық жаттығуларды өз бетiмен жүргiзбеу керек, өйткенi жүйесiз жүргiзiлген валеологиялық жаттығулар балалар ағзасына керi әсер етуi мүмкiн. Әдетте, валеологиялық жаттығулар жүрек қызметiне қарай, оның соғу, және жиырылу мүмкiншiлiктерiне қарай жүргiзiлу керек екендiгiн валеолог-дәрiгер ұйғарады.

Валеологиялық жүктемесiн жүзеге асыру шағында жүрек жиырылады 120-140 болса, ол жұмыс түгелiнен аэробты (оттекпен тыныс алу) болғаны, яғни оттекке қажеттiлiк деген сезiм толығымен қамтамасыз етiледi. Балалар денсаулығы үшiн оттек өте қажет фактордың қазiргi экологиялық жағдайлардың бұзылуы кезiнде экологиялық таза оттектi табу оңай шаруа емес екендiгi байқалып отыр. Әуеде оттектiң қоры жыл өткен сайын азая түсiп, оның орнына көмiртек көбее түседi. Өйткенi жер шары бойынша автомобильдер көбейе түсуде. Қазiргi кезде жер шары бойынша 200-300 миллион автомашиналар бар. Басқаны қойып бiздiң оңтүстiк астанамыз Алматыны алайық, қаншама автомобильдер бар. Олар жанармай (бензиндi) пайдаланғанда қанша көмiр қышқыл газын (СО 2 ) әуеге бөлiп шығрады десеңiзшi, сондай-ақ зауыт, фабрикалар және басқадай өндiрiс орындары биогендi заттарды (таскөмiр, мұрай-газ, жанатын шымтезек, сланец) отқа жаққанда қаншама көмiр қышқыл газы ауаға келiп қосылып отыратыны есептеп шығу мүмкiн емес.

Валеологиялық жаттығу кезiнде жүрек қиырылысы бiр минутте 140-170 - ке дейiн соқса онда бұл аралас аэробты (оттектi) және анаэробты (оттексiз) режим болғаны. Ол дайындығы жақсы, денi сау балаларға, спортпен шұғылданатындарға тiпiтi ересек адамдарға жасы 60-70 - ке келгендерге қолданылатыны Х. Қ. Сәтпаева және т. б. айтады. Педагогикалық тұрғыда валеологиялық жаттығулардың нәтижесiн төмен, орта және жоғары деңгейлерiн көрсетпейдi.

Валеологиялық жаттығу уақытында жүрек жиырылысының жиiлiгi бiр минутта 170 - ден аспауы керек деп Х. Қ. Сәтпаева және т. б. дәрiгерлер ұйғарады. Ал жүрек жиырылуы 170 - тен асып кетсе, онда ағза анаэробты жағдайда болғаны. Ағза оттекке өте мұқтаж болады. Дер кезiнде оттек берiлмесе, ағза бiрнеше өзгерiстерге ұшырайды.

Валеологиялық жаттығуларды бiрден бастап кетпей, бiртiндеп өткiзу керек. Бұл кезде мұғалiм өзi балаларға үлкен көмекшi ретiнде саналады. Ол дәрiгерлерге белсендiлiк көрсетедi. Өйткенi барлық мұғалiмдер мектеп гигиенасынан жоғары оқу орнынан дәрiс алады. Медицинадан аз да болса хабары болады. Өйткенi оқушылар арасында жүрiп, оқушыларға бiрiншi жедел медициналық көмек көрсетуде олардың педагог ретiнде құқығы бар. Жүрегi жиырылуы жиiлiгiнiң өсуiне сәйкес қан көлемi артады, ол өзiнiң ең үлкен өлшемiне пульс 130- болғанда жетедi.

Дайындығы төтенше дамыған ден саулығы күштi, дәрiгерлердiң бақылауында болған спортшылардағы қан айналымының дұрыс өтуiне байланысты. Бұдан шығатын жағдай мен қорытынды жаңа валеологиялық жаттығуларының 1-шi режимде өтуi керек, яғни жүрек соғысы 120-140 шамасында болуы қажет.

Валеологиялық дене шынықтыруды бастаушы - оқушы ең алдымен өз ағзасының валеологиялық жаттығу деңгейiн бiлуi керек. Осыдан шығатын қорытынды “өзiңдi өзiң тани аласың ба?” - деген қағида бар. Адамдар олардың iшiнде жас жеткiншектер әрқашанда өзiн - өзi бiлмейдi. Өйткенi ол өте қиын психологиялық үрдiс. Валеолог дәрiгерлердiң жүргiзген зерттеулерiнiң қорытындыларына қарағанда, дене жүктемелерi олардың қуаты барынша мүмкiн болу шектiң 50-60 процент құрайтын болса, онда жүрек ағзасының қорғаныс қабiлетiн және гармондық әсерiн демеп ұшқырлайды. Ал валеологиялық жүктеме 60-85 проценттiк жағдайда болса, онда бұл функцияның төмен түсуiне негiзiн әлшенген мөлшерде валеологиялық дене шынықтыру жаттығуларын жүргiзе беруге байланысты айқындала түседi. Оқушылардың өзiн - өзi бағалау әдiстерiнде пайдалануға болады.

ЖАСТАРДЫҢ ӨЗ ДЕНЕСIН БАҒАЛАУ ӘДIСТЕРI

Өз ағзаңыздың валеологиялық жаттығу қалпы өзiн бағалауға мүмкiндiк беретiн көптеген алуан түрлi әдiстер бар. Сондай-ақ, неше түрлi сауалдарда үнемi тұнба туындап отырады. Оларға дұрыс жауап беру үшiн көп оқу керек. Оқу өнердiң ауыр түрi. Оқушыларды тез шаршатып, қажытып және жалықтырып жiбередi. Қандай болмасын оқушылардың жүрегiн дәрiгерлер бақылауға алады. Негiзгi қозғалтқыш - мәшине. Жүректiң соғуын байқап, жиырылу үрдiсiн анықтайды. Валеологиялық жаттығу өткiзуден бұрын, 10 секунд өткеннен кейiн жүрек соғуымен жиырылуын анықтайды. Дәрiгерлер екi тәсiлдi пайдаланады.

1) . Жүрек қызметiн бағалайтын орта сипатикалық сынамалық;

2) . Ағзаның валеологиялық жаттығу деңгейiнiң қалпын анықтау.

  1. Жүрек қызметiн анықтайтын орта сипатикалық тәсiл - шалқаннан жай дем алып, 5 минут жату, содан кейiн осы қалыпта бiр минут iшiндегi жүрек соғысын анықтау. Тез тұрғаңнан кейiнгi жүрек соғысында байқау керек. Екеуiнiң арасындағы айырмашылықты ортаситатикалық көрсеткiш - деп дәрiгерлер есептейдi. Бұған ешқандай ескерту айтуға болмайды. Валеологиялық жектемеге дейiнгi, одан кейiнгi артериялық қан қысымын анықтау - мұны қарапайым тәсiлдерi өз дене жағдайын дәл ғылыми тұрғыдан анықтайтын жетiлдiрiлген әдiстерi бар екнiн айтпай кетуге болмайды. Спорт ойындарында күрделi қондырғылар мен аппаратуралар бар.

ДЕНСАУЛЫҚТАРЫҢ МЫҚТЫ БОЛСЫН

Белсендi қимыл жасаған кезде оқушылардың дене салмағы, диастовалық - артериялық шоғырланып деңгейi төмендейдi, липопротейидтердiң тығыздық көрсеткiшi жоғарлайды.

Ал белсендi қимыл жасамаған адамдарды (оқушыларда) гиподинамия құбылысы пайда болады.

Гиподинамия - ағзаның аса бiр ғажап көрiнiсi. Қимыл жасаудан бастартқан оқушылар арасынан көп кездеседi. Ағзаның қалыпты жағдайда болмауы ол адамды неше түрлi күрделi ауруларға әкеп соғады. Гиподенамияның пайда болуының бiрнеше себептерi бар. Ғылыми - техниканың өсуi, неше түрлi транспоттардың көбеюi, жаяу жүрмеу, кешке дейiн қозғалмастан компьютер ойындарын ойнау, осының бәрi гиподенамия құбылысын тудырады.

Дене жаттығуларының түрлi ағзалар мен жүйелердiң фунциалық жағдайына деген әсер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Біз – тәуелсіздіктің бақытты балаларымыз
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Жастар саясаты және оларды әлеуметтік қорғау
Қазақстанда жастарға арналған әлеуметтік қызмет
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Баланы рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытуға қажетті құндылықтар
Н. Ә. Назарбаев - тарихтағы тұлға туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz