АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ ТУРАЛЫ


АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ
Құрама Штаттардың халқы гитлерлік Германия мен милитаристік Жапонияны жеңуге едәуір үлес қосты. АҚШ Еуропа мен Азияның көптеген халықтарының басына түскен қайғы-қасіретті басынан кешірген жоқ. Америкалықтардың соғыс нәтижесінде АҚШ-тың қаржылық-экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Америка монополиялары соғыс қаруларын жеткізіп беру есебінен қыруар пайда тапты. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті. Американ империализмінің ішкі даму табиғаты оны сыртқы экспансияны кеңінен жүргізуге итермеледі. АҚШ-тың негізгі империалистік бәсекелестері уақытша қатардан шығып қалды немесе америкалық несиеқорларына қаржылық-экономикалық жағынан кіріптарлық халге түсті. АҚШ жаңа рыноктарды иемденіп, экспортқа тауарлар мен капитал шығаруды ұлғайту және кең көлемді (доллар империясын) құру үшін осыны пайдаланып қалды. АҚШ-тың қарулы күштері капиталистік дүниенің неғұрлым маңызды тіректеріне орналасып алды. «Бостандық» пен «демократияны» қорғау деген желеумен америкалық империализм революциялық және ұлт-азаттық қозғалысқа, түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық қацта өзгерістерге қарсы күресте, халыққа қарсы реакциялық режимдерді қолдауда басты күш ретінде көрініп, социализм елдеріне қарсы «қырғи-қабақ» соғысты» өрістетті.
Соғыс аяқталысымен америка империализмі атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына, әскери базалары жүйесіне және қаржылық-экономикалық артықшылығына сүйене отырып, дүниежүзілік үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысып бақты. Монополистік буржуазияның идеологтары XX ғасырды «америкалық ғасыр» деп атай бастады Бірақ өмір олардың бұл есептерін жоққа шығарды. Халықаралық аренадағы күштердің арасалмағында социализм пайдасына жасалған түбірлі өзгерістер америка монополияларының қызмет аясына елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің бұғанасы бекіді де, тауар өткізетін рыноктар, шикізат көздері мен капиталды жұмсау аймағы үшін өздерінің қуатты бәсекелестерімен күреске түсті. Құрама Штаттар ең кшті империалистік держава болып қала тұрса да, капитализм елдерінің экономикалық дамуының әркелкілігі салдарынан АҚШ-тың капиталистік дүниедегі жетекшілік рөлі әлсірей бастады.
АҚШ экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жетті жіне қуатты ғылыми-техникалық мүмкіндікке ие болып отыр. Ол капиталистік дүниеде өнеркәсіптің бірқатар аса жаңа салаларының өнімін шығару, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық талдамаларға жұмсайтын шығындар көлемі жөнінде жетекші орын алады.
Алайда елдің экономикалық дамуы тұрақсыздығымен ерекшеленді. Өнеркәсіп өндірісі бірнеше рет (1948-1949, 1953-1954, 1957-1958 және 1960-1961 жж. ) дағдарыстарды бастан кешіріп, олардың салдарынан АҚШ 415 миллиард доллар зиян шекті. 1969-1970 жылдары АҚШ қаржы қиыншылықтарының күшеюімен қатар жүрген экономикалық дағдарыс қыспағына тағы түсті.
60-70 жылдардың шенінде АҚШ-тың соғыстан кейінгі экономикалық дамуында бетбұрыс болды. Экономикалық дамудың салыстырмалы түрде алғанда жоғары қарқында өсу кезеңі аяқталып, инфляция күшейді. Экономикалық отын-энергетика және шикізат секторларында, өнеркәсіптің кен қазушы және өңдеуші салаларының дамуында терең диспропорциялар пайда болды. Мұны 1974-1975 жылдардағы шиеленіскен дағдарыстық сілкіністер айқын көрсетіп берді.
Бірақ ғылыми-техникалық революцияның дамуы және үкіметтің бизнесті көтермелеу саясаты экономикалық дамудың сақталып отырған тұрақсыздығын жоя алмады. Экономиканы құрылымдық техникалық қайта құру бірқатар кәсіпорындардың жабылуымен, жұмыс орындарының жойылуымен, жұмыссыздықтың өсуімен қатар жүрді. 1980-1983 жылдары АҚШ өндірісті кезекті қысқартуды бастан кешірді және тек содан кейінгі жылдарда ғана өнеркәсіптің өрлеу бастады
ЖАПОНИЯ
Соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Жапонияны АҚШ әскерлері оккупациялап алды. 1952 жыла дейін созылған оккупациялық кезең елдің экономикалық дамуына, ішкі және сыртқы саясатына үлкен ықпал жасады.
Елді демократияландыруда Жапония үшін, Одақтық Кеңестік мүшесі және Қиыр Шығыс комиссиясының мүшесі болып табылатындықтан, КСРО-дің саясаты едәуір рол атқарды.
Соғыстан кейінгі Жапонияда 1868 жылғы революция шеше алмаған міндеттерді жүзеге асыруды ақырына жеткізген маңызды қайта өзгертулер жүргізілді. 1947 ж. қабылданған конституция демократиялық құқық мен бостандықтарды жариялап, әйелдердің еркектермен тең құқықтылығын, жалпыға бірдей сайлау құқығын енгізді. Жапония конституциялық монархияға айналды, парламенттің құқығы кеңейтілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz