Англиядағы шексіз монархия



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Англиядағы шексіз монархия
XIV ғасырда Англиядағы феодалдық жүйе сауданың дамуына байланысты
ыдырай бастады. Жүннің жақсы сатыла бастауына байланысты, феодалдардың
поместьелері тауарлық шаруашылықтарға айналды. Феодалдар өздерінің жерлерін
кеңейту үшін қауым қарауындағы жерлерге көз алартты. Жеке бастары бос болса
да, шаруалардың көбі жерсіз, ендіріс қүралжабдыктарынсыз қалды. Енді
Англияда ерікті жүмысшылар мен ерікті капитал сияқты капиталиста:
өндірістің екі белгісі пайда бодды.
Жүнге байланысты өнеркөсіптің дамуы, сауда мен өсімқорлықтың өркендеуі
капитаддың жиналуына және мануфактураның қүрылуына алып келді.
Мануфактуралар ауылда, теңіз жағалауындағы порттарда қүрылды. Бүларда
цехтік қүрылыс болмағаннан кейін, капиталиста: өнеркәсіп шектелген жоқ.
XV ғасырдың екінші жартысында үстем таптың арасында бірталай
өзгерістер болды. Ескі феодалдар бірбірімен соғысып, оздерінің тобын
азайтып алды. Бүл оқиға Ақ және Қызыл розалардың соғысы деп аталды. Бүл
соғыстың аты екі партияның Ланкастер және Тюдорлар гербтерінің аттарына
байланысты болды. Соғыс Англиядағы ірі феодалдардың отбасыларын қүртып
жіберді. Бүрыннан келе жатқан ақсүйектерден 25 әулет қана қалды. Бүл
соғыста Тюдорлар жеңді де, абсолютизмнің ең күшті дүшпандары жойылды.
Аксүйектердің жерлерін король сатып, байып қалған еді. Ал бүл жерлерді
қаланың буржуазиясы мен бай шаруалар сатып алды. Онымен қатар орта және
үсақ феодалдардың рөлі артып, олардың мүдделері буржуазияға жақындай түскен
болатын. Осы әлеуметтік топтар "джентри" деген жаңа топты қүрды. Англияның
дамуына, буржуазиялық революцияның отуіне бүлар көп әсерін тигізген еді.
Джентри өздерінің шаруаларын капиталистік әдістәсілдерімен жүргізетін.
Джентрилердің кобі өздеріне корольден феодалдық атақ сатып алды.
Олардың негізі екіжақты: бір жағынан феодалдар ретінде корольді жақтайды,
ал екінші жағынан бүйрегі буржуазияға бүрады.
13481350 жылдары Англияда оба ауруының күшті эпидемиясы шығып, коп
адам апат болды. Соның салдарынан жүмысшылар жетіспейді, оларға төленетін
жалақы кобейді. Бүған парламент қарсы шыгып, ол жүмыссыз немесе жерсіз
қалған адамдардың бәрі парламент бекіткен жалақыға орай ездеріне жүмыс
тауып істеуге тиіс деп шешті. Сонымен бірге парламент олардың толейтін
салықтарын үш есе кобейтті. 1381 жылы екімет "жан басына салық" деген жаңа,
өте ауыр салық енгізді. Оған қарсы Уот Тайлер басқарған көтеріліс басталды.
Олар сондайақ шаруалардың тегін жүмыс істейтін салығына және жеке
міндеттеріне қарсы көтерідді.
Уот Тайлер басқарған көтеріліске шаруалардың барлығы да қатысты.
Олардың үраны ретінде "Адам жер жыртып, Ева жүн иіргенде, дворяндар кім
болды?" деген Джон Боллдың белгілі уағыз сездері алынды.
Болл бүкіл ақсүйектерді, белгілі адамдарды, ант берушілерді, заң
шығарушыларды және сот қызметкерлерінің бәрін елтіру керек деп санады.
Боллдың бағдарламасын басшылыққа алғаи шаруалар Лондон каласына кіріп,
бүкіл Еуропаға белгілі ең сүлу Ланкастердің сарайын, түрмені, түрме
бастығының үйін қиратты. Король Ричард екінші олардың крйған талаптарын
қабыл алуға мәжбүр болды. Бірақ олардың дүрыс үйымшылдығының жоқтығын
пайдаланып, алған міндеттерінен бас тартты. Уот Тайлерді корольмен сөйлесіп
жатқан кезде өлтіріп, басшысыз қалган шаруалардың бәрін кырғынға үшыратты.
Шаруалардың қолдарына алдау үшін қағаз беріп, король шаруаларға қарсы
террор үйымдастырды.
1450 жылы Джек Кэд басқарған көтеріліс жаңа күшпен түтаңды.
Шаруалардың көтерілістеріне байланысты осы оқиғалардан кейін
ақсүйектер де, шіркеу де, байлар да, қала тұрғындары да корольдің арқасына
тығылып, көмек іздеді.
Негізгі феодалдық топтары шаруалардың да жағдайлары өзгерді. XV
ғасырда олар фригольдер мен копигольдер деген екі топқа бөлінді.
Копигольдердің құқықтары бүрынғы бағынышты шаруалардың қүқықтарының
жалғасы. Ол қүқықтар жергілікті феодалдық соттардың шешімдерінде
белгіленген. Олар лордтарға натуралдық және ақшалай салық төлейтін еді.
Лордтар осы жағдайды пайдаланып, бүлардың жерлерін қой бағатын жайылымдарға
айналдырғысы келді. Жеке шаруалардың жерлерінен басқа олар қауымның
жерлеріне де қой жайғысы келді. Фригольдереркін жер иеленушілер. Олар
феодалдарга салық төлемейтін еді. Ауылға келген капиталистік
қарымқатынастар байлар, фермерлер, жері аз жалгерлер және жерсіз кедейлер
деп шаруаларды бірнеше топқа бөлді.
Қала түрғындарының арасында да топка жіктелу процесі жалғасты. Қаланың
ең жоғары аукатты бөлігі де белгілі болды. Ол саудагерлер мен шеберлерден
түратын. Олар өздеріне қаланың және селоның үсақ қолөнершілерін бағындырып
алды. Капиталистік мануфактура енбекшілерді қанауды күшейтіп қалалардағы
таптық арақатынастарды шиеленістірді. Қалалар корольдің қызметкерлеріне
қарсы шықты. Себебі олар қалалардың қүкыктарын шектейтін. Бүл күрес қаланың
ішінде патрициат пен каланың ең жоғары топтарының арасында да жүріп
жататын. 13121316 жылдары ол Бристоль деген қалада болды. Патрициат пен
цехтардың арасындагы күрес откір нысанда ететін.
Англиядағы шексіз монархия феодализмнің ыдырауымен және капиталистік
карымқатынастардың пайда болуымен тікелей байланысты еді.
Бірақ Англияның абсолютизмі аяқталмаған шексіз монархияға жататын.
Оның үш нышаны бар. Абсолютизм кезінде парламентте, бүрынғыдай жергілікті
озінезі басқару сактала берді және қарулы күштер де әскердің саны көбейген
жок. Әскер кебіне флоттан қүралатын, бүл Англияның географиялык жағдайына
байланысты еді. Сондықтан әскер өзі халқына қарсы оте сирек қолданылды.
Осындай мемлекетті басқару нысанының күрылуына алып келген көп себептердің
біреуі біз бүрын айтқан джентри тобының қүрылуы. Оларды "жаңа дворяндар"
деп атайтын. Ежелгі ағылшын зандары бойынша әрбір ерікті жер иеленуші,
байлығы 20 фунтқа жақындаған кезде, өзіне рыцардың патентін сатып алуға
міндетті болатын. Бүл патент оны дворяндардың қатарына қосатын. Бүл заң
каржы мақсаттарына орайластырылды да, басқа түбегейлі нәтижелерді ескерген
жоқ. Қала буржуазиясы саудамен, енеркәсһшен біріктііі қызметін тастамай,
дворяндар тобына көшті. Бүл процестің екінші жағы да бар еді. Рыцарлардің
көбі өздерінің жер үлестерін жайылымдарға айнаддырып, қой өсіріп, жүн
алатын болды. Бүл кәсіп оларды кепестердің мүдделеріне жақын етті.
Сондықтан рыцарлар сауда компанияларына кіріп, ең бай қала отбасы
қыздарымен некелесіп, араласа бастады.
Осы екі топтан "жаңа дворяндар" пайда болды. Олардың негізгі мүдделері
екіге бөлінетін: бір жағынан олар аксүйектер болған соң, корольді жақтайды.
Ал екінші жағынан олардың экономикалық мүдделері буржуазияға жақын. Жаңа
джентрилердің қатарын көбейтетін себептің және біріАнглияда бүрыннан бар
майорат жүйесі. Феодалдардың бүкіл жерлері үлкен баласына мүрагерлік
ретінде берілетін, сондықтан оның басқа үлдары өздеріне басқа қызмет немесе
кәсіп іздеуге, мемлекеттік және шіркеу кызметтеріне баруға мөжбүр болды.
Тіпті пай толеп, көпестердің корпорацияларына кіретін болды. Жаңа дворяндар
мен буржуазия қосылып, өзінің экономикалық мүддесін қорғауда парламент
олардың бостандығына кепілдік береді деп сенді. Сондықтан король парламент
жоя алмады.
Парламент сирек жиналатын жэне 1539 жылы алынған мәртебе бойынша
корольдің жарлықтары парламент қабылдаған зандарға тең болатын. 1547 жылы
парламент бүл заңды жойды. Бірақ парламенттің корольге бағыныштылығы
сақталып қала берді. Парламент салыктардың және жинақтардың бәрін өзі
бекітетін. Бірақ қарыздарды, монополияларды король өзі белгілейтін және
беретін. Англияда топтардың арасындагы күрес парламентке көшті. Англияның
парламенті екі палатадан туратын. Жогарғы лордтар палатасында прелаттар мен
барондар мәжілістерін өткізетін, оларды корольдің озі шақыратын. Ал екінші
қауымдар палатасында әсері күшті калалардың және рыцарлардіц окілдері
жиналатын. Осы екі топтың бірігіп, өздерінің мүдделерін косылып корғауы
олардың одағын күшейтті және парламенттің саяси өмірдегі рөлін көтерді.
Джентри мен буржуазияның одағы жергілікті езінөзі басқаруды да жоя
алмады. Жергілікті басқаруға Англия королі қаржы белмейтін, оның бүкіл
қызмет орындары жалакы алмай жүмыс істейтін еді. Ағылшын казынасында
түрақты ақшаның жоқтығы да жергілікті озінөзі басқарудың қалыс қалуына
әсерін тигізді. Олар ешкімнен ақша сүраған жоқ. Жергілікті басқаруды
бітістіруші сотжергілікті сквайр атқарды. Олар тек соттап және таластарды
қарап қана қоймай осы жердегілердің жалақысын бекітті, кедейлер туралы
алынған зандарды жүзеге асырды. Сонымен, Англияда күшті король билігімен
қатар парламент және жергілікті өзінөзі басқару органдары сакталды.
Мемлекеттік аппаратам бір орталыққа бағындыру және бюрократтау процестері
болған жоқ.
Шексіз монархияның жоғаргы органдары: король, қүпия кеңес, парламент.
Бүкіл билік корольдің қолында болатын. Ол заң шығаратын, атқару билігін
басқаратын, сот органдары да оған тікелей бағынатын.
Қүпия Кеңеске лордканцлер, лордқазынашы және лордмөр сақтаушы кіретін
еді. Бүның мүшелерін корольдің озі тагайындайтын және олар тек корольдің
алдында ғана жауапты болатын. Олар қызмет бабы бірдей комитеттерге
бөлінетін.
Әскер. Жетінші Генрих (14851509) бүрынғыдан келе жаткан ақсүйектердің
әскери күшін әлсірету үшін феодалдарға әскер қүруға тыйым салды. Сонымен
бірге артиллерия қаруын қолдануға тек қана корольдін қүқығы бар деген заң
шығарды. Феодалдардың әскерлері болғанымен, король өзінің түрақты әскерін
қүрған жоқ.
Жоғарғы шіркеу органдары. Бүл органдарды Жоғарғы комиссия куратын,
оған епископтер, Қүпия кеңестің мүшелері және басқа қызмет адамдары
кіретін. Комиссияның қызмет бабы өте ауқымды болды, олар корольдің билігіне
қарсы шыққан адамдардың қылмыстарын қарап, шіркеуге келмеген адамдарды
жауапқа тартатын.
Жергілікті баскару. Англия графтіктерге белінетін, оларды корольдің
өзі тағайындаған лордлейтенант басқаратын. Ол жергілікті әскерді,
бітістіруші сотты және констебльдерді басқарды.
Абсолютизм кезеңінде бітістіруші соттың қызмет бабы кеңейіп, атқару
функциясы күшейді. Ант берген адамдар соттың қүрамына түракты мүше ретінде
кірді. Кіші жюримен қатар Үлкен жюри де жүмыс істеді. Кіші және Үлкен
жюридің тізімдерін шерифтер жасайтын. Оған тек қана ерікті жеке меншіктен 4
фунт стерлинг төлейтін табысы бар адамдар енгізілді. Бүл занды Бірінші
Елизавета шығарды. Абсолютизм кезінде төтенше сот қүрылып, ол "Жүлдыз
палатасы" деп аталды. Бүл сот жалпы сот процестерінің нормаларын қолданған
жоқ және сынауды жиі пайдаланатын. Корольге қарсы шыққан графтіктерде бүл
сот өзінің сот кеңестерін қүрды. Жүлдыз Палатасы Қүпия Кеңестің бір бөлімі
болып саналды. Сот қызметінен басқа ол цензурамен айналысып, ант берген
соттардың шығарған вердикттерін бақылады. Шіркеуге қарсы қылмыс жасаған
адамдардың істеріи "Жоғарғы комиссия" деген сот қарайтын еді.
Жоғарғы ағылшын соттары екіге бөлінді. Ежелгі король отырғышының соты
жөне жалпы айтыстартыс соттарынан басқа әділеттік соттары пайда болды.
Бүлардың қүрылуы буржуазиялық қарымқатынастардың дамуына байланысты еді.
Олардың қызмет бабын азаматтық талаптар қүрайтын. Әділетті соттарына
адмиралтействолардың да соттары жататын. Әділеттік соттардың тәжірибесі
ағылшын қүқығының дамуына айтарлықтай әсерін тигізді.

Ағылшын құқығы

Ағылшын қүқығының қайнар коздері. Англияның тарихи дамуының жоғарыдағы
ерекшеліктері оның қүқық жүйесіне де ықпал етті. Ерте феодализм кезінде
қүқықтың ең бірінші қайнар козі ежелгі әдеттер болатын. Ол әдеттерді
адамдар жазып, әдеттердің жинақтары шыға бастады. Оларға Этельберттің,
(600) Инэнің (690), Альфредтің (871901) шындықтары және Кнуттың завдары
(1017) жатады.
Ағылшын қүқышның дамуына норман шапқыншылығының ықнал еткенін айтқан
жен. Вильгельм және оның үрпақтары ежелгі ағылшын әдеттерін сақтаймыз және
орындаймыз деп ант беретін.
Эдуард Тәубешіл кезіндегі еріктердің бәрін сақтаймын деген анты жақсы
мәлім. Бірақ айтқан сөзін үстады ма, жоқ па ол жағы белгісіз.
Англияда өдеттердің бәрі жалпы күқықтық жүйеге жинақталып, "жалпы
қүқық" деген түсініктің негізі қаланған болатын. Жалпы қүқықтың пайда
болуына корольдердің мемлекетті бір орталыққа бағындыру саясаты да есерін
тигізді. Соның ішінде Генрих екінші жүргізген сот реформалары туралы айта
кеткен орынды. Генрихтің реформалары жергілікті баскару мен сотты корольдің
билігіне бағындырды. Корольдің көшпелі соттары істерді қарағанда, әдеттерді
және жергілікті соттардың төжірибесін қолданды. Осыған сүйене отырып, олар
бүкіл мемлекелің аудандары қолданатын жалпы нормаларды шығарды. Бүл
нормаларда жергілікті әдетғүрыптар жүйеге келтірілген еді. Осы нормалар
Вестминстер сотында және көшпелі соттың қызметінде қолданылды. Бүл нормалар
кобіне ерікті феодалдарды және олардың жер иеленушілерін қорғайтын.
Ағылшынның жалпы қүқығы осылай пайда бодды. Сотпен ант берген адамдардың
арасында кызмет бабының болінуі айқындалды. Сот қүқық мөселелерді шешеді,
ал ант берушілер фактілерді дәлелдейді және қарайды. Жалпы қүқықтың екінші
түсінігі бүкіл корольдіктің қүқығы.
Сонымен, Вильгельм және оның Генрих деген баласы мен немересі бір
жағынанфеодалдардың мүддесін қорғады. Ал екіншіденжергілікті халықты
феодалдардың заңсыздығынан қоргайтын жалпы қүқық жүйесін енгізді. Олардың
қызметкерлері қүқық жағынан тәртіппен формалдық мөселелерге коп коңіл
бөлді. Ал ағылшынсакстерде мүндай әдет болмайтын. Жалпы қүқықтың негізіне
эсер тигізген қайнар коздерге ежелгі англосакстердің өдеттері, нормандардың
әдетғүрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда,
жол жобалары, көпес соттарында қолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары
жатады. Бірақ Англияның католиктер орталығынан алыс орналасқаны бүл
нормалардың әсерін өлсіретті. Рим қүқығы бүкіл Еуропа мемлекеттеріне әсерін
тигізіп, рецепция деген жағдайды туғызса да, ағылшын қүқығына ондай ықпал
ете алмады. Сойтіп, агылшындар оз қүқығының тазалығын сақтай алды.
"Жалпы қүқықтың" нормалары көбіне процессуалдық қарымқатынастарды
реттейтін еді. Олар сот шешімдері туралы есеп арқылы пайда болды. XIII
ғасырда жыл сайын соттар есеп беру тапсыратын. Олар айтыстартыстың бүктеме
қағаздары деп аталды. 1535 жылдан бастап бүл есеп беру жылдық қағаз деп
атала бастады. Жылдықтар шыққаннан кейін соттар өздерінің шешімдерін шығару
барысында жылдықта жазылған сот шешімдеріне сүйенетін болды. Олар сол сот
шешімдерін дәйек ретінде келтірді. Осылай сот прецеденттері пайда болды.
Корольдің кошпелі соттары Вестминстерге қайтып келгенде жергілікті
әдеттердің ең жақсыларын таңдап алатын. Жергілікті соттар шешімдерін
шығарғанда осы жазылған шешімдерге заңға сүйенгендей сүйенетін.
Жалпы қүқықтың ең бірінші белгісіоның толықтығы. Сот қызметкері іс
қозғаған адамға, сотқа келгенде "сіздің ісіңізді карай алмаймыз, бұндай
норма жоқ" деп айтпайтын еді. Ағылшын қүқығының бірінші жалпы ережесіқорғау
бар жерде қүкық бар. Қаралып жатқан іс бүрынғы тәжірибеде кездеспесе, соған
үқсас істі тауып, шешім шығаратын. Қүқыктың осы нышаны оны өте оралымды,
икемді ететін.
Жалпы қүқык соттары өте консервативті және формалдық нормаларды жиі
қолданатын сот болатын. Ант берушілер заңмен және сот процесімен таныс
болмағандықтан, сот рәсімдеріне өте мықты дайындалу керек еді.
Ал корольдің соттары істерді қарағанда корольдің өзінен шыққан
бүйрықтарды қолданды. Ал корольдің бүйрығы акыға берілетін. Сол бүйрықты
іске асыруға міндетті адамшериф. Оның айтқанын жауапты жақ орьщдамаса, істі
сотқа беретін. Жауапты адам король бүйрығын орындамағаны үшін
жауапкершілікке тартылатын еді. Бүкіл жермен байланысты айтыстартыстарды
сотта осындай жолмен қарады. Бүл сот рөсімдері ете күрделі және әдеттегідей
қабылданатын әрі кеп формализм туғызатын. Лондонда түрған адамдар бүл сот
процесін жиі қолданатын. Ал көшпелі соттарды көп уақыт күткен жағдайлар да
кездесетін еді. Сондықтан, жалпы күкықпен қатар әділеттік қүқығы пайда
болды.
Бүл қүқық сауданың, капиталиста: қарымқатынастардың дамуына тікелей
байланысты. Жалпы қүқықты қолданатын соттарда талапкерлер өздерінің қүқығын
қорғай алмаған жағдайларда әділеттік іздеп, корольдің өзіне баратын. Король
бүл істерді алдымен өзі қарап, соңында қарауға лордканцлерге тапсырма
беретін. 1474 жылдан бастап лордканцлер өзінің атынан шешімдер шығаратын
болды. Бүл сотта іс қозғау өте қымбатқа түсетін еді. Ол корольдің күрделі
бүйрығын алуды қажет етпейтін. Талапкер мәлімдеме жасап, істің негізгі
сүрақтарын түсіндірсе, жетіп жатыр. Істі қарағанда ант берген адамдар
катыспайды және формалды рәсімдер қолданылмаған. Лордканцлер жергілікті
заңдарды, жалпы қүқықты, римдік және діни нормаларды қолданған жоқ. Ол тек
қана әділеттік принциптерін қолданып, шешім шығаратын.
Әділеттік соттың жеңілдігі, формализмдері жалпы сотпен салыстырғанда
аз еді. Лордканцлер ант берушілерсіз істі қарайтын, оның рәсімдері жеңіл
болатын. Лордканцлер, жоғары діни қызметкер талапкерді өзіне шакырып, ант
бергізіп, оны дүрыстап тергейтін. Оның бірінші мақсатыәділеттілікке қол
жеткізу. Содан кейін ол мынадай істі қарау керек немесе қарамау керек деп
бүйрық беретін. Сонымен процесс бітіп, жергілікті шерифтер бүл бүйрықты
жүзге асыратын. Осы әділеттік қүқықтың жаңа институттары және тәуедді жер
үстаушылар, жалпы қүқық тек ерікті адамдардың істерін ғана қарайтын.
Лордканцлердің шешімдері әділеттік соттар үшін прецедент болды. Осылай
прецедент қолданатын екі сот пайда болды. Әділеттік қүқық аддымен жалпы
қүқықтың қосымша бөлімі болып саналды. Жалпы қүқықта бос қалған жерді,
кемістікті толтыру қүқығы ғана бар еді.
XV ғасырда осы екі соттың арасында қайшылық туды, әділеттік соттары
жалпы қүқық қолданатын соттардың қызметіне араласа бастады да, XVIXVII
ғасырларда олардың арасында ашық шиеленіс туындады. Бүл шиеленісті Бірінші
Яков әділеттік сот пайдасына шешкен еді. Әділеттік сотын король жақтады,
"жалпы қүқық" қолданатын соттарын парламент жақтады. Сонымен, XVII ғасырдан
бастап әділеттік соттар өзіне "жалпы қүқық" қолданатын соттарды бағындырды.
Сот прецеденті жалпы күкықтың және өділеттік қүқықтың негізін қалады.
Бірақ бүл қүқықтың қайнар козінен басқа корольдің, соцынан, парламенттің
шығарған статуттары пайда бодды. Олар Хартия, ассиздер, ордонанстар деп
аталатын. XIII ғасырда парламент пайда болғаннан кейін бүл күқықтың қайнар
қөздері жыддам дами бастады. Парламент шығарған актілер статут, ал
корольдің зандары ордонанс деп аталды. Парламент алған актілердің
заңдылығын бірде бір сот талқылауға сала алмайтын. Парламенттің актілері
алынған қаланың немесе басқа жердің атымен белгіленетін еді. Мысалы: 1234
жылғы Мертон статуты немесе 1267 жылғы Мальборо статуты. Бірақ парламент
езің мәжілістерін тек Вестминстерде ғана еткізетін болғасын, бүндай әдісті
қодданбайтын болды. XIII ғасырдан бастап бес ғасыр бойында мынандай әдіс
кдна пайдаланылып келді. Бір парламенттің сессиясы алған зандардың бәрі
тарау болып белгіленді және сессия шақырған корольдің атымен, оның қанша
жыл мемлекетті басқарып түрғаны жылмен белгіленетін болды. Мысалы, Виктория
корольдігінің 30 жыл патшалық қүрғаны, 39тарауда көрсетілген.
Корольдердің жарлықтарын қүпия Кеңес алдымен қарайтын. Бірақ кобіне
корольдің министрлері заңның жобасын дайындайды да, король бірнеше
кеңесшілерін шақырып, олардың біреуі сол заңның жобасын айтып береді. Тек
содан кейін король Кеңестің хаттамасына оны кіргізуге келісімін береді. Бүл
рәсім министрлердің ықпалын күшейтті.
Жеке меншік қүҚығы. Жеке меншіктердің арасында ең бірінші орында
жердің жеке меншігі түратын. Жеке меншіктің мынадай түрлері болды: шарттар,
мүрагерлік, сыйлық, исліктің ескілігі. Жердіц жоғарғы иесі болып король
саналды. Лордтар жерді корольден, ал олардың вассалдары лордтардан алатын.
Жерлер ерікті және тәуедді жерлерге бөлінді. Ерікті жерлерге жердің
мынандай үш түрі жататын, олар: сыйланған жерлер, қорықтағы жерлер және
шарт қойылған жерлер. Жерге байланысты тартыстардың арасында ең жиі
кездесетіні біреудің жерін басып алу еді.
XIV ғасырда ағылшын қүқығында басқа мемлекеттерде кездеспейтін
"сенімді жеке меншік" деген пайда болды. Бүл қүқықты әділеттік соттар
корғайтын. Бүл қүқықтың негізі қүрайтын мынандай істер: жердің жеке меншігі
немесе заттың жеке меншігі өзінің жерін немесе затын басқа адамға иеленуге
және басқаруға шарт бойынша мүны алған адам зат иесінің мүддесін қорғап,
істі дүрыс жүргізуі керек. Ол өзінің міндеттерін орындамаса немесе дүрыс
орындамаса, заттың иесі канцлер сотында өзінің қүқығын қорғай алады. Бүл
институтты шіркеу, рыцарлар жорыққа жүрерде қолданатын және отбасында да
жиі пайдаланатын. Бірақ сеніп тапсырылған жеке меншікті баскдрған адам да
сотта өзінің күқығын қорғай алатын.
Ағылшын қүқығында жерді кепілге беру жиі кездеседі. Қарыздар адам
қарыз берушіге ақшасын төлей алмаған жағдайларда, жерін кепілге беретін.
Бірақ, ақша тауып, қарызын төлесе, ол жерін қайтып алуға қүқылы. Жерге
байланысты шарттар өте күрделі және шиеленісті болатын. Оларды бекіту үшін
көитеген қүжаттар толтырып, оларды сотта бекіту керек еді.
Міндеттілік қүқығы. Міндеттемелер екі түрлі болды: олар шарттан немесе
зиян келтіруден туындайтын. Шарттар екіге бөлінеді: формалдық рәсімдегі
болмайтын жай шарттар және формалдық, процедуралары өте күрделі піарттар.
Жалпы қүқық формалдық міндеттемелерді ғана қорғайтын. Ал әділеттік қүқығы
кей жағдайларда жай міндеттемелерді де қорғайтын. Мысалы, күжаттар жоғалса
немесе іпартты орындай алмайтын себептер болса.
Қүқықты бүзудан туьшдайтын міндеттемелер. Корольдің енгізген тәртібін
бүзғанда немесе бір жақ зорлық істерді қодданғанда осындаи міндеттемелер
пайда болатын. Келтірілген зиян зорлыққа қатысты болмаған жағдайда мүндай
міндеттемелер туындаған жоқ. XIII ғасырдан бастап Вестминстер статуты
міндеттемелер барлық қүкықты бүзудан шығады деп санайтын бодды.
Жүмысшыларды жадцау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы. Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі
Англия мемлекетінің құқық тарихы
Ағылшын абсолютизмінің орнауы
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы
Францияда шексіз монархияның қалыптасуы
ХІІІ ғасырдағы Англияның саяси дамуы
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Мемлекет басқару нысаны
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Пәндер