Голль (Gaulle) Шарль де


Голль (Gaulle) Шарль де (1890-1970) . 1959-1969 жылдарда Франция президенті. 1940 жылы Лондонда антигитлерлік коалицияға ниеттес патриоттық «Ерікті Франция» қозғалысының негізін салды және басқарды. 1941 жылы Француз Ұлттық комитетінің, 1943 жылдан Алжирдің оңтүстігінде құрылған Ұлт-азаттық француз комитетінің басшысы. 1944 ж. қаңтар - 1946 ж. де Голль - Франция Уақытша үкіметінің басшысы. Соғыстан кейін «Француз халкын біріктіру» партиясының негізін салушы және жетекші. 1958 жылы Францияның премьер-министрі. Де Голльдің инициативасымен 1958 жылы президенттін құқын кеңейткен жаңа конституция дайындалды. Оның президенттігі тұсында Францияның ядролық күшін жасау жоспары жүзеге асты, НАТО ұйымынан шықты, кеңес-француз ынтымақтастығы едәуір дамыды.
1941 жылдың жазында «Ерікті Франция» әскері ағылшын әскерлерімен бірге Сирияда Вишиге қарсы операцияға қатысты. Виши әскері капитуляцияланған соң, «Ерікті Франция» Англиямен бірге, бұл елдерге соғыстан кейін тәуелсіздік береміз деп, Сирия мен Ливанды басқарды. 1942 жылдың қарашасына дейін «Ерікті Франция» АҚШ-пен тіл табыса алмады. АҚШ тек Виши үкіметін таныды.
ФКП Қарсылық қозғалысы өрістеуінде үлкен роль атқарды. Әсіресе оның баспа органы - «Юманите» газетінің орны ерекше. Францияның тәуелсіздігі үшін күресте оның 12 редакторы каза тапты. Оккупация жылдарында 50 миллион данамен «Юманите» газетінің 317 номері жарық көрген. ФКП осы жылдары 2696 мың листовка мен брошюра таратқан. Қарсылық қозғалысының негізгі күші жұмысшы табы болды.
Ұлы Отан соғысының басталуы және антифашистік коалицияның құрылуы «Ерікті Франция» позициясын да өзгертті. Оның басшылары Москвамен байланыс орнатуға шешім қабылдады. Кеңес Одағы генерал де Голльді барлық ерікті француздардың басшысы ретінде таныды. Кеңес үкіметі «Ерікті Францияға» көмектесуге және жеңістен кейін Францияның ұлылығы мен тәуелсіздігін толық қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндігіне уәде берді. Бұған жауап ретінде генерал де Голль КСРО мен оның одақтастары жағында ортақ жауды талқандағанша күресуге міндеттенді.
«Ерікті Франция» қозғалысы Қарсылық қозғалысымен 1942 жылдың қаңтарында ғана байланыс орната бастады. Осыған дейін деголльдік агенттер Қарсьшық қозғалысынан тыс Францияда барлау жұмыстарын ғана жүргізген еді.
1942 жылы 23 маусымда АҚШ генерал де Голль бастаған француздық ұлттық комитетімен әскери ынтымақтастық туралы меморандум жариялады. 1942 жылы шілдеде де Голль қозғалысы «Күресуші Франция» деп өзгертілді. Оны АҚШ пен Англия, Кеңес үкіметтері таныды. Де Голль өзінің басшылығымен Қарсылықтың әр түрлі топтарын біріктіру шараларын жүргізді.
Неміс-фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңісі Францияда ұлт-азаттық қозғалысты одан сайын жандандырды. Француз Қарсылығының ұйымдары екінші майданды 1943 жылы ашу кампаниясына белсене кірісті.
1943-1944 жылдар француз ірі буржуазиясы мен Виши үкіметін қолдаған ірі монополистердің сатқындық ролі Қарсылықтың буржуазиялық қайраткерлер басқарған ұйымдарына да айқын болды.
6 маусым 1944 жылы ағылшын-американ әскерлерінің үлкен топтары генерал Эйзенхауэрдің басшылығымен Солтүстік Францияға түсірілді. 15 тамызда ағылшын-американ басшылығы Францияның оңтүстігіне десант түсірді. Ағылшын-американ әскерлерін іле-шала Француз Республикасының Уақытша үкіметі деп аталған ФКНО-ның әскери бөлімдері Франция территориясына енді. Ағылшын-АҚШ басқарушы топтары Қарсылық көмегіне сенді. Бірак халықты тыныштық сактауға шақырып, жаппай халық кетерілісінен қорықты. Олар де Голльдің Уақыша үкіметін танығысы келмей Францияны өздерінің әскери-әкімшілігі арқылы басқаруды ойластырды. Осыған қарамастан одақтастар армиясының түсірілуі ұлттық көтеріліске сигнал болды. Францияның түкпір-түкпірінде патриоттар қолдарына кару алды. Франтирерлер мен партизандар отрядтарының саны аз күнде он есе өсті: 25 мыңнан 250 мың адамға жетті. 1944 жылдың жазында ФФИ күресушілерінің жалпы саны 500 мың адам болды. Ұлттық көтеріліс 90 департаменттің 40-ын жайлады. 28 департамент одақтар армиясынсыз Қарсылық күштерімен азат етілді. Генерал Эйзенхауэр француздың ішкі күштері оның әскеріне 15 тұрақты дивизияның күшіндей көмек көрсетті деп санады.
Франция астанасын тез азат етуді ойлаған көптеген патриоттар одактас әскердің келіп жетуін күтпей-ақ Парижді азат етуге кірісті. Кескілескен ұрыс барысында 24 тамызға қарай Париждің негізгі бөлігі азат етілді. 24 тамыз күні кешке Париж шіркеулері қоңыраулары үнімен генерал Леклеркті астана түрғындары қуана қарсы алды. 25 тамыз 1944 жылы Монпарнас вокзалында Роль-Танги мен генерал Леклерк неміс гарнизонының ресми капитуляциясын қабылдады. Париж қарулы көтерілісі толық жеңіспен аякталды,
Францияның азат етілуі. Ұлттық көтерілістің жеңісі ағылшын-американ әскерлерінің қимылдарын жеңілдетіп, Францияны азат етуді тездетті. 1944 жылдың кыркүйегінің ортасында Эльзас пен Лотарингиядан басқа бүкіл француз территориясы оккупанттардан тазартылды. 1944 жылдыц караша-желтоқсанында Эльзас пен Лотарингияны азат ету аяқталды.
Азат болған территорияларда билік Уақытша үкімет қолына көшті. Францияда одақтастардың әскери-әкімшілік құру әрекеттері жүзеге аспаған соң, АҚШ пен Англия Уақытша үкіметті мойындады, бірақ Францияның үлы державалар жиналыстарына қатысуына қарсы шықты және онымен ресми одактық қатынастар жасамады. Азат болған территорияларда патриоттық және демократиялық күштердің, жұмысшы табының, коммунистік партияның ықпалы айрықша өсті. Бұл де Голль бастаған Уақытша үкіметтің буржуазиялық тобын едәуір мазасыздандырды. Ағылшын-американ командашысының колдауына иек артып, олар қалың көпшілікті қарусыздандыруға асықты. Азат болған Парижге келген де Голль француз ішкі істер командованиесінің жойылғандығы және Қарсылықтың Ұлттық кеңесінің, Патриоттық милицияның қарусыздандырылуы жөнінде мәлімдеді. Жергілікті жерлерде билік Уақытша үкімет тағайындаған префектілер мен төтенше комиссарлардың қолына кешті. Оккупанттар езгісінен азат болтан француз халқы экономиканы қалпына келтіру мен саяси өмірді жаңартуға кірісті.
Азаттық алған Францияның сыртқы саясаты бұрынғы дипломатиялық позицияны қалпына келтіру және антифашистік коалиция державаларымен байланыс орнатуға бағытталды. Франция фашистік Германия мен оның жақтастарын талқандауда үлкен роль атқарған Кеңес Одағымен қатынасына баса көңіл аударды. 23 қазан 1944 жылы де Голльдің Уакытша үкіметін үш үлы держава үкіметтері таныды. 11 қараша 1944 жылы Франция Европалық консультативтік комиссия жұмысына қатысуға шақырылды. 1944 жылы желтоқсанда генерал де Голль КСРО-да болып, 13 желтоқсан 1944 жылы одақтасу мен езара көмек туралы келісімге қол қойылды.
31 наурыз 1945 жылы француз әскерлері Рейннен өтіп, Дунайға жетті. Рейхстаг төбесінде Кеңес жалауы желбіреген 4 мамыр күні Леклерк дивизиясы Берхтесгадендегі Гитлер апанына шабуыл жасады. Францияның соғыс қимылдарына қатысуы өз жалауын КСРО, АҚШ, Англия жалауларымен қатар желбіретуге мүмкіңдік берді. Маршал Г. К. Жуков және АҚШ пен Англия командованиесінің өкілдерінің қолымен қатар Германияның сөзсіз капитуляциясы туралы актіге генерал Делаттра де Тассиньидің қойған қолы тұрды. КСРО, Англия, АҚШ-пен бірге Франция Нюрнбергте неміс-соғыс кінәлілеріне сот процесі үшін Халықаралық соғыс трибуналын күру жөніндегі келісімге қол қойды. Кеңес үкіметінін талап етуімен Германиядан Францияға дербес оккупациялық зона бөлінді. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылтай мүшесі статусы және Қауіпсіздік Кеңесінен тұрақты мүшелік орын берілді (КСРО, АҚШ, Англия, Қытаймен қатар) .
Азаттық алған соң 2071 сатқындарға елім жазасы кесілді: оның 1303-і кешірілді, 768-і жазаланды. Онан басқа 39 мың сатқындар түрмеге жабылды. Франция бес жылға созылған азапты, қорлықты өмірден соң бейбіт өмірге қайтып оралды.
Уақытша режи м. Францияның саяси құрылымы азат етіле бастаған 1944 жылдың күзінен, 1946 жылдың күзінде Тортінші Республика конституциясы қабылданганға дейінгі аралық тарихқа Уақытша режим деген атпен енді. Бұл ұзаққа созылмаса да, демократиялық және антифашистік күштер біраз табыстарға жеткен Франция тарихындағы өте маңызды кезең болып табылады. Антифашистік коалицияның жеңісі бұрынгы күш арасалмағын түбегейлі өзгертті.
Соғыстан кейін француз империализмінің позициясы біршама әлсіреген еді. Өнеркәсіп өндірісі 38 пайызға дейін қүлап, ал ауыл шаруашылық онімі соғысқа дейінгі 60 пайызға ғана жеткен еді. Өнеркәсіптің бүлінгені аз болғанына қарамастан француз заводтарының көпшілігі тоқтаған, шахталар, почта жұмыс істемейді, транспорт жүрмеді. Францияның сыртқы саудасы тоқтады. Франк құнсызданды. Франция Англия мен АҚШ-қа қарыздар болды. Елде отын, шикізат, азық-түлік, күнделікті қажетті товарлар жетіспеді, жұмыссыздық орын алды. Карточкалық система халықты тойындыра алмады. Қала тұрғындары ауылдардан азық-түлік іздеуге аттанды. Алыпсатарлық гүлденді.
Француз отарлық империясында ұлт-азаттық қозғалыс кең қанат жайды. 1945 жылғы тамыз революциясының нәтижесінде президент Хо Ши Мин бастаған Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. «Француздық Үндіқытайдың» басқа екі елінде - Лаос пен Камбоджада (қазіргі Кампучия) - отаршылдарға қарсы қарулы көтеріліс басталды. Таяу Шығыстағы Сирия мен Ливан - бұрынғы мандаттық территорияларда француз әскерлерінің жергілікті халықтармен қарулы қақтығысы болып жатты. 1946 жылы француз әскерлері эвакуацияланды. Сирия мен Ливан тәуелсіздігін алды.
Азаттық алғаннан кейін Францияда Қарсылық қозғалысына қатысқандардың беделі орасан зор болды. Уақытша үкіметті басқарған генерал де Голль беделі тым жоғары еді. Оны соцалистік партия мен Қарсылықтың буржуазиялық-патриоттық топтары қолдады. Демократиялық және жұмысшы қозғалысының зор өрлеуі буржуазиядан жаңа жағдайға бейімделуді талап етті. Бұл міндетті орындауға Қарсылықтың буржуазиялық қайраткерлері кірісті.
Генерал де Голльдің пікірінше ұлылығынан айырылған Франция Франция бола алмайды. Сондықтан да француз патриоттарының басты міндеті өз еліне ұлы держава рангасын қайтару болып табылады. Де Голль «күшті мемлекет», «ұлттарды» топтастыру, ұлылыққа жету бағыты саясатының басты элементі әлеуметтік реформалар жүргізу деп есептеді. Де Голль қажетті реформалар қатарына негізгі демократиялық бостандықтарды қалпына келтіруді ғана емес, өнеркәсіпті национализациялау, экономикаға мемлекеттік бақылау, әлеуметтік қауіпсіздік жүйесі мен еңбек жағдайын жатқызды. Де Голльдің сыртқы саясаттағы программасы ұлттық тәуелсіздік проблемасын көтерді. Батые Европа мемлекеттерінің «Батыс Одақ» немесе «Европа Құрама Штаттарын» құру мақсатында жақындасуы Франция өз тәуелсіздігін сақтап, бұл бірлестікте басқару орнын алатын болса ғана жүйелі деп санады.
Соғыстан кейін Францияның саяси ішкі өміріндегі маңызды саяси оқиға жаңа конституция жасауға тиіс Құрылтай жиналысына сайлау болды. Болашақ конституцияның мазмұны, Құрылтай жиналысының өкілеттілігі мен құқықтары жөніндегі мәселе қызу таластар туғызды. Коммунистік партия мен ВКТ Құрылтай жиналысына кең өкілеттіліктер беруді ұсынды. Радикалдар партиясы Құрылтай жиналысын шақырмай-ақ 1875 жылғы конституцияны қалпына келтіруді талап етті. Генерал де Голль Құрылтай жиналысының өкілеттілігін шектеп, оны шақыру мәселесін шешуді халыққа беруді (референдум) ұсынды.
21 қазан 1945 жылы Францияда соғыстан кейінгі алғашқы сайлау жүргізілді және онымен бір мезгілде Құрылтай жиналысы туралы мәселе бойынша референдум өткізілді. 96, 4 пайыз сайлаушылар 1875 жылғы конституцияны жоюды және Құрылтай жиналысын шақыруды қолдап дауыс берді. 66, 3 пайыз сайлаушылар де Голль ұсынған өкімет ұйымдастыру жобасымен келісті. Құрылтай жиналысына сайлау елде жаңа саяси ахуал туғызды. Коммунистік партия Франция тарихында тұңғыш рет парламентте бірінші орын алып, үлкен жеңіске жетті - 5 млн. дауыс, 152 депутаттық мандат. Екінші орында Социалистік партия - 4, 6 млн. дауыс, 142 депутаттық мандат. МРП 4, 5 млн. адамның дауысын жинады - 141 мандат. Оңшыл Республикандық бостандық партиясына сайлаушылардың небәрі 6 пайызы ғана дауыс берді. Осылайша Құрылтай жиналысында коммунистер мен социалистер көпшілік орынға ие болды (545 мандаттың 294-і) . Құрылтай жиналысының басым көпшілігіне көнгісі келмеген генерал де Голль 20 қаңтар 1946 жылы күтпеген жерден отставкаға кетті. Онан кейінгі 12 жылда ол саясатпен айналысқанына қарамастан үкімет құрамына кірген жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz