Валеология - денсаулық туралы ғылым ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ВАЛЕОЛОГИЯ ПӘНІН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ

Валеология - екі шет тілінен алынған . Латын сөзі Vale (Сау болу,
Аман болу) қазақша деніңізсау болсын деген мағынаны береді. А.С. Пушкин
өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан Vale деген сөзді қосып
отырған . Деніңіз сау болсын деген сөз. Бір сөзбен айтқанда валеология
денсаулық туралы ғылым.
Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы – медицина ғылымдарының
докторы, профессор – фармакогносист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын.
Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым
дәрігерлердің жазған еңбектерінде келтірілген. Денсаулық туралы қазіргі
заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына
көп мән бермейтіні байқалды.
Баршаға белгілі – адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина
ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу мәселесімен
шұғылданады да ауралардың пайда болуымен айналыспайды.
Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылымдары шұғылданады.
Ұлы физиолог И.П.Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.
... Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның) негізгі
принципі – денсаулық деп аталатын сыртқы және ішкі біркелкі қалыптың
айқын анықтамасы жоқ... Иә, медицина ғылымы қаншама көне болғанымен,
денсаулық туралы анықтама бере алмайды. ХХ ғасырда әртүрлі себептер
әсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық соңғы он жылдықтар бойына
ықшам мамандандырылған анықтама бере бастады.
Сондықтан да осы уақытта медицинаны аурулар ғылымы атай бастады. Мұндай
сипаттама медициналық энциклопедиядан тиісті орын алған. Бұл ғылыми жинақта
денсаулық туралы толық түрде анықтама берген. Медицина - көне заманнан
бері қарай адам ауруларын емдеп, аурулардың алдын алуды мақсат еткен ғылыми
жүйе деп жазған . Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз денсаулық
деген ешқандай сөз келтірілмеген .
Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта
факторларымен және ішкі физиология үрдістерімен байланысты болатыны
анықталып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ), анықтамасы бойынша
денсаулық дегеніміз – ағзаларда аурулардың не болмаса физиологиялық
кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық) , рухани және
әлеуметтік толық аман – есендік . Академик В.Н.Казначеевтің (1989) жеке
тұлға денсаулық туралы анықтамасы бұдан да толығырақ баяндалды. Оның
анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында
биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің,
әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені
сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.
Ал И.И. Брехманның (1987) анықтамасы бойынша, денсаулық адамның
ерекшелігіне сәйкес адамның өзгермелі ортада тұрақтылығы, сонымен бірге
сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.

ВАЛЕОЛОГИЯ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

Денсаулық — баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дуние. Ол жақсы болу
үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті барлық икемді аямай
жұмсау керек.
Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулықсыз өмір
қызықсыз әлем деп есептеймін.

Мен өзімді әлемге қандай болуым керек екендігіме алып келдім. Адам
болуым үшін қандай болуым керек – ақылды , әдемі және денсаулығым күшті
болуы керек .
Иммануил Кант
Біз, әрқашан өзімізде ата-анамыздың қалдырған байлығын қалай болса
солай шашумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қазына екендігіне
түсінбестен туған туындылар. Ол ата-анадан келген байлық. Біз денсаулықты
есепсіз қалау болса солай кетіруге тырысамыз, денсаулықтың келешекте не
болатынын ескермейміз де. Денсаулықтың не екенің , оның қадірін тек
ауырғанда ғана білеміз.
М.Петтенкофер
Валеология- медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына
жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына
дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды:
Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек . Оның пайда болуы,
дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен,
психологиямен, педагогиямен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста болады.
Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және
ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырды.
Валеология — медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына
жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына
дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды:
"Денсаулық туралы ғылым интегратды түрде болуы керек"
Оның пайда болуы, және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен,
биологиямен, медицинамен, педагогикамен және т.б. ғылымдармен тығыз
байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде
философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп
дамытып отырады.
Валеология И. И. Брехманың айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп
айту керск. Оның көздеген мақсаты адамдардың, денсаулығын арттыру,
ауруларды болғызбау, аурулардың алдын- алу. Денсаулықты сақтау адам
адам үшін ең маңызы зор. . Қазіргі кезде валеология ғылымына
сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты
валеология ғылымына сұраныс көбейді.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын

планетамызбен тығыз байланыста болады.
Табиғат байлығнмен бірге өсіп, біте қайнасьп келе жатыр. Адам денсаулығының
потенциалды денсаулығын арттыруға көмектеседі.
Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін
адамдардың денсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып кслді.
Кейін ел ғылым ретінде дамыды. Адамдардың денсаулығының мықты болуына да
дәрігерлер айтарлықтай үлес қосып келеді. "Медицина ғылымы кейбір
ғалымдардың пайымдауынша медицина адамдарды емдеуді өзінің бірінші мақсаты
етіп қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да медицина —
ауру туралы ғылым (И. И. Брехман).
"Медицинаның біржақты дамуы"- деп жазды И. Давыдовский жеке отандық
ғалымдар және шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға азда
болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші бар
екенін дәрігер байқады. Ағзаның қорғаныс қасиеті өте күшті болатынын
дәрігер білді. Міне, осыған байланысты, 1960 жылдан бастап саналогия ғылымы
пайда болып, дами түсті. Саналогия дегеніміз - жалпы ілім - ағзаның
ауруларға қарсы тұру күші. Оның негізін санагенез құрайды. Санагенез -
ағзалардың айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі,
бейімдеулілік механизмдерінің динамикалық комплексі. Ол төтенше қоздырғыш
факторлардың әсерінен пайда болады. Бұл бағытты дамытқан С. М. Павленко
мен С. Ф. Олейник еді. Олардың айтуларына карағаңда, санагенездің көптеген
механизмі арнаулы түрде жүргізілген жаттығулардың нәтижесідце қарқыңды
түрде дами түседі деді. Ағза түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатынын
олар жазды.
Кейінгі кезде ағзалардың неше турлі дерггерге қарсы тұратыны, туа пайда
болатын иммунитеттен болатыны байқалды.
И.И.Брехманның айтуына карағанда саналогия - ағзалардың дерттерден
айығуы туралы ғылым деді. Оны денсаулық туралы ғылым деп есептеуге
болмайды.
Сондықтан да валеология медицина ғылымының негізінде бірақ,
валеология жеке дара ғылым екені кейінгі кезде дәлелдене түсті.
Валеологиялық мәселелерді ойдағыдай шешу үшін экология, медицина басқа
ғылымдар интегративті түрде болуы керек.
Валеологая ғылымының өзіне тән категориясы және негізгі
зерттейтін міндеттері бар. Олар:
1) адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;
2) актуальдылығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау;
3) денсаулықтың сакталу факторларын зерітттеу.
Осы және басқадай мәселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы
салаауаттық
өмір сүру салты зерттеп шешуге болады.
Сондайақ адам денсаулығы мен мәдиниетінің арасындағы
байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен
бірге адамдардың денсаулығы мен адамдардың иархиалық
қажеттігін анықтап барып, барлық мәселелерді ойдағыдай
шешуге болады.
Валеология - биология ғьлымдарымсн салыстырғанда жас ғылым.
Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақталуының негізі
неге байланысты екені әлі де болса толығымен анықтала қойған
жоқ.
Оның анықтауы ғылыми зерттеулер жүргізілуі қажет.
Валеологияның интегративтілігі ғылымдардың бірімен-бірінің
байланыстылығында. Ғылымньң байланыстылығы адам денсаулығын күшейтеді.
Экология - айналаны қоршаған сыртқы ортамен тірі ағзалардың қарым-
қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сыртқы орта
факгорларының денсаулыққа тигізетін әсерін анықтайды. Ал физиология -
ағзада өтетін физиологиялық үрдістерді, олардың денсаулықтағы маңызын
анықтайды. Адамиың ішкі жағдайын
зерттеп, сипаттама береді.
Ағзаға этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Дәрігерлер
дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады.
Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мекеме
болып санаймыз. Жас жеткіншектерді аурудан сақтандыру тек дәрігерлердің
ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтар да қатынасуы керек.
Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына
өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір
тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін.
Адамдар адекватты тіршілік етуге қашанда дайын болуы керек.
Валеология денсаулық сақтау, салаутты өмір сүру салты ғылымы. И. И.
Брехман өзінің еңбегінде былай деп жазды "Адам және биологиялық
белсенді заттар" деп аталатын кітапта валеология терминін алғаш
рет қолданған болатын. Дәрігер С.Фуллер адам және
биологиялық белсенді заттар деп аталатын кітапты ағылшын тіліне
аударған кезде, ол кітаптың алғы сөзінде " валеология " денсаулық
сақтау ғылымы -деп жазды. Қазіргі кезде валеология өз
алдына дара ғылым ретінде қалыптасса бастады. Ол адамдардың
денсаулығын қамтамаз ететін ғылым.
Бұл ғылымың негін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валеология -денсаулық ғылымы
Денсаулық сақтау ғылымы
Валеология ғылымы жайлы
Валеология салауатты өмір салты
Валеология денсаулық туралы ғылым
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Валеологиялық білім беру
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың жолдары
Денсаулық адамның рухани байлығы
Пәндер