Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі


Мазмұны
I. Кіріспе2
Ұзақ өмір сүрудің методикалық-социалдық аспектілері4
1. Дұрыс өмір сүру негіздері4
2. Қазақстанда дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру шаралары10
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі13
Қорытынды15
Қолданылған әдебиеттер:16
I. Кіріспе
Валеология - салауатты өмір сүрудің негізі. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экономикалық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлует болып табылады. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру бағдарламалары құрылды. Мұндай бағдарламалар қатарына “Халық денсаулығы”, “Денсаулық баршаға”, “Валеология - қалай ауырмау керек”, “Салауаттану - денсаулықты сақтау” деген сияқты көптеген бағдарламаларды жатқызуға болады.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс Салауатты Өмір Салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты - бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез - құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді біріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен 3 нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.
СӨС-ын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған. Салауатты өмір сүру салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс әрекеттеріне бағыт береді.
Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды СӨС-на әзірлеуден басталады.
Ұзақ өмір сүрудің методикалық-социалдық аспектілері
1. Дұрыс өмір сүру негіздері
Салауаттану - тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты - салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың рөлі - адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Салауаттанудың зерттеу пәні - адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті - денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.
Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары - қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т. б. ) кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағытгары мыналар:
- жеке және қоғамдық гигиена;
- дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
- организмді жаратылыс-табиғи факторлармен - су, ауа, күн жарығымен және т. б. шыңдау;
- күн тәртібін тиімді пайдалану;
- дұрыс және уақтылы тамақтану;
- жұкпа аурулардың алдын алу;
- тән ауруларынан сақтандыру;
- жарақаттанудан, уланудан, т. б. сақтандыру;
- зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;
- жыныс гигиенасы;
- психопрофилактика және психогигиена;
- кикілжің және денсаулық;
- экология және денсаулық.
Салауаттанудың негізгі мақсаты - әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бүдан мынандай міндеттер туындайды:
- салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
- өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
- осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.
Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша "Денсаулық дегеніміз - бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі".
Академик Н. М. Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .
И. И. Брехман денсаулықты "сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті" ретінде анықтайды . Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы - бұл "денсаулық дегеніміз - физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі".
Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи және әлеуметтік) жағдайлары мен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді.
Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.
Зияттылық түр дегеніміз - денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.
Сезім әрекетіне берілгіштік түр - жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.
Әлеуметгік түр - тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.
Тұлғалық түр - өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.
Рухани түр - адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
1. Тән денсаулығы - бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
2. Дене денсаулығы - организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
3. Жан денсаулығы - адамнаң психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
Рухани тазалық- тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты-мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттьң байлығы - мейірімділік, намыс, абырой, ма-хаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді.
Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:
• тән және дене күйі үшін - мен істей аламын;
• психикалық күй үшін - мен тілеймін;
• адамгершіліктік күйге - мен істеуге тиістімін.
Денсаулық белгілері мыналар:
• зақым келтіретін факторлар әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес тұрақтылық;
• өсу мен даму көрсеткіштері;
• организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі;
• қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;
• имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік мақсат деңгейі.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты - бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.
Өмір сүру деңгейі - бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.
Өмір сүру сапасы - адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.
Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан. Бұл - жеке тұлғаның психологиясы және психо-физиологиясы икемделінетін белгілі қалып.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.
Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.
СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т. б. жатады.
СӨС әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т. б. жатады. СӨС ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:
- жеке бас гигиенасы;
- дене шынықтыру;
- тиімді тамақтану;
- оңтайлы қимыл тәртібі;
- зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі тарту, алкоголь, есірткі заттарын қолдану, т. б. ) бас тарту;
- жағымды эмоциялар.
2. Қазақстанда дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру шаралары
“Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және сәттілігі” атты “Қазақстан - 2030” Даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚР Үкіметі Қаулысының шешімімен № 1678 бұйрық негізінде 1997 жылы 3 желтоқсанда дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру Қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың аддын алу мен халықгың денсаулығын нығайтуда айтарлықгай жетістіктерге қол жетті. Өтпелі кезеңдегі экономикалық қиындықгарға, денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық жетіспеушіліктерге қарамастан, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын калыптастыру қызметі төмендегі мәселелердің шешімін тапты:
- салауатты өмір салтын (СӨС) қалыптастыру қызметінің құрылымы мен байланыстары құрылып, материалдық-техникалық ресурсы қамтамасыз етілді;
- құқықтық-нормативтік базасы жасалды;
- гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологиялар енгізілді;
- денсаулықты сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін СӨС қалыптастыратын мамандар даярланды;
- СӨСҚ-дың ұлттық саясаты анықталды, оның концептуалды негізі ретінде "Салауатты өмір салты" атты кешенді бағдарлама жасалды. Бағдарлама жалпы халықты салауатты өмір салтын ұстану жолдарымен хабардар ету, аурудың алдын алып, денсаулықты нығайту, денсаулық сақгау және білім беру мекемелерінің қызметкерлерін жалпы халықгың денсаулығын сақтап, нығайтуға жұмылдыру бағыттарынан тұрады.
ҚР Мемлекет басшысы және ҚР Үкіметі елдегі СӨСҚ саясатын толығымен қолдайды. Оған дәлел - 30. 12. 01 жылы № 751 бұйрығымен “2002 жылдың Денсаулық жылы” болып жариялануы, ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылға арналған бағдарламасы бойынша 28. 03. 02 жылғы № 827 бұйрығымен “Қазақстан-2030 Даму стратегиясын іске асыру барысында” салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықтың денсаулығын нығайту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болғандығы.
Өткен кезеңді талдай отырып, "Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін" атты республикадағы қозғалысты одан әрі жетілдіру нәтижесінде әрбір жеке адамның салауатты өмірге бет бұруына мүмкіншілік жасау керек.
Қазақстан-2030 Даму стратегиясының республика халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы басымдык, тар:
- салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жасау;
- қауіпсіз және сенімді тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету;
- денсаулықты сақтап нығайту үшін әлеуметтік жағдай жасау;
- салауатты өмір салтына септігін тигізу;
- денсаулық сақтау жүйесін реформалау және оны алғашқы профилактикамен АМСК деңгейдегі денсаулықгы нығайтуға бағыттау.
Алға қойған мақсатгы іске асыру барысында ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымындағы № 710 шешімімен "Салауатты өмір салты мен тиімді тамақгану концепциясы", 1999 жылғы 30 маусымындағы № 905 шешімімен "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарлама" қабылданып бекітілді. Үкіметтің бұл шешімдері 2010 жылға дейін толық жүзеге асырылып, аяқталуы керек.
ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақгау министрлігінің, денсаулық сақгау комитетінің бұйрықгары жарық көре бастады. Мысалы, 1998 жылғы 23 маусымдағы "ҚР салауатты өмір салтын қалыптастыру және дәрігерлік профилактикалық іс-әрекеттерді жетілдіре түсу іс-шаралары жөніндегі" № 282 бұйрық өз кезегінде республикадағы дәрігерлік қызмет көрсететін ұйымдардың бірқатар негізгі қызметтері мен міндеттерін анықтап берді. 1999 жылдың 19 сәуіріндегі "Республика бойынша аудандық, қалалық денсаулықты нығайту орталыктарын құру" жөніндегі № 199 бұйрықта алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету және ондай ұйымдардың қызметі мен міндеттерін көрсетіп берді. Республика аймақтарында мамандардың жетіспеушілігінен 1998 жылы 4 желтоқсанда "Салауатты өмір салтын қалыптастыратын мамандар даярлау" жөнінде № 594 бұйрық пен 1999 жылғы 22 қаңтардағы "Салауатты өмір салтын қалыптастыратын мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырма" № 83 бұйрықтар негізінде мемлекеттік тапсырыс бойынша үздіксіз мамандар даярлау қамтамасыз етілді. Білім беру саласының қатысуымен Ұлттық Орталықта мектепке дейінгі мекемелерге, жалпы білім беретін мектептерге, орта, арнаулы және жоғарғы оқу орындарына арналған " Валеология - қалай ауырмау керек" атты оқу бағдарламасы дайындалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz