Конфуцишілдіктің Кореяның басқару жүйесіне ықпалы

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. КОНФУЦИШІЛДІК: ПАЙДА БОЛУЫ МЕН МӘНІ 5
1.1 Конфуцишілдіктің пайда болуы 5
1.2. Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы (қайырымды адам) ілімі 10
2. КОНФУЦИШІЛДІКТІҢ КОРЕЯДА ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ 16
2.1. Корея мемлекетінің даму тарихы және конфуцишілдік 16
2.2. Кореядағы конфуцишілдік 19
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24
КІРІСПЕ
Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда
өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Әлеуметтік идеал, жан-жақты жетілген мәселесі, әсіресе Шығыс философиясында
терең түп тамыры бар және кең философиялық талдау жасап, осы ілімдермен
көпшілікті таныстыру, оның тиімді жақтары, бүгінгі күн талабына сәйкес
келетін жақтарын қазіргі заманның жан-жақты жетілген адамын тәрбиелеуге
кеңінен пайдаланудың бүгінгі күнде әрі теориялық, әрі тәжірибелік маңызы
бар деп айтуға болады.
Ежелгі Қытай философиясында да “жан-жақты жетілген адам” мәселесіне
ерекше көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен сол кездегі Қытай қоғамындағы нақтылы
тарихи жағдайға тікелей байланысты болды. Біздің эрамызға дейінгі 7-3
ғасырларда ежелгі Қытай қоғамы өтпелі дәуір жағдайында өмір сүргендіктен,
саяси-әлеуметтік тұрақсыздық бүкіл дүниенің күйрегені сияқты болып
көрінеді. Осындай тарихи жағдайда “аспан астындағы” тәртіпті реттейтін “жан-
жақты жетілген адамның”, әлеуметтік идеалдың жаңа моделін негіздеу
қажеттілігі туды. Осындай ілімнің бірін негіздеген Қытайдың ұлы философы
Конфуций болды. Ол адам мен социум арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру
мақсаты мен “жан-жақты жетілген адамның” әлеуметтік моделін негіздеді.
Әлеуметтік идеал ретінде ол цзюнь цзы, немесе “парасатты ер” ілімін
негіздеді. Конфуцийдің осы ілімі бойынша адамның адам болуы “өзі үшін”
емес, қоғам үшін болып табылады. Ұлы философ адамды оның әлеуметтік
қызметін орындауы тұрғысынан алады, ал тәрбиелеуді – адамның өзінің
әлеуметтік қызметін тиісті түрде орындауға бағыттау деп түсінеді.
Корей халқының билік және мемлекеттік басқару философиясында осы мәселе
жалпы Шығыс философиясы шеңберінде қарастырылып, адамды этика, адамгершілік
мәселесі тұрғысынан қарай отырып, сонымен қатар білімділікке,
парасаттылыққа да ерекше назар аударылып отырылды. Конфуцишілдік Кореяға
есте жоқ ескі замандарда таралып, оның белгілері осы күндері де ұшырасады.
Бұдан біз конфуцишілдіктің корей халқының қанына терең сіңгенін көреміз.
Сонымен қатар, әрбір жеке адамның жетілуінде ақыл-ойдың, парасаттылық
пен білімнің рөлін ерекше жоғары бағалады.
Даналық ұлт менталитетінің қайнар көзі дегенде осы мәселелерге мән
беруіміз керек. Оларды қоғам игілігіне айналдыру нарық заманындағы маңызды
мәселелердің бірі. Осы бағытта жастарды тәрбиелеу, тәрбие жұмыстарында
халық даналығына сүйенудің де маңызы ерекше. Өйткені ұрпақтардың рухани
сабақтастығы, әке мен бала арасындағы өзара түсінушілік тек осы негізде
қалыптаспақшы. Ұлт менталитетінің тұтастығын қамтамасыз етер бірден-бір күш
те осында.
Сондықтан да біз Кореядағы конфуцишілдік ілімнің ықпалын, оның көріну
белгілерін конфуцишілдіктің ілімнің жалпы түп мәнін, оның негізін қалаған
адамның бейнесін аша отырып, Корея тарихындағы маңызы тұрғысынан сараптап
көруді мақсат тұттық.
1. КОНФУЦИШІЛДІК: ПАЙДА БОЛУЫ МЕН МӘНІ
1.1 Конфуцишілдіктің пайда болуы
VI р. аяғы мен V ғ. басында дүниетанымдық жүйенің екінші бір саласы —
Конфуций ілімі пайда болды. Оның негізін қалаушы Еуропада Конфуций деген
атпен белгілі болған ұлы уағызгер КунфуЦзы болды. Азғантай ғана уақыттың
ішінде, яғни төрт ғасырдың ішінде бұл ілім қытайлықтардың жүрегінен жылы
орын тауып, б.з.б. II ғ. өзінде-ақ императорлық Қытайдың басты
идеологиясына айналды. Ол қоғамдағы бей-берекетсіздіктердің басты себебін —
адамдардың азғындауынан іздеп, бағыныштылықты, адалдықты, қарттар мен ата-
аналарды сыйлауды басты орынға қойды. Міне, сондықтан да болар, Ұлы
уағызгердің басты өмірлік қағидасы — ата-аналарды құрметтеу мен қарттарды
сыйлап-қадірлеуге келіп тіреледі. Конфуций ілімінің басты құндылығы мен
ерекшелігі — оның Шығыс елдеріне тән рухта мемлекеттік және адамгершілік
парыздары бір-бірімен ұштастыра білуінде болып саналады.
Өкімет басындағы шенеуніктер конфуциилік әдебиетті толық білуге тиісті
болды, өйткені бұл ілімнің негізгі қағидаларын білу — мемлекеттік қызметке
алынатындарға қойылатын басты талаптардың бірі болды. Сондықтан да болар,
конфуцийлік парыздарды ең мұқият сақтаушылар да осы шенеуніктер
(чиновниктер) болды. Демек, мемлекет пен конфуцийлік дін біртұтас саяси-
әкімшілік жүйесіне айналды, оның мақсаты — қоғамдық ережелерді баянды ете
отырып, халықтың өкімет билігіне бағыныштылығын қамтамасыз ету болды.
Конфуций ілімінің дамуына байланысты тұрмыстық іс-әрекеттерден бастап,
мемлекеттік іс-әрекеттерді бағалаудың негізгі шарттары жасала бастады.
Мысалы, ер адамнан өз міндеттерін мүлтіксіз орындау, адал қызмет ету, рудың
басшысына бағыну талап етілсе, ал әйелдерден ерін, ата-енесін тыңдап,
олардың айтқандарын қалтыксыз орындау және болашақ ұрпақты жалғастыру талап
етілді. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, әйелдің ең басты міндеті —
еріне адал қызмет ету болып саналады. Әйелдің ақылдылығы, шешендігі және
терең ойлылығы басты орынға қойылды да, оның сыртқы сұлулығы есепке
алынбады. Нағыз әйел ерімен бірге өлімге де бас тігетін әйел болып
есептелінді.
Қытайдағы саяси және философиялық iлiм тарихында конфуцизм iлiмi
маңызды роль атқарады. Оның негiзiн қалаған б.з.д. 551-479 жылдары өмiр
сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкiрттерi
құрастырған Лунь юй (Әңгiмелер мен пiкiрлер) кiтабында жинақталған. Бұл
кiтап ғасырлар бойы Қытай халқының өмiрi мен көзқарасына, тәлiм-тәрбиесiне
едәуiр ықпал еттi. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси iстерде
үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттерi әлi күнге дейiн
мәнiн жойған жоқ. Ол даналыққа бiз үш түрлi жолмен жетемiз, ең iзгi жол –
санамен саралау, ең оңай жол – елiктеу, ең қиын жол – тәжiрибеден тәлiм алу
дедi.
Дәстүрлi көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттiң патриархалды-
патерналистiк концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет - үлкен
жанұя. Патшаның қол астындағыларға билiгi әкенiң балаға билiгi ретiнде
көрсетiледi. Патшаның билiгi отбасындағы жасы кiшiлердiң ересектерге
бағыныштылығымен теңестiрiледi. Конфуций суреттеген әлеуметтiк-саяси
жүйедегi адамдар теңсiздiгi, қараңғы адамдар, төменгi адамдар, құрметтi
адамдар, жоғары шендi адамдар, лауазымды адамдар ретiнде көрсетiледi.
Әлеуметтiк теңсiздiктi қалыпты жағдай ретiнде қарастырған Конфуций
аристократиялық билiк концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билiгiн
жақтады. Билiктiң зорлықсыз тәсiлiн жақтаған Конфуций билеушiлердi өз
бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеушi қайырымды болса, төменгi
адам да қайырымды болады. Билiктiң осы ережесiн жақтаған Конфуцийден Шөп
жел соққан жаққа қисаяды деген нақыл сөз қалған. Iшкi және сыртқы
соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерiнен алыс тұратын басқа
халықтарды бiлiмдiлiкпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.
Конфуций барлық нәрсе үнемi өзгерiсте болады, уақыт тоқтамайды, әрбiр
нәрсенiң басталуы мен аяқталуы болады дейдi. Адамның iсi де солай, бас-
аяғынсыз бiрде-бiр iс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық түсiнген адам
ақиқатқа жақын тұрады.
Конфуцийдiң этикалық-құқықтық және мiнез-құлық нормалары мен
принциптерi адам өмiрi мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр
ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет
(жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) және
т.б. жатады.
Конфуций iлiмiн одан әрi жалғастырған Сянь-цзы “әлем өзiнiң табиғи
заңдылықтарымен өмiр сүредi, сондықтан да оны тiршiлiк қажетiне жарату үшiн
оны зерттеу, құпия сырларын бiлу қажет” деп ой түйедi. Яғни адамдардың
табиғаттан өз үлесiн алуы немесе бай және кедей болып өмiр сүруi олардың
өздерiне байланысты. Сянь-цзының пiкiрiнше адам тумысынан қызғаншақ,
дүниеқұмар, ашкөз болып келедi. Сондықтан да адамдардың мiнезiн жақсы
тәрбие берiп қана табиғи қалпынан өзгертуге болады. Ол үшiн адамдардың өзi
де өзiн-өзi тәрбиелеуге және бiр-бiрiнiң қателiгiн бетке басып айтуы тиiс.
Бұл туралы ол былай дейдi: Менiң қателiгiмдi дұрыс көрсеткен адам – менiң
ұстазым, менiң игi iсiмдi дұрыс байқаған кiсi – менiң досым, ал маған
жағынып, жарамсақтанушылар – менiң жауым .
Конфуцизм iлiмi, сонымен бiрге, ел билеушiлерi мен әкiмдерге де қол
астындағыларға туған баласындай қарауға кеңес берiлдi. Конфуций бойынша
ақылды билеушi ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды
табандылықпен, ең алдымен өзi үлгi-өнеге көрсетiп жақсылыққа тәрбиелейдi.
Конфуцизм iлiмi мемлекеттiк дiн ролiн атқара бастады.
Ежелгi Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген Шан
цзюн шу (Шан облысы билеушiсiнiң кiтабы) трактатында баяндалған. Бұл
трактаттың негiзгi бөлiмдерiн Шан Ян деген атпен белгiлi болған Гунсунь Янь
жазды. Легизм iлiмiнiң және заңшылдар мектебiнiң негiзiн қалаған ол Шан
облысының билеушiсi болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару
жүйесiн қолдады. Сол кездегi үлкен ықпалға ие болған конфуцизмдi сынаған
Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртiп орната алады деп есептедi. Ел
басқарудың негiзгi әдiсi ретiнде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен
адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл кiмдi
кiмнiң жеңетiндiгi туралы принципке негiзделген таптар күресiнiң
қатынастарын көрсеттi. Оның айтуынша, халық өз өкiметiнен күштiрек болса,
мемлекет әлсiз, ал өкiмет өз халқынан күштiрек болса, армия күштi, әрi
қуатты болады.
Легистер қайырымдылық пен адамгершiлiк қылмысқа апаратын тура жол, ал
нағыз қайырымдылық пен сүйiспеншiлiк өзiнiң бастауын жазалаудан алады деп
дәрiптедi. Яғни олар мейiрiмдiлiктен бұрын қорқынышты алдыңғы орынға қояды.
Олардың пiкiрiнше елде жаппай тәртiпсiздiк болмас үшiн, мейiрiмдiлiктен
гөрi жазалау басым болуы керек. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей
мен қорқыныш тудыру керек. Олардың бұл қағидасы үрей мен қорқыныш қана елде
тәртiп пен заңдылық орната алады дегендi бiлдiредi.
Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста
болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртiпке көндiруге
болады деген тұжырымға сәйкес келедi. Легистер iлiмiн Шан Яннан басқа да
Цзын Чань, Шэн Бу-хай, Ханфэй және т.б. одан әрi дамытты.
1.2. Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы
(қайырымды адам) ілімі
Жеке адамның мән-маңызы Батыс пен Шығыс біздің эрамызға дейін мыңдаған
жылдар бұрын зерттеле бастаған. Егер де еуропалық болмыста жеке адамға
ғана табынуды жақтау дәстүрінің негізгі жеке адамды өзіндік бір әулие
ретінде қарайтын христиан діні болса, ал Қытайдың рухани мәдениетінде
бұндай рөлді Конфуцийдің ілімі алды. Абсолют функциясын жеке адамның барлық
идеалдық қасиеттерін бойына жинақтаған Цзюнь-цзы (қайырымды адам)
атқарады. Көктем және күз (Чунь цю), соғысушы патшалықтар (чжань го)
дәуірлері - ежелгі Қытай тарихында өзгеріске толы кезең еді. Қоғамда болған
әлеуметтік-экономикалық өзгертулер ең алдымен адамға әсерін тигізбей
қоймайды. Ежелгі Қытай ойшылдарының таң қалған назарларының алдында бұрын
беймәлім адамның мінезі мен жүріс-тұрысы ашылды. Егер бұрында жеке адам
өзінің жүріс-тұрысын, талпынысын туысқандық коллектившілдікке бағындырып,
өзін жанұяның бір құрамды бөлігі ғана болса, жерге жеке меншіктің пайда
болуы, жеке кәсіптердің, сауданың дамуы,қалалардың бой көтеруі оны жанұядан
алыстатты. Адамдардың жүріс-тұрысында да өзгерістер болды. Кей кезде атасы
кедей немересі бай болған, бай туыстары кедей туыстарына көмек көрсетуден
бас тартқан сияқты жағдайлар кездесе бастады. Осындай адамдардың моральдық
құлдилауы ойшылдары таң қалдырды. Сондықтан да олардың көпшілігі өткен,
қайтып келмес алтын ғасырды аңсады. Бұл Конфуций ілімінде де байқалады.
Ежелгі Қытай ойшылдары сияқты Конфуцийді де адам табиғаты
қызықтырмай қоймады. Ол алдымен ең болмағанда өзі үшін оның түп-тамырын
ұғынғысы келеді. Әр түрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдармен әңгімелесу оған
жұбанышты қорытындыны бермеді. Лунь юй (әнгімелесу және талқылау)
кітабында өзі енгізген жэнь (адамгершілік) ұғымына сипаттама берген
кезде, біз адам табиғатына оның берген нақтылы анықтамасын кездестіреміз:
Ұстаз (Конфуций) айтты: Байлық пен атақтылық - міне осыған барлық адам
талпынады. Егер олардың бұған жетуіне Даоны (жолды) тағайындамасақ, онда
олар бұдан да ешқашан құтылмайды[1]. Конфуцийдің пікірінше, байлық пен
атаққұмарлыққа талпыну, кедейлік пен жек көрушілердің қатарында болып
қалудан қорқу адам табиғатына тән бірдей нәрселер. Ежелгі Қытай ойшылдары,
соның ішінде Конфуцийден жүз жыл кейін өмір сүрген Ян Чжу Конфуцийдің
көзқарастарын қолдады. Ян Чжу ұзақ өмір сүру мен атақ-абыройды қосып төрт
негізгі талпынысты атап көрсетті: Адамдарға тыныштық жетуге маза бермейтін
төрт нәрсе бар: бірінші - ұзақ өмір сүруге талпыныс, екінші - атақ-абырой,
үшінші - қоғамдағы жағдай, төртінші - байлық. Осы төрт нәрсені иемденушілер
рухтан қорқады, күштен қорқады, жазалаудан қорқады[2].
Алғашқы кезеңдегі конфуцийшілдер әлеуметтік мәселелерді
экономикалық жолмен емес, адамгершілік рухындағы оқытулар мен және
этникалық ережелер арқылы шешуге тырысты. Конфуций оларды аспанның өзі
билік жүргізуге жіберген деген.
Конфуций осыған орай жалпы қытай қоғамын, адамдарды үш категорияға
бөлді:
1. Цзюнь-цзы (қайырымды адам)
2. Сяо жэнь (сөзбе-сөз аударсақ кішкентай адам, арам адам)
3. Жэнь (адам)
Цзюнь-цзы және Сяо жэнь – бұл өзара байланысты екі түсінік бірнеше
жүздеген жылдар бойы тек қана саяси мәдениеттің дамуын емес, сонымен бірге
қытай ұлтының рухани мәдениетінің тағдырын анықтады. Цзюнь-цзы Конфуций
ілімінде орталық орындардың бірің алады рөлі берілген, басқа екі
категорияның өкілдері еліктеу үшін көрнекті мысал.
Сяо жэнь - өзіне әрі этикалық, әрі әлеуметтік жүкті көтерген бір
мағыналы емес термин. Бұл термин көбінесе цзюнь-цзыға қарама-қарсы
қолданылады.
Жэнь термині - әдеттегі қарапайым адамдарды айқындау үшін
қолданылады.
Конфуций іліміндегі адам – бұл жанұя мүшесі, әлеуметтік адам.
Адамдар тең емес. Олардың әлеуметтік – жанұялық жағдайы, ең алдымен өзіндік
абыройы мен қызметі тұрғысынан қатты өзгеруі мүмкін,сондықтан тең болуы да
мүмкін емес. Бірақ олардың әрқайсысына қоғамдағы орнын көрсету – Конфуций
ілімінің зор еңбегі осында. Бұның мәні ақыр-аяғында барлығы адамдардың
игілігі үшін дегенге саяды. Бұған дейін билеушілердің даналықтарын
коллективтік сана мен барлық қоғамның жүріс-тұрысының бейнесі ретінде
қараса. Конфуций әдеттегі қарапайым адамға сүйенеді. Бірақ шындығында, кез
келгенге емес, адамгершілікті, ақылды, қабілетті және білімге ұмтылған, өз
ойлары мен жүріс-тұрысына сенімділерге, нақтырақ айтсақ қайырымды
адамдарға сүйенеді.
Үлкен әріпті Адам, яғни цзюнь-цзы болу, Конфуцийдің пікірінше
әркімнің қолынан келеді. Дегенмен философ тәжірибеде шәкірттерінің
зеректігін жоғары бағаласа да, адамдар әр түрлі қабілетке ие екенін жақсы
түсінсе де, адамдарға сенді, кез келген Дао жолына түссе, өзгеретіндігін,
өзін-өзі жетілдіретін, идеалға жақындай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz