Германияның 1919 жылғы Веймар Конституциясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Германияның 1919 жылғы Веймар Конституциясы.

Германияда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ішкі жағдай былай қалыптасқан еді. Бұл елде 1918 жылдан кейін терең әлеуметтік-саяси дағдарыс басталды. Халық соғысқа байланысты қиыншылықтарға шыдай алмай, соғысты бастаған үстем тапқа наразылығын көрсете бастады. 1917 жылы халық көтерілістері басталды. 1918 жылы әскери кәсіпорындарда көтерілістер шыкты. Көтерілісшілердің қойғаны Германия соғысты бейбітшілік шартпен аннексия және контрибуциясыз аяқтасын деген талап. Кейбір қалаларда жұмысшылардың кеңестері құрылды. Бірақ кайзер үкіметі бұл көтерілістердің бәрін басты.

Неміс әскерінің талқандалуы Германияда революциялық жағдай туғызғаны мәлім. Революцияның өзі Килль қаласындағы теңізшілер көтерілісінен басталды, оған Гамбург, Лейпциг, Мюнхен, Бремен сияқты ірі қалалар да қосылды. Жұмысшылардың және солдаттар депутаттарының кеңестері құрылды. 9 қараша күні Берлин қаласында көтерілісшілердің жеңгенін көріп, кайзер Екінші Вильгельм Голландияға қашып кетті. Монархия жойылды. Енді мемлекеттің алдағы бағыты белгісіз еді. Осы қалыптасқан жағдайда имперлік үкімет билікті социал-демократиялық партияның қолына берді де, Эберттің басшылығымен бірінші үкімет құрылды. Олар мемлекеттегі өзгерістер жай реформамен етуге тиісті деп санады, әлеуметтік келісімді сақтап, социализмге компромисс әдісімен жеткенін дұрыс деп есептеді. Бұл партияның бір бөлімі Тәуелсіз социал-демократтар Каутский мен Бернштейннің басқаруымен бөлінді. Тағы бір бөлімі Германияның сыртқы әскери саясатына қарсы шыққан "Спартак одағы" деген ұйым. Революциядан кейін монархияның саяси жүйесі жойылған кезде шын билік Кеңестердің қолында болатын. Оларды Берлин қаласының Кеңесі басқарды. Бұл органдар жұмысшы табының мүддесін қорғайтын еді. Социал-демократтардың үкіметі буржуазияның мүдделерін жақтады, сөйтіп ол жеке меншік құқығын сақтап, банкідегі ақшалардың тұтастығына кепілдік беріп, Кеңестердің билік етуіне қарсы шықты. Бұл қалыптасқан жағдайда Эберттің үкіметі Құрылтай жиналысын дайындап, Германияның тағдырын солай шешкен дұрыс деп санады. 1918 жылғы желтоқсан айы Германия кеңестерінің съезінің өткен кезі. Эберттің үкіметі толық билікке ие болды. Жұмысшылар авангарды бұл саясатпен келіспей, сол айда Коммунистік партияның құрылтай жиналысын өткізді. Бұл партия социалистік құрылыстың негізгі мақсаттарын алдына қойған болатын, олардың арасывда пролетариаттың диктатурасын қалыптастыру, капиталистік меншікті және банкілерді экспроприациялау, пролетариатты қаруландыру, милитаризм саясатын жою және басқа мәселелер бар еді.

1919 жылы Коммунистік партия Берлин каласындағы үкіметке қарсы ұйымдастырған көтеріліске қатысты. Үкімет қанды шаралар қолданып, ол көтерілісті басуда аянып қалған жоқ. Пролетариаттың көсемдері Р. Люксембург пен К. Либкнехт өлтірілді. Сөйтіп, Германияның пролетарлық қозғалысы басталды. 1919 жылдың қаңтар айында Веймар қаласында Құрылтай етті, оның сайлауында буржуазиялық партиялар 16 миллион дауыс, екі социалдемократиялық партия 13, 5 миллион дауыс жинаған еді. Германияның президенті болып Макс Эберт сайланды. Үкімет осы үш партияның екілдерінен құрылды. Сол айда Веймар қаласындағы бүкіл Германияның Құрылтай жиналысында Германияның жаңа Конституциясы қабылданған еді. Оның алдында тұрған мақсаттардың бірі Пруссияның үстемдік ролін жою. Енді неміс мемлекетінің федерациясы басқа принциптермен құрылды, федерацияның субъектілері бірбіріне тең болатын. Олар "жерлер" деп аталатын болды. Орталық федеративтік органдардың билігі оте күшті, олар кейбір жағдайда жерлердің салық саясатына да кірісе алатын еді. Осы Конституцияның тағы бір ерекшелігі шаруашылық саласының реттелуі (5-бөлім) . Бұл Конституция 14 жыл бойы қолданылды, ол күжаттардың қатарына кіреді. Конституция Германияны парламенттік республика деп бекіткен, бірақ ол империя деген атағын сақтады.

Жоғарғы Заң шығарушы орган 4 жылға сайланды. Ол екі палатадан: рейхстаг және рейхсраттан тұратын. Оны сайлау үшін Германия 35 сайлау округіне белінді, сайлау пропорциялық жүйемен еткізілетін. Сайлауға әйелдер және 18 жасқа толған азаматтар қатысатын болды. Германияның федералдық құрылысын рейхсрат деген жоғарғы палатаның құрылысы көрсетті. Ол Германияның 18 жерінің өкілдерінен құрылды. Олардың 15-і республика, 3 ерікті қалалар. Германияның жерлерінде өзінің федералдық конституцияға сәйкес келетін конституциясы және ландтаг деген заң шығарушы органы мен үкіметі болатын. Пруссия рейхсратта 26, Бавария 10, Саксония 7, Баден 3 дауысқа ие болды. Әрбір мемлекеттің рейхсратқа 40 проценттен артық депутат жіберуге құқығы жоқ, бұл баптың Пруссияға қарсы алынғаны көрініп түр.

Германияның президенті 7 жылға сайланды. Президенттің құқықтары өте күшті болатын, оның құқықтары императордың құқықтарынан артық болмаса, кем емес. Империя үкіметінің басшысыканцлер, бұл Германия мемлекетінің ерекшелігі. Оны император тағайындайды, кейбір жағдайларда ол рейхстагтің пікірімен санаспай, канцлерді қоя алатын. Канцлердің ұсынысымен президент министрлерді тағайындады. Бүкіл азаматтық және әскери тұлғаларды да президент тағайындады.

Барлық буржуазиялық демократиялық құқықтар мен бостандықтар Конституцияда жариялаиған. Германияның әлеуметтік саясаты өрқашанда күшті болатын, оның жұмысшы табы күшті және жақсы ұйымдасқан. Олар әлеуметтік талаптарының кебін құқықтық құжаттарда дәйектеп көрсеткен. Конституцияның 165-бабы осы бағытты жалғастырып, өнеркәсіп Кеңестердің құрылуын бекітті. Олар еңбек, жалақы, әлеуметтік мәселелермен айналысуға тиісті болды. 8 сағаттық жұмыс уақыты, еңбекті қорғау, ұжымдық шарт қәсіподақ пен әкімшіліктің арасында құру, мемлекеттің жұмысшыларына көмектің түрлерін беруі осы Конституцияның прогрессивтік жағын көрсетеді.

1919 жылы Германия Версальдық шартқа қол қойды. Ол бойыиша Францияға Эльзас және Лотарингия жерлерін кайтарып берді, отарлардың квбін жоғалтты, контрибуция төледі және 1нан артық әскер күруга құқықсыз болатын.

Неміс буржуазиясының консервативтік топтары контрреволюцияның әлеуметтік негізін кеңейту үшін Германияда пайда болған фашизм козғалысына күшін салды. Фашистер соғыстаи жамандық көрген, қоғамда өздеріне орын таба алмаған элементтерді бір топқа жинады. Фашистік партия 1919 жылы құрылды. Оның бағдарламасының ең бірінші мақсаты немістердің жаңа рейхін құру және неміс емес халықтарды, коммунистерді, марксистер мен еврейлерді құрту. Әлеуметтік демагогия, семиттерге қарсылық, шовинизм бұл партияның негізгі белгісі болды. 1920 жылдан бұл партия Германияның Ұлттықсоциалистік жұмысшылар партиясы деп аталды. 1919 жылы Адольф Гитлер партияның басшысы болып сайланды. Ол ұсақ Австрия қызметкерінің отбасында туған, окымаған, ауру, герман әскерінің ефрейторы. Бірақ ол мықты саяси қайраткер, жақсы демагог, шешен адам еді. Ол басқарған кезде бұл партия Баварияның мықты антикоммунистік партиясына айналды. Партия жұмысшыларға трестердің мемлекеттің басшылығына кошуге, шаруаларға жер реформасын, ұсақ буржуазияға ірі сауда дүкендерінің "муииципализациясын" жасауға уәде берді. Ұлтшыл социалистердің демагогиялық бағдарламасы 25 тармақтан тұратын, сондагы мәселелердің бірі Германияның шекарасын қайтадан белгілеу еді. Партия басшылары халықтың Ұлттық патриотгық сезімін пайдаланып, Версаль шарты бойынша Германияның жағдайынын; нашарланғанын сезіп, Германияның бұрынғы күшін, үлылығын қайтару туралы бағдарлама жасады. Фашистер халық, басьпщағы қиыншылықтардың бәрін демократиямен байланыстырды, сондықтан нарламентаризмді, демократиялық режимді қажетті деп санаған жокХалық фашизмнің демагогиялық уәделеріне сенді. Ал монополистік капиталдың фашизм езінің саясатын жүзеге асыратын мықты құрал деп санағаны анық. Ірі капиталистер осы нартияға кірді.

1923 жылы Гермапияда соғыстан кейінгі қиыншылықтарға байланысты (репатриация, инфляция) қайтадан революциялық жағдай қалыптасты. Саксония мен Тюрингияда жұмысшылардың үкіметтері орнады. 1923 жылы Гамбург қаласында котеріліс болды. 1924 жылы Германияда экономикалық жағдай жақсарды. АҚШ пен Ұлыбритания 1924 жылы Дауэс жоспарын" қабылдаған болатын. Енді Германияның репатриациясы реттелді. 1929 жылы дүниежүзілік терең дағдарыстың басталды. Бұл дағдарыс Германияда өте қиын жағдайда өтті. Бұл мемлекеттің төлейтін репатриациялары жағдайды ауырлатып жіберген еді. Өнеркәсіп өнімінің шығуы жартылай азайды. Бұл кезде жұмыссыз қалған адамның саны 9 миллионға жақындады. Дағдарыс кезінде 2 мың ереуіл болып өтті. Коммунистік партияның жағдайы күшейіп, 1930 жылы еткен сайлауда оған 4, 5 миллион адам дауыс берді. Коммунистер Германияда социалистік мемлекет құрып, дағдарыстан шығуға болады деп санаган еді.

Жаңа төңкерістен қорқып, монополиялар Германияның фашистік партиясына билікті берді. Германияның президенті Гинденбург парламенттегі көпшілікке қарамастан, Конституция берген билігін қолданып, Германияның каицлері етіп Гитлерді тағайындады. Гинденбургтің өзі Германияның президенті болып 1925 сайланған еді. Сол кезде ол ауру, өте кәрі адам еді. 1934 жылы ол қайтыс болғаннан кейін, Гитлер президенттік лауазымды жойды.

Империяның құлауы және веймар республикасының құрылуы

Соғыстағы сәтсіздіктер және Ресейдегі революция Гер-манияда революциялық жағдайдың орнауына әкеліп соқты. 1918 жылдың қараша айында Кил қаласында әскери моряк-тардың көтерілісі орын алды. Көтерілісшілерге Германияның ірі қалалары - Гамбург, Лейпциг, Мюнхен, Бремен - бірікті. Жұмысшылар мен солдат депутаттарының кеңесі билікті өз қолдарына алды. 1918 жылғы 9 қарашада революция Берлинде жеңіске жетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Герман Федеративті Республикасы
Германияның әлеуметтiк саяси бағыты
Германия коммунистік партиясы
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
1918-1938 жылдарындағы Германия
Революция қарсаңындағы саяси күштердің қалыптасуы
Германиядағы қараша революциясы
Неміс фашизмінің басты тұлғасы – Адольф Гитлер
Фашистік Германияның сыртқы саясаты
Гитлердің Германиядағы билігінің ұлғаюы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz