Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат 4
2. 1870-1899 жылдардағы Англия 6
2.1. Ұлыбританияның дүниежүзілік шеберхана атағынан айырылуы 7
2.2. Мемлекеттік құрылымы 17
3. Англия XX ғасырдың басында 20
3.1. XX ғасыр басындағы әлеуметтік және саяси қайшылықтар 24
3.2. Дэвид Ллойд Джордж - Англияның саяси қайраткері 28
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31
Кіріспе
Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain
and Northern Ireland) — Батыс Европада орналасқан аты әлемге мәшһүр
мемлекет. Бұл мемлекет Үлкен жетілік елдерінің құрамына және ядролық
клубқа мүше ел болып табылады.
Біздің тәуелсіз Қазақстан ядролық қарудан бас тарқан сәтте осы ел
кепілдік беруші елдер қатарына кірген болатын. Ал біз қарастырып отырған
кез ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында біздің ата-бабаларымызға
жұмыс беріп алғашқы жұмысшы табын қалыптастырушылардың бірі болған да осы
ел. Иә, иә, сол кезде патшалы Ресейден біздің Қазақстандағы кейбір кендерді
концессияға алып алтын, темір т.б. металдарды қазып алушы ел болған. Бұл
елдің тарихын оқып білу өте қызықты да. Мысалы сол кезеңдегі саяси
қайраткерлер Б.Дизраэли, Сесиль Родс (әрі миллиардер, тіпті екі ел оның
атымен аталған: Оңтүстік және Солтүстік Родезия) және тағы басқалардың өмір
тарихынан көп нәрсені тұжырымдауға болады.
Сонымен, менің алып отырған тақырыбым ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басындағы Англия жөнінде болмақшы.
1. Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат
Бірденнен Англияның сол кезеңіне кіріспей алдымен бұл ел жайында
деректер беріп өткенді дұрыс деп шештім.
Ұлыбритания Европаның солтүстік батысындағы Ұлыбритания аралында,
Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігінде, Англия, Уайт, Норманд, Гебрид,
Шотланд т.б. ұсақ аралдарда орналасқан. Ұлыбритания 4 тарихи-географиялық
аймақтан тұрады. Олар Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия
(Ольстер) деп аталады. Әкімшілігі жағынан графтықтарға және графтық
дәрежедегі қалаларға бөлінеді. Үлкен Лондон ерекше жеке әкімшілік бөлік
(құрамында 32 аудан бар) саналады. Ұлы Британия — Британ Ынтымағының
(бұрынғы Британ империясының құрамындағы елдердің саяси және экономикалық
бірлестігі) орталығы; бұның құрамына (1976 ж.) Ұлыбритания, Канада,
Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Үндістан, Бангладеш, Шри Ланка, Гана,
Малайзия, Сингапур, Кипр, Нигерия, Сьерра-Леоне, Танзания, Кения, Уганда,
Гамбия, Малави, Замбия, Лесото, Свазиленд, Ботсвана, Ямайка, Тринидад және
Тобаго, Мальта, Гайана т. б. 36 ел кіреді.
Мемлекеттік құрылысы, Ұлыбритания — парламентарлық монархия.
Ұлыбританияның біртұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы
қалыптасқан конституциялық актыларға: парламент заңдары (статутарлық
право), сот прецеденті, келісімдер мен әдеттік право салалары жатады.
Мысалы, статутарлық актілер: Еркіншіліктің ұлы хартиясы (1215), Право
туралы билль (1689), Вестминстер статуты (1931), Халық өкілдігі туралы акт
(1948, 1969), Лордтар палатасының актісі (1968) т. б. Мемлекет басшысы —
король (королева). Мысалы, қазір елді королева Елизавета жарты ғасыр билеп
келе жатыр. Корольдық билік — өмір бақи және атадан балат қалатын мұра.
Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы
күштердің жоғарғы бас командашысы болып саналады, мемлекеттің англикан
шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король премьер-
министрді, министрлерді, судьялар мен дипломаттарды және шіркеу иелерін
тағайындап, жоғары лауазым атақтар беруге, келісімдер жасауға, соғыс
жариялауға, бітім жасауға, заң жүзінде парламент құрамын белгілеуге,
қауымдық палатаны таратып, заң жобаларын бекітуге праволы. Шынында король
билігі қағаз жүзінде ғана, себебі патшалық еткенмен мемлекетті басқармайды.
Іс жүзінде корольдық билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер
кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі — екі палаталы
парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата).
Палаталардың құрылу принциптері әрқалай және бір-біріне тәуелсіз болғанмен,
заң қабылдауда пікірдің бір жерден шығуы қажет. Жалпы ұлттық өкілдік органы
— төменгі қауымдық палата (635 депутат, 5 жылға сайланады). Заң бойынша
парламент ең жоғары билікке ие, бірақ іс жүзінде заңдар мен бюджетті үкімет
қабылдайды. Ұлыбританияның үкіметі — министрлер кабинеті (80—100 мүше),
оған министрлер, ведомство басшылары, лорд-канцлер т.б. кіреді. Үкімет
басшысы — премьер-министр (Тони Блэр), оған қауымдық палатада көпшілік
орынға ие болған саяси партияның жетекшісі тағайындалады. Министрлер
кабинеті — Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатының шешуші органы. Ол
қауымдық палатаның алдында заң бойынша жауапты. Ұлыбритания — тарихи
қалыптасқан облыстардан (Англия, Уэльс, Солтүстік Ирландия, Шотландия)
құрылған унитарлық мемлекет.
Қазіргі кездегі Англия әлемдегі болып жатқан барлық саяси істерге
араласып англо-саксондардың әлемдік үстемдігін арттыра түсуге құлшынып
отырған мемлекет. Соңғы Ирактағы соғыста АҚШ-ның одақтасы болып
басқыншылыққа барған ел.
2. 1870-1899 жылдардағы Англия
Англия тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі — 1870-1899 жылдар кезеңі
болып табылады.
Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде капиталистік
қатынастардың дамуына жол ашылып, өндіргіш күштердің жедел өсуіне мүмкіндік
жасалған болатын. Революция феодалдық құрылысты жойып, жерге буржуазиялық
меншік орнатып содан бастап капитализм қауырт дами бастаған еді.
Өнеркәсіптің төңкерісінің нәтижесінде жұмысшылардың саны күрт өсті. 19
ғасырдың ортасында 21 млн. ағылшын халқының 4 млн. 800 мыңы жұмысшы болды.
Ағылшын пролетариаты дербес саяси күреске шығатын дәрежеге жетті. Бұл
тұстары жұмысшылар қозғалысы чартизм деген атпен белгілі. Өнеркәсіптің даму
дәрежесі мен қарқыны жағынан Ұлыбритания дүние жүзінде 1-орында тұрды. Ауыр
өнеркәсіп мықтап дамыды. Мысалы, дүние жүзінде өндірілетін шойынның тең
жартысы осында қорытылды. Ұлыбритания отарлық империясы 145 млн. халқы бар
6,5 млн. км2 территорияны иемденді. 50—60 жылдары кәсіподақ қозғалысы
айтарлықтай нығайды. 1868 ж. Тред-юниондардың Британ конгресі құрылды.
Ұлыбританияда басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы аристократиясы ерте
қалыптасты.
2.1. Ұлыбританияның дүниежүзілік шеберхана атағынан айырылуы
XIX ғасырдың 50—70-жылдарында Ұлыбритания негізінен машина әрі құрал-
жабдықтар өндіруші болғандықтан, дүниежүзілік өндіріс шеберханасы болып
қала берді. Бірақ XIX ғасырдың сонына таман ол бұл жағдайынан айырыла
бастады. Өйткені Виктория дәуірі[1] өзінің аяқталу кезеңіне жақындаған еді.
Дүниежүзілік рынокта Англия тауарларымен қатар АҚШ, Германия және тағы
басқа елдерден шыққан өндіріс заттары пайда бола бастады. XIX ғасырдың 80-
жылдарынан бастап Ұлыбританияда көмір өндіру, машина жасау, металлургия,
тоқыма сияқты өндірістің негізгі салалары ұзаққа созылған тоқырауға ұшырады
— біріншіден, АКШ және Германия сияқты жас өндірісті мемлекеттердің дамуы
ағылшын кәсіпкерлерін рыноктан ығыстыра бастады. Англияның рынокты жеке-
дара билеп-төстеуі аяқталды. Екіншіден, өте үлкен отарлар мен дүниежүзілік
рыноктағы монополиялық жағдайы да тоқырауға себеп болды.
Отарларды қанау және дүниежүзілік сауданың нәтижесінде тұрақты түсіп
тұратын мол пайда өндіріс құрал-жабдықтары мен машиналарды жаңартып отыру
керектігін естен шығарып жіберген еді. Айталық, XX ғасырдың басында АҚШ-
тың тоқыма өндірісінде жартылай автоматтандырылған жіп иіретін машиналар
пайдаланылып жатқан кезде, Англияның сондай өндіріс салаларында жүз жыл
бұрынғы мюль-машиналар қолданылды.
Алайда бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін арзан шикізат (мысалы,
мақта) есебінен, әлі де кейбір өндіріс өнімдеріне сұраныс болғандықтан,
Англия көп пайда түсіріп отырды. 1913 жылы британдық кеме жасау
мекемелерінде дүние жүзінде жасалатын кемелердің жартысынан астамы дүниеге
келді. Тоқыма станоктарын Германиядан 5 есе артық өндірді. Бірақ бұл ел
негізгі пайданы шетке капитал шығару арқылы түсірді. Мысалы, 1906—1912
жылдары Ұлыбританияның халық шаруашылығына жыл сайын 39 млн. фунт стерлинг
жұмсалған болса, 152 млн. шетелге қарызға берілді. 1913 жылы Англиянын
шетелдегі капиталының жалпы мөлшері 4 млрд. фунт стерлингке дейін жетті, ол
жылына 200 млн. фунт стерлинг пайда түсіріп отырды. Бүкіл әлем ағылшын
банкирлеріне қарыздар болды.
XX ғасырдың басында британдық қаржы капиталынын айрықша белгілері банк
ісінде (12 банк аса ірі орталықтарға айналды) және өндірісте, отарларды
қанау мен соғыс қару-жарағын шығару салаларында шоғырланды. Сонымен қатар
елде өнеркәсіптін жаңа салалары — химия, электрлік техника, автомобиль
жасау өндірістері тез қарқынмен дамыды.
XIX ғасырдың 70-90-жылдарындағы буржуазиялық-демократиялық өзгерістер.
Ұлыбританиянын мемлекеттік құрылысында конституциялық монархия,
парламенттік дәстүрлер, соттың тәуелсіздігі, екі партиялық жүйе және
заңдылық пен құқықтың мызғымастығы, дәстүрлердің баяндылығы бұрынғыдай
сақталған еді. 1831 және 1867 жылдардағы сайлау реформаларынан кейін
буржуазия шешуші күшке айналды, бірак өкімет ақсүйектердің қолында қалды.
Бұл ақсүйек билеушілер буржуазияның сенімді қызметшісіне айналды. 1867
жылғы реформаның басты нәтижесінің бірі — жұмысшылардың сайлау құқығын
алуы. Осы кезден бастап тред-юниондарға (кәсіподақтарға) біріккен
жұмысшылар парламентке кім сайланады деген мәселеге шешуші ықпал тигізетін
болды. Сондықтан бәсекелес екі партия: либералдар (виам) мен консерваторлар
(тори) сайлау кезінде жұмысшылардың дауысына таласатын болды. Сөйтіп, 1868
жылғы сайлау кезінде тред-юниондардың қолдауы нәтижесінде үкімет басына
либералдар келді. Гладстон үкіметі тред-юниондарга заңды тұлға құқығын
берді және жұмысшылардың ереуілге шығу шартын заңдастырды. Бірақ ереуіл
кезінде пикет (ереуілшілерді полициядан қорғайтын қарулы күзет) қоюға
рұқсат берілмеді.
Бұндай шараға наразылық білдірген жұмысшылар 1874 жылғы сайлау кезінде
консерваторларға дауыс берді. Олар үкімет басына келе сала, пикет қоюды
заңдастырды.
XIX ғасырдың соңғы 30 жылында бірін-бірі алмастыра отырып, үкімет
басына келген либералдар мен консерваторлар, жүмысшылар мен ұсақ
буржуазияның дауысына таласа отырып, бірсыпыра буржуазиялық-демократиялық
реформалар өткізді. Англияның бүкіл азаматтары бастауыш білім алатын болды,
жерді жалға алушыларға жер иелерінің қысым жасауына тыйым салынды. Заңды
түрде ақсүйектерге берілген артықшылықтар шектелді. Мысалы, армиядағы
офицерлік шенді дворяндардың сатып алуы жойылды, мемлекеттік қызметке
орналасу үшін емтихан тапсыру енгізілді, сайлау құқығын жетілдіру жолында
жасырын дауыс беру енгізілді, ал 1884 жылы сайлау құқығы едәуір кеңейтілді.
Дауыс берушілердің саны 3 млн. 150 мың адамнан 5 млн. 700 мың адамға дейін
өсті.
30—40-жылдардары чартистердің талабы негізінен орындалды. Бірак
жұмысшы жетекшілері мен тред-юнион белсенділері бұл жетістіктерді тек
жұмысшылардың мүддесін қорғау мақсатында үкіметке ықпал жасау үшін ғана
қолданды, ал парламентке сайланған жұмысшылар либерал партиясын жақтап
кетіп отырды. Ал британ тред-юниондары жоғары жалақы алатын маман
жұмысшылар ұйымына айналып, тек тред-юниондықтардың мүддесін қорғайтын
болды.
XIX ғасыр соңындағы британ социалистері мен жаңа тред-юниондар.
Бұрынғы тред-юниондықтардың тұйықтығы мен олардың либерал партиясының
құйыршығына айналып кетуі жай жұмысшылардың наразылығын тудырды. Басқа
мемлекеттерден гөрі өмір сүру дәрежесінің жоғарылығына қарамастан,
зерттеушілердің айтуынша, 12 млн.ағылшын жұмысшыларының 5 миллионы кедей
болды. 80-жылдардағы экономикалық дағдарыс олардың жағдайын одан сайын
төмендетіп жіберді. Қара жұмыстағылар мен мамандығы төмен жұмысшылардың
ереуілдері басталды. Олар 8 сағаттық жұмыс күнін, жалақыны көтеру сияқты
талаптар қойып, қажырлы күрес нәтижесінде өз мақсаттарына жетіп отырды.
1887 жылдың жазындағы ереуілден кейін теңізшілер мен пеш жағушылардың
кәсіподағы пайда болды. 1888 жылы сіріңке жасау фабрикасы жұмысшыларының
жеңісінен кейін басқа да жұмысшылар өз тред-юниондарын құрды. Бірақ бұл
қозғалыстың ең күштісі 1889 жылғы тамыз-қыркүйек айында өткен докерлер
ереуілі болды.
Лондондағы жұмысшылар тұратын Ист-Энд ауданымен түйісіп жатқан
Темзаның қос жағалауында бірнеше шақырымға созылған доктар елі аталған
пристаньдар мен айлақтар болды. Доктар ондаған мың адамдарды жұмыспен
қамтамасыз етіп тұрды. Күн сайын таңсәріде док қақпасына қарай мыңдаған
адам ағылатын. Бірнеше сағат бойы олар жумыс берілуін сарыпып күтетін. Бір
кезде қақпа ашылып, қолында уақытша жұмысқа рұқсат беретін жетоны бар
бригадир шыққан кезде жұмысшылар арасында қырғын төбелес басталып кететін.
Ашыққан адамдар жан түршігер қылықтарға баратын. Күштілері тіпті
басқалардың басына шығып кетіп, киім жыртылып, құлақ жұлынып жататын...
Ереуіл жасаушылар жаңа тред-юнион ұйымдастырды. Қатарына Лондон
порттарының 100 мың жұмысшысын тартқан ереуіл бір айға созылды.
Ұлыбританияның өзекті бір порты жансыз қалды. Буржуазия қобалжи бастады.
Олар келіссөз жүргізіп, жұмысшылар жалдау шартын өзгертуге мәжбүр болды.
Бұл жағдай жұмысшылардың жеңісі еді. Ереуілге басшылық жасағандар Томас
Манн, Бен Тиллет, Элеонора Маркс сияқты социалистер болды.
Жана тред-юниондар өзінің қатарына жаппай барлық жұмысшыларды тартты.
Осы қозғалыс барысында жұмысшы қозғалысының белсенді революционерлері
Тәуелсіз жұмысшы партиясын құрды. Парламент мүшелігіне либералдардан
тәуелсіз 3 социалист сайланды.
Чартизм сияқты, жаңа тред-юнион да ағылшын жұмысшы қозғалысының бір
кезеңі еді.
Жоғары тұрмыс дәрежесі, буржуазияның икемшіл саяси үкіметі, жалтара
алу қабілеті бұл елдің билеп-төстеушілеріне ішкі саясаттағы тұрақтылық пен
сенімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Англиядағы социализм
буржуазиялық сипатта болды. Фабийлік] социалистер (Бернард Шоу, Сидней және
Беатриса Веббилер және т.б. буржуазия қайраткерлері) либералдык реформаны
біртіндеп жүргізу идеясын уағыздады.
1883 жылы құрылған Социал-демократиялық, федерация (СЛФ) да революция
жолына түспеді. Маркстік бағыттағы революциялық социализм байыған, байсалды
Ұлыбританияда орныға қоймады.
Ирландия мәселесі. Ұлыбританияның 70—90-жылдардағы өзекті шиеленіскен
мәселелерінің бірі — Ирландия мәселесі еді. 70-жылдардан бастап Англияның
бұл отарында Еуропадағы аграрлық дағдарыстан туындаған жалгерлердің жаппай
қозғалысы етек алды. Ағылшын жер иеленушілерінің жалгерлерді жерден қуып,
кедейлендіруі олардың ереуілдерін ұлт-азаттық қозғалысқа ұластырды. 1879
жылы Ирландияда қатарында 250 мың адамы бар Шаруалардың жер лигасы
ұйымдастырылды. Оған бұрынғы фений (жалгер) Майкл Дэвит басшылық етті.
Лендлордтардың жерден қууына олар өртеу, кісі өлтіру сияқты әрекеттермен
жауап берді. Ағылшын жер иеліктеріне бойкот жариялау кең етек алды. Парнелл
басқарған ирландық депутаттар ағылшын парламентінде Ирландияның өзін-өзі
басқаруы үшін күрес жүргізді. Сол мақсат жолында олар тіпті обструкция
тәсілін қолданды. Ағылшын үкіметі тұтқындауға кірісті. Ирландияға азамат
соғысы қаупі төнді. Үкімет төтенше шаралар қолданды. 1885 жылы либералдар
парламентке Ирландияра гомруль (өзін-өзі басқару билігін) беруді ұсынды.
Бұл ұсынысқа либералдардың бір бөлігі қарсы тұрды. Олар бұл шара Британия
империясының ыдырауына жол салады деп ойлады. Либералдар жеңіліске ұшырады.
Дегенмен келісу мен бір-біріне бағыну нәтижесінде ағылшын үкіметі мен
ирландыктар өзара шиеленісті бәсеңдетті.
Ирландияға байланысты жаңа шиеленіс 1912 жылы болды. Көк-жасыл
аралдағы ұлт-азаттық қозғалыстың күшеюі либералдарды
'Ежелгі рим қолбасшысы Фабий Кунктатор (баяулаушы) Ганнибалмен соғыс
кезінде жауды бірте-бірте, үздік-создық әлсірету тактикасын қолданған
болатын.
2 Обструкция — депутаттардың ұзақ сөйлеу немесе шу шығару арқылы
парламент отырысына кедергі келтіру әдісі.
Қауымдар палатасы арқылы Ирландияға шектеулі автономия беру мәселесін
көтеруге мәжбүр етті. Бұған Солтүстік Ирландияда (Ольстерде) тұратын
ағылшындар қарсы шықты. Олар қарулы көтеріліс арқылы Англиядан бөлінуге
дайындалды. Ольстерде тәртіп орнату үшін үкімет әскерге бұйрық берді, бірақ
офицерлер бұйрыққа бағынудан бас тартты. Ел азамат соғысының қарсаңында
тұрды.
1857 жылғы экономикалық дағдарыстың нәтижесінде Ұлыбританияда жұмысшы
қозғалысы жаңадан өріс алды. 1859 ж. жазда Лондонда құрылыс жұмысшыларының
ірі стачкасы болды. Англия отарлау саясатын онан әрі жүргізе берді. 1852 ж.
Бирманың едәуір бөлігін қосып алды. Қытайға, Иранға және Эфиопияға қарсы
тонаушылық соғыс жүргізді.
XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап Англия бұрынғы өнеркәсіптік
біріншілігі монополиясынан айрыла бастады. Англия отары көп ел және теңізде
үстемдігі күшті болып қала берді. Англияның экономикалық даму қарқыны
төмендей бастады. Шамасы экстенсивті түрде дамудан туындаған болса керек.
XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та да Европа елдеріндегідей өнеркәсіп төңкерісі
жасалды. Англияда өнеркәсіп төңкерісі XVIII ғасырдың ортасынан бастап XIX
ғасырдың 50-60 жылдары аяқталғанды. АҚШ Англиядан құрал-жабдықтар сатып
алып өздерінің экономикасын күшейтті. Осылайша АҚШ Англияның өзін басып
озып өнеркәсіптік қарқыны жағынан Англия АҚШ-тан кейін қала бастады. 1873-
1900 жылдар арасында Англияның дүниежүзілік шаруашылықта үлесі 3 есе
қысқарды. Англияның экспорты 8 процентке ұлғайса, Германияда, 40 % ұлғайды.
Америкада 230 %-ке көтерілді. Бұның себебі Англияның зауыттарына капитал
өте ертеде салынды. Екіншіден, басқа елдердің ірі өнеркәсіптерінде өнімді
жаңа салалар пайда болды. АҚШ пен Германияда ірі өндіріс салалары көбейді.
Химия өнеркәсіптері пайда болды. Англияның отарлардан келетін табысы өте
көп болды. Бірақ бұлар XVIII ғасырдан бергі өндіріс орындарын жаңартпады.
Бұл жағдай Англияның экономикалық өмірінде көп ұзамай көрініс тапты.
Германия Англияның бәсекелесіне айналды. Англияның артта қалуына 1878 жылғы
дағдарыстар, 1890 жылғы ақша дағдарысы, 1892-93 жылдардағы дағдарыстар әсер
етті. 1875-95 жылдары болған ауыл шаруашылығы дағдарысы да елдің орта
шаруаларын күйзелтті. Англияда елдің тұрғындарының әл-ауқатының нашарлай
түсуіне байланысты ішкі рынок тарыла түсті. Енді Англия ақша жасаудың басқа
жолына түсті. XIX ғасырдың аяғында шет елге капитал шығару арқылы пайда
табу табыстың негізгі көзіне айналды. Ағылшын кәсіпкерлері Голландияда жүн
фабрикаларын салды. Бельгияда болат зауыттарына капитал салды. Көмір
шахталарын ашты. Европа елдерінде темір жол салуға Англия буржуазиясы
өздерінің капиталын салды. Англияның өзінде де акционерлік қоғамдар
құрылды. Ол қоғамдар ұсақ кәсіпорындарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz