Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы

1945 жылы Сан-Францискода болған конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Оның Уставы ізгі мақсаттарды көздеді: халықтардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қолдау, агрессиялық актіге жол бермеу, мемлекеттер арасындағы дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және барлық елдердің бейбіт ынтымақтасуына көмектесу.

Устав бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органдары Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі болып табылады. Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелерінің жалпы жиналысы болып есептеледі және халықаралық маңызды мәселелерді қарау үшін жылына кемінде бір рет сессияға жиналады. Қауіпсіздік Кеңесі 11 мүшеден тұрады, оның алтауы екі жылға сайланады, ал СССР, АҚШ, Англия, Франция және Қытай Кеңестің тұрақты мүшелері болып есептеледі. Шешім тұрақты мүшелер бір ауыз болған жағдайда ғана көпшілік дауыспен (7-ден кем болмауға тиіс) қабылданады. Уставтың бұл ережесінің ерекше маңызы бар, өйткені бұл әлем тағдыры ең алдымен өздерінің қолдарында тұрған ұлы державаларды келісілген шешім іздеуге мәжбүр етеді. Қауіпсіздік Кеңесі дүниеге төнген қандай да болмасын қауіпке жол бермеуге міндетті.

Сан-Францискода болған конференция Германия және оның бұрынғы одақтастары бейбітшілік сүйгіш демократиялық мемлекеттерге айналғанға дейін және бұл елдермен бітім договоры жасалғанға шейін олар Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданбасын деген шешімге келді. Біріккен Ұлттар Ұйымының резиденциясы Нью-Йорк болып белгіленді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы халықаралық зор маңызы бар оқиға болды, ал оның Уставы халықтардың тілек-мүддесіне сай келді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы . 1945 жылы Европадағы соғыстың аяғына қарай, Тынық мұхитта соғыс әлі жүріп жатқан кезде дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылымы туралы шешім қабылданды. 5С елдің окілдері Сан-Францискоға (Калифорния) Біріккен Ұлттар Ұйымын (ООН) құру конференциясына жиналды. Оның уставы бекітілді, ол Ұлттар Лигасы уставын еске түсіретін еді. Жаңа ұйымның құжатында мемлекеттер арасында достық қатынастарды дамыту; экономикалық-әлеуметтік және гуманитарлық сипаттағы проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; дүниежүзіндегі аштық пен қайыршылық, аурулармен күрес шараларын үйлестіру көрсетілген. БҰҰ барлық мүшелерінің теңдігі, дау-таластарды бейбіт шешу, күш қолдану қаупінен сақтану принципіне негізделген. Солай бола тұрса да БҰҰ мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпайды. Егер де өз кезінде АҚШ Ұлттар Лигасына қатысудан бас тартса, енді сенат 98 дауыспен Біріккен Ұлттар Ұйымы хартиясын тез ратификациялады. Бұл АҚШ-тың сыртқы саясатында белең алған оқшауланудың аяқталғандығын, дүниежүзіне Құрама Штаттардың халықаралық қатынастарда жетекші роль атқаруға ниеттенгендігін көрсетті.

БҰҰ жоғарғы органы болып, сессиясы жылына бір рет болатын Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінен, сол кезде 11-дің - 5-і тұрақты (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО, Қытай) және Бас Ассамблея екі жылға сайлап, 6-ы ауысып отыратын мүше мемлекеттерден тұрды. Қазіргі кезде БҰҰ-ның 189 мүшесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасы болғандығы қуантады. Уставқа сай Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікті сақтау міндетін тікелей атқаратын үнемі әрекет ететін орган болып табылады. Өзінің өкілеттілігіне сай Қауіпсіздік Кеңесінің агрессорларга санкция салуға, блокада енгізуге және оларға қарсы күш қолдануға құқы бар. Барлық мәселелерді шешуде Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінін бірауыздылығы қажет. Бас Ассамблея Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Халықаралық Сот, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы бастаған Секретариат сайлайды. Кейінірек Біріккен Ұлттар Ұйымы эгидасымен әр түрлі арнайы ұйымдар құрылды. Сонын бірі - ЮНЕСКО (Білім, ғылым, мәдениет бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы) . Оның уставына алғашқыда 50 мемлекет қол қойды Оның ішінде КСРО-нан Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелері статусын алған Украина мен Белоруссия да кірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихы
ТАРАУ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Халықаралық құқық
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz