Францияда шексіз монархияның қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Францияда шексіз монархияның қалыптасуы. Бүкіл Францияның халқы 15 млн.
болса, бірінші сословиені 130000 адам құрайтын, бірақ олардың қолында бүкіл
жер көлемінің бестен бірі жинақталған еді. Дін басылардың арасындағы
қайшылықтар күшейе берді. 1516 жылдан бастап король шіркеу қызметкерлерін
тағайындайтын құқықты қолына алды. Шіркеудің жоғарғы қызмет орындарына ол
өзінің дворяндарын отырғызды. Бұл орындар өте құрметті және бай болатын.
Бірақ дін басылары да мемлекеттің күшті маңызды орындарына отырған болатын
(мысалы, Ришелье Мазарини). Жоғарғы екі топтың мүддесі ортақ болғаннан
кейін олардың арасында мықты байланыс орнады.
Халықтың көбі үшінші сословиеге жатты. Бірақ халық бұқарасы біркелкі
емес еді. Жоғарыда қаржықаражат қызметкерлері, саудагерлер, қала шеберлері,
нотариус пен адвокаттар болатын. Шаруалар, қолөнершілер, қара жұмыс
істейтін адамдар, жұмыссыздар төменгі дәрежені, үшінші сословиенің көбін
шаруалар құрайтын. Капиталисте қарымқатынастардың құрылуы олардың құқықтық
жағдайларына өзгерістер енгізді. Олардың жеке міндеттері жойыла бастады.
Шаруалардың арасынан бай фермерлер, капиталистік жалгерлер, шаруашылық
жұмыскерлері бөлініп шыға бастады. Шаруалардың көбі ценз төлейтін
цензитарийлерге жататын. Баналитеттердің бәрі сақталды. Сеньорлар
шаруалардың жерлерінде бұрынғыдай аң аулауға құқылы еді. Салықтың көбін
шаруалар төлейтін, осындай ауыр жағдайға шыдамаған шаруалар құралдарын
сатып, бүкіл жанұясымен қалаға кетіп жатты. XVI ғасырдың ортасында
Францияның көп жерлері корольдің билігіне бағынған болатын. Ол Еуропадағы
ең ірі мемлекетке айналды. Капиталистік қарымқатынастардың дамуы феодалдық
қоғамның негіздеріне балта шапты. Францияның, мықты, бір орталыққа бағынған
мемлекеттік аппаратының құрылуы XVII ғасырда бояды.
Капиталист: қарым-қатынастар нығайып, феодалдық сословиелік құрылыс
ыдырағаннан кейін, шексіз монархия орнатуға жақсы жағдай туды. Феодалдар
өздерінің жеңілдіктерін сақтап қалу үшін корольге деген сенімдерін
арттырды. Қалыптасып келе жатқан буржуазия әлі саяси билікке ие болған жоқ,
бірақ күшею үшін корольді жақтап, одан көмек күткен болатын. XVI ғасырда
Францияның ішкі жағдайлары корольдің билігін күшейтті. Король күресуші
таптардың қарамақайшылықтарын пайдаланып, дербестігін нығайтты.
Негізінде Франция үшіп абсолютизм прогрессивті сипатқа ие болды.
Король билігі Францияны біріктірді, жалпы француз ұлтының қалыптасуына
ықпал етті, өнеркәсіп пен сауданың дамуына жағдай туғызды. Бірақ XVIIXVIII
ғасырларда абсолютизмнің дамуы оның реакциялық негізін де көрсетті. Король
тамыртаныстық жане меркантилизм саясатын жүргізді де, буржуазияның мүддесін
қорғау мақсатын қойған жоқ. Ол күшінің бәрін феодалдық құрылысты қорғау
үшін жұмсады. XVIII ғасырдағы терең дағдарыс қалыптасқан феодалдық жүйені
ыдырата бастады. Сот әкімшілігі жүйесі де елеулі дағдарысқа ұшырады. Бұл
қайшылықтарды көрсету үшін король сарайының өмірін көру керек еді.
Шексіз монархия XV ғасырдың соңында қалыптасады. Оның қалыптасуына
мынадай ірі саяси қызметкерлер, Францияның корольдері Он екінші Людовик,
Бірінші Франциск, Екінші Генрих белсенді рөл атқарғандары мәлім. Бірақ
Францияның бірінші шексіз монархы Төртінші Генрих болды. Ол католиктер мен
гугеноттардың арасындағы діни соғыстарды тоқтатып, Францияда бейбітшілік
пен тыныштық орнатты. Ол қолына толық мемлекеттік билікті жинады. Одан
кейін шексіз монархияның қалыптасуын жалғастырған кардинал Ришелье. Ол Он
үшінші Людовик мемлекетті басқарып тұрғанда қызмет істеген болатын.
"Мемлекеттің мүддесі мен үшін ең жоғарғы игілік. Менің бірінші мақсатым
корольдің ұлылығы, екінші королдіктің құдіреті" деген сөздер оның
саясатын бізге түсінікті етеді. Негізінде, ол бірінші министрдің қызмет
бабын орындаған қызметкер емес, Францияның толық әкімі болған адам. Ол
феодалдарды корольге бағындыру үшін олардың сарайларын құртты, жекпежекке
тыйым салды, дворяндардың атағын сатылатын етті. Ришелье Францияның
өнеркәсібін дамыту үшін және қорғау үшін бірталай шара қолданды.
Мемлекеттік аппаратқа және корольдің сарайына да көп күш жұмсады.
Абсолюттік монархияның негІзгі органдары король және оның сарайы.
Мемлекеттің пайдасының жартысы корольдің сарайына жұмсалды.
Жоғарғы саяси билік корольдің қолына толық жинақталды. Ол билігін
ешкіммен бөліскен жоқ. Король феодалдық олигархия мен католик шіркеуінің
оппозициясын жеңіп, сословиелікөкімдік органдарды жойды. Бір орталыққа
бағынған бюрократиялық аппарат, сот, әскер құрды. XVІІІ ғасырда Бас
штаттардың қызметі әлсіреген болатын, 1614 жылдан бастап король оның
жұмысын толық тоқтатты да, 1789 жылға дейін оны шақырған жоқ. Енді оның
орнына нотабльдердің жиналыстарын өткізетін болды. Нотабльдер қаржы
мәселелерін қарайтын.
Корольдің жанындағы Кеңестер. Корольдің жанындағы мемлекет Кеңесінің
құрамы 6 адамнан 23 адамға дейін. Оған ақсүйектер, Ірі феодалдар, корольдің
жақын адамдары кіретін. Бұл кеңестің мүшелері уақыт өткеннен кейін
абсолюттік монархияның министрлеріне айналды. Людовик XIV мемлекетті
басқарған кезде мемлекеттік Кеңеске тек 6 адам кірді, олар мәжілісін тұрып
өткізетін. Бір-бірімен орынға таласпау үшін король осындай тәртіпті
енгізген болатын.
Жоғарғы Кеңес. Шет елдермен және әскери қызметімен байланысқан
мемлекеттік кеңесшілер мен хатшылар осы кеңеске кіретін.
Үлкен Кеңес. Үлкен Кеңес герцогтер, пэрлер, министрлер, мемлекеттік
хатшылар, мемлекеттік кеңесшілерден тұратын. Бұл Кеңеске канцлер де
кіретін. Бұл Кеңестің негізгі қызметі заңдардың жобасын талқылау, әкімшілік
актілерді шығару, сот істерін атқару.
Құрамы заңгерлер мен хатшылардан тұратын. Король істердің көбісі
парламенттен шақыртып алып, осы кеңесте қарайтын етті. Кабинетке сот
басқармасының төрағасы канцлер, Париж Парламентінің Бас прокуроры, Бас
адвокат кіретін.
Орталық органдар көбейіп, күрделі жұмыстарды орындайтын болды.
Бюрократиялық және бір орталыққа бағынған органдар құрылды. Бұрынғы
мемлекеттік органдардан тек канцлер сақталды. Ол корольден кейінгі
мемлекеттің екінші адамы болып есептелді. Мемлекеттік хатшы қызметі түрлі
саланы қамтитын (әскери қызмет, теңіз істері, отарлар, ішкі істер,
корольдің сарайын басқаратын). Он алтыншы Людовик корольдігі кезінде
мемлекеттік хатшылар корольге өте жақын болатын, шенеуніктер ретінде оның
жеке қызметін істейтін. Мемлекеттік хатшының міндеттерін кеңейткеннен кейін
орталық аппарат көбейіп, төрешілдікке әкеліп соқты. Мемлекеттік хатшылардың
қызметі барған сайын ұлғайып, олардың көмекшісі деген қызмет орны құрылды.
Оларға көмек беретін бюро секцияларға бөлінетін. Шенеуніктердің арасында
иерархиялық тәртіп те орын алған еді.
Қаржы мәселелерін бас қаржы палатасы және акциздерді жинайтын
палаталар қарайтын. Олар экономикалық саясатты басқарып, мемлекеттің
бюджетін жүргізетін. Бас бақылаушылардың үлкен аппараттары болатын.
XVI ғасырда Францияның корольдері шіркеуді өздеріне толық бағындырып
алды.
Сот. Сот жүйесі өте күрделі және атам заманғы болатын. Сеньориалдық
соттар сақталды. Шіркеу соттарымен қатар коммерциялық, банк, адмиралтейлік
және басқа соттар құрылған болатын. Корольдің соттарына бальяждардағы,
қалалардағы соттар және Париж қаласындағы парламент жататын.
Парламент. Парламент мемлекеттік істерді қарай алмайтын болды. Оның
орындары сатыла бастады. Парламент ремонстрация құқығын жоғалтты. Он
төртінші Людовик мемлекетті 54 жыл басқарып, Париж парламентінің
ремонстрация құқығын тоқтатқан болатын. "Мемлекет дегеніміз мен" деп
айтылған сөздері осы парламенттің жұмысына байланысты. Парламент
ремонстрация құқығын пайдаланған жағдайда, король өзі парламентке келіп,
осы сөздерді айтқан болатын. Содан кейін Парижде парламенттің наразылығы
тоқтады. 1673 жылдан бастап Париж парламентінің құқығы шектеліп,
ремонстрация қызметін істемейтін болды. 1614 жылдан Францияның корольдері
қоғамдағы орнын көрсету үшін біз құдайдың қайырымдылығындамыз деген мәтел
шығарды. Барлық биліктердің қайнар көзі король. Оның билігін және қызметін
ешкім бақылай алмайды. Король заң шығарады, "бір король бір заң". Король
мемлекеттің және шіркеудің жоғарғы қызметкерлерін өзі тағайындайды.
Мемлекеттік басқару мәселелерді шешкенде ең соңғы тұжырымды билікті ол
айтатын. Францияның королі маңызды сыртқы саяси мәселелерді жеке шешіп,
экөпомикалық саясатты белгілейтін, салықты кіргізетін, ақшаны жұмсайтын,
мемлекетті өзінің атынан басқаратын.
Жергілікті басқару бюрократтық бір орталыққа қарату негізіндегі
принциппен құрылды. Франция провинциялар мен округтерге бөлінді.
XVIғасырдан бастап губернаторларда да тағайындалатын болды. Олардың
қызметтері көбіне әскери міндеттермен шектелуші еді. 1535 жылдан округтерге
комиссарларды жіберетін болды, олар интендант деп аталатын еді. Олардың
билігі өте күшті болатын, олар корольдің өзіне немесе оның бірінші
министріне бағынатын. Интенданттар полиция, юстиция және қаржы мәселелерін
шешетін. Олардың орындары сатылмайтын, сондықтан орталық биліктен тәуелді
екені түсінікті. Интенданттар жергілікті органдардың бәрін бақылайтын,
олардың негізгі қызметі салық, жинау. Жанама салықтарды жинайтын адамдар
бұл қызмет орындарын сатып ала алатын.
Әскер мен полиция. Он төртінші Людовик әскерге солдаттарды шетелден
алмайтын етті. Оның әскері тұрақты әскерге жататын. XVII ғасырда әскерде 46
жаяу, 28 атты полк болатын, әскерлердің үштен бір бөлігі жалдамалы болды.
Солдаттар үшінші сословиеден жасақталды. Офицерлер болса, бұрынғыдай тек
дворяндардан алынатын. Офицерлердің орындары бұрынғыдай сатылатын еді.
Францияның әскері бүкіл Еуропаның ең мықты және үлкен әскерлері ретінде
саналатын.
Полиция. Полицияның жоғарғы құрамына генераллейтенанттар, төменгі
бөлімдеріне атты полиция, Париж полициясы кірді.
Шексіз монархия тек зорлық пен күштеу әдістерін қолданды. Мемлекеттік
аппаратта коррупция, пара алу, бір-бірін күндеу заңды жағдайлар болатын.
Мемлекетті талантсыз адамдардың басқаратынын бәрі білді. Корольдің сарайы
Францияның ұлттық байлығын өзіне жұмсады, ал халықтың жағдайы ауырлай
берді. Мемлекеттің ең жоғары орындарында ақсүйектер отыратын, байлар мен
жалпы буржуазия өзінің наразалығын білдіре бастады. Король олардың мүддесін
қорғаса да, бірінші орында феодалдар болатын, ал екінші орында буржуазия
топтары тұрды. Король билігін сынға алушылар қатарында буржуазияның
ағартушы қызметкерлері тарихтан белгілі: Вольтер, Монтескье, Руссо
есімдері.
Франциядағы феодалдық құқықтың негізгі нышандары. Құқықтың қайнар
көздері. Франция құқығы дамуының қайнар көздеріне көбіне әдеттер жататын.
Бұл кезде жалпы құқық жүйесі Францияда әлі құрылған жоқ еді. Франция екіге
бөлінетін, шекара Лаура өзенінен өтетін. Оның оңтүстік жағасында жазбаша
құқық қолданылатын еді. Бұл жерлерде рим құқығының әсері өте күшті болатын.
Рим құқығын университеттерде оқитын. Корольдердің биліктері күшейген сайын,
рим құқығының да әсері күшейді. Бұл құқық жалпы әдет деп аталатын.
Францияның солтүстігінде бұрыннан келе жатқан кутюм деген әдеттер
қолданылатын.
Сословиелікөкілдік монархия кезінде жүйелеу процестері басталды.
Кутюмдер де жазылып, жүйеленетін болды. Людовик тоғызыншы округтердегі
әдеттерді бальялерге жинап, тәртіпке келтіргісі келді. Осы әдеттердің
жинағы XIII ғасырда құрылған "Қасиетті Людовиктің мекемесі" деп аталатын.
Ол Париж, Орлеан, Тур, Анжу, Мэн қалаларының кутюмдерін жүйеледі. Бұл
заңдар корольдің жерлерінде қолданатын болды. ХІҮХV ғасырларда ауылдардың,
қалалардың және феодалдық сеньориялардың кутюмдері жарық көре бастады.
1453 жылы Карл жетінші кутюмдерді, әдеттерді, соттың формулаларын
парламентке басынан аяғына дейін жинап, бекітті. Бұл жұмысты одан
кейінгілер де жалғастырды. Сонымен, заң күшін алған жергілікті кутюмдер
саны 300ден асты. Абсолютизм кезінде әдеттерді жинап шығаруға тыйым
салынды.
Бірақ кутюмдер жинақтары корольдің билігі бойынша шығарылған болса да,
бүкіл мемлекет қолданатын ортақ құқық жүйесі құрылған жоқ. Құқық
партикуляризм сипатын сақтады.
Жазылған құқықтың қайнар көздеріне жарлықтар, эдиктер, ордонанстар
жататын. Король билігінің актілері алдымен тек корольдің жерлеріне ғана
қолданылды. XVI ғасырдан бастап корольдің актілерін Париж парламенті
бекітетін тәртіп қалыптасты. Парламент бұл актілерді бекітпесе, оның заң
күші болмайтын еді.
Король актілерінің рөлі күшейе түсуі XVIIXVIII ғасырларда қылмыстық
құқықтың бір қатар ордонанстары шықты. Бірақ жалпы құқық жүйесі Францияда
қалыптасқан жоқ. Оның құқығы да, соты да өте шиеленіскен және күрделі
жағдайда болды.
Жеке меншік құқығы
Негізгі жеке меншік құқығы жерге қатысты қолданылды. Құқықтың құрылысы
иерархиялық болған, олар шектелген сипатта еді. Бұл құқықтар көбіне
феодалдардың қолына жинақталды. Жердің бірнеше құқықтық жағдайлары болатын.
Оған аллод, бенефиций, феод жатады. ІХғасырда бенефиций феодқа айналды.
Вассал феодқа ие болу және пайдалану құқықтарын ұстаған еді, жерді
пайдаланып алған өнімі оның жеке меншігін құратын, бірақ оның жермен
байланысты басқару құқығы шектелген еді.
Вилландар жеке басы бос, еріктері бар шаруалар. Олар цензива деген
салықты төлейтін. Цензива тұрақты салық, оны біреуге беру немесе сату үшін
сеньордың келісімі керек еді. Цензива мұрагерлікпен берілетін болса, ол
үшін белгілі бір салық төленетін. Сеньор мен ценз ұстаушының арасында
қалыптасқан қарымқатынастар мынадай: ценз ұстаған шаруа өз жер үлесін
сеньордың жеке меншігіне беретін. Ол сеньорға ақшалай немесе натуралдық
түрде ценз төлейді. Одан басқа жылына 312 күн барщина ретінде жұмыс
істейтін, баналитеттерге бағынатын.
Сервтердің құқықтары. Серв өздерінің жерін иелене отырып, пайдаланды.
Басқару құқығы болған жоқ. Қайтыс болған сервтің жері баласының қолына көшу
үшін салық төленетін. Ол өлген қол құқығы деген салық. Бұл салық ретінде ең
ірі малдың басы феодалға берілетін немесе ақшалай салық төленетін. Салықтың
мөлшерін сервтің мырзасы белгілейтін.
Францияда баналитеттердің мынадай түрлері болатын: арақ шығару, нан
пісіру, сыра қайнату, ұн шығару кәсіпорындар ұстауға тек сеньорлар ғана
құқылы еді. Шаруалар осылардың бәрін пайдаланғаны үшін ақша төлейтін.
Сеньор шаруалардың жерлерінде аң аулауға құқылы болатын.
Міндеттемелер. Міндеттемелердің ең маңызды түрі вассалитет келісімі.
Тауарақша қарымқатынастарының дамуына байланысты міндеттемелер пайда болды.
Олар сатып алу, қарыз алу, сыйлық беру, жерді жалға алу келісімдері еді.
Отбасылық некелік және мұрагерлік құқығы. Отбасылықнекелік қарым-
қатынастар шіркеудің канондық нормаларымен, әдеттермен және корольдің
ордонанстарымен бекітілді. Ер адамдар 1315 жаста, қыз балалар 12 жаста
некесін қия беретін. Некеге тұру үшін әкешешесінің және екі жақтың келісімі
керек болатын. Сервтердің басқа сеньордың жеке басы бос адамдарымен некеге
тұруға құқығы жоқ еді. Фсодалдың бірінші түн құқығы болатын, бұл салықты
үйленетін шаруа ақшалай төлейтін. Кейбір адамдар некеге тұра алмайтын. Олар
жастары жетпегендер, шоқынбағандар және туысқан адамдар. Келісімсіз
құрылған неке және шіркеу қызметкерлердің некелері заңсыз некелерге
жататын. Шіркеу ажырасуға тыйым салды. Жұбайлар өзара сыйласып, бірге
тұруға міндетті болатын. Ер адам шаңырақтың иесі, әйелі оған бағынышты
болып, артынан еріп жүруі керек. Әйел адам ешқандай мүліктік құқыққа ие
болмайды. Күйеуінің келісімі болмаса, әйел адам мүлікті де сата алмады,
сыйлыққа бермеді, ауыстырмады, шарт құрмады және сотқа қатыса алмады.
Қылмыс және жаза
Қылмыс жеке ренжісу әкелген іс деп белгіленді. Ол жеке адамдардың
мүддесіне байланысты. Әкелген зиян үшін жаза қолданылады. Бірақ XIXII
ғасырларда қылмысты тек қана жеке іс емес, бейбітшілікті, феодалдық
тәртіпті бұзатын іс деп түсінді. Жазалар өте қатал болды, Адамдардың
жазасын дәлелдемесе де, олар жауапкершілікке тартылды. Қылмыстардың құрамы
ашық белгіленбеген.
Сеньорларға қарсы шыққан шаруаларға өте қатаң жазалар қолданылатын.
Көтеріліске шыққан шаруаларды дарға асып өлтіретін, қолын, аяғын, немесе
басын шауып тастайтын. Феодалдардың арасында күштісі жеңіп шығатын принцип
құқықтың негізгі принципіне жатты. Шіркеу қызметкерлері қылмыстық
нормаларды бұзған жағдайларда оларды шіркеу соттары соттайтын, шаруаларды
сеньорлардың соттары жазалайтын. Қылмыстардың түрлеріне шіркеу мен дін
қатты әсерін тигізетін. Қылмыстар былай бөлінетін:
Ең ауыр қылмыстар. Оны жасағандарға өлім жазасы қолданылатын. Бұндай
қылмыстарға адамды өлтіру, зорлау, өртеу, ұрлық, діни қылмыстар, өтірік
ақша шығару жататын.
Жеңіл қылмыстар. Оларға өлім жазасы қолданылмайды. Жаза түрлері тек
қана тәркілеу мен түрмеге қамау болатын.
Қылмыстарды тағы үш түрге бөлуге болатын: дінге қарсы қылмыстар:
құдайды жамандау, сиқыр жасау, құдайға сенбеу.
Мемлекетке қарсы қылмыстар: корольге және оның отбасы мүшесіне қарсы
істелген қылмыстар, корольге опасыздық жасау, мемлекеттің қауіпсіздігіне
қатер төндіру.
Жеке адамдарға істелген қылмыстар. Жазалар. Ауыр жазалар өлім жазасы,
өмірлік жер аудару, өмірбойлық каторга жұмысына жіберу. Екінші түріне дене
мүшесін зақымдау жазалары жатады. Жазалардың үшінші түрі түрмеге қамау және
каторгаға жіберу. Бұдан кейін масқаралау жазалары, масқарасын шығарып айып
төлеу, киімсіз масқаралау. Ең соңғысына айыптар жатады.
Мемлекеттің орталықтану процесіне байланысты сеньорлардың юрисдикциясы
азайды да, корольдің билігі нығая бастады.
Қылмыстық жауапкершілік адамның құқық және сословиелік жағдайына
байланысты болатын. Дворяндарға көбіне айыппұл салу және мүлігін тәркілеу
жазасы қолданылатын. Дарға асу арқылы өлім жазасын қолдануға болмайтын және
оларға тән жазасы да қолданылмаған. Шіркеу қызметкерлері де жеке
қылмыстарға жауапкершілікке тартылатын. Шаруалардың көтерілістеріне
ешқандай соттық жауапкершілік болмайтын. Жакерия деген көтерілісті
басқаннан кейін екі жұмада 20000 адамды асып өлтіргені белгілі.
Сот процесі. Феодалдық ұсақтау кезінде процесс айыптау тұрғысында
өтетін. Оған қатысатын екі жақтың да құқықтары тең. Жұртшылықтың көзінше
өтетін процестің белгілері бір нышанда сақталды. Негізгі дәлелдерге
айыпкердің өз кінәсін мойындау, жазбаша дәлелдеу жататын. Кейбір ордалийлер
сақталды: ыссы темірмен және сумен сынау. XVIII ғасырда ордалийлер
қолданылмайтын болды. Сот процесінде кемінде екі куәгердің көрсеткіші керек
еді. Жақын туысқандарды, екі жақтың туысқандарын және оларға қарайтын
адамдарды сотқа куәгер етіп шақыруға болмайтын.
Сотта таластартысты дәлелдеу екі жақтың да міндеті. Бұл феодалдардың
арасында жиі кездеседі. Айыпты адамды айыптаушы жақ жекпежекке өзі шақыруға
тиіс. Айыптаушы керек сөздерді айтып, айыпкердің бетіне қолындағы қолқабын
лақтырады. Айыпкер саусақтағы биялайды көтерсе, ол жекпежекке шығуға
ұсынысты қабылдады дегені. Ақсүйектер жекпежекке атпен толық қаруланып
шығатын. Қарапайым адамдар таяқпен төбелесетін. Ақсүйектер жай адамдарды
жекпежекке шақырса, олар жаяу және жалаң бас, қолына тек қана таяқ ұстап
шығуға тиіс. Жай адамдар ақсүйектерді жекпежекке шақырса, олар атты және
қолындағы бар қарумен шығатын. Шіркеу адамдары, әйелдер, алпыс жастан асқан
адамдар өзінің орнына басқа адамдарды шығаруға құқылы еді. Бірақ жекпежекке
қатысқан адам жеңіліп қалса, оның оң қолын шауып тастайтын. Жекпежек
белгілі орында өтетін, оның көп ережесі болатын. Жеңілген адам кінәлі деп
саналатын. Ол жауапкер ретінде белгілі бір жазаға тартылатын. Жекпежекті
тек өте ауыр, адам өлтіру сияқты қылмыстарды дәлелдеу үшін ғана қолданатын.
Тоғызыншы Людовиктың реформалары кезінде жекпежек жоғала бастады.
Азаматтық сот процесі қылмыстық соттан бөліне бастады. Бұл жағдай
таптық күрестің күшеюіне байланысты болатын.
Айыптау процесінің орнына тергеутексеру процесі келеді. Бұл процестің
дамуына шіркеудің құқықтары ықпалын тигізді. Жаңа процес бойынша енді істі
қозғау жәбірленуші жақтан мемлекетке көшеді, бұл органда қылмыскерді өздері
іздеп, тергеу өткізеді. Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: бірінші
кезең қылмыскерді іздеп, оның тергеуін өткізу, ал екіншіге ашық сот
жататын. Бірінші кезенде жиналған материалдарға баға беріледі. Дәлелдеу
процесінде формалдылықтың көптеген нышандары сақталған болады. Сотталған
адам кінәсін мойындау үшін қинау әдісін жиі қолданатын. Сынаудың жай және
ауыр түрлері болатын. Кінәні мойындау ең маңызды дәлелдеуге жатады. Осы
процестің бірінші кезеңі құпия түрінде өтетін.
Корольдің билігі күшейген сайын сеньориалдық және шіркеу соттарының
қызмет бабы азайды да, король соттарының қызметтері көбейді және күшейді.
Сот жүйесі өте шиеленіскен және күрделі болатын.

Англиядағы шексіз монархия

XIV ғасырда Англиядағы феодалдық жүйе сауданың дамуына байланысты
ыдырай бастады. Жүннің жақсы сатыла бастауына байланысты, феодалдардың
поместьелері тауарлық шаруашылықтарға айналды. Феодалдар өздерінің жерлерін
кеңейту үшін қауым қарауындағы жерлерге көз алартты. Жеке бастары бос болса
да, шаруалардың көбі жерсіз, ендіріс құралжабдықтарынсыз қалды. Енді
Англияда ерікті жұмысшылар мен ерікті капитал сияқты капиталиста:
өндірістің екі белгісі пайда болды.
Жүнге байланысты өнеркөсіптің дамуы, сауда мен өсімқорлықтың өркендеуі
капиталдың жиналуына және мануфактураның құрылуына алып келді.
Мануфактуралар ауылда, теңіз жағалауындағы порттарда құрылды. Бұларда
цехтік құрылыс болмағаннан кейін, капиталиста: өнеркәсіп шектелген жоқ.
XV ғасырдың екінші жартысында үстем таптың арасында бірталай
өзгерістер болды. Ескі феодалдар бір-бірімен соғысып, өздерінің тобын
азайтып алды. Бұл оқиға Ақ және Қызыл розалардың соғысы деп аталды. Бұл
соғыстың аты екі партияның Ланкастер және Тюдорлар гербтерінің аттарына
байланысты болды. Соғыс Англиядағы ірі феодалдардың отбасыларын құртып
жіберді. Бұрыннан келе жатқан ақсүйектерден 25 әулет қана қалды. Бұл
соғыста Тюдорлар жеңді де, абсолютизмнің ең күшті дұшпандары жойылды.
Аксүйектердің жерлерін король сатып, байып қалған еді. Ал бұл жерлерді
қаланың буржуазиясы мен бай шаруалар сатып алды. Онымен қатар орта және
ұсақ феодалдардың рөлі артып, олардың мүдделері буржуазияға жақындай түскен
болатын. Осы әлеуметтік топтар "джентри" деген жаңа топты құрды. Англияның
дамуына, буржуазиялық революцияның отуіне бұлар көп әсерін тигізген еді.
Джентри өздерінің шаруаларын капиталистік әдістәсілдерімен жүргізетін.
Джентрилердің кобі өздеріне корольден феодалдық атақ сатып алды.
Олардың негізі екіжақты: бір жағынан феодалдар ретінде корольді жақтайды,
ал екінші жағынан бүйрегі буржуазияға бүрады.
13481350 жылдары Англияда оба ауруының күшті эпидемиясы шығып, көп
адам апат болды. Соның салдарынан жұмысшылар жетіспейді, оларға төленетін
жалақы көбейді. Бұған парламент қарсы шыгып, ол жұмыссыз немесе жерсіз
қалған адамдардың бәрі парламент бекіткен жалақыға орай ездеріне жұмыс
тауып істеуге тиіс деп шешті. Сонымен бірге парламент олардың толейтін
салықтарын үш есе көбейтті. 1381 жылы өкімет "жан басына салық" деген жаңа,
өте ауыр салық енгізді. Оған қарсы Уот Тайлер басқарған көтеріліс басталды.
Олар сондайақ шаруалардың тегін жұмыс істейтін салығына және жеке
міндеттеріне қарсы көтерілді.
Уот Тайлер басқарған көтеріліске шаруалардың барлығы да қатысты.
Олардың ұраны ретінде "Адам жер жыртып, Ева жүн иіргенде, дворяндар кім
болды?" деген Джон Боллдың белгілі уағыз сездері алынды.
Болл бүкіл ақсүйектерді, белгілі адамдарды, ант берушілерді, заң
шығарушыларды және сот қызметкерлерінің бәрін елтіру керек деп санады.
Боллдың бағдарламасын басшылыққа алғаи шаруалар Лондон каласына кіріп,
бүкіл Еуропаға белгілі ең сүлу Ланкастердің сарайын, түрмені, түрме
бастығының үйін қиратты. Король Ричард екінші олардың крйған талаптарын
қабыл алуға мәжбүр болды. Бірақ олардың дүрыс ұйымшылдығының жоқтығын
пайдаланып, алған міндеттерінен бас тартты. Уот Тайлерді корольмен сөйлесіп
жатқан кезде өлтіріп, басшысыз қалган шаруалардың бәрін кырғынға ұшыратты.
Шаруалардың қолдарына алдау үшін қағаз беріп, король шаруаларға қарсы
террор ұйымдастырды.
1450 жылы Джек Кэд басқарған көтеріліс жаңа күшпен түтаңды.
Шаруалардың көтерілістеріне байланысты осы оқиғалардан кейін
ақсүйектер де, шіркеу де, байлар да, қала тұрғындары да корольдің арқасына
тығылып, көмек іздеді.
Негізгі феодалдық топтары шаруалардың да жағдайлары өзгерді. XV
ғасырда олар фригольдер мен көпигольдер деген екі топқа бөлінді.
Көпигольдердің құқықтары бұрынғы бағынышты шаруалардың құқықтарының
жалғасы. Ол құқықтар жергілікті феодалдық соттардың шешімдерінде
белгіленген. Олар лордтарға натуралдық және ақшалай салық төлейтін еді.
Лордтар осы жағдайды пайдаланып, бұлардың жерлерін қой бағатын жайылымдарға
айналдырғысы келді. Жеке шаруалардың жерлерінен басқа олар қауымның
жерлеріне де қой жайғысы келді. Фригольдереркін жер иеленушілер. Олар
феодалдарга салық төлемейтін еді. Ауылға келген капиталистік
қарымқатынастар байлар, фермерлер, жері аз жалгерлер және жерсіз кедейлер
деп шаруаларды бірнеше топқа бөлді.
Қала тұрғындарының арасында да топка жіктелу процесі жалғасты. Қаланың
ең жоғары аукатты бөлігі де белгілі болды. Ол саудагерлер мен шеберлерден
тұратын. Олар өздеріне қаланың және селоның ұсақ қолөнершілерін бағындырып
алды. Капиталистік мануфактура енбекшілерді қанауды күшейтіп қалалардағы
таптық арақатынастарды шиеленістірді. Қалалар корольдің қызметкерлеріне
қарсы шықты. Себебі олар қалалардың құқыктарын шектейтін. Бұл күрес қаланың
ішінде патрициат пен каланың ең жоғары топтарының арасында да жүріп
жататын. 13121316 жылдары ол Бристоль деген қалада болды. Патрициат пен
цехтардың арасындагы күрес откір нысанда ететін.
Англиядағы шексіз монархия феодализмнің ыдырауымен және капиталистік
карымқатынастардың пайда болуымен тікелей байланысты еді.
Бірақ Англияның абсолютизмі аяқталмаған шексіз монархияға жататын.
Оның үш нышаны бар. Абсолютизм кезінде парламентте, бұрынғыдай жергілікті
өзінезі басқару сактала берді және қарулы күштер де әскердің саны көбейген
жок. Әскер кебіне флоттан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Францияның феодалдық құрылысының тарихи кезеңдері
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Францияның феодалдық құрылысының тарихи кезеңдері. Абсолюттік монархия кезеңіндегі Францияның құқығы
Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі
XVIII ғасырдағы Францияның Ұлы буржуазиялық төңкерісі
Мемлекет мазмұны мен формасының бірлігі
Монархия және оның түрлері
Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы
Англияның мемлекеті жəне құқығы
Ұлы Француз буржуазиясының ревалюциясы
Пәндер