АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
1870-1899 жылдардағы АҚШ
1. АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері.
2. Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуының "американдық" жолы.
3. Жұмысшы табының жағдайы, социалистік партияның құрылуы.
4. АҚШ тың сыртқы саясаты.
АҚШ XIX ғасырдың басында үндіс тайпаларын ығыстырып, көрші жерлерді
басып алып аймағын кеңейтті. Тынық мұхиттағы аралдарды басып алды.
Трансконтинентальды аймақ жасалды. 1880 жылы Солтүстік Америка қарамағында
38 штат болды. Батыс Европа аймағынан үлкен болды. 1880 жылы АҚШ-та 50,2
млн. адам тұрды. Оның тұрғындары 80-жылдың басында 10 есе өсті. 1890 жылы
76,3 млн-ға өсті. АҚШ XX ғасырдың басында тұрғындардың саны жағынан 4
орынға шықты. АҚШ-тың ауыл шаруашылық капитализмі тез қарқынмен дамыды.
Жерді өңдеймін деушілерге жер тегін таратылды. Фермерлік шаруашылық
негізделді, құл иеленуші латифундиялар қиратылды, орнына капитализмге
ыңғайланған ауыл шаруашылығы жасалды. Әлі де қоныстанбай бос жатқан
жерлерді тегін таратты. Халықтың әл-ауқаты жоғарылады, ішкі рынок жасалды.
Ішкі рынок кеңеюіне байланысты өнеркәсібі дамыды. Мұның бәрі елдегі
капитализмнің дамуына әсер етті. XIX ғасырдың соңғы ширегінде металлургия
үлкен қарқынмен дамыды. Ұлы көлдер ауданы бүкіл елдегі өндірілетін өнімнің
80 процентін өндірді. Металлургияның дамуы көмір өнеркәсібіне түрткі болды.
Аппалач тауында, Миссисипи өзенінің жағалауында көмір өнеркәсібі дамыды.
XIX ғасырдың аяғында Аппалач бассейні 50 процент көмір өндірді. Ірі
өнеркәсіптің басқа салалары пайда болды. Тамақ өнеркәсібі, тоқыма тағы
баска салалар пайда болды. Өнертапқыштық өмірге келді. АҚШ-та 1870 жылдан
бастап капитализмнің дамуына байланысты монополиялық бірлестіктер пайда
болды. "Стандарт ойл" үлкен компаниясы құрылды. Ол мұнай өнімінің 90
процентін өзі өндірді. "Стандарт Ойлмен" қатар 1890 жылы тоқыма тресті
пайда болды. Қорғасын тресі, темекі т.б трестер пайда болды. Рокфеллер,
Морган сияқты миллиардерлер пайда болды. Болат корпорациясының бастығы
Моргандар болды. Америкадағы капитализмнің күшті қарқынмен дамуының себебі:
АҚШ-та капитализмнің дамуына кедергі жасайтын корольдік жер иелену болған
жоқ. Үндістердің жерлері өте құнарлы болды. Америкаға Еуропаның келіп
қоныстанушылары өздерімен бірге тәжірибе алып келді. Темір-жол салу қолға
алынды. Темір жол торабын теміржол компаниясының өзі билей бастады.
АҚШ-та екі партия өмір сүрді: республикалық және демократиялық. Осы
екі партия түрлі әлеуметтік топтарды өз жағына тарту арқылы елді басқаруды
қамтамасыз етті. Бұлар біртіндеп ірі финансистерге айнала бастады.
АҚШ ауыл шаруашылығы дамудың американдық жолымен жүрді. Ленин бұған
сипаттама берді: "Помещиктік шаруашылық болмайды. Революция феодалдық
поместьелерді конфискелейді және ұсақтап жіберді. Мұндай жағдайда шаруа
басым болады. Ол егіншіліктің бірден бір агенті болып алады да біртіндеп
капиталистік фермерге айналады. Негізгі көрініс патриархальдық шаруаның
буржуазиялық фермерге айналуы."
Америкада фермерлер әлеуметтік топқа айналды. Америкада фермерлердің
қозғалысы күшейді. Себебі олар үкіметтің қаржы саясатына қарсы болды. Бұл
қозғалысқа қатысушылар үкіметтің теміржол, салық, саясатына қарсы болды.
Бұл қозғалыс фермерлердің қозғалысы болғандықтан басылып қалды. Көп ұзамай
Гринбекер қозғалысы болды. Бұл да фермерлердің қозғалысы. 1861-1865
жылдарда азамат соғысы болған еді. Сол кездің өзінде Гринбекер суретімен
450 млн. доллар ақша шығарған. Соғыс аяқталды, кейін Гринбекер партиясы
құрылды. Қарыздарын Гринбекер ақшамен төлегісі келді. Бұлар 1870 жылдан
бастап: жұмыс күнін қысқарту, еңбек бюросын ұйымдастыру, жұмысшы
статистикасын жасау, еңбек ақысын көбейту жолында күресті. 1870 жылы
сайлауда бұл партия миллионан астам дауыс алды.
1870-1880 жылдары АҚШ жұмысшы саяси өмірінде жүмысшы қозғалысының
қалыптасқан жылдары болды. 1886 жылы 1-мамырда көтеріліс болды. Чикаго
қаласында осы кезде Америка үкіметінің әскері арандату арқылы, полиция
орталығына бомба тастады. Оған қатысқандар Пирсоне, Фишер, Энгель, Шпиц
деген азаматтар дарға асылды.
1876 жылы Америкада социалистік партия құрылды. II сьезде 1869 жылы "Рыцары
труда" деген орден құрылды.
XIX ғ. аяғында АҚШ капиталистері Мексика мен Орталық Америкаға қызықты.
Латын Америкасы елдеріне ықпал жасауға әрекет жасай бастады. 1889 жылы АҚШ
үкіметі Вашингтонда 1 панамерикандық конференция өткізіп, Латын Америкасы
елдерін өзіне тартқысы кедді. Олар сенбеді, нәтижесіз калды.
АҚШ Тынық мұхит бассейніне ауыз сала бастады. АҚШ-тың қарулы күштері 1866-
67-71 жылдары Кореяға бірнеше рет нәтижесіз экспедиция ұйымдастырды. Тек
1832 жылы ғана Кореяда Американ саудасы үшін порт ашылды.
1898 жылы АҚШ Испанияға соғыс ұйымдастырып Пуэрто-Рико, Куба аралдарын
тартып алды. Бұл Испан-Американ соғысы дүниені қайта бөлу жолындағы ең
алғашқы соғыс болып табылады.
Қытайды бөлшектеу үшін АҚШ 1899 жылы "Ашық есік" саясатын ұсынды. Бұның
мәні барлық капиталистік елдерге Қытайға баруға ұсыныс жасалды, сөйтіп
Қытайды ықпал аймағына бөліп алғысы келді. Оған Ұлыбритания, Германия,
Ресей, Италия, Франция, Жапония елдері қатысуға тиісті болды. АҚШ-тың бүл
жердегі ойы мынау: өзінің экономикалық қуатына сүйеніп, Қытай рыногынан бұл
елдерді кейін ығыстырып шығару, сөйтіп Тынық Мұхитты "Американ көліне"
айналдыру.

АҚШ 1900-1914 жылдарда

1. АҚШ империализмінің дамуы.
2. Ішкі саясаты.
3. Сырткы саясаты.
4. Жұмысшы және социалистік қозғалыс.
АҚШ XX ғасыр басында империализм сатысына аяқ басты. Ел ішінде
капиталдың шоғырлануы, қаржы олигархиясының жасалуы өте күшті қарқынмен
өсті. АҚШ трестердің классикалық еліне айнала бастады. 1900 жылы деректерге
қарағанда АҚШ-та өндірістің өнімінің бір жыддық қүны 20 млрд, доллар болды.
Бұл Германия мен Үлыбританиядан да 2 есе артык, Болат өндіруден Франция,
Англия, Германияны коса алғандағыдан артық өндірді. Қалған өндіріс
салаларынан да I орынға орныкты. Бұл кездегі АҚШ тын өндірісіне тән нәрсе
ол шоғырланумен бір орталықтану нәтижесінде ірі корпорациялар мен трестерді
жеңіске жеткізді. Тек 1904 жылдың өзінде-ақ миллион долларлық өнімі бар
өндіріс орындары елдің 0,9 процентін қамтыды, оларда жұмысшылардың 25,6
проценті жұмыс істеді. Трестер барлық өндірістің салаларында құрыла
бастады. 1901 жылы Морганның "Болат тресі " құрылды. Оның капиталы 1
миллиард доллар болды. Ол болат шикізатының 50 проценттен артығын өндірді.
Рокфеллердің "Стандарт Ойл" мұнай компаниясы мұнайдың 90 процентің өз
қолында ұстады. 70 мың шақырым мұнай құбырлары болды (1900ж). Жүздеген
теңіз кемелері болған. Ол басқа елдердің де кемелерін жалдады, Рокфеллерлер
газ, электр өндірісін де өзіне қаратты. Банк саласында капиталдың
шоғырлануы банкирлердің үстемдігін орнатты. Ол банкирлер Морган, Рокфеллер
т.б. монополияның дамуы капитализмнің қайшылықтарын шығарды. Дағдарыстар
көбейе бастады. АҚШ ірі тресттер еліне айналғаннан кейін империализм
дәуірінде паразитизм көріне бастады. Ірі трестер өздерінің сыртқы рыноктағы
артықшылықтарын сақтап қалу үшін техниканың прогресін тежеді. Рантье тобы
қалыптан тыс көбейді. Бұл сияқты экономиканың дамуы ішкі рынокты тарылта
бастады. Осыған байланысты рынокта талас-тартыс басталған. Дүниені қайта
бөлу мәселелері күн тәртібінде тұрды. Олар өзінің идеологиясын АҚШ
мәдиниетін тарату арқылы жүргізгісі келді. Олар англосаксондық нәсілдің
үстемдігін орнатқысы келді. Панама каналын қазуды қолға ала бастады. АҚШ,
Атлант, Тынық мұхитта өзінің үстемдігін жүргізгісі келді.
АҚШ-тың ірі монополистері өздерінің байлығын еңбекшілердің еңбегі
арқылы жасады. Өте ірі, өте бай топтар болды. АҚШ-та жұмысшылардың "терін
сығып алу" жүзеге асырыла бастады. 1913 жылы Тэйлор жүйесі енгізілді. Бұның
мәні адамдардан мол өнім өндіріп алу болатын,
Американдық еңбек федерациясы негізінен алғанда жұмысшы
аристократиясынан тұрды. Олар жұмысшылардың жағдайын жақсарту туралы шара
қабылдағысы келмеді. 1905-1912 жылдары аралығында жұмысшы қозғалысында
жанданулар басталды. И.Р.М. деген ұйым құрылды. Бұл ұйымды құрғандар Юджин
Дебс, Леон жене Уильям Хэйвуд деген адамдар. Бұлар кейін екіге бөлінді.
Уильям Хэйвуд бастаған ұйым Чикаго ұйымы болып бөлініп кетті. Леон Детройт
ұйымы болып бөлініп кетті. Чикаго ұйымы 1912 жылы 30 рет стачка жасады.
Олардың талап етуімен Лоренс штатында еңбекақы көбейді. Оның мүшелері
тұрақты болмады, көбі маусым сайын, келіп-кетіп жұмыс істейтіндер болатын.
1917 жылы революциядан кейін бұлардың біраз мүшелері анархосиндикализм
бағытымен кетті.
1901 жылы үкімет басына Теодор Рузвельт келді. Мұның алдында Мак Кинли
еді, оны өлтірді. Тәртіп бойынша елді вице-президент Рузвельт басқарды. Ол
Америкада реакциялық саясатты жүргізген белсенді адам. Ол жұмысшылардың
наразылығын бәсеңдету үшін уәделер бере бастады. Ірі монополияның
үстемдігіне қарсы шықты. Джек Лондон және басқа жазушылар ірі
монополияларды сынап жазды. 1905 жылдан бастап АҚШ та әлеуметтік
қозғалыстың күшеюіне байланысты Рузвельт бір қатар шаралар қолдана бастады.
Трестердің "жаман жақтарын" жоюға шаралар қабылдады. Трестерге сот
процестерін жасады. Ақырында 1904 жылдың аяғында Теодор Рузвельт сайлауға
түскенде Морган 150 мың доллар берді.
АҚШ үкіметі сыртқы саясат жүргізді. Дүниежүзілік ықпал жасағысы келді.
Испания мен Португалия әлсіреп отыр еді. АҚШ жас империалистік мемлекет.
Олар Испаниядан отарларын тартып алу саясатын ұстады. Филиппин, Пуэрто-Рико
аралдарын алды. Испанияға Филиппиннің құнына 20 млн. доллар берді. Испания
Кубадан біржолата қол үзгендігін мойындады. Келісім жасады. Американың
протектораты орнады. Латын Америкасы елдеріне АҚПІ өзінің ықпалын орната
бастады. Монро доктринасын пайдаланды. Америка американдықтар үшін. Бұл
саясат "жуан шоқпар" саясатымен жүзеге асырылды. "Доллар дипломатиясы"
деген саясат арқылы Мексиканың шахталарының 72 процентін, мұнай өндіру
ісінің 58 процентін АҚШ өз қолында ұстады. Никарагуа, Коста-Рика т.б. елдер
доллар дипломатиясының уысына түсті. АҚШ отарлау саясатын оңайлату үшін екі
мұхитты қосатын канал қазуды ойластырды.
1901 жылы Панама республикасы жарияланды. Оны бірден Америка
мойындады. Атлант мұхиты мен Тынық мұхит арасындағы қатынасты оңайлататын
Панама каналын қазуға кірісті.
Әдебиеттер
1. К. Маркс. Капитал. 25-тарау.
2. Ф. Энгельс. "Протекционизм и свобода торговли". 21-том.
3. Ф. Энгельс. Президентские выборы в Америке. 21-том.
4. А. Зубок. Очерки истории США. М, 1956 г. История США. 4- томдық.
Очерки новой и новейшей истории. 1-бөлім. М., 1960.
VI Т А Р А У
XIX ғасырдыц аяғындағы—ХХ ғасырдыц баеындағы Америка Ңұрама Штаттары

§ 21. АҚШ-тыц экономикалыц дамуы
АҚШ-та капитализмнің жедел дамуының себептері. Құл ие-
ленуші Оңтүстік 1861 —1865 жылдардағы азамат соғысында жеңілуі Америка
Құрама Штаттарьщда капитализмнің қаулап дамуына жол ашты. Қүлдықтың
жойылуы^ гомстедтердің (мем-лекеттік жер учаскелерінің) үлестіріліп
берілуі, осымен байла-нысты елдің батыс бөлігінде тұратын ежелгі ундіс
тайпаларын айуандықпен қырып-жоя отырып, ондағы ұлан-байтақ жерлердің жедел
коныстандырылуы, кызу турде темір жолдардың салынуы ішкі рыноктың орасан
зор ұлғаюына эсер етті. • Мұның езі АҚШ-та капитализмнің бұған дейін дүние
жүзіндегі бірде-бір капиталистік елде болып көрмеген жөғары қарқынмен
дамуына алғы шарттар жасады.
АҚШ-та капитализмнің жедел есуіне, сондай-ақ елдегі аса бай табиғи
ресурстарды ең алдымен көмірдің, темірдің, мұнай-дың, мыстың, орманның
болуы жағдай жасады. Сонымен бірге Европа елдерінің капиталдарын пайдалану
және бұрынғы құл негрлерді, күн көру үшін табыс табуға туған жерінен
жоқшылық айдап Европа мен Азиядан келген эмигранттарды аяусыз қанау
нәтижесінде, АҚШ-тың экономикалық жағынан дамуы жеделдей түсті.
Бос жатқан жердің молдығы аркасында XIX ғасырдың 90-жылдарына дейін А-
ҚШ-та пролетарий жерді едәуір оңай ала-тын және фермер де бола алатын еді.
Бұл бастапқы кездерде жалдамалы жұмысшы күшінің үнемі жетімсіздігін
туғызды, бүл оның едәуір кымбатка түсуіне себеп болды, сөйтіп, американ
өнеркәсіпшілерін техниканы және еңбек қанау әдістерін жетілді-ре түсуге
мәжбүр етті.
XIX ғасырдыц 70—90-жылдары Эдисонның, Беллдің және басқалардың
өнертабысы өрлеген кезі болды. 1879 жылы Эдисон орыс ғалымдары Яблочков пен
Лодыгин ойлап тапқан электр шамын жетілдірді. Бір жылдан кейін Эдисон
түңғыш электр станциясын орнатты. Белл жетілдірген телефонды жалпы жұрт
пайдалана бастады. 1893 жылы Форд конструкциясын өзі ойлап шығарған тұнғыш
автомобильді сыннан өткізді, ал XX ғасырдың басында түңғыш рет конвейер
колданылған завод салды. Сөйтіп, американ өнеркәсібінің техникалық жағынан
жабдықталуы үстіміздегі ғасырдың бас кезінде Европа өнеркәсібінен едәуір
асып түсті.
Азамат соғысынан кейін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының өсуі. Азамат
соғысынан кейінгі алғашқы отыз жылдың ішінде АҚШ ауыл шаруашылықты елден
өте жақсы өркендеген өнеркәсіпті-аграрлы елге айналды. Өнеркәсіптің даму
орталығы шығыс және солтүстік-шығыс штаттары болды.
Егер 1840 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінде
бесінші орында, ал 1865 жылы төртінші орында тұрған болса, 90-жылдардың
басында ол бірінші орынға шықты. АҚШ өнеркәсібінің өнімі өткен ғасырдың 90-
жылдарының ортасына қарай барлық батыс европалық елдердің өнімінің тең
жартысына теңелді және Ұлыбританияның өнеркәсіп өнімінен екі еседен де
көбірек болды. 1900 жылы темір жол желісінің ұзындығы 190 мың мильге жетті,
бүл Батыс Европаның барлық ел-деріндегі темір жолдардың ұзындығынан артып
кетті.
Миссисипи бассейнінің аграрлық штаттары елдің астықты ай-мағына
айналды. Өңделетін жер көлемі едәуір көбейді.
АҚШ шикізат, астық және басқа да тамак өнімдерін негізгі
өндірушілердің жане оларды Европаға шығарушылардың біріне айналды. Мұхиттың
арғы бетінен арзаи астықтың көптеп әкелі-нуі Европа елдерінің ауыл
шаруашылығын мықтап күйзелтті. АҚШ-тағы жедел өркендеген аграрлык аудандар
өнеркәсіп бұ-йымдарын тұтыну жөнінде орасан зор талаптар қоя бастады, мұның
өзі өнеркәсіптің бұрынғыдан бетер қарыштай өркендеуіне себепші болды.
119

-2-
АҚШ-тың индустрияландырылуы ірі калалардың өсуімен катар жүріп жатты.
Бұлардың бірқатарында азамат соғысынан ке-йінгі отыз жылдың ішінде халықтың
саны 10 есе өсті.
Американ империализма XIX ғасырдың аяғынан бастап АҚШ-тың капитализмі
империализм сатысына көшті. Ел ішінде өнді-ріс пен капиталдың жедел
шоғырлану процесі жүріп жатты. Мо-нополистік бірлестіктердің эр алуан
формалары ішінен АҚШ-та неғұрлым кең тараған трестер ' болды, олар
өнеркәсіптің бар-лык дерлік салаларында құрылды. Өз ара қырқысқан бәсеке-
лік тартыс, бір компаниялар мен фирмалардың күйзеліп, екінші-лерінің бірін-
бірі жойып жіберуі: болат, мұнай, электр, темір жол транспорты
корольдарының құдіреті күшті династиялары-ның кұрылуына әкеліп соқтырды
(документті қара). АҚШ ең^ алдыңғы қатарлы трестер еліне, монополистік
капитализм еліне айналды.
Трестердің атасы —1870 жылы Рокфеллер құрғаи Стан-дард Ойл Компани
мұнай.компаниясы АҚШ-тың басқа да мұнай компанияларының бгрін дерлік өзіне
бағындырды. Оның кара-мағында мүнайлы учаскелерден баска ондаған мыц
километр мұ-най кұбырлары, жүздеген мұхит пароходтары, қоймалар, доктар
және тағы сол сияқтылар болды, бұлар тек Америкада ғана емес, баска да
елдерде құрылды. Рокфеллер сол сияқты ірі банкіге ие болды. Трест мұнайды
өз қолына алып, газ және электр өнеркә*
1 Трест — монополист бірлестіктердің бір түрі. Треске кірген кэсіпорын-
дар өзшің өндірістік және коммерциялык дербестігінен толық бас тартады.
120
сібін, мыс, корғасын және баска да кзсіпорындарды езіне бағын-дыра
бастады.
XX ғасырдын. басында банкир Морган Болат тресін ұйым-дастырды. Трест
кептеген ірі металлургиялык кәсіпорындардан басқа Ұлы көлдер аймағындағы
темір рудалары байлығының едәуір бөлігін, темір жолдарды, пароход
қоғамдарын, көмір шахталарын және басқаларын иемденді. Тек өзінің
шахталарын-да, рудниктері мен заводтарында ғана трест 170 мың жұмысшы-ны
қанап отырды.
Трестердің өркендеуі банкілердің қуаттылығының өсуімен ты-ғыз үштасты.
Өнеркәсіпте капиталдардың шоғырлануы банк ка-питалының шоғырлануымен катар
жүріп отырды.
Гер.маниядағы, Англия мен Франциядағы сияқты, АҚШ-та да банкілер
өнеркәсіппен тығыз байланыс жасай бастады, өнеркә-сіпшілерге ұзақ мерзімді
карыздар беріп, өз қаржыларының көп бөлігін өнеркәсіпке барған сайын
көбірек жұмсайтын болды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап барлық капиталиста елдерде
кәсіпорындардың акционерлік формасы кең өріс ал-ды. Орташа және үсақ жеке
меншік иесінің шамасы келетіндей акциялардың шығарылуы олардың сақтық
ақшалары ірі банк шонжарларының, яғни ірі капиталдың қарамағында болуға
әкеп соқты. Акцияларды сатып алушы формальды түрде кәсіпорынға бірлесе
қожалық етуші болды, ал акцияларға ие болу оңай пай-даны бөлісіп алуына
прайо берді. Акционерлік кәсіпорындарының қожасы формальды түрде алғанда
акционерлердің жалпы жина-лысы болып саналды, бірақ шын мәнісінде бүкіл
істі аса ірі ак-ционерлердің шағын тобы ғана басқарып отырды. Өйткені әрбір
акционердің жиналыста ие болатын даусының саны езіндегі ак-циялардың санына
байланысты болады.
Көптеген банкілер акционерлік қоғамдар құруға тырысты. Олар өздерінің
бөлімшелері мен өздерінің агенттері арқылы акцияларды таратты. Сонымен
бірге банкілер акциялардың бір бөлігін көбінесе өз сейфтерінде сақтап қалып
отырды: бүл олар-дың кәсіпорынды басқаруға белсене қатысуына право берді,
ал кеп жағдайда кгсіпорынға толық бақылау орнатуына мүмкін-дік жасайды.
Кәсіпорындардың акционерлік формасының тара-луы б.анкілердің өнеркәсіпке
енуіне жағдай туғызды. Бірінші дү-ние жүзілік соғыстын қарсаңында аса ірі
екі банк — Морган мен Рокфеллердің банкілері — темір жол, камсыздандыру
компания-ларын ж©не басқа да компаниялардың 112 банкілерін бакылап отырды,
ал бұлардың капиталы 22 миллиард доллардан аса-тын еді.
Банкілер көптеген өнеркәсіп және транспорт кәсіпорында-рына өз
адамдарын өткізу арқылы оның басқарушылық жумы-сына басшылық етті. Сөйтіп,
банк капиталы өнеркәсіппен тығыз біте щайнаса бастайды. Ленин мундай
капитален финанс капиталы деп атады. Финанс капиталы тек АҚШ-та ғана
құрылып қойған жоқ. Ол сонымен бірге басқа да елдерде — Германияда,
121

Англияда, Россияда, Францияда- тағы басқа да елдерде — орын алды.
Американ империализміне сипаттама бере келіп, Ленин былай деп жазды:
...капитал өктемдігі, ат төбеліндей азғана миллиардерлер өктемдігі...
ешбір жерде осы Америкадағыдай болып соншалықты ерескел, соншалықты ашық
сатып алушылық жолымен жургізіліп көрген емес (В. И. Ленин, Шығарма-лар.
29-том, 485-бет).
Құрама Штаттардағы капитализмнің дамуы басқа елдердегі сияқты оқтын-
оқтын болып отыратын өнеркәсіп дағдарысымен қатарласа журді, мұндай
дағдарыстар АҚШ-та өте-мөте ауыр болып өтті. 1893 жылғы және 1900—1903
жылдардағы дағдарыс-тар американ пролетариаттары үшін мейлінше ауыр болды.
Бұл дағдарыстар жұмысшыларға толып жатқан ауыр азап әкелді; жұмыссыздық
миллиондаған жұмысшыларды қамтып, оларды қайыршылық халге душар етті.
Өнеркәсіптің өсуі мен техниканың прогресі жұмысшыларды қанаудың
кушеюімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің жан түршігерлік
қайыршылығымен қатарласа жүріп отырды. Әсіресе, АҚШ-қа таяуда ғана келген
эмигранттардың жағдайы айрықша ауыр болды. Түсті нәсілді жұмысшылар —
негрлер, жапондар, қытайлар варварлық қуғынға ұшыратылды. АҚШ шынында
...бір жағынан, ат төбеліндей арсыз, батпақ пен сән-салтанатқа белшесінен
батқан миллиардерлердің, ал екінші жа-ғынан, емір бойы кайыршылық шегінде
күнелтіп отырған мил-лиондаған еңбекшілердің арасындағы тұңғиығының
тереңдігі жөнінен алдыңғы елдердің біріне айналды (В. И. Ленин,
Шығармалар, 28-том, 47-бет).
122
- 2 -
ЩДокументтер м е н материалдар
АҚШ-та мұнай тресініц цүрыяуы
Стандард Ойл Компани— мұнай тресінің—аты шулы тарихы ерікті
демократиялық республиканың бур-жуазиясы трестер кұра отырып, нен-дей іс-
эрекеттер жасауға баратынды-ғын оқушылардыц көз алдына елес-тете
алуына мүмкіндік береді...
Мұнай ғасыры, янкклердің айтаты-нындай, шамамен I860 жылдан бас-
талды... мұнай шығару—американ буржуазиясының мұрат-мақсатына айналды. Он
мыңдаған буржуа мұ-найлы бассейнге карай лап қойды. Пенсильвандыктар
скважиналар бұр-ғылап, асіі бір кымбат сұйық затты ендіріп алып, тазалауға
кірісті. Доллар жаңбырдай жауды. Істің жайы кереметтей шырқап сала берді.
Кенет, нағыз қызып тұрған сауда-саттык. ке-зінде, осы бір мұнайлы өңірде
1872 жылғы күйреу кез бола кегті. Тексеру мынадай жайдың бетін ашты: толып
жаткан кәсіпорындардыц банкротқа ұшырауы Саут Импрувмент Компа-
ни қоғамынын кесірінен келіп шык-қан екен, бұл — жаппай қайыршылық
халге түскендердің арасында өзінің кұрбандықтары есебінен кереметтей
байыған, Джон Рокфеллердің баска-руымен он екі авантюрист пегізін қа-лағаи
қоғам еді. Бұл мұнай өнеркә-сіпшілері өмірінде бірде-бір литр мұ-най
өндіріп көрген емес, керосинмен, тек шаммен пайдалану аркылы ғана таныс
болатын; олардың ішінде біреуі газетші, бірнеше адвокат, банк қыз-метшісі,
макта сату жөніндегі делдал: қант заводыныд кожасы т. б. болды. 1870 жылы
бұл қоғамнын капиталы 5 миллион франкқа жетті...
Стандард Ойлдын жемісі болып табылатын Саут Импрувмент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Американың табиғат жағдайы мен табиғат ресурсы, халқы
Халықаралық валюталық – қаржылық жүйе
Америка Құрама Штаттары
Дамыған елдердің сауда саясаты
АҚШ - тың Қазақстанмен сыртқы саясат орнатуының тарихын
Территориялық басқару жүйесі
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ-ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАЙЫНДА
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы
Пәндер