Германияда фашизмнiң пайда болуы
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе 3
1 тарау. Германияда фашизмнiң пайда болуы 5
2 тарау. 1939 жылғы пакт 13
3 тарау. “Таңқаларлық соғыс” 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi 29
Кiрiспе
Гитлерлік Германия үкіметінің сыртқы саясатының негізгі мақсаты
агрессиялық милитаристік бағыт болды. Бұл мақсатқа жету үшін Версаль-
Вашингтон жүйесін әлсіретіп, жою қажет еді. Капиталистік елдер АҚШ, Франция
және Ұлыбританиялардың профашистік топтарының қолдауымен Шығыс Еуропа
елдерін жаулау саясатын қалыптастырды. Олар орта ғасыр заманындағы Пруссия
корольдерінің жүргізген Дранг нах Остен саясатын жалғастырды.
Капиталистік елдер соғыс өндірісінің құрылымын өзгерте отырып. соғыс-
теңіз кемелерін көбейту, соғыс самолеттерін көптеп шығаруды қолға алды.
Сөйтіп, Ұлыбритания және Франция елдерімен бәсекеге түсті. 1936 жылы
Локарно конференциясының шешімін бұзып Рейн аумағына өз әскерлерін енгізу
арқылы батыс шекарасын нығайта түсті. Шығыс саясатының бірінші кезеңіне
Австрия мемлекетін қосып алу үшін аншлюс саясатын дайындады. 1936-1937
жылдарда Германияның агрессиялық саясатын қолдап, Берлин-Рим-Токио белдігі
құрылды. Ол КСРО, Франция және Чехословакияның коллективтік қауіпсіздік
саясатына қарсы тұрды. Германияның агрессиялық саясатын қолдаған АҚШ.
Франция және Ұлыбритания бейтараптық саясат жүргізді. Бұл болып жатқан
жағдайды біліп тұрып, көз жұмуымен пара-пар болды. Германия мен Италия
өздерін Еуропада еркін сезінді[1].
1938 жылы 29-30 қыркүйекте Мюнхен қаласында болған конференцияда
империалистік елдердің келісім беруімен Чехословакияның Судет облысын
Германия өзіне қосып алды. Ал 1939 жылы 15 наурызда Чехословакияны толық
жаулап алды. 1939 жылы Клайпеда портын иеленіп, Балтық теңiз жағалауындағы
елдерге қауіп төнгізді.
Германия империализмі Еуропадағы ең ірі әскери-өндірістік державаға
айналды. Алты жылдың ішінде өнеркәсіп өнімдерін шығарудан Германия Еуропада
бірінші орынға, ал дүниежүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты.
Дүниежүзілік өнеркәсіп өндірудегі үлес салмағы 1932 жылы 8,2%, 1939 жылы
13,3% жетті. Шойын мен болат өндіруден Франция мен Ұлыбританияны қосқандағы
деңгейде болды. Аллюминий өндіруден әлемде бірінші орынға шықты.
1935-1939 жылдарда Германияда 5,5 млн. адам әскери дайындықтан өтіп,
әскерінің саны 2,5 млн адамға жетті. 1939 жылы 23 тамызда Герман-Кеңес
елдерінің арасында соғыспау туралы келісімге қол қойылды. Бұл пакті тарихта
Молотов-Риббентроп пактісі деп аталды. Аталмыш келісім туралы екінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынас тарихында кең
түсіндіріледі. 1939 жылы Италия мен Германия арасында достық пактісіне
қол қойылды. Бұл келісім арқылы екі ел арасында әскери одақ құрылды.
Кейіннен белгілі болғандай, бұл пактіге Жапония қосылып, үштік әскери одақ
құрылды. Ірі капиталистік елдердің қолдау саясаты Германияның шығысқа соғыс
ашуға айдап салып отырды. Империалистік елдердің бұл саясаты өз нәтижесін
бергенімен, кейіннен өздеріне қатты соққы болып тиді. 1939 жылы қыркүйек
айының 1 күні таңғы сағат 4-те Германия 1,6 млн. адамнан тұратын әскерімен,
62 дивизия, оның ішінде 2,8 танк 6 мың миномет пен артиллерия және 2 мың
самолетпен Польшаға соғыс бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс XX ғасырдағы
ең жойқын соғыс болды[2].
1 тарау. Германияда фашизмнiң пайда болуы
Фашизм идеологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билік, Германия
қоғамындағы барлық әлеуметтік топтар қолдай бастады. Фашистік партия НСДАП
үкіметтік билікті алуға шақырды. Ірі монополия иелері Ф.Тиссен, Э.Кирдорф,
Г.Стиннес фашистік партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете
бастады. Мысалы: Болат трест басшысы Ф.Тиссен партияға кіру жарнасы үшін
300 мың марка төлеген. Ірі монополияның көмегімен фашистік партия
мүшелерінің саны 100 мыңнан 1927 жылы 300 мыңға жетті. 1930 жылы рейхстаг
сайлауында НСДАП-сын қолдап 6,5 млн. адам дауыс берді. Парламентте
депутаттар саны жағынан екінші партияға айналды. Фашизм беделінің тез
өсуіне не себеп болды? Соғыстан кейінгі Веймар Республикасының үкіметі орта
және ұсақ буржуазияның жеке меншігіне қолдау көрсеткен жоқ. Ірі монополия
үстемдігі басым болды. Орта және ұсақ буржуазияға салынатын салықтың
мөлшері жоғары болды. Жеке меншік иелері қайшылықта өмір сүрді. Әлеуметтік
қайшылыққа түскен орта және ұсақ топтар фашизмнің үгіт-насихат жұмысын
қолдап, оның негізгі әлеуметтік қолдауына тірек бола алды. Фашизмнің
әлеуметтік негізі - орта және ұсақ буржуазия, кәсіпкерлерден тұрды.
Фашистік партия НСДАП бұл топқа көмек көрсетіп, жағдайларын жақсартуға уәде
берді. Тіпті кәсіпкерлерге дүкендер ашуға көмектесетінін де айтты. Ұсақ
және орта шаруаларға ірі помещиктердің жерлерін тартып алып үлестіретінін,
жер рентасын жоятынын айтып, уәде берді. Ұсақ буржуазия алдында Версаль
шартын жойды, Ұлы Германияны құруға шақырды. 1932 жылы орта және ұсак,
кәсіпкерлерді қолдайтын орта кәсіпкерлердің одағы ұйымын құрып, ірі
кәсіпкерлердің қолындағы иеліктерді ұсақ-орта кәсіпкерлерге алып беру
туралы талап жасай бастады. Фашизмнің ұлттық-социализм идеологиясы орта
буржуазия мен неміс аристократия мүддесін қолдады. Ұлттық социализм
марксизмге қарсы болғанымен, фашистік идеологияның түпкі шыққан негізі
социалистік қозғалыс болды. Социалистік идеяның солшыл қанатынан
қалыптасты. Коммунистік идеяның негізі де социалистік қозғалыстың социал
революциялық жолын қолдады. Қазіргі кезде фашизм және коммунистер
арасындағы ұқсастық осыдан басталады. Фашизм дегеніміз - ірі монополияның
қолдауынан туындаған шовинистік, тоталитарлық диктатура. Коммунистік партия
жүргізген саясатқа тоталитарлық және ұлтшылдық тән болғандығына СОКП (Совет
Одағы Коммунистік партиясының) КСРО-да жүргізген саясаты дәлел болды. Екі
идеологияның негізі бір екені тарихта дәлелденіп отыр. Герман фашизмі
негізінде үгіт-насихат ұлттық және әлеуметтік уәде арқылы жүргізілді.
Пролетарлық интернационализм жұмысы тобының мүддесін сатты, Антанта
мемлекеттері Германияны тонауға қатысты, сондықтан немістерге соғысып, кек
алу керек деп уағыздады.
Фашистер Германияда ұлттық социализм қоғамын құруға шақырды.
Социализм барлық әлеуметтік топтарға жеңілдік әкеледі деді. Жұмысшы табы
ірі өнеркәсіптерді национализациялауға, өндірісті басқаруға қатыстырылып,
олар семья және баланы қорғау, халыққа білім беру халық армиясын құру және
т.б. талаптар қойды. Фашистік партияның үгіт-насихат жұмысын жұмысшы
табының 20%-ы қолдады.
Фашистік партия қоғамдағы әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастар
арасында жүргізілген үгіт-насихат жұмысын өте тиімді пайдаланды. Жастар
арасында жұмыс жүргізу үшін “жастар одағы” ұйымын құрды. Бұл ұйымдар
мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, жастар клубтарында жұмыс атқарды.
Жастарға арналған арнаулы кешкі клубтар ашылып, жастар таңға дейін
көңілдерін көтеріп, ойын-сауық өткізді.
“Фашистік партия - НСДАП жастар арқылы әскери-патриоттық ұйымдар
құрып, әр уақытта күш көрсету арқылы көмек көрсетіп отырды”1. Оларға
арнаулы әскери киімдер кигізіп, арнайы танылым белгілерін беріп отырды.
Олардың ішінде СА (штурмовые отряды) және СС (охранные отряды) ұйымдары
жұмыс істеді. Бұлардың саны тез өсіп отырды. 1929 жылы 280 адам болса, 1933
жылы 52 мың адамға жетті. Фашистердің ірі монополия мен аристократтардың
қолдауымен өкіметтік билікті өз қолдарына алуы шындыққа айналды. Фашизм
қаупі елде кең етек алды.
Германияда фашизм қаупіне қарсы күресуші саяси күштер де болды. Олар:
Германия социал-демократ партиясы (ГСДП) және Германия коммунистік
партиясы. Рейхстагта депутаттардың 13 бөлігі болды, бірақ та бұл екі саяси
партия фашизмге қарсы күресте тактикалық қателіктер жіберді. Фашизм қаупіне
онша сене берген жоқ, ұсақ және орта топтардан құрылған фашистік партияны
социалистік қозғалыстың бір бөлігі ретінде қарады. ГПК-сы да осы тактиканы
ұстап, фашизмге қарсы күресте біртұтас жұмысшы майданын құра алған жоқ.
ГСДП-ын социал-фашистік партия деп бағалады. Сондықтан екі партия да фашизм
қаупіне сене бермеді. Бірақта ГКП фашизмге қарсы үгіт-насихат жұмысын
жүргізіп, антифашистік акциялар ұйымдастырды. Ереуілдік қозғалысқа
еңбекшілердің көбі қатысты. ГКП-ның беделі өсті. 1931 жылы ГКП-ның саны 195
мың болса, 1932 жылы 360 мың адамға жетті. 1932 жылы рейхстаг сайлауында
ГКП-сы 6 млн. сайлаушылар қолдады. Пролетариат диктатурасын орнату ұраны,
сол кездегі ГКП-ның тактикалық қателігі болды. Антифашистік күрестің
барысында ГСДП мен ГКП фашистік партияға қарсы шыққан ірі оппозициялық
саяси күшке айнала алмады.
Экономикалық және саяси дағдарыс үкіметтің елді басқару қабілетін
бұрынғыдан да төмендетті. Фашистік партия және профашистік ірі монополия
иелері Ф.Тиссен, Флик, Феллер тез арада фашистік диктатураның орнауын
қалады. Германиядағы президенттік сайлау қарсаңында фашистер мен реакциялық
күштер бірігіп күрес жүргізді. 1932 жылы сәуір айында президенттік сайлауда
генерал Гинденбург 19,3 млн. дауыс алып, жеңіске жетті. Ал Гитлер болса,
13,4 млн. дауыс алып, жеңіліс тапты. ГСДП-сы Гинденбургті қолдады.
Сайлаудан кейін елде саяси күштердің ара салмағы фашистік күштер жағына
ауысты. 1932 жылы мамыр айында Брюнинг үкіметі отставкаға кетіп, Папен
канцлер болып тағайындалды. Папен үкіметі елді саяси дағдарыстан шығара
алмады, олар төтенше шаралар жүргізді. Саяси дағдарыс тереңдеген тұста,
1932 жылы шілде айында Пруссияда мемлекеттік төңкеріс болды. Пруссия
үкіметінде социал-демократ министрлері қуылып, оның орнына профашистік
реакциялық топтар жаңа үкімет құрды. Саяси дағдарыс жылдарында 1932 жылы
шілде айының 31-і күні рейхстаг сайлауы өткізілді. Сайлауда 13,8 млн дауыс
алған фашистік партия үкімет құру мүмкіндігін алды. Веймар Республикасы
өзінің тарихында саяси дағдарыстың ең жоғарғы шыңына жетті. Парламентте
Папен үкіметіне сенімсіздік білдірілді. Президенттің жарлығымен рейхстаг
таратылып, А.Гитлердің билік басына келуіне жол ашылды. Бірақ Гитлер
канцлер бола алмады. 1932 жылы қараша айында рейхстаг сайлауында фашистік
партия 11,3 млн. дауыс алды, яғни алдыңғы сайлаумен салыстырғанда 2,4 млн.
дауыс жоғалтты. НСДАП-сында ішкі дағдарыс күшейді. Антифашистік күштердің
қарсы күресі де оған ықпал жасады. Канцлер болып генерал Шлейхер
тағайындалды. Гитлерді үкімет басына жібермеді. Ірі монополия иелері Шахт,
Тиссен т.б. елдің президенті Гинденбургқа ультиматум-хат жолдап, Гитлерді
рейхканцлер тағайындауын талап етті. Мұны ірі қаржы олигархиясы түгелдей
қолдады. Президентке тікелей қысым жасау арқылы, 1933 жылы қаңтар айының 30-
ы күні Гинденбург амалсыздан Гитлерді рейхканцлер етіп бекітті. Сөйтіп
Германияда Веймар Республикасы құлап, фашистік диктатура орнады.
Гитлер рейхканцлер болғаннан кейін Германияда құрама (коалиция) үкімет
құрды. Үкіметтің құрамына 4 министр НСДАП-сынан, 11 министр буржуазиялық
партиядан кірді. Алғашқы кезден Гитлер Конституцияны өзгеріссіз қалдырып,
демократиялық жүйені өзгертеді. Рейхстагтың саны аз болған НСДАП жеке
үкімет құра алмады. Сондықтан Гитлер өзінің диктаттық билігін орнату үшін
жаңа парламенттік сайлау күнін белгіледі. Рейстаг сайлауы 1933 жылы 5
наурызда өтетін болып белгіленді.
Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы арқылы антифашистік күштерді
әлсірету үшін үкімет көптеген шаралар жүргізді. Демократиялық күштерге
қарсы ор түрлі арандатушылық шараларды іске асырды. Үкімет саясатына қарсы
шыққан саяси күштерге тыйым салды. Ереуілге шыққандарды қару арқылы күшпен
басып отырды. Антифашистік топтар Гитлерге қарсы күреске шығып, жалпыұлттық
ереуілге шақырды. Антифашистік қозғалыстың басында ГСДП мен ГКП-сы болды.
Гитлер үкіметі саяси күштердің әлі де болса басым екенін біле отырып,
сайлау қарсаңында ерекше шараларға барды. Гитлердің тікелей нұсқауымен 1933
жылы ақпан айының 27-і күні Германияның парламент үйі Рейхстаг өртелді.
Өртеніп жатқан Рейхстаг үйіне келген Гитлер бұл коммунистердің жасаған
ісі, сондықтан коммунистерді жою керек деп баға берді. Осы күннен бастап
Гитлер өзінің тап жауы коммунистерге қарсы террорға шықты.
Рейхстагтың өртенуін сырттай ете отырып, елде жеке билік орнату үшін
билікті өз қолына алып, заңды құқығы бар декреттер шығара бастады. Веймар
Республикасының Конституциясын тоқтату туралы заң қабылдады. Коммунистерді
жаппай тұтқындау басталды. Наурыздың 3-і күні ГКП-ның мүшесі Э.Тельманды, 9
наурыз күні Коминтерннің басшысы, Болгар коммунистік партиясының мүшесі
Г.Димитровты тұтқындады. Оған рейхстагты өртеген деп айып тағылып, 1933
жылы қыркүйек айында Лейпциг сот процесі болды. Сот процесінде Г.Димитров
өзін фашистік сот алдында ақтап шықты. Бұл антифашистік күштердің ірі
жеңісі болды.
Гитлер үкіметі рейхстаг өртенгеннен кейін екі төтенше декрет
қабылдады: Мемлекеттік сатқындыққа қарсы, Халық пен мемлекетті қорғау.
Халықтың конституциялық құқығы тежелді. Бірақ та сайлауға дейін Гитлердің
террор, арандатушылық және қорқыту секілді шараларды жүргізуіне қарамастан,
парламент сайлауында демократиялық күштер айтарлықтай жеңіске жетті.
Фашистік партияны 17,2 млн. адам қолдап, 43,9% дауыс алды. Рейхстагта
барлығы 647 депутаттық орын болатын. Басқа партияларды қолдап 22 млн. адам
дауыс берді. Террорлық әрекеттерге қарамастан, ГКП мен ГСДП-сын қолдап 12
млн. адам дауыс берді.
Парламент сайлауында ойдағыдай жеңіске жете алмаған Гитлер жеке билік
арқылы парламенттің жұмысын тежеді. Конституция жұмыс істеген жоқ. Гитлер
елді басқаруда төтенше билікті өз қолына алды. Сөйтіп, заң және атқарушы
сот билігі бір кісінің қолына көшті. Сайлауда жеңіске жеткен 81 коммунистің
парламенттегі мандатын заңсыз деп тауып, мандаттарын тартып алды.
Гитлер 1933 жылы желтоқсан айының 12-і күні Партия мен мемлекеттің
бірлігі деген төтенше декрет шығарды. Мемлекеттік билікті тек қана НСДАП
қана мойындады. Елде көсем (фюрер) идеясы кең етек алды. Мемлекеттік-
әкімшілік басқару аппараттары фюрер алдында ант беріп қызмет атқаруға
міндетті болды. Жергілікті парламент-ландтаг, жоғарғы палата Рейхсрат
таратылды. 1934 жылы тамыздың 2-і күні қарт генерал, президент Гинденбург
өлді. Осы күннен бастап Гитлер елдің фюрері (көсемі) және рейхканцлері
болып өмірлікке тағайындалды.
Гитлер үкіметінің экономикалық саясатының негізгі мәні мемлекеттік-
монополиялық капитализм тұрғысында болды. 30-жылдардағы дағдарыс кезінде
көптеген капиталистік елдер экономикалық-әлеуметтік дамуды мемлекет арқылы
реттеу процесін іс жүзіне асыра бастаған болатын. Буржуазиялық реформа
капитализмді, жеке меншікті сақтап қалудың бірден-бір жолы болды. Әлемдік
капитализм КСРО еліндегі социализм қоғамын жою мақсатын іс жүзіне асыра
бастады.
АҚШ-тың президенті Ф.Рузвельттің жаңа бағыт саясаты мемлекеттік
реттеудің дұрыс жол екенін көрсете алды.
Германия экономикасын мемлекеттік реттеу, тез арада дағдарыстан шығып,
елдің экономикасын милитаризациялау (соғысқа дайындау), сөйтіп кек алуды
тездету саясаты жүргізілді. Бұл шараларды іске асыру үшін Гитлер елдегі
экономиканы бір орталыққа бағындырып, бірнеше төтенше реформа жүргізді.
1933 жылы шілде айында картель құру туралы заң шығарды. Бұл заң бойынша
экономиканы басқару мақсатында Неміс шаруашылық Бас кеңесі мемлекеттік
басқару мекемесі құрылып, оған шаруашылық және өнеркәсіп орындарын
біріктіретін мекемелер бағындырылды. Мемлекеттік шаруашылық кеңесін
басқаруға ірі монополия иелері мен финанс басшылары кірді. Империялық
шаруашылық мекемесі 7 топтан тұрды: өндіріс, энергия, сауда, қолөнер, банк
және қамсыздандыру. Әрбір топтың жергілікті жерлерде мекемелері құрылды.
1934 жылы қыркүйек айындағы төтенше заң бойынша сыртқы және ішкі сауда,
валютаға мемлекеттік бақылау қойылды.
Ауыл шаруашылығын қайта құру үшін Империялық әлеуметтік азық-түлік
мекемесін құрылды. Бұл ауыл шаруашылық мемлекеттік мекеменің басты мақсаты
халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету болды. Ауыл шаруашылық жерінің мөлшері
шаруаларға 7,5 га-дан 125 га-ға дейін бөлініп берілетін болды. Мұрагерлік
жердің 21%, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласына жердің 38% берілді.
Бұл шаралар шаруалар арасында әлеуметтік топты нығайту үшін жүргізілді.
Мемлекеттік реттеу әлеуметтік салада жүзеге асырыла бастады. Халықтың
еңбек ақысы, зейнетақы, кәсіпкерліктерді қолдау шаралары жүргізілді.
Экономиканы реттеу үшін 4 жылдық жоспар қабылданды. Гитлер экономиканы
басқаруды Г. Герингке тапсырды. Германия экономикасының ауыр өнеркәсібі мен
соғыс өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Сөйтіп, Германия
экономикасы милитаризациялана бастады. Ауыр өнеркәсіп 1935 жылы 50% артты,
соғыс шығыны (1935-1939 жж.) жалпы ұлттық бюджеттің 58% тең болды. 1935
жылдан бастап жалпыға бірдей әскери міндет енгізілді.
Мемлекет ірі монополия иелеріне несие, субсидия (мемлекеттік тікелей
акция көмегі) көмегін берді. И.Г.Фарбениндустри мемлекеттік кредит арқылы
өндіріске қажетті технологияны жаңартып, химия ғылымының жаңалықтарын
өндіріске тез қосып отырды. Субсидия арқылы химия өндірісіне қажетті
өндіріс орындарын салды. Мемлекеттік көмектің нәтижесінде 1932-1938
жылдарда И.Г.Фарбениндустри концернінің таза табысы 4 есе өсті. Крупп
болса, соғыс өндірісін жедел дамытудың нәтижесінде өзінің жылдық кірісін
380 млн. маркаға жеткізді. Мемлекет, сонымен қатар өндіріс пен капиталдың
шоғырлануына көп көмек көрсетті.
1932-1938 жылдарда өндірістің 23 бөлігі 6 ірі банк пен 70 ірі
акционерлік қоғамдастықтың меншігінде болды. Гитлер үкіметі мемлекеттік-
монополия саясатының барысында Германияда жұмыссыздықты жойды. Мұндай
жетістік басқа капиталистік елдерде болған емес.
Мемлекеттік-монополиялық реттеу Германияның экономика және әлеуметтік
салаларын түгелдей қамтыды. Елдің барлық билік саласында ірі қаржы-өндіріс
олигархиясы отырды. Экономикалық, әлеуметтік және әкімшілік-басқаруды қайта
құру нәтижесінде тоталитарлық диктатура билік жүргізіп, Германия жаңа
соғысқа бар күшін салып, кек алу үшін халықты жұмылдырды.
2 тарау. 1939 жылғы пакт
КСРО мен Германия арасында тиіспеу туралы шартқа қол қойылуы Франция,
Ұлыбритания және Совет Одағы арасында келіссөздерді қайта бастауға бөгет
болмауға тиісті еді.
Ұлттық мүдделерді қандайда болса басқа мүдделерден жоғары ұстайтын
үкімет, Герман агрессиясына қарсы тезінен қорғаныс шартын жасасу үшін,
Істің бетін кері бұрып, Москваға жауапты өкілдерін жіберер еді.
Коммунист партиясының басшылары Даладьеге былай деді:
... Самолет күн сайын таңертең Москваға баруға ұшып шығады...
Өзiңіздің әскери делегацияңызды қуып жетіңіз. Келіссөздерді аяқсыз қалдыру
үшін оны соза беру туралы делегацияға өзіңіздің берген нұсқауды қайтып
алыңыз. Москваға ұшып барып, Совет Одағымен бірге, барлық халықтар үшін,
агрессияға қарсы жалпы қауіпсіздік және кепілдік системасын белгілеңіз -
мұның өзі — гитлершілдер агрессиясы төніп тұрғанда оның дегеніне үнемі көне
беретін сіздің қылмыстық саясатыңыздың, сіздің Мюнхен өктемдігіне
масқаралықпен бағынуыңыздың апатты зардабына жол бермеудің бірден-бір
құралы...
Бірақ үгіттеудің бәрі, ақылға келуге шақырған үндеудің бәрі құлақ
асусыз қалды. Ал Францияның шын мүдделеріне опасыздық етудің зардабын
түзетуге әлі де уақыт бар еді.
Даладье Францияны және бүкіл дүние жүзін нацистік агрессиядан қорғауды
көздейтін қарарларды қабылдау орнына, өзінің ішкі саясатының шараларын
жүзеге асыруға сылтау ретінде, совет-герман шартының жасалу фактісінен
қалай пайдалануды ғана ойластырды.
Мюнхеншілдердің және гитлершілдерді әрдайым ашықтан-ашық
жақтаушылардың бірауыздан мақұлдауымен Даладье коммунист партиясының үнін
шығармауға тырысты: болып жатқан оқиғалар туралы шындықты жұртшылыққа
білдірмеу үшін Юманите және Се суар газеттеріне тыйым салынды. Кейіннен
коллаборационистерге шын беріліп қызмет еткен Гренгуар және Же сюи
парту газеттері Гитлерге қарсы аянбай күресушілерге тілегенінше жала
жабуға ерікті болып отырғанда, кейіннен нацистер қолынан қаза тапқан
Габриэль Перидің, Люсьен Сампэнің сөз сөйлеуіне заңсыз тыйым салынды.
Марсель Деа ешқандай тыйымсыз Біз Данциг үшін өлгіміз келмейді! деп ұран
тастауға ықтиярлы болды, ал коммунист партиясын өзінің пікірін айту
мүмкіншілігінен айырды.
Коммунист депутаттардың 25 августа өткізілген маңызды бір кеңесіндегі
сөзінде Морис Торез былай деді:
Мюнхеннен кейін бір жыл өтті, — халықтардың әрбір минут сайын соғысқа
киліктірілуі мүмкін болып отырған жағдай тағы да туды. Барған сайын, жаңа
басқыншылық соғысқа құныққан гитлерлік фашизм халықтардың қауіпсіздігіне
үнемі қауіп туғызып отыр. Жаңа агрессияға жол бермеу үшін не істеуге
болады? Өзінің бейбітшілік саясатынан айнымайтын Совет Одағы, Коминтернге
қарсы шарт жасасқан агрессорлар одағын бөлшектеу шараларын қолданды. Пти
паризьеннің бүгінгі хабарына қарағанда, тиіспеу туралы совет-герман шарты
жапондарды, испандарды, венгерлерді қатты абыржытқан. Осылайша істей
отырып, КСРО Мюнхен жоспарына соққы берді. Ал егер Гитлер, бұған
қарамастан, соғысты бастаса, коммунистер бастаған Франция халқы бір адамдай
болып өз елін қорғауға, барлық халықтардың бостандығы мен тәуелсіздігін
қорғауға шығатынын Гитлер біліп қойсын. Сондықтан біздің партиямыз
үкіметтің шекарамызды қорғау жөніндегі шараларын, оның шабуылға ұшыраған,
және бізбен одақтастық шарт жасасқан елге керек болса, тиісті көмек
көрсету туралы қарарын мақұлдайды. Сондықтан да біз Францияның бейбітшілігі
мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз, француз-ағылшын-совет
арасында одақ жасалуын тілейміз, мұндай одақ жасау әбден мүмкін және қажет.
Мұндай одақ, бұған дейін күшінде болып келген өзара көмек туралы француз-
совет шартын толықтырып, оның нығайтылуына көмектеседі. Бұл қиын-қыстау
кезеңде коммунист партиясы барлық француздарды бірігуге шақырады. Бұл
бірлік фашистік соғыс өртін тұтандырушыларды шегінуге мәжбүр етеді.
Алайда әлі де мүмкіндігі бар Даладье Совет Одағымен келісім жасап,
нацистік шабуылға бөгет жасауды ойластырудың орнына, өзінің коммунистерді
рақымсыз қудалау саясатын жүргiзе берді. Се суар және Юманите
газеттерінің шығарылуына тыйым салып, ол мұнан кейін Па-де-Каледен
сайланған коммунист депутат Сиприен Кинені тұтқынға алды, оның ешкім
тимейтін парламенттік правосы жойылмағанымен есептеспеді. Сөйтіп Даладье
барлық парламенттік заңдарды бұзды. Немістердің тұтқындар лагеріне өлімге
жіберу үшін, эсэсшілер айдап кеткенге дейін Сиприен Кине түрмеде тұтқында
болды.
Бүкіл елде жүздеген күрескерлер қудаланылып, түрмеге жабылды. Солай
бола тұрса да, соғыс басталғаннан кейін үкімет ұлттық қорғаныс қажетіне
керекті қаржыны бекітуді талап еткенде, компартияның парламенттік тобы бұл
талапты бірауыздан қуаттады, ал белсенді коммунистер барлық жерде армия
қатарына қосылды.
Сентябрьдің алғашқы күндерінде Германияның қарулы күштері Польшаға
басып кірді. Неміс самолеттері Польшаның қалалары мен селоларын рақымсыз
бомбалауда болды. Варшава қиратылды, поляк армиясы көп ұзамай амалсыздан
нацистік шапқыншылардың қолына берілді. Ол ағылшын-француз қарулы
күштерінен титтей көмек ала алмады, ал бұлар Мажино бекіністер бойындағы
позицияларға орналасты, бірақ жау жеріне басып кіруден барынша сақтанды.
Сөйтіп таңғаларлық соғыс басталды.
1939 жылғы 17 сентябрьде, соғыстың басталуынан он бес күннен кейін,
поляк армиясының қарсылық көрсетуіне қандай да болса үміт жойылғаннан
кейін, совет әскерлері соғысқа дейінгі поляк-совет шекарасынан өтіп,
белгілі Керзон межесіне дейінгі жерді — 1921 жылы Пилсудскийдің әскері
КСРО-дан күшпен бөліп әкеткен жерді — алды, сөйтіп ондаған миллион адамның
нацистік құлдықтан аман қалуына көмектесті. Француз баспасөзінің кейіннен
нацистерге қызмет еткен бір бөлегі мұнан пайдаланып, совет еліне жала
жабуға жаңа сылтау тапты, неғұрлым қырағырақ байқаушылар жағдайға мүлде
дұрыс баға берді. Мәселен, Англияның Фортнайтли журналы: Бұл жерлердегі
халықтың басым көпшілігі орыстардың келуін құттықтағаны күмәнсіз деп
жазды.
Иллюстрасьон журналы да өзінің 7 октябрьдегі номерінде былай деп
атап көрсетті:
Мұндай іс істеп, орыстар біржолы Фин қолтығын да, Нол сияқты Рига
қолтығын да бақылап отыруға мүмкіндік алды, сөйтіп өздерінің Балтық
теңізіндегі позицияларын өте күшейтті. Бұл сақтық шаралар Германияға қарсы
қолданылмай, қандай елге қарсы қолданылды?
Шынында да, бұл шараның Гитлерге қарсы бағытталғаны мүлде айқын.
Француз әскерлері Францияның шекарасында бір жерде қозғалмай тұрды.
Солдаттар барлық жағынан тапшылық көрді. Бас штаб 500 мың винтовканы, бір
миллион көрпені, 500 мың құтыны, 500 мың солдат котелогін, 100 мың танкке
қарсы минаны іздестіріп әлек болды, бұл заттар ведомстерде көрсетілсе де,
қайда екені мәлімсіз болды.
Барлық жерді жаппай берекесіздік, тәртіпсіздік жайлады. Өткен соғыста
қолданылған қару-жарақтың, ескірген түрлерімен соғыспақ болды. Ағылшындар
жуған кірлерін Зигфрид бекіністерінде кептірмек болды. Көп ұзамай француз
үкіметі, жұртқа күлкі боламын деп именбей-ақ масқаралық плакаттарды
таратты. Бұл плакаттарда: Біз жеңеміз, өйткені біз басқалардан күштіміз
делінді. Шынында, нацистік Германияны жеңу түгiл, ең болмаса қарсы шабуыл
жасау туралы да сөз болуы мүмкін емес еді. Үкімет қорғанысты қамтамасыз
етуге де, жеңіске жетуге де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz