Франция туралы жалпы мағлұмат
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Франция туралы жалпы мағлұмат 4
1.1 Франция мемлекетінің жері, астанасы мен негізгі қалалары 4
1.2 Мемлекеттік құрылысы 5
1.3 Табиғаты 6
1.4 Демографиялық жағдайы 9
1.5 Экономикасы 10
2 Францияның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясаты: бағыттары мен барысы 14
2.1. Францияның Еуропалық Одаққа қатысты саясаты 14
2.2 Франция және әлем 18
2.3 Ауқымды саясат және АҚШ-пен қарым-қатынас 19
2.4 Франция және Қазақстан қарым-қатынастары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
КІРІСПЕ
Кейінгі уақытта Францияның ТМД елдерімен екі жақты байланыстарды
айтарлықтай жандандырғаны байқалады. Бұл ретте екі негізгі бағыт-бағдары
айқын көрінеді. Бір жағынан, Париждің стратегиялық басымдықтары қатарына
Еуропада қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру кіреді, мұнда Ресейге
айрықша орын беріледі. Францияның ТМД-ға ұстанымдарының басқа маңызды
астары өзінің Орталық Азиядағы және Кавказ сыртындағы қатысуын бекіту әрі
кеңейту желісі болып табылады.
Қазақстан мен Франция арасындағы қатынастар айтарлықтай табысты
дамуда. Францияға ықылас экономикалық ынтымақтастықтың елеулі әлеуеті
болуымен, оның зор инвестициялық мүмкіндіктері және жоғары
технологияларымен сипатталатын экономиканың жоғары өнімді аграрлық секторы
болуымен байланысты.
Франция мемлекеті әлемнің алпауыт мемлекеттерінің қатарынан орын алады
және үлкен жетілік тобының мүшесі екендігін есте ұстаған абзал. Мұндай
мемлекетке көңіл бөліп қана қоймастан ол жөнінде толық хабардар болып және
осы мемлекет жүргізіп отырған Жан-жақты саясат пен экрнрмикалық
стратегияларын қадағалап, одан керекті тәжірибе жинақтап отығанымыз дұрыс.
Тек сонда ғана енді ғана аяғынан тік тұрып келе жатқан біздің мемлекет үшін
алға сеніммен қарауға болады. Шетелдің алпауыт елдерінің тәжірибесі өте
мол, сондықтан да олардың көптеген іс-әрекеттерін оқып үйрену біздің елді
алдыңғы қатарлы елдер қатарына шығарады деп ойлаймын.
Міне осыған орай Франция секілді алып мемлекет туралы хабардар болу
біз үшін өте маңызды.
1 Франция туралы жалпы мағлұмат
1.1 Франция мемлекетінің жері, астанасы мен негізгі қалалары
Франция, Француз Республикасы — Батыс Европадағы ірі капиталистік
мемлекеттердің бірі. Жерінің аумағы жөнінен шетелдік Европада 1-орын алады.
Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Бельгиямен, Германия Федерациялық
Республикасымен, шығысында Швейцария, Италиямен, оңтүстік-батысында
Испаниямен шектеседі. Солтүстік-батысын Па-де-Кале және Ла-Манш бұғаздары,
батысын Атлант мұхитының Бискай шығанағы, оңтүстігін Жерорта теңізі шаяды.
Оңтүстігіндегі Корсика, жерортатеңіздік және Бискай шығанағындағы бірқатар
шағын аралдар Францияға қарайды. Жері 551,6 мың км2. Халқы 58,5 млн.
(1998), бұл Еуропа одағы халқының 15.67%-ін құрайды[1]. Астанасы әлемге
әйгілі Париж қаласы болып табылады. 2000 жылы Франция отарлық иеліктерінің
жалпы жері 155,5 мың км3, халқы 1,7 млн. адам болды. 2001 жылы Францияға 4
теңіз сыртындағы департамент (Мартиника, Гваделупа, Гвиана, француздық
Реюньон) және теңіз сыртындағы аймақтар (Жаңа Каледония, Полинезия
француздық, Афарлар және Исса иелігі, Сен-Пьер және Микелон аралдары Уоллис
пен Футуна аралдары) бағынды. Әкімшілік жағынан 95 департаментке бөлінеді.
5 тарихи провинциясының да (Лотарингия, Эльзас, Бретань, Нормандия,
Прованс) маңызы сақталған.
Жаңа саяси ахуал континенттегі экономикалық және саяси жағдайды
өзгертті, сондықтан да қазіргі заманғы Еуропаның алдында шешімін табуды
күтетін бірталай мәселелер тұр. Бұл Еуропа Одағына да тікелей қатысты.
Бұл мәселе Атлантикадан Оралға дейінгі бүкіл еуропалықтарды
толғандырады. Еуропа елдері ортақ мақсатта тең мемлекеттер ретінде бірігу
арқылы аумақтағы саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге
тырысуда.
Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта айрықша ролге
ие. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, экономикасы дамыған жеті
мемлекеттің бірі, ракеталық-ядролық күш-қуаттың иесі. Сондықтан да
Францияның әлемдік саясатта орны да, салмағы да ерекше. Осы ретте ХХІ
ғасырда жаңа әлемдік тәртіп қандай болады және мұнда жалпы Еуропа, оның
ішінде Франция қандай рол атқарады деген мәселе салмақты болмақ.
Осы себептен де Францияның жалпыеуропалық интеграцияны жүзеге асыру
тәжірибесін зерттеп-зерделеу өзекті ғана емес, сонымен бірге осы күні
әлемдік күн тәртібінде ежелден келе жатқан геосаяси мәселе: болашақта
шешуші ролді кім атқарады деген мәселе тұрғанда қосымша маңызға ие болады.
Әсіресе, бұл жаһандану дәуіріне аяқ басып отырған, әрбір аймақтық
мемлекеттер өзара бірігуге, одақтасуға көшкен қазіргі кезеңде өте маңызды.
1.2 Мемлекеттік құрылысы
Франция — республика. 1958 жылғы конституциясы (1960, 1962—63, 1974 ж.
енгізілген өзгерістері мен қосымшалары) күшінде.
Конституция бойынша мемлекеттік құрылысы Бесінші Республика деп аталады.
Мемлекет басшысы — Республика президенті жалпыға бірдей дауыспен 7 жылға
сайланады. Ол премьер-министрді тағайындап, орнынан босатуға, кешірім
немесе төтенше жағдай жариялауға, заңдарды бекітуге праволы және қарулы
күштердің бас қолбасшысы да сол. Мемлекеттік жоғары заң шығарушы өкімет
органы — парламент: Ұлттық жиналыс және Сенат делінетін 2 палатадан
құрылады. Атқарушы өкімет билігі президент пен үкімет — Министрлер Советі
қолында. Конституциялық бақылау органы — Конституциялық совет, ол президент
пен парламент мүшелерінің сайлануын және референдум өткізілуін
қадағалайды. Үкімет жанынан консультативтік орган — Экономикалық және
Әлеуметтік совет құрылған. Орталық өкіметтің департаменттердегі өкілі
президент тағайындайтын префект және өзін-өзі басқаратын орган — бас
совет, коммуналдық совет пен оның атқарушы органы — мэр 6 жылға
сайланады. Сот жүйесіне трибуналдар (қылмыстық істер жөнінде), апелляциялық
және кассациялық соттар жатады. 1963 ж. мемлекет қауіпсіздігіне байланысты
істер үшін айрықша трибунал ұйымдастырылды.
1.3 Табиғаты
Франция өзінің жер бедері жөнінен жазық және биікті орташа таулы елдер
қатарына жатады. Жағасы онша тілімделмеген, ірі түбектер (Бретань және
Котантен) елдің солтүстік-батысында ғана кездеседі. Жазық өңірлер Франция
территориясының 60°о-ін алып жатыр; биік таулы бөлігінің үлесі 5%-тен
астам. Маңызды жазық өңірі — Солтүстік Француз ойпаты; бұның құрамына Париж
алабы, Гаронна ойпаты кіреді. Елдің оңтүстік-шығысында Рона ойпаты
қалыптасқан. Жоғары Рейн ойпатының біраз бөлігі Франция жерінде. Ойпатты
жазықтары негізінен аллювилік жыныстардан түзілген. Орталық және Оңтүстік
Францияны Орталық Француз массиві алып жатыр. Бұл — Европадағы герциндік
массивтер ішіндегі, өзінің биіктігі және ауданы жөнінен ең маңыздысы;
орталық жағы неоген және төрттік вулканизммен байланысты магмалық
жыныстардан түзілген. Массивтің ең биік жері Пюи-де-Санси тауы, 1886 м.
Елдің оңтүстік-шығысында Француз Альпісі (ұз. 400 км) жайласқан. Францияның
ең биік жері — Монблан шыңы (биікт. 4807 м) осында. Биік таулы бұл өңір
шыңдарын мұздықтар (Мер-де-Глас, Блан) мен көп жылдық қар жамылғысы жапқан.
Францияның қиыр оңтүстік-батыс шетін Пиреней таулы жүйесінің солтүстік
беткейлері (ені 30—40 км, биікт. 3298 м-те дейін) қамтиды. Негізгі
территориядан тысқары жатқан Корсика аралы кристалдық тау жүйелерінен
тұрады. Ең көтөріңкі жері— Мон-Сенто тауы, 2710 м. Франция жер қойнауы
темір рудасы, боксит, калий және тас тұздары, табиғи газ, мұнай, уран
рудаларына бай келеді. Темір рудасының қабаттары Лотарингияның юра әк
тастарында, Нормандияда, Бретанда, Арморикан массивінде шоғырланған. Басты
боксит кендері Оңтүстік Францияның горалық әк тастарынан, калий түздары,
Эльзастың тектоник. ойыстарынан, тас тұзы Лотарингия және Юра өңірінен,
көмір Солтүстік Франция, Лотарингия және Орталық массив қойнауынан, мұнай
мен табиғи газ Пиреней бөктерінен, Эльзастан табылды. Минералды бұлақтар
Оңтүстік массивтің вулканды өңірлерінде көп кездеседі.
Франция жерінде теңіздік қоңыржай климат бірте-бірте континенттік және
жерортатеңіздік климатқа ауысады. Теңіздік қоңыржай климат негізінен Атлант
мұхиты жағалауында (Аквитания, Бретань, Нормандия, Ла-Манш маңы) басым
қалыптасқан. Бүл өңірдің жазы бұлтты, қоңыр салқын болады; июльде 16°—18°
С. Жауын-шашыны 600—800 мм (қыратты жерлерінде 1200 мм-ге жуық). Елдің
орталық жағына қарай (Лотарингия, Эльзас, Орталық массивтің солтүстік
бөлігі) континенттік климаттың құбылыстары басым байқала бастайды. Қысы
суықтау (январьдың орташа температурасы 1°, кейде аяз —20° С-қа дейін
төмендейді); жазы жылы, ыстықтау, июльдің орташа температурасы 17°—19° С.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 550—750 мм, көбі жазда жауады. Жерортатеңіздік
климат Францияның жерортатеңіздік жағалауы мен Корсика аралын қамтиды;
июльдің орташа темп-расы 23°—24° С, январьда 4°— 8° С. Жылдық жауын-шашыны
600— 800 мм. Францияда таулы климаттың екі түрі байқалады: биіктігі орташа
таулар климаты (Орталық массив, Вогез, Юраны қамтиды) және биік таулық
немесе альпілік климат (Альпі, Пиреней жүйелерінде). Алғашқысы ңамтитын
өңірлердің жазы қоңыр салқын, қысы суық; жауын-шашынның жылдың мөлш.
1000—2000 мм, июльдің орташа температурасы 11°—16° С, январьда —5°С-қа
дейін. Альпіде және Пиренейде январьдың —5°С-тық изотермасы 1500— 2000 м
биіктіктен өтеді, жоғарылаған сайын салқындай түседі. Жауын-шашын мөлшері
2000—2500 мм.
Франция жерінің өзен торы өте жиі. Өзендері негізінен таулардан
басталады және орта төмен ағыстарында жазық өңірлермен ағады. Ірі өзендері
— Луара, Рона, Сона, Сена, Гаронна. Рейн өзенінің орта ағысы да Франция
жерінде. Гидрологиялық режиміне қарай өзендері — жазықтық, биіктігі орташа
таулық, альпілік және жерортатеңіздік болып ажыратылады. Жазық бөлігіндегі
көптеген өзендер жаңбыр суымен қоректенеді. Биіктігі орташа таулық
өзендерінің деңгейі әсіресе көктемде және күзде көтеріледі. Альпілік
өзендер суы жаздағы мұздықтар мен қар шоғыры еру кезінде көбейеді.
Жерортатеңіздік өзендері қысқа келеді. Бұлардың көпшілігі Орталық массивтің
оңтүстік беткейлерінен, Теңіз маңы Альпісінен, Пиренейдің шығыс жағынан
басталады. Жаңбыр суымен қоректенеді, қыс маусымында деңгейлері көтеріледі.
Францияның таулың өңірлеріндегі өзендері су энергия қорына өте бай. Жалпы
гидроэнергия ресурсы 8,9 млн. квт; бұның 50%-ке жуығы Рона, Орталық массив
және Пиреней алабының үлесіне тиеді. Солтүстік және Батыс Франциядағы
жазықтық өзендер кеме жүзуге қолайлы, көбі каналдар арқылы көрші су
жолдарымен байланысқан. Ірі аумақты көлдері көп емес; мұздықтан
қоректенетін шағын көлдер кездеседі. Франция жері топырақ жамылғысы жөнінен
ормандық қоңыр топырақты және субтропиктік қызыл қоңыр топырақты зоналарда
орналасқан. Париж алабында құнарлы ормандық қоңыр, Арморикан массивінде,
Вогез, Орталық массивтің көпшілік бөлігінде орманның күлгіндеу қоңыр және
шым күлгін, Юрада, Аквитанияда шым карбонатты, шірінді-карбонатты, күлгін
батпақты, Орталық массивтің вулкандық аймақтарында гумусті қою қоңыр,
Гаронна алабында, Рона өзенінің төменгі ағысы бойында шөгінді аллювийлік
топырақ қабаттары қалыптасқан. Таулы өңірінде топырақ жамылғысы таралуының
вертикалдық заңдылығы сақталады: Альпінің 1200—1400 л*-ге дейінгі бөлігінде
таулық орманның қоңыр топырағы, 1700—1800 м-те дейінгі беткейлерінде таудың
күлгін, одан жоғары жағында таудың шалғындық топырақ қабаттары тараған.
Өсімдік жамылғысы жөнінен Франция территориясы қоңыржай белдеудің
жалпақ жапырақты орманды зонасы мен субтропиктік белдеудің мәңгі жасыл
орманды-бұталы зонасының құрамына кіреді. Территориясының 20%-ке жуығы
орман, негізінен Альпі, Юра, Вогез, Пиреней өңірлерінде. Шамшат және емен
үлесі басым; бұлардан басқа қайың, шырша, самырсын т. б. ағаш түрлері
өседі. Тауда өсімдік жамылғысы биіктікке байланысты қалыптасқан. Биіктігі
орташа тауларда орманды алқап барлық беткейлерінде және шыңдарында өседі.
Альпінің жоғарғы жағында субальпілік есшдіктер тараған. Францияның
жерортатеңіздік жағалауында мәңгі жасыл емен және қарағай аралас алқап
өседі. Жануарлар дүниесі онша сақталмаған. Ормандық түрлер басым тараған.
Орманның тағы мысығы, түлкі, борсық, бұғы, елік, тауешкі т. б. мекендейді.
Құр, қарабауыр шіл, кезқұйрық, қаршыға, қызыл қаз т. б. құстар; өзендерінде
шортан, алабұға, көксерке, форель, шектес су айдындарында сардин, треска,
камбала т. б. балықтар кездеседі. Жануарлар дүниесін сақтау және жойылып
бара жатқан түрлерді көбейту үшін 2 ірі ұлттық қорық ұйымдастырылған; бұлар
410 км2 жерді алып жатыр.
1.4 Демографиялық жағдайы
Халқының 90%-тен астамы француздар. Олардан басқа эльзастықтар
(Эльзаста), бретаньдықтар (Бретань түбегінде), фламандықтар
(солтүстігінде), баскілер және каталондыңтар (Испаниямен шектес
аймаңтарда), корсикалықтар (Корсика аралында) тұрады. 3 млн-нан астам
имигранттар — итальяндар, испандар, алжирліктер, поляктар қоныстанған.
Мемлекеттік тілі — француз тілі. Діни нанымға иланушылардың 80%-і
католиктер; қалғандары — протестанттар, иудаистер, мұсылмандар. Халықтың
орташа тығыздығы 1 км2-те 94,3 адамнан. Әсіресе Рона өзенінің аңғарында
халық өте жиі қоныстанған. Қала халқы 70%. Ірі қалалары — Париж, Марсель,
Лион, Тулуза, Ницца, Бордо, Нант, Страсбур.
Жалпы еңбек етушілердің 30%-ті құрылыста және қоғамдық мекемелерде
жұмыс жасайды.
Биыл Францияда біршама халық толқулары болып өтті. Мұның негізгі
себебі иммигранттардың шектен тыс көбейіп кетуінен болды деп түсіндірді
бұқаралық ақпарат құралдары. Сондықтан ендігі жерде иммиграция мәселесіне
Франция Үкіметі мейлінше ден қоюы мүмкін. Сөйтіп шетелдік азаматтырдың елде
тұрақтап қалуын азайтуға тырысу саясаты жүргізіледі деп отыр.
1.5 Экономикасы
Франция — капиталистік даму жолына түскен алғашқы елдердің бірі. 19 ғ-
дың орта шенінде экономикалық қуаты жөнінен Франция дүние жүзінде 2-орын
(Англиядан кейін) алды. Бірақ елдегі шашыранды ауыл шаруашылығының мешеу
халі және еңбек ресурстарының табиғи өсуінің өте төмен болуы француз
империализмінің одан әрі дамуын тежеді, яғни жиналған мол капиталды ел
ішінде іске жұмсаудың қиындығы туды. Сөйтіп Франция бірте-бірте халықаралық
кредиторға айналды, әкономикасының даму қарқыны жөнінен басқа капиталистік
державалардан кейін қалды. 1-дүние жүзілік соғысты Франция — аграрлы-
индустриялық ел ретінде аяқтады. Францияға Эльзас пен Солтүстік-Шығыс
Лотарингия өнеркәсіпті аудандарының қайтарылуы ел экономикасының
индустриялануына қолайлы жағдай туғызды. 20 жылдардың аяғында-ақ Франция
индустриялы-аграрлы ел дәрежесіне көтерілді. 1929—33 жылдардағы дүние
жүзілік экономикалық дағдарыс Франция экономикасын әлсіретіп кетті. 1937—38
ж. Францияның өндірістік дәрежесі 1913 жылғы деңгейге теңелді. 2-дүние
жүзілік соғыс басталғанда Францияның экономикалық және әскери потенциалы
өте әлсіз болды. Сондықтан да Франция көп кешікпей герман фашизмі алдында
тізе бүкті. Соғыстан кейінгі жылдары француз империализмі тез арада
өзінің экономикалық байланыстарын қалпына келтірді, капитал концентрациясы
артты және монополистік капитализм күшейе бастады. 1954—60 ж. арасындағы әр
жылда Франция өнеркәсіп өндірісі 8%-ке артып отырды. 1961 ж. жалпы
өнеркәсіп өндірісі 1929 жылғымен салыстырғанда 65%-ке өсті. 1960 жылдардың
басында Францияның көптеген отарлары тәуелсіздік алды, бұл жағдайға
байланысты Франция экономикасында көптеген өзгерістер болды; әсіресе
өнеркәсіп салалары ел ішіндегі табиғи ресурстарды игеруге бет бұрды. Бұл
жылдары Франция өзінің экономикалық қуаты жөнінен (өнеркәсіп өндірісінің
мөлшері және сыртқы сауда айналымының құны) капиталистік державалар
арасында 4-орында (АҚШ, ГФР, Ұлыбританиядан кейін) болды.
1970 жылдар басында Франция дүние жүзіндегі жоғары дамыған,
индустриялы-аграрлы елдердің бірі болды. Өнеркәсіп өнімі мөлшері жөнінен
капиталистік елдер арасында 5-орын, дүние жүзінде 6-орын алады (1975).
Өнеркәсіптен түскен табыс ауыл шаруашылығына қарағанда 4—5 есе артық.
Франция экономикасына капиталдың және өнеркәсіптің бір орталыққа шоғырлануы
тән. Ел ішіндегі капиталдың негізгі бөлігі Ротшильд, де Вандель, ағайынды
Лазарлар, Бусак т. б. өнеркәсіпті-банкілік топтардың қарамағында; бұлар
американ, батыс германиялық және швейцариялық капиталмен тығыз байланысты.
Экономикасының басты салалары ірі монополиялар мен трестер қолында;
монополиялар ықпалы, әсіресе қара металлургия, алюминий қорыту, авиация,
автомобиль және кеме жасау өнеркәсіптерінде өте күшті. Мемлекеттік-
монополиялық капитал күшеюде, өнеркәсіп өндірісінің 30%-ке жуығын және
транспорттың жүк айналымының 34-ін басқарады. Көмір өндіру, электр,
энергетика, газ өндірісі, автомобиль, авиация және кеме жасау орындарының
көпшілігі, химия және әскери өнеркәсібі, Франция банкісі т. б.
национализацияланған. Почта, телефон, темекі және шырпы фабрикалары,
транспорттық каналдар, ғылыми-зерттеу мекемелері, атом энергиясын игеру
орындары т. б. мемлекет қарамағында.
Өнеркәсібі — Франция экономикасының негізгі саласы. 2-дүн. жүз.
соғыстан кейін Франция өнеркәсібінде энергетика, мұнай айыру, мұнай-химия,
автомобиль, авиация-космостық өндіріс, атом өнеркәсібі сияқты салалар жедел
қарқынмен дамыды. Франция отын-энергетикалық қорға онша бай емес. Қажет
отынның 40%-тен астамын шеттен әкеледі. Энергетика балансындағы көмірдің
үлесі 17%, мұнай өнімдері 61,6%, газ үлесі 11%, қалған 10,4%-і су және атом
энергия қорына тиеді (1975). Франция көмір өндірісі 60 жылдары 50—60 млн. т
өнім беретін, бұл мөлшер жылдан-жылға қысқаруда; 1975 ж. елде 25,6 млн. т
көмір өндірілді және бұның 50%-і Солтүстік бассейннен, 30%-і Лотарингиядан,
қалған 20 % -і Орталық массивтен алынды. 1975 ж. елде 1,0 млн. т мұнай
(Парантис-ан-Борн атырабынан), 10,8 млрд. м3 табиғи газ (Лаккен орны)
өндірілді. Мұнай Францияға Таяу Шығыс елдерінен және Алжирден тасылады;
сондықтан да ірі мұнай айыру заводтары ірі портты қалаларда орналасқан.
1975 ж. елде 108,8 млн. т мұнай өңделді. 1975 жылғы 178,1 млрд. квт-сағ
электр энергиясының 60,0 млрд-ы СЭС-терде, 17,5 млрд-ы АЭС-тер-де
өндірілді. Франция қара металлургиясы темір рудасымен толық қамтамасыз
етілген, кокстенетін көмір жеткіліксіз (ГФР-ден әкелінеді). Басты қара
металлургиялық ауданы — Лотарингия; Франция темір рудасының 95%-і, шойынның
70%-і және болаттың 63%-і осында алынады. 1975 ж. елде 49,7 млн. т темір
рудасы өндірілді, 17,9 млн. т шойын, 21,5 млн. т болат қорытылды. Алюминий
өндірісінен басқа түсті металлургия салалары шетелдерден әкелінетін
шикізатқа негізделген. Боксит негізінен Оңтүстік Франциядағы Вар өңірінен
(2,5 млн. т 1975) өндіріледі. Машина жасау Франция өнеркәсібінің басты
салаларының бірі. Әсіресе транспорттық машиналар (самолет, кеме, автомобиль
түрлері), электротехника, қару-жарақ өнеркәсіптері басым дамыған.
Автомобиль жасау кәсіпорындары (1975 ж. 3298 мың, бұның ішінде 2952 мың
жеңіл автомобиль) Париж, Лион, Сошо-Монбельяр, Страсбур қ-ларында, кеме —
Сен-Назер, Марсель, Дюнкерк, Бордо, Нант, самолет — Париж және Тулуза қ-
ларында шоғырланған. 2-дүн. жүзілік соғыстан кейін тез қарқынмен дамыған
өнеркәсіп салаларының бірі — химия өнеркәсібі; басты өнімдері пластмасса
(1970 мың т, 1975), азот тыңайтқышы (1628 мың т), калий тұздары (2085 мың
т), суперфосфат (913 мың т), күкірт қышқылы (3758 мың т), жасанды талшық
(83,4 мың т), синтетикалық талшық (209,6 мың т, 1975). Ірі орталықтары —
Париж, Лион. Жеңіл өнеркәсібі арасында мата тоқудың үлесі басым,
кәсіпорындары Солтүстік ауданда (негізінен жүн мата; орталықтары Лилль,
Рубе, Туркуэн), Вогез және Эльзаста (мақта мата; Мюлуз, Әпиналь), Лионда
(жібек мата) орналасқан. Париж дүние жүзінде киім модасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz